Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бакылау-олшегиш 2011-2012.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
18.11.2019
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3. Емтихан сұрақтары

  1. Патологиялық физиология пәні ілім ретінде, мақсаттары, зерттеу тәсілдері. Патофизиологиядағы тәжірибенің маңызы. Тіс жегі мен пародонтитті үлгілеу

  2. ҚР ДС № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының зертханалық тәжірибе мемлекеттік стандарты. Негізгі қағидалары.

  1. Денсаулық және ауру, анықтамасы. Аурудың негізгі нышандары. Ауруларды жіктеу ұстанымдары. Дерттік әсерленіс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай туралы түсінік, мысалдар. Біртектес дерттік үрдіс турлаы түсінік, сипаттамасы.

  2. Аурудың даму сатылары, сипаттамасы. Жұқпалы аурулардың сатылары. Ауру алды туралы түсінік. Ауру алдын жүктеме арқылы анықтау.

  3. Өлім. Өлу кезеңдері, сипаттамасы. Тірілтудің негізгі ұстанымдары. Тірілтілген организмнің ауруы туралы түсінік, патогенезі.

  4. Этиология, анықтамасы. Ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызы. Тіс жақ жүйесі ауруларын этиотропты алдын алу мен емдеудің ұстанымдары.

  5. Организмге төменгі барометрлік қысымның дерттуындататын әсері. Биіктік ауруының этиологиясы мен патогенезі.

  6. Этиологияялық жайттардың жіктелуі. Ауру пайда болуында організм ерекшеліктері мен сыртқы орта жайттарының маңызы. Биологиялық жайттардың дерт туындататын әсері, олардың ауыз қуысы аурулары дамуындағы рөлі.

  7. Аурулар туындауында тұқым қуалаушылықтың маңызы. Этиологияда тұқым қуалаушылық пен сыртқы орта жайттарының маңызына байланысты аурулардың жіктелуі. Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар, себептері.

  8. Патогенез, анықтамасы. Бүлініс – патогенездің негізгі тізбегі ретінде. Бүлініс деңгейлері. Мысалдар. Ауыз қуысы қызметінің қалпына келу және бейімделу үрдістерінің ерекшеліктері.

  9. Патогенездегі себеп-салдарлық арақатынастар. Мысалдар. Аурулардың патогенезіндегі негізгі тізбек және «кері айналып соғу» шеңбері. Тіс жақ жүйесі ауруларының алдын алу мен емдеудің патогенездік ұстанымдары.

  10. Организмнің реактивтілігі және төзімділігі, анықтамасы. Организмнің тітіркендіргіштерге жауап қайтаруының түрлері, мысалдар.

  11. Реактивтіліктің түрлері, сипаттамасы. Аурулардың пайда болуы мен ағымы және аяқталуында організм реактивтілігінің маңызы.

  12. Реактивтілікте жас шамасының мен жыныстың маңызы.

  13. Организм конституциясы, анықтамасы, Сиго, Кречмер, М.В.Черноруцкий, И:П:Павлов бойынша конституция түрлерінің жіктелуі. Организм конституциясының реактивтіліктегі маңызы.

  14. Жасуша бүлінісі, этиологиясы. Зақымдануға жасушаның төзімділігі. Жасуша бүлінісінің түрлері. Жасушаның жіті және созылмалы бүлінісінің сатылары.

  15. Жасуша бүлінісінің арнайы және арнайы емес көріністері. Зақымдануда иондық тепе-теңдіктің өзгеруі, даму тетіктері, салдарлары.

  16. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі бұзылыстарының патогенезі, салдарлары.

  17. Жасушалар мембраналары бүлінісінің патогенезі. МАТ әсерленуі жасуша мембранасы бүлінуінің негізгі тетігі. Жасуша мембранасы зақымдануының салдарлары.

  18. Жасушалар мембраналары бүлінісінің патогенезі. Мембраналық фосфолипазалар және басқа гидролазалардың әсерленуі, осмостық және иммундық зақымдану.

  19. Апоптоз туралы түсінік, патогенезі. Зақымданудағы жасушаның бейімделу тетіктері.

