Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Makro_ostalnoe.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
13.11.2019
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Глоссарий

Амортизация – негізігі капиталдың құнын, оның тозуына қарай өндіретін өнімге ауыстыру арқылы ақшалай қорды құру, сүйтіп ол қорды негізгі капиталды қайта жаңғырту үшін пайдалану.

Амортизациялық қор – негізгі капиталдың құнын өтеуге арналған, оның тозып біткен қалдықтарының ақшалай қоры.

Амортизациялық аударым - негізгі қүрал-жабдықтардың қүнының бөлшегінің тозуын өтеу үшін жасалатын аударым.

Аренда - келісімшарт негізінде, аренда беруші аренда алушыға белгілі мүлік берілгендіктен пайда болатын, шаруашылықтың формасы.

Айналмалы капитал – ол тұтыну процесі кезінде құны түгелдей өнімге өтіп және капиталдың әрбір толық айналымы кезінде кәсіпкерге ақша түрінде түгелдей қайтып оралатын өндіргіш капиталдың бөлігі

Айырбас — бұл бір жағынан өндірістің, екінші жағынан тұтынушының (бөліс жөнінен келісулері бойынша) үздіксіз байланыстарын қамтамасыз ететін қоғамдық өндірістің тағы бір өрісі (кезеңі).

Айқын шығындар – ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын болмалы шығындар.

Биржа — көтерме сауда нарығының түрақты қызмет ету формасы. Тауар, қор, еңбек т.б. биржасы болып бөлінеді.

Биржа дурлікпесі - тауарлар бағасының және кейбір қағаздардың бағамының кысқа мерзімде күрт өсіп кетуі.

Болжанбаган инфляция - экономикалық қатынастардың субъектілерінің күтімінен, инфляцияның деңгейінің жоғарылауының артық болуы.

Бос уақыт — адамдардың өздерінің денесінің, рухани интеллектуал-дық дамуы үшін және дем алуына қолданылатын жүмыстан бос уақыт-тың бөлігі.

Босалқы алтын қоры — орталықтанған (мемлеқеттік) алтынның сақ-тық қоры (қүйма мөнет түрінде), халықаралық есеп айырысуда валюта қорын өсіру, халықаралық заем алу үшін меншікгі валютаның тұрақ-тылығьш қамтамасыз ету үшін жасалатын қор.

Босалқы қорларга инвестициялар — қоймалардағы материалдардың, жасалып бітпеген және дайын өнімдердің босалқы қорлары көлемінің өзгеруі.

Бөлінбеген пайда — акционерлер арасында бөлінбейтін, корпорация-ның пайдасы және өндіріс кеңейгенде оның негізгі жобаларын қаржы-ландыру үшін жиі қолданылады.

Бухгалтерлік пайда - капиталдан басқа барлық өндіріс факторла-рының (айқын шығындар) шығындары өтелгеннен кейін қалған ақша­лай түсімнің бөлігі.

Бухгалтерлік шыгындар — өнімнің белгілі санын өндіру үшін жа­салған өндіріс факторларының нақты шығыстары (сатып алынған баға-мен).

Біріктіру, біріктірме — жеқеленген қөрсеткіштерді бір түтас көрсеткішке айналдыру, мысалы: жиынтық сұраныс, жиынтық үсыныс, таза үлттық өнім, бағаның жалпы дәрежесі, т.б.

Бірін-бірі алмастыратын тауарлар — бірінің орнына бірі жүретін тауарлар.

Валюта нарыгы — өр елдің валюталары сатып алынатын, сатылатын нарық.

Валюталық багам — басқа валютаның ақша бірліктерінің бағасы-мен есептелген бір валютаның ақша бірлігінің бағасы.

Валюталық басқыншылық - валюталық бағамның динамикасын рет-теу мақсатпен орталық банктің шетел валютасьш сатып алуы (сатуы).

Валюталық демпинг — үлттық валюта бағамының құлдырау нәтижесімен байланысты, темен багамен экспортты кеңейту.

Дебетор - қарыздар, қарыз алушы.

Девальвация — басқа елдер валютасымен салыстырғаңда үлттық ва­люта бағамын төмендету.

Дезинфляция — бағаның өсуінің төмендеуі.

Демпинг - тауар-материалдың өте өсіп кеткен қорынан қүтылу мақ-сатымен тауарларды темен бағамен сату; әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетті күшейту үшін тауарларды шетелдерге темен бағамен сату.

