- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақ тілі кафедрасы
- •Студенттерге арналған бағдарлама ( силлабус
- •Астана - 12 жыл
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу уақытын бөлу
- •6. Пәннің мазмұны
- •7. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •І семестр
- •8. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Негізгі әдебиеттер:
- •10. Курстың саясаты
- •11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •12. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.
- •3. Мына сөздердің синонимдерін көрсетіңіздер.
- •4. Мәтінді оқыңыздар.
- •М. Әуезов.
- •А. Байтұрсынов
- •10. Бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыздар.
- •11. Өлеңді жаттап алыңыздар. Үш бақытым
- •12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыздар.
- •13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін табыңыздар.
- •14. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.
- •14. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •1. Мына мақал-мәтелдерді жаттаңыздар.
- •Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыздар.
- •7. Мына сөздердің омонимдерін табыңыздар.
- •8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •10.Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.
- •11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.
- •12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.
- •Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
- •Мына сөздерді тәуелдеңіздер.
- •Мына сөздерді жіктеңіздер.
- •6. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •7. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе, «ия», сәйкес келмесе, «жоқ» деп жауап беріңіздер.
- •9. Шашылған сөздерден сөйлем құраңыздар.
- •10. Сұхбатты толықтырыңыздар.
- •11. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.
- •12. Мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыздар.
- •Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- •Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе, «жалған» деп жауап беріңіздер.
- •Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •Мына етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •Сөйлемдерді дұрыс септік жалғауында тұрған сөзбен жазыңыздар.
- •10. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыздар.
- •11.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •12. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.
- •1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
- •2. « Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім» 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- •Мына сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Мәтінді оқыңыздар.
- •7. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.
- •10. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •11. Мәтінді оқыңыздар.
- •12. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •13. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •14. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •1. «Аяулы Отаным - Қазақстан» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- •2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
- •Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.
- •3. Мәтінді оқыңыздар.
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- •6. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.
- •7. Шашылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •8. Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.
- •9. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.
- •10. Ұлағатты сөздер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.
- •11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- •12. Мәтінді мазмұндаңыздар.
- •1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- •10.Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар, сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыздар.
- •12. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •13. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- •5.Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6.Мәтіннен белгісіздік есімдіктерді теріп жазыңыздар.
- •7.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •8.Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •9.Сөйлемдерді аударыңыздар.
- •10. Мақал – мәтелдің жалғасын табыңыздар.
- •11. Балқаш көлін қорғау және оны құқықтық реттеу туралы сұхбат құрыңыздар.
- •Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыздар.
- •4.Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.
- •5.Сұхбаттасыңыздар.
- •Сұрақтарға жауап беріңідерз.
- •Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе «жалған» деп жазып беріңіз.
- •Мәтінді оқып, қазақ тіліне аударыңыздар.
- •2.«Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- •1.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2.Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •3.Мына етістіктерден етіс түрлерін жасап, сөйлем құрастырыңыздар.
- •4.Мәтінді оқыңыздар.
- •5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
- •6.Мәтіннен етістерді теріп жазып, мағыналық түріне қарай ажыратыңыздар.
- •7.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып оқыңыздар.
- •8.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •9.Негізгі мәтіннен етістіктерді көшіріп жазып, үш шақта түрлендіріңіздер және етіс категорияларын ажыратыңыздар.
- •10.Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •11.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •1.Төмендегі берілген түсіндірме атауларды қазақ тіліне аударыңыздар.
- •7.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыздар.
- •8.Мәтіннен есімшелерді, көсемшелерді теріп жазыңыздар.
- •9.Мәтін бойынша түсінік айтыңыздар.
- •2.Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.
- •3.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар. Күздігүні далада
- •Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •Мәтінді оқыңыздар.
- •Мәтінді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.
- •Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын» деп, сәйкес келмесе, «жалған» деп белгілеңіздер.
- •Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •Мәтінді қазақ тіліне аударңыздар.
- •Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, оқыңыздар.
- •Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •1.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •8.Бос жерлерге қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •1.Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып, оқыңыздар.
- •2.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •3.Мәтіннен демеулік шылауларды теріп жазыңыздар.
- •4.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •Тест тапсырмалары
- •Мазмұны
2.Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.
Келіп, өмір сүріп, жұмыс істейді, жүзеге асырады, еңбек сіңіреді, оқиды, үйренеді, біледі, айтады, қарайды.
3.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар. Күздігүні далада
Сарнайды бүгін жел неге,
Жапырақтар сыңсып тулайды?
Күңіреніп бүгін көл неге,
Соқтығып мұнша тулайды?
Күлмеймін бүгін мен неге,
Түнерген қабақ ызбарлы?
Домбыра күйі пернеде,
Дәл бүгін неге тым зарлы?
Түнеріп қабақ күнімен,
Түйіліп нені ойлайды!
Домбыра зарлы үнімен
Нені айтып бүгін қоймайды?
Домбыра, кәне, жырлай гөр,
Түнерген қабақ ашылсын!
Он саусақ билеп зырлай гөр,
Көкіректің лебі басылсын!
Қарашы, міне, айнала,
Сұр кетіп жерден сарғайды.
Қоңылтақ, сырдаң айдала,
Жалаңдап жел де сарнайды!
Қуарған дала сұры жоқ,
Көркінен сұлу айрылды.
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
Құқықтық мемлекет, бағыт, бостандық , жан-жақты қалыптасуы, халық билігі , жүзеге асыру , әлемдік талаптар, экономикалық қатынастар, міндет, мемлекеттік нысандар, қорытынды сот төрелігі, мақсат, негіз.
Сөздікті жаттап алыңыздар.
Құқық- право
Мақсат- цель
Талап- требование
Қызмет- служба
Бағыт- направление
Әдіс- метод
Кіріспе – введение
Мәтін- текст
Қорытынды –итог
Мәтінді оқыңыздар.
Қазақстан мемлекетінің құқықтық негізі
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Республикалық референдум нәтижесі жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Ата Заңда (1995ж) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үшін негізгі қызметті, заң (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын - адам және адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата Заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Ата Заңның негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Қазақстан Республикасының Конституциясы
9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
