- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Астана – 2011
- •2.1. Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер
- •2.2. Осы курсты оқу үшін алдын-ала меңгерілуі тиіс пәндер:
- •2.3. Пәннің сипаттамасы
- •2.4. Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •2.5. Семинар сабақтарын жүргізудің тақырыптық жоспары
- •2.6. Соөж тапсырмаларын орындау тапсыру кестесі
- •2.7. Сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •2.8. Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •2.9. Ұсынылатын әдебиеттердің тізімі:
- •Рим құқығынан емтихан сұрақтары
- •2.10. Рим құқығы пәнінен Глоссарий (сөздік)
2.10. Рим құқығы пәнінен Глоссарий (сөздік)
A verbis legis non est recedendum – заңның сөзінен кері шегінуге болмайды
Ab agendo – құқықтан айырылған, құқыққабілетті емес
Accessio cedit rei principali – керек-жарақ негізгі затпен бірге жүруі тиіс
Actori incubit onus probandi – дәлелдеу ауыртпалығы талапкерде болуы тиіс
Adoptio naturam imi tatur – бала асырап алудың табиғимен теңестірілуі (ер адам асырап алмады және жас айырмашылығы -18 жас болуы тиіс)
Aestimatio periculum fasit eius qui suscepit – сатуға затты қабылдап алған тұлға оқиға үшін де жауап береді
Applicatio est vita regulae – қолдану өмірдің ережесі болып табылады (ереже қолдану үшін пайда болады)
Apud iudicem – судья алдындағы сот процессі сатысы
Actio - талап
Actiones in rem – заттық талап
Actiones in personam – жеке талап
Actiones rei persecutoriae – мүліктік құқықтарды қалпына келтіруге байланысты талаптар
Actiones poenales – айып төлету талаптары
Actio mixtae – айып жѕне бұзылған мүліктік құқықтарды қалпына келтіруге байланысты аралас талаптар
Actiones populares – қоғамдық мүдделерге қойылатын талаптар
Actio directa – бастапқы талап
Actio utilis – туынды талап
Actio ficticiae – фикциясы бар талап, яғни жоқ айғаққа сілтеме жасайтын талап
Actiones stricti iuris – қатаң құқық талаптары
Actio Negatoria – негаторлық талап
Actio Publiciana – публициандық талап
Accessorium – қосымша заттар
Apromissio – кепілболушылық
ager publicus – мемлекеттік жер
Agnatio – отағасының билігіне негізделген туыстық; үй қожайынының билігіне бағыныштылық арқылы анықталатын туыстық байланыс
adoptio - alieni juris баланы асырап алу; 3 рет манципациялау жолымен жасалатын бала асырап алу түрі
Adulterium – жұбайылық адалдықты бұзу
Animus possidendi – иеленудің субъективтік элементтері
Appellatio – апелляция.
Apprehensio – жаулап алу
Arbiter – сот процесіндегі арбитр.
Arra – кепіл ақы, кепілпұл
Arrogatio – personae sui juris баланы асырап алу
Arrogatio – бала асырап алушы мен асырап алынушы арасында халық жиналысында жасалатын бала асырап алу түрі
Aсценденты - восходящие родные покойного. Қайтыс болған адамның әке-шешесі, ата-әжесі және т.б.
Bis de eadem re ne sit action – бір іс бойынша екі рет талап қойылмайды
Bona – барлық мүлік, меншік
Casus – жұмыс, іс; оқиға, жағдай.
Casus a nullo praestatur – оқиға үшін ешкім де жауап бермейді
Consensus fasit ius – келісім құқықты тудырады
Canon – ереже
Caput - құқыққабілеттілік
Cessio – цессио, алғашқы міндеттемені бұзбай несие берушіні өзгерту
Cives romani – рим азаматы
Cognati – қандас туыстар
Cognitor – процесс.
Colonus – бөтен жерді жалдаушылар
Commodatum – несие.
Condicio – шарт, жағдай.
