Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aidos.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
31.33 Кб
Скачать

Жоспар

1 . Кіріспе

2 . Католик діні

2.1. Шығу тарихы

2.2. Дін туралы түсінік

3 . Католик дінінің Қазақстанда пайда болу тарихы

4 . Католик дінінің Қазақстанда таралу аймағы

5 . Қорытынды

6 . Қолданылған әдебиеттер

Католік дінінің шығу тарихы

Католицизм - бұл Христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде таратылған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері бұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизм шаамен 200 мың қауымда біріккен 1 млрд астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священникжұмыс істейді.

Католицизм діни ағымының негізін «Кредо» жалпы христиандық сенім белгісі қалайды, онда 12 догмат пен жеті құпия бар. Католицизм діни ілімінің негізін Қасиетті жазу ғана емес Қасиетті хикая да құрайды, ол 21 собор қаулысын түзеді, сондай-ақ католик шіркеуі - Рим Папасының ресми құжаттары құрайды.

Католик Шіркеуін Әулие апостол Петр иегері есептелетін басында Рим папасы тұратын, халықаралық орталығы Ватиканда орналасқан қатаң сатылы ұйым ерекшелейді. Папаның ресми толық атауы  былай аталады: Рим епископы, Иисус Христос орынбасары, Апостолдар Князінің көмекшісі, Бүкіл әлемдік шіркеудің Жоғарғы мәртебелі Понтифигі, Батыс, Италия Патриархы, Рим провинциясының архиепископы және митрополиті, Ватикан мемлекет-қала монархы. Папаны конклав (кардиналдар алқасы) жоғары дін басылар ортасынан өмір бойына сайланады.

Ватикан Конституциясына сәйкес Рим Папасына жоғары заңнамалық, атқару әне сот билігі жатады. Ватиканның басқарушы органы Қасиетті Тақ деп аталады.

РКЦ орталық әкімшілік аппарат Рим куриясы деп аталады, ол әлем елдерінің көпшілігінде әрекет ететін шіркеулер мен қауымдық ұйымдарды басқарады. Өңірлік деңгейде епископтық конференциялар әрекет етеді.

Католицизмде монахтық немесе «рыцарлық» ордендер деп аталатындардың әсері өте қатты. Қазіргі уақытта католиктік монахтың миссионерлік қызметінің жаңа нысандары Африка мен Азия, оның ішінде Қазақстан болып табылады.

Рим-католик шіркеуі. Униатство Рим-католик шіркеуімен (украиндық греко-католик шіркеуі) тығыз байланысты - ол Рим Папасының діни басшылығын және дәстүрлі православиелік құлшылықты сақтау жағдайында католик догматикасының кейбір бөліктерін бірінші деп тану жағдайында Батыс Украина православие шіркеулерінің бөліктері 1596 жылы католик шіркеуімен одақтасуына (уния) негізделген шіркеулік ағым.

Католик діні туралы түсінік

Католицизм (гр. καθολικός – жалпыға ортақ, ғаламдық), католик шіркеуі, католиктер – христиан дініндегі үш тармақтың (православие және протестанттықпен қатар) бірі. Католиктердің діни сенімі православиелік діни сеніммен көп жағынан үндес келгенімен, айтарлықтай айырмашылығы да бар. Католиктік шіркеу басшысы Рим папасы болып табылады.

Православие ағымында киелі рух тек Құдай-Әкеден жіберіледі делінсе, католиктердің сенімі бойынша, киелі рух тек Құдай-Әкеден емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі. Христиан діндарларының Нике (325) және Константинополь (381) жиындарында христиан дінінің негізгі рәмізі етіліп қабылданған бұл наным христиандар сеніміндегі Құдай-Әке мен Құдай-Ұлды (Иисусты) тең дәрежеге қойды. Бұл теңестіру “филиокве” (“және Ұлдан”) деген терминдік атауға ие болды. “Филиокве” түсінігі алғаш рет христиан діндарларының Толед (589) жиынында ереже ретінде қабылданып, 11 ғасырда христиан шіркеуінің “Шығыс шіркеуі” және “Батыс шіркеуі” болып бөлінуіне себеп болды. 9 ғасырда Рим папасының қарсылығына қарамастан “Қасиетті Рим империясының” императоры Карл (Ұлы Карл) “филиокве” ережесін бүкіл “Батыс шіркеуіне” күштеп ендірді. Содан бері “Батыс шіркеуді” бейнелеуші ресми атау ретінде қалыптасты. “Шығыс шіркеуінің” христиандары “филиокве” ережесін дінбұзарлық іс деп қабылдады. Католиктер мен православие сенімі арасындағы бұл көзқарас қайшылығы осы күнге дейін жалғасуда. Статист. мәліметтер бойынша, қазіргі таңда әлемде шамамен 600 – 850 млн. адам христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Бұл адамзаттың 15%-ы. Латын Америкасы халқының 90%-ы, Солт. Америка халқының 25%-ы, Еуропа халқының 40%-ы, Африка халқының 13%-ы, Азия халқының 2,5%-ы католиктік сенімді ұстанады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]