
Қорытынды
Қорыта айқанда сарапшы қорытындыда жалған мәлімет беруіне жол берілмейді. Яғни жалған мәлімет беретін болса жауаптылыққа тартылады.Сарапшылық практикада тек ғылыми негізделген, мақұлдап- корытылған әдістер мен құралдар пайдалануы мүмкін. Сондықтан, сарапшылық әдістеме типтік мәртебе алу үшін, ол мақұлдану және ендіру сатыларынан өтуі керек. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы проблемаларды шешудің принципті түрдегі жаңа тәсілі сарапшылық практикаға зерттеу әдістемелерін ендірудің белгілі бір тәртібін қалыптастыру болып табылады. Осыған сәйкес әдістемелер алдын-ала ғылыми сынаққа берілуі, оны сот сараптамасы органының ғылыми- әдістемелік кеңесінің бекітуі, арнаулы мемлекеттік тізілімінде стандартты ресімдеу мен тіркеуден өтуі керек. Сонымен бірге, аз ғана таралуы, бірақ дәл криминалистика үшін ерекшелігі бар ғылыми-техникалық құралдарды ендіру бағытын да атап көрсеткен жөн, соған сәйкес криминалист «сыртқы» ғылымның жаңа жетістіктері туралы ақпарат алып, сараптама мақсаты үшін осы ғылыми шешімді (әдісті, аспапты) пайдалану мүмкіндігін іске асырады. Атақты криминалист Е.Ф. Буринскийдің өмірі мен қызметін зерттеген А.И. Винберг, аталған заңдылықты ең алғашқы рет осы адам ғылыми түрде сипаттады және ол трансформация принципі аталады деп көрсетті. Мысалы, осылайша бірқатар объектілерді зерттеу үшін қолданылатын оптикалық кванттық генераторларды пайдалануды көздейтін әдістемелер кешені құрылған болатын.
Пайдаланған әдебиеттер
Шляхов А.Р. Судебная экспертиза. Организация и проведение. М., 1979.
Энциклопедия судебной экспертизы /Под ред. Т.В Аверьяновой и Е.Р. Российской. М., 1999.
Яковлев Я.М. К вопросу о формировании убеждения судебного эксперта //Правовые и методологические проблемы судебной экспертизы. М., 1974.
Белкин Р.С. Курс криминалистики. М., 1997. Т 2.
Орлов Ю.К. Формы выводов в заключении эксперта. М., 1981.
Бородина Е.А. О двух формах организации экспертного производства // Вопросы теории и практики судебной экспертизы. М., 1990.
Белкин А.Р. Теория доказывания. М., 1999.