Condominium – ортақ меншік
Constitutiones principum – жоғары дәрежелі магистрат (принцепстің) конституциясы
Consuetudo – әдет-ғұрып құқығы
Casus – оқиға
Contractus – талаппен қорғалатын шарт
Conventio – келісім
Compensatio – зачет-есепке жатқызу
Confusio – несие беруші мен борышқордың бір тұлғаға айналуы
Contractus litteralis – жазбаша шарт (литтеральды)
Condictiones – белгілі ақша сомасын немесе нақты заттарды алуға байланысты талаптар
Corpus possessionis – иеленудің объективтік белгілері
Contractus purus – мерзімсіз, талапсыз таза шарт
Culpa – кінә, салақтық
Cum manu – куйеуінің әйеліне билігін бекітетін заңды некенің алғашқы түрі
Cura - қорғаншылық
Cum manu mariti - әйелдің тәуелдігін бекітетін неке
Decret – төменгі сот инстанциясының шешіміне жауап түрінде берілетін император конституциясы
De facto – фактілік.
De jure – құқық бойынша, заңды құқығы бойынша.
Decurio – ежелгі Римдегі қала басқарушысы, Римдегі он солдаттан тұратын отрядтың басшысы.
Delatio hereditatis – мұраның ашылуы
Depositum – сақтау.
Десценденты - нисходящие умершего. Қайтыс болған адамның балалары, немерелері, шөберелері...
Datio in solitum – міндеттеменің орындалуын ауыстыру
Delegatio – міндеттемені субъектілерді ауыстыру арқылы жаңарту
Delicta – деликт (құқықбұзушылық)
Delicta publica – жария деликт
Delicta privata – жеке деликт
Depositio – сақтау, сақтауға міндеттеменің орындалу затын енгізу
Dianoia – ниет
Diminium non potest ese in pendenti – меншік иесінің құқығы тоқтата тұрылуы мүмкін емес
Dolus – қасақана
Dos – отбасы шығындарын жеңілдету үшін куйеуіне берілетін жасау
Dogma – рим сенатының бұйрығы.
Dominium – меншік.
Edicta magistratuum – магистрат эдиктісі
Edicta – жалпы міндетті император конституциясы
Exceptio – жауапкердің қарсылығы көрсетілетін формула
Expromissio – борышқордың тұлғасын өзгерту
Emphyteusis – ауылшаруашылық жер учаскесін мұрагерлікпен жалдау
Ex mala causa non oritur action – заңсыз мәміледен талап ету құқығы пайда болмайды
Ex iure quod est regula fiat – өмірде әрекет ететін құқықтан заңдылық қағидасы пайда болады
Ius utendi – иелік ету құқығы
Ius fruendi – пайдалану құқығы
Ius abutendi – билік ету құқығы
Ius possidendi – иелену құқығы
Ius vindicandi – талап ету құқығы
Ius conubii – рим некесіне тұру құқығы
Ius commercii – мүліктік қатынастардың субъектісі болу құқығы
Genus – топтық белгілерімен анықталатын заттар
Glossa viperino est quae corrodit viscera textus – жоққа шығаратын талқылау мәтіннің мазмұнын бұзады
Genus perire non censetur – топтық тоқтатылмайды (топтық затты жоғалтқан борышқор үшін)
Quasi ex contractu – квази-контракт
Quasi ex delicto – квази-деликт
Querela – шағым.
Familiae emptor - өсиетті орындаушы
Fideicomissa – өсиеттен бас тарту
Forum – сот; трибунал; юрисдикция; әділеттілік сұлтанат құратын орын.
Fisc – мемлекеттің, үкіметтің немесе патшаның қазынасы.
Furiosi – әрекетке қабілетсіздер.
Furiosus ad sentis loco est – ақылсыз хабар-ошарсызға теңестіріледі
Furtum – ұрлық; меншікке қарсы деликт
Lex – заң
Hereditas adimi non posse – қабылданған мұрагерлікті мұрагерден алып алуға болмайды
Heres – мұрагер.
Habitatio – бөтен үйде өмір сүру жеке сервитуты, бөтен біреудің үйінде өмір бақи тұру
Hereditas lacens – қабылданбаған мұра
Heres legitimus – заңды мұрагер
Heres ab intestatu – заң бойынша мұрагерлік
Heres ex testamento - өсиет бойынша мұрагерлік
Hostes – шетелдіктер.
