Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мазмұны.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
47.29 Кб
Скачать

1.2 Сот медецинасының дамуы

Сот медицинасы – сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы. Бастапқыда сот медицинасы мен криминалистика қылмысты ашу мен тергеу жөніндегі біртұтас ғылым болды. Кейіннен мәліметтердің жинақталуына, зерттеу тәсілдерінің түрленуі мен жетілуіне орай сот медицинасы бөлініп шықты. Сот медицинасының дамуы қоғамда құқықтық қатынастардың өркендеуі мен медицина және биология ғылымдардың дамуына тікелей байланысты. Ғылым ретінде сот медицинасының бастауы француз хирургі  АмбруазПареннің  (1579), сицилиялық дәрігер Фортунато Фиделистің (1602), италиялық дәрігер Павл Закхиакстың, неміс дәрігері Иоган Бонның (1689) сот-медицинасы мәселелер жөніндегі еңбектерінде жатыр. 18 ғасырда сот медицинасы бойынша шығармаларсаны көбейді.1821жылдан Германия, Австрия, Англия,Францияда сот медицинасы бойынша журналдар мен жинақтар шыға бастады. Сот медицинасы теориялық және практикалық бөліктерден тұрады. Теория объективті заңдылықтарды зерттеумен және практикаға қажетті ұсынымдар даярлаумен айналысады. Практика болса сот ісін жүргізу кезінде туатын нақты медициналық-биологиялық мәселелерді шешумен айналысады. Сот медицинасы зерттеуге денсаулықты бұзған немесе өлімге әкеп соққан адамның сырттан әсер алу түрлері негіз болады. Сот медицинасы сараптама тірі адамға, мәйітке, заттай дәлелдемелерге, өзге де іс материалдарына жүргізілуі мүмкін. Сараптама кезінде биологиялық заттай дәлелдемені (қан, шаш, түк, ұрық, сілекей, адам мен жануардың ішкі органдары, тін бөлшектері, т.б.)тексеру үшін және сәбидің әке-шешесін анықтау мақсатында сот-биологиялық зерттеу жүргізіледі. Сот медицинасы сот-медициналық танатология (өлім себептері мен механизмін зерттейді), сот-медициналық травматология (мертігу диагностикасы мен механизмін қарастырады), сот-медициналық токсикология (улануды анықтау және алдын алу әдістерін қалыптастырады), сот-медициналық гинекология бөлімдерінен, сондай-ақ жоғары темп-раның, электрлік және сәулелік энергияның әсерін зерттейтін, т.б. бөлімдерден тұрады.

II. Сот медецинасының пәні және оның мазмұны

Сот медецинасы бір-бірімен алшақ жатқан екі білім саласымен тығыз байланысты. Медецина ғылымы бола отырып, сот медецинасы заң пәндерімен жиі жанасады. Сот медецинасының пайда болуы құқық ғылымының, сот ісін жүргізу мен мемлекеттік басқарудың қажеттерімен тарихи жағынан байланысты. Соңғылары сот медецинасының мазмұнына ғана емес, тіпті пәннің атауыны да ізін қалдырған. Ал сот медецинасы әр кезде әр мемлекетте әр түрлі аталған.

Бұл ғылымды 1690 жылы “Specimen medicinae forensic” деген еңбегінде Бонн бірінші рет сот медецинасы деп атаған. Содан соң «мемлекеттік дәрігерлік ем жүргізу» деген атау ұсынылды, онда екі ғылымның – сот медецинасы мен медециналық полицияның жиынтығы көрініс тапқан.

Англияда және Британ достастығы деп аталатын елдерде «медециналық құқықтану» деген атау кең таралды. Ал Ресей мен басқа да бірқатар елдерде сот медецинасы «сот-дәрігер ғылымы», «медецина- сот ғылымы», «дәрігерлік заңтану», «медециналық криминалистика» және т.б деп аталады. Ол зерттейтін пән мен объектілерде айырмашылық одан да көп, өйткені олар сот-медецина сараптамасының белгілі бір мемлекеттегі заң негіздерінен, мақсаттары мен міндеттерінен туындайдаы.

Қазіргі сот медецинасы- дербес медецина ғылымы, ол қылмыстық және азаматтық істерді тергеу мен сотта қарау кезінде сот әділдігі органдарында туындайтын медециналық - биологиялық мәселелерді зерттеп, шешіп отырады.

Дәрігердің заңда белгіленген құқықлық нормаларда сақтай отырып, сот – медецина ғылымының деректерін қылмыстық немесе азаматтық істер фактілерін зерттеу барысында анқты қолдануы мен тергеуі және сот органдарының өкілдеріне қорытынды беруі сот - медецина сараптамасы деп аталады. Бұл істі атқаратын дәрігерлер сот – медецина сарапшылары немесе сарапшы - дәрігерлер деп аталады.

Біздің елімізде сот медецина анықтамасы сот әділдігі органдарына қызмет көрсетуімен бірге халыққа емдеу-алдын алу көмегін көрсету сапасын жақсарту ісінде денсаулық сақтау органдарына да жәрдемдеседі.

Сот медецинасы мен сот- медецина сараптамасы бірқатар медецина ғылымы мен медециналық емес ғылымдардан кейбір заң ғылымын, криминологияны, сот химиясын атап өтуге болады.

Құқықтық ғылымдар ішыінде сот медецинасын дамытуға қылмыстық және азаматтақ құқық, қылмыстық және азаматтық процесс зор ықпал жасайды. Сот – медецина сараптамасын белгілеу мен жүргізудің себептері мен тәртібі, сарапшылардың құықтары,міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі мен баптары сот дәрігерінің тәжірибелік сарапшылық қызметін реттейтін ұжымдық құжаттар ( ережелер , нұсқаулар, т.б.) шығаруға негіз болып табылады.

Қылмытарды тергеудің техникасы, әдістемесі мен тактикасы туралы ғылым – криминалистика сот медецинасымен ежелден – ақ тығыз байланысты. Бұдан көп жыл бұрын – ақ сот медецина сарапшылары медецина – криминалистика спраптамасы ретінде іс – тәжірибеге енген зерттеулер жүргізе бастаған.

Сот медецинасы медецина пәндерінің ішінен патологиялық анатомиямен, патологиялық физиологиямен, рентгенологиямен және басқа да бірқатар клиникалық пәндермен, мысалы, терапиямен, педиатриямен, акушерлікпен, гинекологиямен, урологиямен, хирургиямен және венерологиямен, т.б. өте тығыз байланысты. Сот дәрінерлері бұл мамандықтардан сот – медецина сараптамасын жетілдіру үшін тікелей де, жанама түрде де пайдалануға болатын ең жоңа теориялық қағидалар мен тәжірибе жетістіктерін алып отыпады.

ХХ ғасырдаң орта шеніне дейін сот медецинасы жөніндегі оқулықтарда оның негізгі бөлімдерін баяндайдың біріңғай жүйесі болған жоқ. Әрбір пәнді өзінің ең маңызды және жетекші деп санайтын бөлімінен бастап келеді. Мұның өзі сот медецинасын оқып – үйренуді қиындатты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]