  20. Жедел кезең жауабы, себептері, дәнекерлері, олардың әсерлері. «Жедел кезең» нәруыздары, олардың қызметтері. Жедел кезең жауабының организм үшін маңызы.

  21. Жалпы адаптациялық синдром (стресс), себептері, сатылары, даму тетіктері. Стрестің қорғаныстық – бейімделулік және дерт туындатулық маңызы. Адаптация аурулары туралы түсінік.

  22. Сілейме. Этиологиясы мен патогенезі бойынша жіктелуі. Жарақаттық шок, себептері, сатылары, қанайналымы және микроциркуляцияның өзгерістері.

  23. Оң су тепе-теңдігі (изо-, гипо-, гиперосмолялдық гипергидрия), себептері, патогенезі. «Сумен уыттану» туралы түсінік, себептері, даму жолдары.

  24. Ісіну, анықтамасы. Ісінудің патогенездік жайттары, сипаттамасы

  25. Ісінудің клиникалық түрлері, даму тетіктері.

  26. Организмнің теріс су тепе-теңдігі. Сусыздану, патогенезі не қарай түрлері, сусызданудың әртүрінде жасуша іші мен сыртында осмостық қысымның өзгерістері. Негізгі көріністері, патогенезі.

  27. Калий, натрий алмасулары бұзылыстары, себептері, организмдегі өзгерістер.

  28. Стоматологиялық аурулар дамуында фосфор-кальций және микроэлементтер алмасуларының жүйелі бұзылыстарының маңызы,

  29. Ацидоздар, себептері, патогенезі, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген жағдайдағы организмдегі өзгерістер

  30. Алкалоздар, себептері, патогенезі, теңгерілу тетіктері. Теңгерілмеген жағдайдағы организмдегі өзгерістер

  31. Ауыз қуысында ҚСҮ бұзылыстары, сілекейдің рөөлі. рН пен тіс жегісі дамуының өзара байланысы.

  32. Көмірсулары қорытылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары. Бауырда гликогеннің түзілуі және ыдырауының бұзылуы. Гликогеноздар туралы түсінік.

  33. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы (гиперлактоцидемия, гиперпируватацидемия), патогенезі. Гипогликемия, себептері. Патогенез гипогликемической комы.

  34. Гипергликемия, түрлері, даму тетіктері.

  35. Инсулиннің ұйқыбездік және ұйқыбездік емес жеткіліксіздігі, даму жолдары. Қантты диабеттің І және ІІ түрі туралы түсінік.

  36. Диабеттік синдромның патогенезі. Диабеттік команың патогенезі.

  37. Қантты диабеттің асқынулары. Макро – микроангиопатиялардың патогенезі. Қантты диабетте ауыз қуысы мен тіс жақ жүйесіндегі өзгерістер.

  38. Нәруыз ыдырауы мен түзілуінің бұзылыстары, патогенезі, салдарлары. Организмнің оң және теріс азоттық тепе-теңдігі туралы түсінік.

  39. Қан плазмасы нәруыздарының тасымалдау қызметтерінің бұзылыстары, себептері. Гипер -, гипо-, және диспротеинемиялар; парапротеинемия,

  40. Майлардың организмге түсуінің бұзылыстары. Майлардың асқазан-ішек жолдарында қорытылуы, сіңірілуінің бұзылуы, себептері, салдарлары.

  41. Холестерин алмасуының бұзылыстары, гиперхолестеринемия, атеросклероздың патогенезі.

  42. Семіру, түрлері, даму жолдары. Семіру жүрек-қантамыр аурулары, қантты диабет дамуының қауіп-қатер жайты ретінде.

  43. Ашығу, түрлері, себептері. Ашығу кезеңдерінде зат алмасуы мен физиологиялық жүйелер қызметтері бұзылыстары. Емдік ашығу туралы түсінік.

  44. Гипоксия, анықтамасы, жіктелуі (экзогендік нормо-және гипобариялық, тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, субстраттық, жүктемелік, аралас). Әртүрлі гипоксиялардың себептері, даму тетіктері.