Incognito – астыртын, бүркеніш есіммен
Institutiones – құқық тұралы оқұлықтар
Inuria - құқықбұзушылық.
Ius civile – ежелгі римнің ұлттық құқығы, цивильдік құқық
Ius gentium – барлық елдердің құқығы
Ius humanum – адамның құқығы
Iustus titulus – заңдылық негіз
Inaequale coniugium – толық емес неке, яғни тараптардың біреуі заңды некеде тұрмауы (конкубина)
Jura – құқықтар, заңдар
Jus – құқық, әділеттілік, заңнамалар
Jus gentium – халықтар құқығы, халықаралық құқық
Jus romanum – рим құқығы
Jus vitae ас necis - өмір мен өлім құқығы
Jus connubii – некеге тұру қабілеті
Ius – құқық, уәкілеттілік, құқық нормасы
Ius publicum –жария құқық
Ius privatum – жеке құқық
Ius civile – цивильдік құқық
Ius gentium – халық құқығы
Ius naturale – табиғи құқық
Iurisdictio – сот магистрларының әрбір жеке дауды шешу џшін сот процессін ұйымдастыру құқығы
In iure – магистрат алдындағы сот процессінің сатысы
Intentio – талапкердің талабы көрсетілетін формула бөлігі
Idnorantia legis neminem exusat – заңды білмеу кешіруге жатпайды
Impossililium null obligatio est – мүмкін еместі орындау міндеті болмайды
Jus publicum privatorum pactis mutari non patest – жария құқық қалыптарын жеке келісім арқылы өзгертуге болмайды
Lаtini - латындар
Legatum – үшінші тұлғалардың пайдасына белгілі бір әрекеттерді мұрагердің орындауы туралы өсиет
Lex - заң
Lex conrtactus – келісім шарттық құқық
Lex loci contractus – келісім шарттың жасалған орнының заңы
Lex loci delictis – қылмыс жасалған немесе зиян келтірілген орынның заңы
Legimitatio – заңдандыру, заңдастыру
Legem brevem esse oportet – заң қысқа болуы керек
Mandat – чиновниктерге берілетін нұсқау
Manumissio – құлды еркіндікке жіберу әдісі
Matrimonium – неке.
Moratorium – кейінге қалтыру, күшін тоқтата тұру
Mores maiorum – ата-баба дәстүрі
Mutuum – жалдау шарты
Novatio – міндеттемені жаңалау, новация
Nemo plus iuris ad alium transferre potest quam ipse haberet – ешкім де өзінде бар құқықтан артық құқықты басқа біреуге бере алмайды
Non obligat lex nisi promulgata – заң жарияланбаса міндеттей алмайды
Non solius damni puto et lucri habendum rationem – тек зиян емес, пайда да ескерілуі керек
Nulla emptio sine pretio ese potest – бағасыз сатылуы мүмкін емес
Nullus videtur dolo facere qui iure suo utitur – егер де өзіне тиесілі құқықты қолданса, ешкім де қасақана жасаған болып саналмайды
Nisi fiat restitutio segultur condemnacio quanti ea res est – бастапқы қалпына келтіру болмаса, залалдың орнын толтыру орын алады
Occupatio - өзінде қалдыру мақсатымен заттарды ұстап қалу немесе алып алу, жаулап алу
Obligatio – міндеттеме
Obligatio naturalis – табиғи міндеттеме
Obligatio tollitur – міндеттеме тоқтатылады
Obligatio exstinguitur – міндеттеме өтеледі
Pacta sunt servanda – келісім шарттар орындалуы қажет
Paterfamilias – үй қожайыны
Patria potestas – әке билігі, үй қожайынының билігі
Permutatio – айырбас шарты
Persona grata – сенімді тұлға
Persona non grata – сенімсіз, күдікті тұлға
Personae sui juris - өз құқығындағы тұлға (тәуелсіз)
Personae alieni juris - өзгенің құқығындағы тұлға (тәуелді)
Persona – құқық субъектісі
Peregrini - перегриндар
Pignus, fiducia, hypothecam – кепіл түрі
Pactum – талап берілмейтін келісім
Possessio- иелену.
