Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2011 ОК 1 курс.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
143.01 Кб
Скачать

9. Негізгі әдебиеттер:

1. Бектұров Ш., Бектұров А. Қазақ тілі. – Алматы, 1996 ж.

2. Бектуров Ш, Бектурова А . Қазақ тілі,- Алматы, 2004ж

3. Оралбаева Н., Мадина Г., Әбілқаев А. Қазақ тілі. – Алматы, 1996 ж.

4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Т., Шалабаев Б. Практикалық қазақ тілі. – Алматы, 1993 ж..

5. Бектұров Ш., Бектұров А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде оқыту). – Алматы, 1998 ж.

6. Мұрзалинова Б. Қазақ тілі. – Алматы, 1998 ж.

7. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Қазақ тілі. – Алматы, Рауан: 2000 ж.

8. Мусинов А., Мухаметкалиева М., Құдайбергенов Е. Қазақ тілі. – Алматы: Қайнар, 1995 ж.

9. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменов Э. Ресми іс қағаздары. – Астана, 2002 ж.

10. Қожахметова А. Қазақ тілі парктикалық курс. – Ақмола, 1995 ж.

11. Серғазина Қ.Ж., АхметоваА.А., Төлеужанова Ж.М., Шаяхметова Б.М., Насыритдинова Ә.Н. Қазақ тілі – Астана, 2007ж

Қосымша әдебиеттер:

  1. Бектаев Н, Қазақша- орысша сөздігі. - Алматы, 1999 ж

  2. Айтбаев О. Терминдер және олардың аудармалары. - Алматы, 1990 ж.

3. Мемлекеттік тіл: терминология, Іс қағаздары мен бұқаралық апарат құралдарының тілі. Астана,1999 ж

4. Қожахметова А. Тіл ұстарту жаттығулары. – Астана, 2002 ж.

5. Кенжетаев С. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары. – Алматы: Анна тілі, 1994 ж.

6. Мақал-мәтелдер жинағы. – Алматы, 2001 ж.

7. М.Әуезов «Абай жолы» романы. – Алматы, 1996 ж.

8. Жолдасбеков М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек А. Елтұтқа. – Астана, 2001 .

9. БайтұрсыновА. Тіл тағылымы. – Алматы, 1992 ж.

10. Құнанбаев А. Өлеңдер жинағы. –Алматы, 1996 ж.

11. Уалиханов Ш. Таңдамалы шығармалар жинағы. 5 том. – Алматы, 1985 .

12. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар жинағы. – Алматы, 1991 ж.

10. Курстың саясаты

  • Сабаққа кешікпей келу, кешіккен жағдайда сабаққа жіберілмейді

  • Сабақ үстінде сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою

  • Сабаққа сай киіну

  • Сабақ босатқан жағдайда анықтама қағазын әкелу

  • Оқу үрдісіне белсене қатысу

  • Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым – қатынаста болу;

  • Берілген тапсырмаларды уақытында орындау;

  • Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау.

11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат

Ағымдық бақылау

- бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу;

- жағдаятқа сәйкес сұхбаттар құрастыру;

- алдын-ала өтілген мәтіндер бойынша әңгіме құрастыра білу;

- жазбаша тапсырмаларды орындау;

- сұхбаттасуға қатысу.

Аралық бақылау

- ауызша сұхбат;

- лексика-грамматикалық тестер;

Қорытынды бақылау

- емтихан.

Ағымдық

бақылау

Аралық бақылау

Емти

хан

Барлы

ғы

Практика- лық сабақ

С.Ө.Ж

реферат

1 –

модуль

2 - модуль

270

120

10

100

100

400

1000

12. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі

Студенттердің орындайтын жұмыс түрлері

Ұпай саны

Min/ max

1.

Ағымдық бақылау:

  • практикалық сабақтар

  • өздік жұмыс

  • реферат үшін

150/450

6х 45= 270

7х15=120

5х2=10

2.

Аралық бақылау:

Семестрде 2 рет аралық бақылау болады

Ескерту: Университетте қабылданған бағалаудың рейтінгілік жүйесін ескере отырып, студенттердің қортынды рейтінгісі (ұпайы) 0.1 коэффициентіне көбейтілген ағымдық және аралық бақылаудың нәтижесінен алынған балдардың қосындысынан анықталады.

Қ.Б = (Ағ.б + Ар.б) х 0.1;

Қ.Б =(400+200) х 0.1= 60

10/20

100х2= 200

Жиынтығы:

30/60 ¥пай

3.

Қорытынды бақылау

Емтихан

20/40

Барлығы:

50/100 ұпай

Емтихандағы баға

Бағаның ұпай пайызы (%)

1

3 (қанағаттанарлық)

20/26

2

4(жақсы)

27/34

3

5(өте жақсы)

35/40

Студенттердің білімін бағалау шкаласы

Әріптік жүйемен бағалау

Ұпайдың цифрлық баламасы

Ұпайдың проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйемен бағалау

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

Ғ

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Алғы сөз

Жоғары оқу орындарының типтік бағдарламасын негізге ала отырып жасалған бұл оқу құралы бастауыш топтың студенттеріне арналған. Оқу құралының құрылымы бір-бірімен байланыста алынған 15 мәтіннен, мәтінді бекіту жаттығуларынан, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорын молайтуға бағытталған сұхбаттан тұрады.