  45. Гипоксия кезіндегі организмдегі зат алмасуы және физиологиялық жүйелер қызметі бұзылыстары. Гипоксиядағы теңгерулік әсерленістер (тез дамитын және ұзақ мерзімдік).

  46. Пародонттың дистрофиялық зақымдануларында, шырышты қабат ауруларында, тіс жақ аймағының одонтогенді қабынулық ауруларының патогенезінде жергілікті гипоксияның рөлі. Гипоксиялық жағдайлардың алдын алу мен емдеудің патофизиологиялық негіздері.

  47. Артериялық гиперемия, анықтамасы, түрлері. Себептері және даму жолдары. Микроциркуляцияның өзгерістері. Артериялық гиперемияның көріністері, патогенезі. Артериялық гиперемияның салдарлары.

  48. Веналық гиперемия, анықтамасы, себептері, микроциркуляцияның өзгерістері. Веналық гиперемияпың сыртқы көріністері, патогенезі. Веналық гиперемияның салдарлары.

  49. Ишемия, анықтамасы, себептері, микроциркуляцияның өзгерістері. Ишемияның сыртқы көріністері. Ишемия кезіндегі теңгерулік тетіктер. Ишемияның салдарлары. Қанның реперфузиясы туралы түсінік, туындаған өзгерістердің патогенезі, салдарлары.

  50. Стаз, анықтамасы, түрлері, сипаттамасы. Нағыз қылтамырлық стаздың патогенезі. Стаздың салдарлары.

  51. Тромбоз, анықтамасы, этиологиясы. Қан қатпарлары түзілуінің патогенезі. Тромбоздың салдарлары. Бейімделулік үрдістер:шунтталу, жанама қанайналымы. Алдын алу және емдеу жолдары.

  52. Эмболия, анықтамасы. Эмбол түрлері. Пайда болуына қарай эмболдардың түрлері. Үлкен және кіші қанайналым шеңбері мен қақпа венасы эмболиялары. Негізгі ағазалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының патогенезі. Алдын алу және емдеу жолдары.

  53. Микроциркуляцияның біртектес түрлері (тамырішілік, тамырлық, тамырдан тыс). Қылтамырлық-нәрленістік жеткіліксіздік туралы түсінік.

  54. Қабыну, анықтамасы, этиологиясы. Қабыну кезіндегі әлтерация. Алғашқы және салдарлық әлтерация туралы түсінік. Қабыну ошағындағы зат алмасудың өзгерістері. Зат алмасу бұзылыстары патогенез інде жасуша мен оның құрылымдары мембранасының зақымдануының маңызы.

  55. Қабыну дәнекерлері, түрлері, шығу тегі, қабыну патогенезіндегі маңызы. Қабынулық және қабынуға қарсы цитокиндер туралы түсінік.

  56. Қабыну ошағында қанайналымының өзгерістері, сатылары, патогенезі.

  57. Экссудация, анықтамасы, патогенезі. Экссудаттың түрлері, сипаттамасы. Іріңді экссудаттың құрамы және қасиеттері.

  58. Қабыну кезіндегі лейкоциттердің эмиграциясы туралы түсінік, сатылары және даму тетіктері.

  59. Фагоцитоз, сатылары. Фагоцитоздың жеткіліксіздігі, оның қабынудағы маңызы.

  60. Қабыну кезіндегі өсіп-өну (пролиферация) туралы түсінік, даму жолдары. Пролиферацияның күшейткіштері мен тежегіштері.

  61. Қабынудың жергілікті және жалпы белгілері, олардың патогенезі.

  62. Созылмалы қабыну патогенезінің ерекшеліктері. Оның жіті қабынудан айырмашылығы.

  63. Қабынудың организм үшін маңызы. Қабынуға қарсы ем мен оның алдынг алудың ұстанымдары. Тіс-жақ аймағы тіндеріндегі қабынудың ерекшеліктері

  64. Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, сыртқы және ішкі пирогендік заттардың сипаттамасы. Қызба кезіндегі температура жоғарылауының патогенезі.

  65. Қызбаның сатылары. Қызбаның әртүрлі сатысындағы жылу реттеудің өзгерістері және клиникалық өзгерістер, олардың патогенезі. Қызба кезінде ауыздың шырышты қабаты жағдайы мен сілекей бездері қызметтерінің өзгерістері.

