Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
344 Кб
Скачать
☆

1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері

Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

- несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

- ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

- есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

- ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу және жанама ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі - есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі, ашық нарықтағы операциялар құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдары тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуі тиіс.

Міндетті резервтер – коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.

Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі пайыздық мөлшерде ақша құралдарымен қамтамасыз етеді.

Ақша-несие саясатының құралыдары 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтеуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшеріне төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы, банк жүйесінің қаржы делдалдары ретіндегі тиімділігін нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.

Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:

- міндетті резервтер;

- резервтеудің баламалы тәртібі.

Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындалған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі (rr) ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндеті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.

Несиелік операциялар – несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді.

Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.

Осы айтылғандардың бәрін Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүмкіндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі не керісінше.

Ақша-несие саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

- қарыздар беру;

- депозиттер қабылдау;

- валюталық интервенциялар;

- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;

- мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

- коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

-Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-несие саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.

Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар.

Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.