Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оконч вар. 3 каз.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
26.11.2019
Размер:
3.35 Mб
Скачать

9.3 Аудандалмаған цифрлық қтж құру.

Болашаққа көз жүгіртетін болсақ 5...10 жыл аралығындағы нөмірлік сиымдылығы 100 мың адоненттен аспайтын кішігірім қалалардағы телефон желісін сандандырған кезде аудандалмаған сандық ГТС тұрғызған жөн. Бұған максимал сиымдылығы 100 мың нөмірден тұратын қазіргі сандық АТС-ң пайда болуымен қол жеткізуге болады.

Бар аудандалған ГТС-ты жаңғырту слау қағидаты бойынша және кезең бойынша жүгізіледі. Өйткені аудандалған ГТС-ң барлық ескірген қатынас жабдықтарын бір уақытта ауыстыру үшін аса жоғары бірден шығындар қажет. 3.10-суретте үш электромеханикалық АТС бар ГТС-ң сұлбасы көрсетілген. Көлеңкеленген аймақтар жаңа абоненттер тобын қосуды қажет ететін қаланың 2 ауданын белгілейді.

9.4 сурет. Түйінсіз аналогтық аудандалған ГТС

ГТС-ты сандандырудың бірінші кезеңінде жаңа сандық РАТС енгізіледі. Осы кезде бар желі бұрынғы сызба-құрылымын сақтап қалады. 3.11-суретте сандандырудың бірінші кезеңінде жаңа АТС енгізгеннен кейінгі желінің нұсқасы көрсетілген. Бұл жағдайда РАТС 2 абоненттерінің бөлігі (біртіндеп немесе бірге) сандық АТС-қа (ЦАТС) қосылады.

9.5 сурет. Жаңа цифрлық АТС-ты орнатқаннан кейінгі цифрлық аудандалмаған АТС

9.5 суретте сандандырудың 2-ші кезеңінің нұсқасы көрсетілген. Онда РАТС 2-ге алдын-ала қосылған барлық абоненттері ЦАТС-қа қосылады да, РАТС 2-ң өзі бөлшектенеді. К1 шоғырлауышы электромеханикалық РАТС 1-ді алмастырады, ал К2 шоғырлауышы телефонмен төменгі деңгейде қамтыған жаңа ауданда орнатылады. Осы кезде 1-ғана РАТС-3 қатынасу станциясы аналогтық болып қалады.

9.6 сурет. Аналогтық АТС-ты қайта өңдеп, шоғырлауыштарды орнатқаннан кейінгі цифрлық аудандалмаған ГТС

Дәріс 10. Түйін құрайтын аудандалған аналогті ҚТЖ цифрлау.

Дәрістің мақсаты: Цифрлық желілерді құру стратегияларын, аудандал-маған және аудандалған түйін құрайтын аналогті ҚТЖ цифрлау ерекшіліктерін оқу.

Мазмұны:

10.1 Аналогті аудандалған, КБТ бар ҚТЖ цифрлау.

10.2 Сақина құрылымды цифрлық желіні орнату.

10.3 АТЖ -ін цифрлау стратегиялары.

10.1 Аналогті аудандалған, КБТ бар ҚТЖ цифрлау.

УВС-пен ГТС-қа сандық қатынасу станцясын ендірген кезде аналогтық ГТС аудандарының бір немесе бірнеше түйіндерінің орнына салынған сандық желінің жеке 100-200-мыңдық және тағы басқа түйіндік ауданы ұйымдастырылады. Салынған сандық желі үшін резервті нөмірлік сиымдылықтан жеке жүзмыңдық индекстер бөлінеді. Бұл жаңа түйіндік аудан салынғаң желіні құру үшін негіз болып табылады.

Бұрыннан бар және қайта ұйымдастырылған түйіндік ауданының территориясы өзара жабылып қалуы мүмкін. Үлкен территорияда бірнеше жаңа түйіндік аудандар құрған жөн. 10.1 суретте УВС-пен бастапқы аналогтық ГТС сұлбасының мысалы көрсетілген.

10.1 сурет. УВС түйіні бар аналогтық аудандалған ГТС

10.2 суретте бірінші сандық АТС-ты орнату моментіндегі желінің құрылымы көрсетілген. Бірінші сандық АТС 13 индексінің айқындасын және ол келесідей функцияларды орындасын дейік:

- Ондағы қосылған абоненттер үшін тіректі станцияны;

- Бар желінің төрт аналогтық АТС үшін жаңа түйіндік ауданының УВС;

- Жаңа түйіндік ауданының УИС.

Осы функциялардан басқа жаңа АТС сонымен бірге УВСМ және УЗСЛ рольдерін атқарады. Бір мезгілде шеткі станциямен түйіннің функциясын орындайтын сандық АТС тіректі-транзитті станция(ТТС) деп аталады.

Сандық ТТС 13 электромеханикалық станция жағында аналогтық –сандық жабдықты орату арқылы сандық жолдары бар ГТС барлық аналогтық РАТС-пен байланысады.

10.2 сурет. Бірінші цифрлық АТС-ты (ОТС 13)орнатқаннан кейінгі аналогтық аудандалған ГТС

Келесі желіні жаңғырту кезеңінде аналогтық УВС-пен екінші және үшінші түйіндердің РАТС-н алмастыратын тағы екінші сандық станциялар енгізіледі делік (10.3 сурет).

Сонымен қатар ГТС 13-ке қосымша бөлшектенетін аналогтық РАТС 12 абоненттерінің онмыңдық тобы қосылады.Сандық қатынасу станциялары «әрқайсысы әрқайсысымен» қағидаты бойынша сандық жолдар арқылы байланысуы тиіс.

Салынған сандық желі негізгі үш нұсқа бойынша аналогтық РАТС-пен өзара әрекеттесе алады:

1) бірінші енгізілген сандық қатынасу станциясы бар аналогтық желімен байланысу үшін ТТС немесе транзитті станция ролін орындайды. Ал қалғандары тіректі станцмияның функциясын (транзитсіз) орындайды;

2) барлық қайта енгізілген цифрлық қатынасу станциялары ТТС функцияларын орындайды және бар аналогтық желімен өзара әрекеттеседі;

3) қайта енгізілген сандық станциялардың бөлігі желімен өзара әрекеттеседі (бірінші және екінші нұсқалардың жиыньығы). 10.4 суретте үшінші нұсқа көрсетілген. Онда ТТС 12,13 және ТТС 21,22 ТТС 31,32-ң бар аналогтық желімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.

10.3 сурет. Қосымша цифрлық АТС-ты орнатқаннан кейінгі аналогтық аудандалған ГТС

10.4 суретте УВС түйіндері бар аудандалған аналогтық ГТС-ты сандандырудың соңғы фазасының нұсқасы көрсетілген (сандық АТС-тің қағидаты бойынша қосылуы) түйіндер негізінде сандандыру классикалық нұсқасы болып табылады. (бір ЦАТС бұрынғы аналогтық ГТС-тің бір түйіндік ауданына қызмет көрсетеді).

10.4 сурет. Қорытынды цифрландыру фазасынан кейінгі аналогтық аудандалған ГТС

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]