  66. Қызба кезінде фимзиологиялық жүйелер (жүйке, жүрек-қантамыр, тыныс, асқорыту, бүйрек) қызметі мен зат алмасу өзгерістері.

  67. Дене температурасы көтерілуінің дәрежесіне және дене температурасының тәуліктік өзгшерістеріне қарай қызбаның түрлері. Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсірудің патофизиологиялық ұстанымдары. Қызбамен емдеу туралы түсінік.

  68. Аллергия, анықтамасы. Аллергияның этиологиясы (себеп пен жағдай), аллергендердің жіктелуі, сипаттамасы. Стоматологиялық тәжірибеде жиі кездесетін аллергендер. Стомалогтарда аллергиялық аурулар дамуында кәсіптік жайттардың рөлі.

  69. Куку, Джеллу және Р.Кумбс бойынша аллергиялық серпілістердің жіктелуі. аллергиялық серпілістердің сатылары (иммундық серпілістер, патохимиялық өзгерістер, патофизиологиялық бұзылыстар), олардың патогенезі. Сенсибилизация, түрлері, даму жолдары

  70. Аллергиялық серпілістердің І және ІІ түрлерінің патогенезінің ерекшеліктері.

  71. Аллергиялық серпілістердің ІІІ және ІҮ түрлерінің патогенезінің ерекшеліктері.

  72. Аллергиялық серпілістердің алдын алу мен емдеудің патогенездік ұстанымдары. Арнайы және арнайы емес гипосенсибилизацияның түрлері мен тетіктері.

  73. Стоматологиялық тәжірибедегі аллергиялық серпілістер. Пародонт, ауыз қуысы шырышты қабаттарының, сілекей бездерінің ауруларында аллергияның рөлі.

  74. Өспелер, анықтамасы, түрлері. Қатерлі және қатерсіз өспелер, айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Өспелердің биологиялық ерекшеліктері.

  75. Өспелердің этиологиясы. Өспелер дамуында химиялық (сыртқы және ішкі), физикалық және биологиялық жайттардың маңызы.

  76. Өспе дамуында жүйке, эндокрин, иммундық жүйелердің рөлі. Тұқымқуалаушылықтың өспе дамуындағы рөлі.

  77. Өспе өсуінің патогенезі. Тіс-жақ аймағы өспелерінің этиологиясы мен патогенезі ерекшеліктері.

  78. Антибластомдық төзімділіктің тетіктері (антиканцерогендік, антитрансформациялық, антицелюлярлық). Өспені емдеу ұстанымдары. Қатерлі өспелердің организмге тигізетін ықпалы. Паранеоплазиялық үрдістер. Өспе ауруларының алдын алу мен емдеудің ұстанымдары.

  79. Жүйке жүйесі қызметі бұзылыстарының этиологиясы. ОЖЖ патогенді агенттің түсу жолдары. Жүйке жүйесінің қорғану механизмдері.

  80. Нейрондардың зақымдануы (денесі, аксоны, дендриті), себептері, патогенезі, салдарлары.

  81. Тежелудің тапшылығы, тежелуден шығу синдромы, патогенезі, салдарлары. Денервация, деафферентация синдромдары, нәрленістің бұзылыстары, себептері, салдарлары

  82. Дерттік күшейген қозу генераторы, түзілу тетіктері, салдарлары. Дерттік жүйе туралы түсінік, даму тетіктері, организм үшін маңызы

  83. Сезімталдықтың нейрогенні бұзылыстары, олардың түрлері, патогенезі.

  84. Ауыру сезімі, түрлері. Ноцицепциялық, антиноцицепциялық жүйелер. Ауыру сезімнің нейрохимиялық жолдары.

  85. Шеткері және орталықтан дамыған дерттік ауру сезімі. Дерттік ауру сезімін емдеу ұстанымдары.

  86. Жоғары жүйке әрекеті бұзылыстары, невроздар, этиологиясы, патогенезі.