Possessio Iusta – адал иелену
Possessio Iniusta – адал емес иелену
Postumus - ұрпақтар
Pro herede gestio – фактическое вступление в наследство
Pretium – баға, ақша.
Privata – жеке шаруа, жұмыс
Privatum – жеке құқық
Proprietas - меншік
Prior tempore potior iure – кім уақыттан бұрынырақ болса, сол құқықта басымырақ болады
Res transit cum suo onere – меншік өзінде бар ауыртпалықпен бірге көшеді
Res – заттар.
Responsa prudentium – білгірлер жауабы
Res iudicata – сот шешімі
Restitutio in integrum – бастапқы қалпына келтіру
Res corporalеs – көзге көрінетін (денелік) заттар
Res incorporales – көзге көрінбейтін заттар
Res soli – қозғалмайтын заттар
Res mobiles – қозғалатын заттар
Res mancipi – манципациялық заттар
Res nec mancipi – манципациялық емес заттар
Res quae ipso usu consumuntur – тұтынылатын заттар
Res quae usu minuuntur – тұтынылмайтын заттар
Res in commercio - айналымдағы заттар
Res extra commercium – айналымнан алынып қалынған заттар
Rescript – жеке казустарға жауап ретінде берілетін император конституциялары
Rei Vindicatio – виндикациялық талап
Remissio debiti – борыштан босату
Servitus – сервитут
Servitutes Praediorum – жер сервитуты
Servitutes Personarium – жеке сервитут
Senatusconsulta – құқықтың қайнар көзі күшіне ие сенат қаулысы
Servi - құл
Servi res sunt – құлдар – ол заттар
Synallagma – міндеттемелік келісім-шарт.
Sine manu - әйелдің еркіндігімен бекітілген неке; әйелі мен күйеуі бір-біріне тәуелді емес заңды некенің екінші түрі
Servitus servitutis esse non potest – сервитутқа сервитут болуы мүмкін емес
Scire leges non hoc est verba earum tenere sed vim ac potestatem – заңды білу оның сөздерін сақтау емес, күші мен мағынасын білу керек
Si omnia quae oportuit observavit caret culpa – талап етілгеннің бәрі сақталса, кінә жоқ
Sponsalia – атастыру, некелесу
Societas – серіктестік шарты
Species – жеке заттар
Specificatio – басқа тұлғаға тиесілі бірнеше немесе бір заттан жаңа зат жасау, дайындау
Status familiae – отбасылық мәртебесі.
Status libertatis, status civitatis, status familiae – Римдегі еркін азаматтардың құқықтық жағдайының үш құрамы:
Status libertatis – еріктілік жағдайы
Status civitatis – азаматтық жағдайы
Status familiae – отбасылық жағдайы
Stipulatio poenae – тұрақсыздық төлемі
Substitutio – мұрагерді бекіту
Superficies – мұрагерлікпен берілетін және иеліктен шығарылатын бөтен біреудің жерінде ұзақ уақыт бойы пайдалануға құрылыс салу
Traditio - заттарды біреуден біреуге беру
Testamentifactio - өсиет қалтыру қабілеті (завещательная правоспособность)
Thesaurus – көмбе
Traditio – иеленуді беру
Tutela – қамқоршылық
Testamentum - өсиет
Testamentuum factio activa – белсенді өсиет қабілеттілік
Testamentum factio passiva – енжар өсиет қабілеттілік
Transmissio delationis – өзінің өліміне дейін мұраны қабылдап үлгермеген мұрагердің мұрагерін шақыруға байланысты мұраны қабылдап алу құқығының өтуі
Veto –тыйым салу.
Эдикт – халыққа бағытталған жалпы өкімдер
Узукапио (USUCAPIO) - иелену көнелігі (приобретательная давность)
Ususfructus – затты пайдалану және оның өнімін алу құқығы
Verbis obligatio – ауызша (вербальды) контракт