Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aidos.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
31.33 Кб
Скачать

Католик дінінің Қазақстанда пайда болу тарихы

Қазақстандағы алғашқы католиктік миссионерлер францискандық монахтар болған. Кейін католик дінінің Қазақстан аумағында таралуына XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың екінші жартысындағы қуғын-сүргінге ұшыраған поляк ұлтының өкілдері, әскери қызметкерлер мен арнайы қоныс аударғандардың қоныстануы себеп болды. ХІХ ғасырдың соңында Қостанайда Омск приходының филиалы болған католик храмы болған. ХХ ғасырдың басында Ақмола және Семей аймағына жер аударылған поляк және неміс ұлтынан шыққан католик қауымы болған. 1930-1950 жылдары қуғынға ұшыраған және жер аударылған неміс, поляк, латыш, украиндықтардың келуі католиктік қоныстардың артуына алып келді. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының екінші жартысында қамау мен қуғыннан босап шыққан католик шіркеу қызметкерлері жасырын жалбарыну топтарын құрған.

Шіркеу орындарын салуға ресми рұқсатты католиктер тек ХХ ғасырдың 70-ші жылдары алды. 1978 жылы Қарағандыда Қасиетті Иосиф храмы салынып, ал 1979 жылы Целиноградта (қазіргі Астана) алғашқы католик діни бірлестігі тіркелді. Католик шіркеулерінің қайта жандануы Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қайта басталды.

Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақпен байланысы 1992 жылғы  17 қазанда орнықты. Алғашқы католик оқу орны – Қарағанды қаласында негізі қаланған «Мәриям – Шіркеу Анасы» рухани семинариясы 1998 жылы ашылды. Ал 2001 жылы Рим Папасы Иоанн Павел ІІ Қазақстанда сапарда болды.

1991 жылы Орталық Азия және Қазақстан католиктері үшін Апостолдық Администратура (епископтық кафедра Қарағанды қаласында) құрылды.  1999 жылдың 6 тамызында Қазақстаның Апостолдық Администратурасы Қарағанды Епархиясына және үш жаңа Апостолдық Администратураға (яғни: Астаналық, Алматы және Атыраулық) қайта өзгертілді. 2003 жылдың мамырында Рим Папасы Иоанн Павел ІІ шешімімен еліміздің барлық аймағы орталығы Астанада орналасқан архиепархияны (архидиоцез), екі епархияны (Алматы қаласы мен Қарағанды қаласы) және апостолдық администратураны қосатын бірыңғай католик митрополиясына енді.

Қазақстандағы католиктік приходтарының шіркеу қызметкерлері шет елдік миссионерлер болып табылады. Алматы, Қарағанды, Балхаш қалаларында Сестры Бедного Младенца Иисуса, Сестры служительницы Иисуса в евхаристии, Сестры семьи Марии Соискупительницы, Служительницы непорочного зачатия Пресвятой Девы Марии және өзгелері секілді монах әйелдердің ұйымдары қызмет етеді.

Католик шіркеулерінде құдайға құлшылық ету рәсімі орыс, украин, неміс, ағылшын және поляк тілдерінде жүргізіледі. 

Католик шіркеуі кең көлемдегі қайырымдылық әрекеттерін жүргізуде. Көптеген приходтар жарлылар үшін асханалар, қарттар, панасыздар және жетім балалар үшін баспахана және жетімханалар ұйымдастыруда.  1994 жылдан бастап Алматыда «Caritas» қайырымдылық жобасының негізінде қайырымдылық амбулаториясы және жарлыларға арналған асхана жұмыс істейді. Бірнеше қайырымдылық бағыттағы дәрігерлік мекемелер жұмыс істейді. «Renovabis» қоры мен ерікті қайырымдылық жұмыстарының негізінде «Кредо» газеті жарық көреді. Жастармен жұмысқа көп мән беріледі.

Қазақстандағы католицизм тарихы XVIIIғ. XIX ғ. екінші жартысында да жалғасты, осы кезеңдерде қазақ жеріне поляктар, әскерилер жер аударылды бастады. XIX ғ. соңында Қостанай қаласында Ом приходының бөлімшесі болып табылатын католик храмы жұмыс істеді. XX ғ. басында Қостанай приходының священниктері поляк-неміс католиктері орналасқан Ақмола Семей өңірлерінде діни рәсімдер өткізіп тұрды. 1917 ж. Қостанай приходына қарасты 6 мың католик және 8 ғибадат үйлері болды. Петропавл қаласында Пресвятого Сердца Иисуса (бұл қазақ жерінде революцияға дейінгі уақыттан бері сақталып қалған жалғыз католик шіркеуі) шіркеуі қызмет етті.

1930-1950 жж. Біздің еліміз жаппай жер аударулар мен депортациялар мекеніне айналды. Қоныстанған неміс, поляк, латыштардың есебінен католик дінін ұстанатын адам саны ұлғайды.

Католиктік храмдарды салуға ресми рұқсат тек ХХ ғ. 70-жылдары ғана берілді. 1978 ж. в Қарағандыда Қасиетті Иосиф храмы салынды, 1979 ж. Целиноградта (қазіргі Астана) бірінші діни бірлестіктері тіркелді.

Католик қауымының шынайы жаңғыруы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң ғана мүмкін болды.

1992 ж. қазанында Қазақстан Ватиканмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге 1998 ж. 24 қыркүйегінде қол қойылды. Біздің еліміз посткеңестік территориядағы мұндай қадам жасаған алғашқы мемлекет болды.

1998 ж. Қарағанды қаласында Орта Азиядағы бірінші католиктік жоғарғы оқу орны – «Мәриам – Шіркеу Анасы» рухани семинариясы ашылды.

2011 ж. қыркүйегінде Рим Папасы II Иоанн Павелдің Астанаға мемлекеттік сапары Қазақстан үшін маңызды оқиға болды. Ватикан басшысы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен кездесіп, Отан-Ана алаңында болды, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті студенттерімен кездесу өткізді. Рим Папасы Матери Божьей Неустанной Помощи кафедралды соборында қасиетті Мессаны атқарып, Конгресс-холлда мәдениет, өнер және ғылым саласы өкілдерімен кездесу өткізді.

Бұл сапар елеміздің дінаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған салмақты саясатының арқасыда мүмкін болды. Понтифик Астанадағы кездесуінде: «Ашықтық пен ынтымақтастық рухы сіздердің дәстүрлеріңіздің бір бөлігін құрайды, өйткені есте қалмас ескі замандардан бері Қазақстан түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің бейбіт тоғысқан жері болып келеді», – деп атап өтті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]