  87. Ішкі сөлденіс жүйесі қызметі бұзылыстарының жалпы этиологиясы. Ішкі сөлденіс жүйесін қызметі бұзылыстарының негізгі түрлері (гипо-гипер- және дисфункциялық эндокринопатиялар; моно- және плюригландулярлық, үлестік және толық).

  88. Ішкі сөлденіс жүйесі қызметі бұзылыстарының орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (гипофиз арқылы және гипофиздан тыс, кері байланыс тетігі).

  89. Ішкі секреция бездерінің өздерінде дамыған дерттік үрдістерге байланысты қызметтері бұзылыстарымен сипатталатын эндокринопатиялар. Гормондар белсенділігі шеткері механизмдерінің (безден тыс) бұзылыстарының сипаттамасы.

  90. Қалқанша серік бездері гипо- және гиперфункциясының этиологиясы мен патогенезі.

  91. Қалқанша безі гипо- және гиперфункциясының этиологиясы мен патогенезі

  92. Тиреотоксикоз, микседема, Аддисон ауруы, Иценко-Кушинг ауруларында ауыз қуысындағы өзгерістер.

  93. Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі. Остеогенді жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылыстары. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезінде кәлций, фосфор алмасуының рөлі.

  94. Тірек қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар (тұқымқуатын және жүре пайда болған) туралы түсінік, этиологиясы және патогенезі.

  95. Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.

  96. Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Тері аурулары патогенезіндегі ішкі және сыртқы этиологиялық жайттардың сипаттамасы. Терінің зақымдануға төзімділігі.

  97. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің анықтамасы. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезіне, зақымдану орнына, қанның газдық құрамының өзгерістеріне қарай жіктелуі. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері

  98. Өкпе вентиляциясының бұзылыстары, себебі, патогенезі, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Себептері, патогенезі, жоғары және төменгі тыныс жолдарының обструкциясында өкпе көлемдерінің өзгерістері. Стоматологиялық ауруларда тыныс жолдарының обструкциясы.

  99. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрі, өкпеішілік және өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері..

  100. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гпертензия мен гипотензияның себептері мен патогенезі. Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы.

  101. Сыртқы тыныс реттелуінің бұзылыстары (тыныс орталығының зақымдануы, афферентті және эфферентті тетіктер), этиологиясы мен патогенезі.

  102. Тыныс ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылыстарының тетіктері және себептері. Брадипноэ, тахипноэ, гиперпноэ, апное, даму тетіктері. Үзілістік тыныстар, түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныс түрлері.

  103. Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігудің түрлері, патогенезі. Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары және олардың патогенезі.

  104. Респираторлық дистресс-синдром, этиологиясы мен патогенезі

  105. Жүрек ырғағы бұзылыстарының жіктелуі. Синустық тахикардия, синустық брадикардия, синустық аритмия, экстрасистолия, ұстамалы тахикардия, толық және жартылай атриовентрикулалық бөгеттердегі ЭКГ-дағы өзгерістері және гемодинамиканың жағдайы. Қарыншалар жыпылығы туралы түсінік. Жүректің дефибрилизациясы.

  106. Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.Зорығудан болатын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, түсінігі, көлеммен зорығу (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен зорығу (жүрек соңылық жүктеме) себептері.

  107. Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.

  108. Коронарогенді емес жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің миокардиалды түрі. Кардиомиопатиялар түрлері, себептері, патогенезі.

  109. Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері.

  110. Артериялық гипертензиялар туралы түсінік, түрлері. Алғашқы артериялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі.

  111. Әйгіленімдік гипертензиялар, түрлері, артериялық қысым көтерілуінің патогенезі. Артериялық гипертензиялардың емдеу және алдын алу ұстанымдары.

  112. Артериялық гипотензиялар, жіктелуі. Біріншілік артериялық гипотензияның (гипотониялық ауру) патогенезі. Қауырт гипотензия туралы түсінік. Естен тану, коллапс, патогенезі.

  113. Ас қорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы, себептері. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік. Асқазан мен ішектегі асқорыту үрдістері мен ауыз қуысы, сілекей бездері дерттері арасындағы өзара байланыс және өзара әрекеттесу. Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия) себептері, патогенезі, салдарлары.

