Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод указ Экскурс курсовая каз 2011-12.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
47.33 Кб
Скачать
      1. Курстық жұмысты рәсімдеу талаптары

3.1 Рәсімдеуге байланысты жалпы талаптар

Курстық жұмыс А4 (210х297) форматындағы стандартты парақтарда орындалып, тігілуі тиіс. Мәтін және курстық жұмыстың басқа да элементтері компьютерде 1 жол аралық интервалымен MS WORD форматында Times New Roman 14pt шрифтімен жазылуы тиіс. Курстық жұмыстың көлемі шамамен 25-30 бет.

Мәтінді жазу кезінде парақтың сол жағынан 30 мм, оң жағынан 10 мм, ал жоғары жағынан 20 мм, астынан 20 мм қашықтығы сақталуы тиіс.

Тақырыптар жолдың ортасында жоғарғы және төменгі жағынан негізгі мәтіннен екі интервалмен соңына нүкте (.) қойылмай және асты сызылмай жазылуы тиіс.

Бөлімдердің атаулары бас әріптермен, ал бөлімшелер – керсивпен жазылып, кою шрифтпен ерекшеленеді. Тақырыптарда сөздерді тасымалдауға болмайды (1,2 мысал).

Бөлімдер барлық жұмыс шегінде белгілі бір тәртіппен нөмірленіп нүкте қою арқылы араб цифрімен жазылады. Бөлімшелер араб цифрларымен барлық бөлім бойынша нөмірленеді. Бөлімшенің нөмірі нүкте арқылы ажыратылған бөлім мен бөлімшенің нөмірлерінен тұрады.

Бөлімше нөмірінің соңына нүкте қойылу тиіс, мысалы «2.3» (екінші бөлімнің үшінші бөлімшесі). Бөлімдер мен бөлімшелердің соңынан ешқандай тыныс белгілері қойылмайды.

Мәтінді курсивпен және астын сызумен, басқа түсті және көлемді шрифтпен ерекшелеуге жол берілмейді.

Әрбір бөлімді жаңа парақтан бастаған дұрыс. Абзацтар жаңа жолдан 1 см шегіне отырып жазылу тиіс

Курстық жұмыстың барлық парақтары иллюстрациялар мен қосымшаларды қосқанда титулдық беттен бастап рет-ретімен нөмірленеді. Титулдық бет нөмірленбейді. «Мазмұны» бетінде «2» нөмірі қойылады және т.с.с. парақтың реттік нөмірі төменгі жағында ортасына қарай беттің төменгі жағынан 20 мм қашықтықта қойылады.

1 Мысал.

1 Экскурсия қызметінің теориялық аспектілері

1.1 Экскурсия қызметінің қр дамуы

Курстық жұмысындағы иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

А4 форматынан кіші түсірілген суреттер болған жағдайда олар стандартты ақ қағазға желімденуі керек.

Иллюстрациялардың реттік нөмірлері және атаулары болуы тиіс, ол суреттің астында жолдың ортасынан жазылуы тиіс (Мысалы: С урет 1 - Оқжетпес).

С урет 1 - Оқжетпес

Барлық суреттерге сілтеме жасалуы керек, иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «...1 суретке сәйкес...» деп жазу қажет

Кестелер көрсеткіштерге салыстырмалы құрылымдық-қарқынды талдау жүргізу үшін келтіріледі. Кестенің атауы оның мазмұнын ашатындай және қысқа болуы тиіс. Кестенің атауы кестеден жоғары сол жағына қарай, абзацсыз нөмірленіп бір жолға сызықша арқылы жазылады (мысалы: 1-кесте – Технологиялық карта). Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады. Барлық кестелерге диплом жұмысында сілтемелер болуы тиіс.

Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады (бұл ретте кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды), ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің шрифт мөлшерін мәтіндегіден кем алуға, яғни №12 кегльмен жазуға рұқсат беріледі.

Кестенің рәсімделуінің мысалы:

3-кесте – Экскурсияның технологиялық картасы

Экскурсия маршруты

Аялдама

Көрсету объектілері

Жалғасы

Тақырыпшылар атауы мен негізгі сұрақтар тізбегі

Ұйымдық бұйрықтар

Әдістемелік сілтемелер

Е с к е р т у – [ 1; 2; 3] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Кесте мен мәтіннің арасы 1 бос жол тастау керек.

Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материалдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, курстық жұмысқа ескерту енгізіледі. Ескертулерді абзацтан және бас әріптен бастап жазады. «Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс. Ескертуді оған қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады. Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Қосымшалар курстық жұмысының жалғасы ретінде рәсімделеді. курстық жұмысының мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс. Қосымшаларды қазақ тілі алфавитінің бас әріптерімен белгілейді, яғни А-дан бастап, Ё,З,Й,О,Ч,Ь,Ъ әріптерінен басқасы. Әрбір «қосымшаның» иллюстрациясын бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек. Мысалға, Қосымша А: Сурет А 1 – Респонденттердің «Жақын арада қандай тұрмыстық техника алуды жоспарлап отырсыз?» деген сұраққа жауабы.

Әрбір «Қосымшаның» кестесін бөлек номерлеп көрсетіп, санның алдына қосымшаның әріптік белгілеуін жазу керек. Мысалы, Қосымша А: Кесте А1 – « »

Қосымшалар дипломдық жұмыстың басқа да тарауларымен ортақ нөмерленуі керек [2].