Изокванта — өнімнің берілген осы көлемін өндіруге қодданылатын ресурстардың барлық мүмкін болатын үйлестірімді ұштастыру варианттарын көрсететін қисық сызық.

Изокоста - қүндары бірдей болатын, өңдірістің еңбек және капиталдьіқ факторларының барлық үйлесімдерін көрсететін қисық сызық.

Индукция - жалпы ережелер мен принциптерді айқындауға мүмкіндік беретін, жекеленген белек факторлардың негізінде жүргізілетін, ғылы-ми-зерттеу әдісі.

Инжиниринг - коммерциялық негізде жобалаудың алдында, жоба-лаудың кезінде, жобалаудан кейін инженерлік-консультациялык қызмет көрсететін сфера, осымен қатар ноу-хау, лицензиялар, кейде кадрлар дайындайды, үсынады.

Инновациялар (жаңартпалар) — тауарлар мен қызметтердегі, техно­логия мен өндіріс факторларындағы қандай болмасын өзгерістер, жаңа өзгерімдер.

Инфляция - баганың өсуі арқылы көрінетін, сүраныс пен усыныс-тың және үлттық шаруашылықтың басқа прогіорцияларының (үйлесі-мінің) тепе-теңдікте еместігі.

Инфляицялық алшақтық - үлттық экономикадағы инвестицияға сүра-ныстың, инвестицияның үсьшысьшан артық шамасы.

Инфляцияга қарсы саясат — инфляцияны төмендетуге бағытталган мемлеқеттік реттеу қүраддарының жиынтығы.

Қосылган құнға салынатын салық - өндіріс процссінде жасалған қүн өсімінің белгілі бөлігін бюджетке алу.

Қосымша жауапкершілік жуктелген қогам - бүндай қоғамның мүшелері жауапкершілікті барлығына ортақ, өздерінің салымдар қүны-ның еселік көлемінде тартады.

Қосымша құн - жалдамалы жүмысшының, оның жүмыс күшінің қүнынан артық жасаган қүны, өндірістік қүрал-жабдықтардың меншік иесіне түседі.

Несие (сгеіо-сенемін) — несие қорының қозғалысы туралы несиелер мен борышкер арасында қалыптасқан қатынастар капиталдың бөтен кәсіпорынында айналымын талап ететін мөміле.

Несие қоры - уақытша бос қүралдардың (қайтарымдылық шартта-ры бойынша) қалыптасуымен және пайдалануымен байланысты, орта-лықтанған ақша қорының бөлшегі.

Несие — лизинг — несиенің ақшасыз нысаны, пайдалануға машина-лар, жабдықтар және басқа материалдық қүралдар берілетін жалгерліктің нысаны, лизингке алынған қүралдардың қүны кейін біртіндеп төленеді.

Несиелік мәміле - төлемі кейінге қалдырылған сатып алу-сату.

Номиналдық жалақы — жүмыскерге төленген ақша сомасы.

Номиналдық табыс — ақшамен бағаланатын жиьштық табыстьң көлемі.

Ноу-хау — көсіпкерлік қызметтің тиімділігі туралы технологиялық, үйымдастырушылық, коммерциялық білімдердің жиынтығы.

Облигация — үсынушыға арналған қарыз алушының борышқорлық міндеттемесі болып табылатын қүнды қағаздардың түрі, ол несие берушіге шарттасқан уақытта облигацияның көрсетулі қүнының қайта-рылуына және қатал бекітілген немесе өзгеріп түратьш мөлшерлеме бойынша пайыз түрінде түрақты (жылына бір немесе екі рет) табыс алуы-на кепілдік береді.

Озық параметрлер — циклдің шыңға (түпке) жетуінің алдында мак-симумға (минимумга) жететін экономикалық көрсеткіштер.

Сұраныс - сатып алушының төлем қабілетімен қамтамасыз етілген, тауарларға және қызметтерге қажеттілік.

Сұраныс заңы - басқа шарттар тең болғанда төмен бағамен, жоғары бағамен салыстырғанда көбірек тауарлар сатуга болады.

Сұраныс инфляциясы - сүраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.

Сұраныс колемі- сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы.

Сұраныс функциясы — сүранысты белгілейтін, сатып алынған тауар-лар көлемінің, онын бағасының және басқа факторлардың араларын-дағы өзара байланыс.

Сұраныстың бага жөнінен икемділігі — баға бір пайызға өзгергенде, осы тауарға сүраныстың проценттік өзгерісі.

Ұлттық байлық (ҰБ) - осы уақыт мерзіміне дейін елде жинақтал-ған материалдық игіліктердің жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]