  114. Сілекей бөліну бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары. Сиалоаденит, сиалолитиаз туралы түсінік. Шайнау құралы мен ауыз қуысы тіндері дерттерінде сілекей бездері қызметінің маңызы.

  115. Дисфагия синдромы дамуының себептері мен патогенезі. Шайнау мен жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  116. Асқазандық диспепсия синдромы дамуы себептері мен патогенезі. Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары, себептері, даму тетіктері.

  117. Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «Озбырлық жайттары» мен «қорғаныстық жайттарының» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.

  118. Қуыстық және іргелік асқорыту бұзылыстары, этиологиясы мен патогенезі. Алғашқы және салдарлық мәлабсорбция туралы түсінік.

  119. Ішектің қимылдық қызметі бұзылыстары (іш өту, іш қату, ішектің өтпеуі), этиологиясы, патогенезі.

  120. Бауыр жеткіліксіздігі, анықтамасы, этиологиясы, түрлері. Бауыр жеткіліксіздігінде ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістер.

  121. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасу, физиологиялық жүйелер қызметтері өзгерістері, патогенезі. Бауырлық кома, патогенезі.

  122. Сарғыштанулар, түсініктемесі, түрлері. Гемолиздік, механикалық, ұлпалық сарғыштану , себептері, негізгі көріністердің патогенезі. Холемия және ахолия, салдарлары.

  123. Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары

  124. Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары

  125. Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

  126. Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі, этиологиясы, сатылары, патогенезі. Уремия туралы түсінік, уремиядағы организмдегі өзгерістердің патогенезі.

  127. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі, этиологиясы, сатылары, патогенезі. БСЖ тіс – жақ жүйесі тіндеріндегі өзгерістер.

  128. Қауырт қансырау, қансыраудың ауырлығын анықтайтын жайттар. Жедел теңгерілу жолдары

  129. Эритроцитоздар, анықтамасы, организм үшін маңызы. Анемия аныктамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, жіктелу негіздері.

  130. Постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен патогенезі. Анемияларда ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістері.

  131. Гемолиздік анемиялар, этиологиясы мен патогенезі, тамырішілік, тамырдан тыс эритроциттер ыдырауының себептері мен даму жолдары, қандағы көрінісі.

  132. Дизэритропоэздік анемиялар (витаминВ12,-фолий тапшылықты, темір тапшылықты, аплазиялық), себептері мен даму жолдары, қантүзілу бұзылыстарының, клиникалық көріністерінің патогенезі.

  133. Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.

  134. Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі. Агранулоцито туралы түсінік (гранулоцитопения), себептері, түрлері, лейкоциттік өрнектегі өзгерістер, организмдегі өзгерістер. Агранулоцитозда ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістер.

  135. Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі, жіктелуі

  136. Қауырт және созылмалы миело- және лимфолейкоздарда қан түзілуі бұзылысы мен қан көрінісі. Лейкоздар кезіндегі анемиялық, уыттанулық, геморрагиялық, метастаз беру, жұқпалық синдромдардың патогенезі. Лейкоздардағы ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері.

  137. Гемостаз анықтамасы, компоненттері, сипаттамасы. Гемостаз бұзылыстарының жіктелуі. Геморрагиялық синдромның даму жолдары. Вазопатиялар туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері

  138. Тромбоцитопениялар, пайда болу себептері, шығу тегі бойынша түрлері, қанағыштықтың патогенезі. Тромбоцитопатиялар, анықтамасы, себептері, патогенезі. Қанағыштықтың патогенезі. Геморрагиялық диатездердегі ауыз қуысындағы өзгерістердің патогенезі.

  139. Тромбоздық синдром, даму механизмі, артериялық және веналық тамырлардағы тромбоздардың салдарлары

  140. Коагуляциялық гемостаз бұзылыстары, тұқым қуатын (гемофилия А, В, С, Вилебранд ауруы) және жүре пайда болған коагулопатиялардың патогенезі.

  141. Стоматологиялық ауруларда сілекей қызметі (коагуляциялық және фибринолиздік қасиеті) өзгерістеріндегі гемостаз бұзылыстары

102 беттің 1 беті