Өзге ұлт өкілдерінің деңгейін ескеріп, әр сабақ сайын теориялық мәселелерді салыстыру мысалдары, грамматикалық сәйкестіктер беріліп отырды. Бұл ерекшелік студенттің салыстыру әдісі арқылы өз бетімен ой түю дағдысын қалыптастыруға тірек болады деген ойдамыз.

Оқу құралында мәтінмен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінді. Ондағы мақсат - тіл үйренушінің сөздік қорын жан-жақты дамытып, дұрыс сөйлей білуге жаттықтыру. Сонымен қатар, оқу құралында белсенді етістіктердің қолданысына ерекше мән берілді. Бұл тәсіл студенттің ойын жеткізуге қажетті етістік сөздердің семантикалық өрісін, сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасын орынымен ажырата білуге машықтандыру үшін тиімді.

1 – сабақ

Лексика: мемлекеттік тіл.

Грамматика: синоним, антоним.

1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді аударып, жаттап алыңыз.

мемлекеттік тіл – государственный язык

қазақ тілі - казахский язык

мәртебе – статус

қыркүйек – сентябрь

шілде – июль

жаңа заң – новый закон

тарау – глава

бірнеше – несколько

бап – статья

басқару – управление

іс-қағаздары – документация

азамат – гражданин

парыз – долг

еркін – свободно

тегін – бесплатно

2 – тапсырма. Мәтінді тыңдап, мағынасы түсінікті сөздерді жазып алыңыз.

Мемлекеттік тіл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін 1989 жылы 22-ші қыркүйекте алды. Ал 1997 жылы 11-ші шілдеде жаңа заң өңделіп, толықтырылып қабылданды. Жаңа Заң ҮІ тараудан тұрады.

І тарауда Жалпы ережелер берілген. Осы тараудың 4-ші бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп көрсетілген.

Мемлекеттік тіл – мемлекетті басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. ҚР – да қазақ тілін дамытуға барлық жағдай жасалуда.

Қазақ тілін меңгеру – Қазақстанда тұратын әр азаматтың парызы. ҚР-ның барлық азаматтары қазақ тілін дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруге жағдай жасауға міндетті.

3 - тапсырма. Мәтінді қайталап оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алды?

2. Тіл туралы жаңа заң қашан қабылданды?

3. Жаңа заң неше тараудан тұрады?

4. 4-ші баптың мазмұнын айтыңыз.

5. Қазақстанда іс-қағаздары қай тілде жүргізіледі?

4 – тапсырма. Сұхбатты өз сөзіңізбен толықтырыңыз.

- Сәлем, достым.

- ......................................

- Сен ҚР-ның азаматы ретінде мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін, меңгеруге, дамытуға міндеттісің. Осы мәселеге қандай үлес қосып жатырсың?

-........................................

- Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін қашан алған екен?

- .......................................

- Іс-қағаздары мемлекеттік тілде жазылу керек екен. Сен қандай құжаттарды қазақ тілінде жазып жүрсің? Құжаттардың түрлерін екі тілде айтып бере аласың ба?

- ........................................

- Өзің мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білесің?

- .......................................

5 – тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, орнымен қолданып үйреніңіз. Аталар сөзі - ақылдың көзі. Тіл – жүректің тілмашы. Тіл – ақылдың өлшемі. Сөзден асқан байлық жоқ. Тілден асқан жүйрік жоқ.

6 – тапсырма. Сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңыз.

....... біз оқып, білім аламыз. ....... халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Халықтың ........ қалуы тіліне тікелей байланысты. Тіл арқылы ......... сыртқа шығарамын. Халықтың ..........., .......... тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа тарайды (тарихта, ойымды, әдет ғұрпы, тіл, салт-дәстүрі).

7 - тапсырма. Синоним сөздердің қатарын толықтырыңыз.

Мен осы тақырыпты әңгімелеймін, ........... , ...........

Салмақты, ........... , .......... адам бәріне ұнайды.

Биік, ......... тауларды көрдік.

Біз сені күтеміз, ...........

Анам қатты шаршады, ..........

Әкем біздің қылығымызға күлді, ...........

2 – сабақ.

Лексика : Қазақтың өнері мен мәдениеті.

Грамматика : Омоним

1 – тапсырма. Сөздердің аудармасына назар аударыңыз.

өнер – искусство

мәдениет – культура

бірлікте – в единстве

әнші – певец

күйші – куйши

ақын – поэт

ертеден – с древности

дәстүрлі – традиционный

халық композиторлары – народные композиторы

жазба әдебиеті – письменная литература

мәтін – текст

отбасы–түрмыстық – бытовой

тарихи – исторический

әлеуметтік – социальный

жетекші – руководитель

домбырашы – домбрист

музыкалық аспаптар – музыкальные инструменты

2 - тапсырма. Мәтінді тыңдап, таныс сөздерді жазып отырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]