- •1. Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Екінші тақырып отбасы және ұлттық құндылықтар
- •Алтын бесік -отбасы.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •3. Мәтіндегі көп мағыналы сөздерді жазып алып, олардың мағынасын анықтаңыз. Үшінші тақырып жас отбасы және дәстүр
- •2. Тапсырма орындаңыз:
- •Төртінші тақырып қазақстан республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Демографиялық саясаттың мақсаты, міндеттері және қағидаттары
- •Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Бесінші тақырып
- •Алтыншы тақырып мінез және келбет
- •Мәтінді оқыңыз. Адамның келбетін сүреттейтін сөздерді іріктеп жазыңыз. Келбет
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Жетінші тақырып замандас келбеті
- •Мәтінді оқыңыз. Жоспар құрыңыз. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •4. Жаттығулар
- •Сегізінші тақырып уақыт және адам
- •Әр нәрсенің өз уақыты бар
- •Өмір қайта оралмайды
- •Бос уақыт және қызығушылық
- •2.Полилогті оқып, әңгіме не туралы екенін қысқаша баяндаңыз.
- •7.Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Ұлылардың хоббиі
- •2. Ұлы адамдардың жинаған заттарын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Өзіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды/шұғылданатыныңызды әңгімелеп беріңіз.
- •Тоғызыншы тақырып салауатты өмір салты
- •Мәтінді оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Жоспар құрыңыз.
- •2. Берілген сөз тіркесінің мағынасын түсініңі. Сөйлем құраңыз.
- •Сөз тіркесі
- •Оныншы тақырып дені саудың – жаны сау
- •Дені саудың – жаны сау.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Он бірінші тақырып
- •Он екінші тақырып Қазақтың Өнері мен мӘдениеті
- •Мұқан Төлебаев
- •Он үшінші тақырып қазақстан өнері
- •Он төртінші тақырып
- •2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз. Жарасымды құрметті
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
- •5. Мына сұрақтардың мазмұны ашатын абзацтарды немесе сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді қостамаңыз немесе растаңыз
- •6. Мәтінді пайдаланып, сөздердің өз орнын табыңыз
- •7. Еске түсірейік
- •8. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құраңыз.
- •9.Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз. Он бесінші тақырып кино өнері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6. Мына сөз тіркестерін аударыңыз.
- •7. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіз
- •Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
- •Морфология
- •Синтаксис
Алтын бесік -отбасы.
Қай заман, қай қоғамда болсын, адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп келген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт ең алдымен, жастарға оқу-білім беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя - мектеп. Иә, олардың алтынға балануы неліктен? Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені, отбасы Адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндету - біреу.
Отбасында балаларды саналы етіп тәрбиелеуде ұлттық мақтаныш сияқты қасиеттерді де оятудың мәні бар. Себебі, ұлттық құндылықтар - ата бабаларымыздан бізге жетіп келген салт-дәстүр: Наурыз салтанаттары, көктемде дән себу, ұлды үйлендіру, қызды тұрмысқа шығару, Отанды сүю, тағы сол сияқтыларға үндейті құрал болып есептеледі.
Ата-бабаларымыздан халқымызға мұра болып қалған меймандостық, тазалық, адалдық және Отанды сүю сияқты қасиеттерді жастардың санасына тәлім-тәрбие барысында сіңіру, олардың болмасын халқымыздың керемет маржандарымен байыту және ұлттық құндылықтарды терең пайдалануға көңілді баса бөлу аса қажет. Адам бойындағы Отанға адал болу сезімі тума қасиет емес. Ол - бала туылғаннан кейін сол өзі туылған отбасы мен өзі өскен ортада қалыптасатын адамгершілік қасиет. Оның қалай қалыптасатыны сол өзі өскен ортаға байланысты. Ендеше баланы адал етіп тәрбиелеу - тек ата-ананың ғана емес, қоғам-әлеуметтің міндеті.
Сөздік
Жас ұрпақ – молодое поколение
Өркениет – цивилизация
Ұлт – нация
Алтын бесік – золотая колыбель
Қалыптастыру – формировать
Жетілдіру – совершенствовать
Дамыту- развивать
Адамгершілік - человечность
Меймандостық - гостеприимство
Тазалық - чистота
Адалдық - честность
2. Сұрақтарға жауап беріңіз
Отбасы неге «алтын бесік» деп айтылады?
Мектеп неге «алтын ұя» аталады?
Ұлттық құндылықтар деп нені айтады?
Баланы адал етіп тәрбиелеу деген не?
Грамматика: Көп мағыналылықтың сөйлеу тілінде қолданылуы
Сөз белгілі зат, құбылыс, ұғым, түсініктердің атауы болады да, негізінде, сол бастапқы атауы мағынасында айтылады. Кейде сөйлем ішінде сөз бастапқы, тура мағынасында қолданылмай, өзге бір түсінік ретінде ауыспалы мағынада да қолданылады. Мысалы, Құрман ұстаның сегіз сиыры бар. Апай майлы төстікті отқа үйте бастады деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы тура мағыналарында қолданылған. Ал Семіздің аяғы сегіз («М. М.»), Ол үйдің дастарқаны майлы деген сөйлемдердегі сегіз, майлы деген сөздер өздерінің бастапқы мағыналарында айтылмай, ол сөздерге жаңа келтірінді, ауыспалы мағыналар жүктелген. Мұндағы сегіз деген сөз санды білдірмей, көп деген ұғымды білдіріп тұр, яғни мал семіз болса, еті көп болады деген ұғымды береді. Дастарқаны майлы дегендегі майлы деген сөз дастарқанға май жұққан, кірлеген деген ұғымды бермей, ол үйдің дастарқанының үстінде асы мол болады, яғни ол үй асты мол береді деген ұғымда айтылып тұр. Сөйтіп, сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал-әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын тypaмaғынa дейді. Ал сөз мағынасы ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылса, оны сөздің кeлтipiндi немесе ayыcпaлымaғынасы дейді. Сөздің көп мағыналылығы Тілдегі бір сөз, негізінде, бір мағынаға ие болады. Әр сөзді сөйлемде өз орнына, өз мағынасында дұрыс қолдану үшін сөздің негізгі мағынасын білу өте қажет. Сөздердің мағынасы сөйлем ішінде белгілі контексте ғана айқындалады. Тілдегі сөздердің барлығы бірдей дербес ұғымды, бір мағыналы болып келмейді. Кейде бір сөздің әр сөйлемде әр түрлі сөздердің тіркесіне қарай беретін мағыналары құбылып, көп мағыналы болып та келеді. Мысалы, Жер бір тәулікте өзінің осін бір айналып шығады. Колхозшылар жер жыртуға кірісті. Олар екеуі екі жерде тұрады. Шырағым, қай жерің ауырады деген сөйлемдердегі жер сөзінің мағынасы әр сөйлемде әр түрлі болып құбылылып тұр. Бірінші сөйлемде планета ұғымында, екіншіде егіс ұғымында, үшіншіде орын деген мағынада, тертіншіде apa деген ұғымда қолданылып тұр.
