Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кіріспе.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
44.9 Кб
Скачать

Сарапшылар қорытындыларының күдікті болуы

Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері кешенді сараптама жүргізуге сәйкес рәсімделеді. Қосымша сараптама нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның осындай екендігі, негізгі сараптама ту­ралы мәліметтер хабарланады (нөмірі, күні, орындаушысы, сондай-ақ түсініктемені және толықтыруды қажет ететін негізгі сараптаманың қорытындысы). Қорытындының зерттеу бөлімінде, егер сарапшы негізгі сараптаманы жүргізу кезінде сол әдістер мен құралдарды пайдаланып және сондай нәтижелерге қол жеткізген болса, ол зерттеу барысы мен нәтижелерін баяндамай, негізгі сараптама актісінің тиісті тарауларына сілтеме жасауына болады. Кайталама сараптама нәтижелері бойынша қорытындының кіріспе бөлімінде оның кайталануы туралы белгі, сондай-ақ бастапқы сараптама туралы мәліметтер болуы керек (нөмірі, күні, орындаушысы, сот сараптама мекемесінің атауы, кайталама са­раптаманы тағайындаудың тұжырымдары мен себептері). Қай­талама сараптама актісінің зерттеу бөлімінде сарапшы бастапқы сараптама қорытындысы мен зерттеу нәтижелерінің айырмашы- лықтарын, егер мұндай бар болса, болу себептерін көрсетеді.

Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін есепке ала отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оны өз қолын қоюуы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен расталады. Сарапшының қорытындысында мыналар көрсетілуіге тиіс: қашан, қай жерде, кім,(тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы), қандай негізде сараптама жүргізілді, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қоюуы мен куәландырылған белгі; сарапшының алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде кім қатысты және қандай түсініктемелер берді; сарапшы қылмыстық істің қандай материалдарын пайдаланды; қандай обьектілер зерттелді; қандай зерттеулер жүргізілді қандай әдістер қолданылды және олардың сенімділік шамасы қандай; қойылған сұрақтарға негізді жауаптар. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қортындысында көрсетуге құқылы. Егер зерттеу барысында осы Кодекстің 252-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың барлығына немесе олардың кейбіреуіне жауап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс. Қорытындыға зерттеуден кейін қалған обьектілер оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фото кестелер, схемалар, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқада материалдар қоса тіркелуге тиіс.Қорытындының қосымшасына сарапшы (сарапшылар) қол қояды. Егер сарапшының зерттеу жүргізгенге дейін оның алдына қойылған мәселелер өзінің арнайы бөлімдерінің аясынан тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне орындалуы мүмкін емес екеніне, не ғылыммен сараптама тәжірибесінің жайы қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сараптама тағайындаған органға немесе адамға жібереді.

Егер сарапшы зерттеуге кіріспей тұрып оның алдына койыл­ған мәселелер өзінің кұзыреті шегінен тыс екендігіне немесе қорытынды беру үшін ұсынылған материалдар жеткіліксіз екеніне және оларды ұсыну туралы өтініш канағаттандырылмаған не ғылым мен техниканың казіргі жағдайы койылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтіндігіне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарла­ма жазып, оны сараптама тағайындаған органға (адамға) жібереді. Мұнда жасалатын құжат қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама деп аталады (КІЖК-нің 252-бабы). Аталған құжат өзінің мәні бойынша сарапшылық зерттеу жүргізудің мүмкінсіздігі туралы хабарлама болып табылады.

Жоғарыда аталған мәселелермен қатар сарапшының алды­на онын шеше алатын сұрактары койылады, онда корытынды берудің мүмкін еместігі туралы арнаулы хабарлама жасалмайды да, тиісті акпарат сарапшының жалпы корытындысында беріледі. Сот сараптамасы органдарының нұсқаулық материалдарында корытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама үш бөлімнен тұратындығы көзделген: кіріспе (әдеттегіге ұксас), дәлелдемелік (қорытынды берудің мүмкін еместігі себептері бар) және қорытынды (әрбір қойылған сұраққа жауап берудің мүмкін еместігі аталып көрсетіледі).Егер сарапшының қорытынысы жеткілікті түрде айқын болмаса, қосымша зерттеулер жүргізу талап етілмейтіндей ол қылықтары болса, тергеуші сарапшыдан аталған мән-жайлар бойынша жауап алуға құқылы.Сарапшының өзінің жауаптарын өз қолымен жазуына болады.Сарапшыдан жауап алу хаттамасы осы кодекстің 203-бабында жазылған ережелерді сақтай отырып жасалады. Сарапшы қорытынды бергенге дейін одан жауап алуға жол берілмейді. Сот сараптамасынын принциптері — ол азаматтык, әкімшілік жэне кылмыстык сот ісін жүргізудегі сот сараптамасынын мәніне, мақсатгарына жэне міндеттеріне қоғамның заң шыға- рушы және кұкык колдану органдары атынан тұжырымдама- лык козқарасын корсететін негіз калауының бастауы.

