Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aidos.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
31.33 Кб
Скачать

Католик дінінің Қазақстанда таралу аймағы

Грек-католиктік қауымдастықтар тіркелді: Павлодар қаласында, мұнда 2001 жылы шіркеу ғимараты салынды; Қарағанды қаласында, мұнда Греко-католик монастырі бар және Астана қаласында. 1997 жылдан бері Қарағанды қаласында «Мария - Матерь Церкви» жоғары рухани семинария қызмет етеді, 1995 жылдан бері 4 мың дана санда «Кредо» ай сайынғы газет шығып тұрады. Өзінің бірнеше мың ғасырлық дәстүріне сәйкес католик шіркеуі Қазақстанда қайырымдылық қызметін дамытып келеді, шіркеулер жанында тұрмысы нашарларға асхана, тегін дәріханалар ашылған. Алматы облысында Талғар қаласында мүгедектер үйі, Қапшағайда - балалар үйі ашылған. 1997 жылы Қазақстанда «Каритас» халықаралық қайырымдылық католиктік ұйым филиалы жұмыс істей бастады.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жоғары деңгейде Рим Папасымен кездесуінің тарихи маңызды қорытындысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қасиетті Тақ арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісім болды, оған 1998 жылы 24 қыркүйекте қол қойылып 1999 жылғы 30 шілдеде ұзартылды. Қазақстан мемлекетінің басшысы - бұрынғы Кеңес Одағының елдерінің ішіндегі ең бірінші осындай саяси адым жасаған бірінші Президент.

Екі мемлекет арасында ынтымақтастықтың қамтушысы 2001 жылы қыркүйек айында біздің елге Папа Иоан Павел ІІ келуі болды, ол кезінде ол Мемлекет басшысына Қазақстан діндері арасында бейбітшілік пен рухани келісімді, тұрақты қарым-қатынасты сақтай білгені үшін алғысын білдірді. Қасиетті Тақ пен Қазақстан Республикасы арасында өзара қарым-қатынасты әрі қарай дамытудың кепілі Н. Ә. Назарбаевтың Пия орденімен - жоғары сыйлықпен марапатталғаны болды, әлемде оған тек 15 адам қол жеткізген.

Католик бірлестіктерінің арасында оң қалыпты 2007 жылы маусым айында Қазақстан Республикасына Вашингтонның экс-архиепископі, Рим-католик шіркеуінің кардиналы Теодор Эдгар МакКерриктің (АҚШ) келуі тудырды. Сапары барысында кардинал Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына келді, онда діндар католиктермен кездесті.

Тамыз айының 6-нан 10-ына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Озерное ауылында Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан өңірлерінің католик жастары өкілдерінің кездесуі өткізілді. Іс-шараға Польшадан, Франциядан және Швейцариядан келген қонақтар қатысты.

Сондай-ақ католиктердің діни өмірінде елеулі оқиғалардың ортасында Павлодар қаласында Орта Азия мен Қазақстан бойынша Грек-католик шіркеуінің басшысы В. Говердің, Астана мен Қарағанды қауым басшыларының, мемлекеттік органдар өкілдерінің, Павлодар облысының украин ұлттық - мәдениет орталығының лидерлері және шіркеу мүшелерінің қатысуымен 12 шілдеде Әулие Петр мен Павел» қауымында өткен Грек-католик қауымының құрылғанының 12 жылдығын тойлауды атап кетуге болады.

2003 ж. мамырында қазіргі уақытта қызмет етіп отырған Қазақстан католик шіркеуінің ұйымдық құрылымы бекітілді. Рим Папасы II Иоанн Павелдің шешімімен орталығы Астана қаласында орналасқан архиепархия (архидиоцез), Алматы, Қарағанды қалаларындағы екі епархия және Атыраудағы апостолдық әкімшілікпен қоса еліміздің барлық территориясы католик митрополиясына енді.

Қазіргі уақытта республикада екі архиепископ (біреуі митрополит қызметінде), 60 тан аса священниктер қызмет ететін 86 рим-католиктік және 2 грек-католиктік қауым жұмыс істейді, қауым құрамында Қазақстан азаматтарымен қатар, Польша, Италия, Германия, Корея және Швейцария азаматтары бар. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген монах ордендері, конгрегациялар мен шіркеулік қозғалыстар жұмыс істейді..

Көптеген қалаларда жаңа католик храмдары салынуда. 2003 ж. Қарағандыда қаласында кафедралды собор салынатын территория мен негізгі тасы қасиеттендірілді. Салынып жатқан бұл үлкен храм Фатимдік Қасиетті Мәриам анаға арналады.

Біздің елімізде 300 мыңға жуық католиктер өмір сүреді. Католик шіркеулерінде құдайға құлшылық рәсімдері орыс, украин, неміс, ағылшын және поляк тілдерінде өтеді. Дінге сенушілердің ұлттық құрамы әртүрлі, немістер мен поляктармен қатар, можно украин, орыс, латыш, корей және өзге де ұлт өкілдерін кездестіруге болады.

1995 ж. архиепископ Ян Павел Ленга Солтүстік Қазақстандағы Озерное ауылын Әлем Патшайымы Қасиетті Мәриам Ананың ұлттық қасиетті жер (санктуарием) деп жариялады. Осы ауыл маңына репрессия құрбандарына арналған он екі метрлік крест орналастырылды.

Католиктік шіркеу үлкен қайырымдылық жұмыстарын өткізеді. Көптеген приходтар кедейлерге арналған асханалар, қарттар, балалар мен панасыздарға баспаналар ұйымдастырады. Қайырымдылық мақсатты бірнеше медициналық мекемелер қызмет көрсетеді. Действует несколько благотворительных медицинских учреждений. «Renovabis» қоры мен дінге сенушілердің жанашырлықтарының «Кредо» газеті жарық көреді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Рим-католик шіркеуінің 79 діни бірлестігі қызмет етуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]