Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Айыптау актісі

.docx
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
17.94 Кб
Скачать

«Бекітемін»

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуроры

аға әділет кеңесшісі

А.Б. Азаматов

_________________________

«____» _________ 20__ жыл

АЙЫПТАУ АКТІСІ

« » қаңтар 2015ж. Алматы қаласы

Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІБ анықтаушысы полиция лейтенанты С.Стамкулов, тіркеу тізілімінде 11.01.2015 жылы №00001 тіркелген №15751503501112 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қарап, ҚР ҚПК-нің 298, 299, 300-баптарының талаптарын сақтай отырып, мына төменде көрсетілген адамға күдіктену бойынша айыптау актісін жасады:

Епенов Асқар Қайратұлы

17.05.1987 жылы туған

қазақ, бұрын сотталмаған

Алматы қаласы тумасы

Алматы қаласы, Бостандық ауданы,

Сатпаева көш., 12-үй, 1-пәтер

мекежайы бойынша тұрады

ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша

Епенов Асқар Қайратұлы « » 01.2015 жылы сағат 07:00-ден

Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, ІІБ есептерінде түрған жоқ.

Күдікті А.Қ. Епенов кінәсі қылмыстық істің мынадай материалдарымен дәлелденді:

- « » қаңтар 2015 жылы жәбірленуші ретінде А.Б. Ахметова жауап алу хаттамасы,

- « » қаңтар 2015 жылы куә ретінде жауап алу хаттамасы

- « » қаңтар 2015 жылы куә ретінде жауап алу хаттамасы

- « » қаңтар 2015 жылы куә ретінде жауап алу хаттамасы

- « » қаңтар 2015 жылы фотосурет бойынша тану үшін көрсету хаттамасы

- « » қаңтар 2015 жылы күдікті ретінде тану хаттамасы

- « » қаңтар 2015 жылы күдіктіден жауап алу хаттамасы

- « » қаңтар 2015 жылы сот-дактилоскопиялық сараптамма қорытындысы

- « » қаңтар 2015 жылы сот-медициналық сараптама қорытындысы

- « » қаңтар 2015 жылы алу хаттамасы

Нарколог дәрігер мен психиатр дәрігердің анықтамалары бойынша А.Қ. Епенов оларда есепте тұрған жоқ.

ҚР БС ҚСжАЕК-тің Алматы бойынша Басқармасының талаптарына сәйкес А.Қ. Епенов бұрын сотталмаған.

17.05.1987 ж.т. Епенов Асқар Қайратұлына ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен күдіктену бойынша айыптау актісі « » 01.2015 жылы жасалды және №15751503501112 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен бірге ҚР ҚПК-нің 300-бабының тәртібімен Бостандық ауданының прокурорына жіберіледі.

Адам өлтірді деген күдік тағылды,

Осы үш парақтаға айыптау актісі маған « » 01.2015 жылы 15 сағат 00 минутта жарияланды.

Күдікті: ______________________ А.Қ.Епенов

(қолы)

Қорғаушы: ______________________ Б.А. Ақматиева

(қолы)

Сонымен қатар маған ҚПК 64-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтар,сондай-ақ:

  1. өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуге;

  2. прокурор бекіткен айыптау актісінің, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың көшірмесін алуға;

  3. өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болуға;

  4. іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;

  5. тергеп-тексерудің кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға, процестік келісімнің көшірмесін алуға;

  6. ҚПК көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы екенім түсіндірілді.

Күдікті: ______________________ А.Қ.Епенов

(қолы)

Алматы қаласы

Бостандық ауданы

ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты С.Стамкулов