Сот сараптамасы мына принциптерге негізделеді: зандылык; сот сарапшысының іс жүргізу тәуелсіздігі; сот сараптамасы органдарының тәуелсіздігі; зерттеу жүргізу күралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігі; күзыретгілігі, жан-жактылығы, толык және объективтілігі; кәсіби этиканы сақтауы (Заңның 3-бабы).

Зандылык - бүл күкыктың барлык салаларының калған принциптері мен ережелерін аныктайтын, тегіс камтитын сипа- ты бар күкык принципі.

Сот сараптамасына катысты зандылык принципін сактау сот сараптамасын үйымдастыру мен жүргізудің мәселелерін белгілейтін катаң кұкықтык реттемелігін жэне Казакстан Рес­публикасы заңнамасынын нормаларын барлык лауазымды адам- дар мен онда катысатын өзге де адамдардын сақтауын көздейді.

Сот сарапшысынын іс жүргізу тәуелсіздігініц талабы, ол са­раптама жүргізуді жүзеге асыратын сарапшы дәлелдемелерді өз бетінше зерттеу функциясын орындаушы іс жүргізу тұлғасы болып табылатындығы фактісін көрсетеді. Сот сарапшысы жүргізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, өз аты- нан корытынды береді. Мұнда сарапшы корытындысынын маз- мүнына ыкпал ету мақсатымен оған сот сараптама органдары- ның басшысы, кылмыстык істі жүргізуші органдар, өзге адам- дар тарапынан эсер етуге жол берілмейді, ал бұған заң кепілдік береді (КІЖК-нін 12-тарауы және 245-бабы 3-бөлігі, АІЖК-нін 93-бабы 8-болігі, КК-нін 340,347, 354-баптары).

Сот сараптамасы органдарынын тәуелсіздігі принципін сак­тау кылмыстык кудалау функциясы жүктелген мемлекеттік органдар болімшелерінің сараптама жүргізу мүмкіндіктерін болдырмайтын Казакстан Республикасынын «Сот сараптама­сы туралы» Занынын 4-бабы 3) тармакшасында нормативтік түрде іс жүзіне асырылды.

Сарапшылық зерттеу өткізу туралы мәселені қарастыруға және онын нәтижелерін ресімдеуге байланысты сарапшы корытындысының дәлелдемелік мәніне күмән келтіретін немесе оны жоятын сарапшылык қателік проблемасына кызығушылык бар. Жалпы түрде сарапшылық қателік объективтік шындыққа сарапшының пайымдауының немесе сарапшылық зерттеу максатына әкелмейтін оның іс-әрекеттерінің, егер олар адал адасудың нәтижелері болса, сәйкес келмеуі ретінде аныкталады. Дәл осы адал адасу фактісі сарапшылық қателіктердің көрінеу жалған қорытынды беруден айырмасын көрсетеді. Өзінің табиғаты бойынша сарапшылық қателіктер біртекті емес және үш классқа бөлінуі мүмкін: іс жүргізу, гносеологиялық (логикалық және фактілік), қызметтік (операциялық).

Іс жүргізу сипатындағы қателіктер сарапшының сарапшы­лық зерттеудің іс жүргізу рәсімдері мен сарапшының қорытындысын рәсімдеуін бұзудан көрінеді.

Гносеологиялық қателіктер сарапшылық таным процесінде пайда болады және оның күрделігімен себептелген. Ол объектіні оқып-зерттеу барысында да, сондай-ақ алынған нәтижелерді бағалау кезінде де болуы мүмкін. Гносеологиялық қателіктер логикалық (логика ережелерінің бұзылуымен байланысты) және фактілік (объективті өмір заттары арасындағы қарым-қатынастар туралы бұрмаланған түсінікпен байланысты). Сарапшылық қателіктерді болдырмас үшін сарапшыға бай­ланысты емес объективтік, сондай-ақ оған байланысты субъективтік қателіктердің пайда болу себептерін білу керек. Сарапшылық қателіктердің объективтік себептеріне: сарап­шылық зерттеудің әзірленген әдістемесінің болмауы; сарапшы­ның пайдаланатын әдістемесінің жетілмегендігі; қате ұсынылған әдістемелерді қолдану; белгілердің тендестірушілік кұндылығын, олардың іздердегі көрінісінің түрактылығын сипаттай- тын толык деректердің болмауы; жарамсыз немесе пайдалану қабілеттері жеткіліксіз аспаптар мен қүрал-саймандарды қол­дану кіреді. Сарапшылық қателіктердің субъективтік себептеріне: сарапшылардың кәсіби құзыретсіздігі; сарапшының кәсіби қателері (ұқыпсыздық, зерттеуді үстірт жүргізу); сарапшының сезім органдарының ақаулары; сарапшының қалыпсыз психологиялық жай-күйі; сарапшының жеке басының мінез-құлықтық белгілері; іс материалдарының әсері; жеткілікті түрде негізі жоқ сарапшылық бастамашылық көрсетуге ұмтылуы. Сарапшылық қателіктерді болдырмау сараптама тағайында­ған адамның міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл жерде көп жағдайда тергеуші мен сотқа байланысты болатын сараптама тағайындау мен өткізудің іс жүргізу аспектілеріне ерекше назар аудару қажет.