- •5. Шешімдер қабылдау және жоспарлау үшін шығындардың жіктелуі.
- •7. Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері. Үстеме шығындарды бөліп тарату қойылымдары
- •10 Бақылау мен реттеу үшін шығындардың жіктелуі
- •11. Өндірістік шығындарының элементтері және калькуляциялық баптары бойынша жіктелуі
- •12. Негізгі және көмекші өндіріс шығындарының есебі
- •13. Бюджет және оның түрлері
- •14.Тікелей шығындар.Материалдық және еңбек шығындарының есебі
- •15.Жауапкершілік орталықтары бой-ша есеп.
- •16.Өндірістік үстеме шығындардың есебі
- •17. Эквиваленттік өндіріс: нормативтік және нормативтен тыс жоғалтулар
- •18. Релеванттық, жорамалдағы және шартты шығындар
- •20. Шығындар динамикасы. Айнымалы, тұрақты және сатылап өзгеретін шығындар
- •21. Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
- •22. Директ- костинг пен абзорпшн – костинг жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау.
- •24. Калькуляциялаудың функционалды жүйесі (abc)
- •25. Өндірістік шығындар есебінің дәстүрлі және авс жүйелерін салыстыру.
- •27. Ауытқуларды талдау
- •28. Зиянсыздық нүктесін талдау.
- •29.Зиянсыздық нүктесін талдауды моделдері.
- •30.Кешенді өндіріс шығындарының есебі.
- •31. Бірлесіп өндірілетін өнімдер арасында кешенді шығындарды тарату әдістері
- •35. Өз өндірісінде өндіру немесе сатып алу туралы
- •36. Бағаға байланысты шешімдер қабылдау.
- •37.Инвестициялық шешімдер қабылдау.
- •40. Әр түрлі деңгейде аяқталған өнімнің өзіндік құн элементтері
21. Өндірістік шығындар есебі мен өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі
Тапсырыстық калькуляциялау әдісі – өндірістік шығындар әрбір өнім түріне немесе қызметке есептелетін өзіндік құнды есептеу әдісі. Ол өнімді арнайы тапсырысы бойынша орындау немесе уникалды өнімді даярлау кезінде қолданылатын жеке өнімнің бірлігінің орташа емес тек қана дербес өнім бірлігінің өзіндік құны туралы ақпаратты беретін әдіс.Бұл әдіс жеке және аз сериялы күрделі бұйымдарды өндіретін машина жасау кәсіпорындарында кең тараған. Сондай-ақ тапсырыстық өндіріс мысалына кеме жасау, ұшақ жасау, құрылыс, турбина өндірісі, ғылым, интеллектуалды қызметтерді, яғни аудиторлық және кеңес беру қызметтерін, баспасөз, жөндеу жұмыстарын жүргізетін өндірістерді айтсақ болады. Бұл типтес өндірістердің ерекшелігі – аз партиялы немесе шектеулі бұйымдардың маркісін жеке түрлерін шығару болып табылады. Олар жыл ішінде бұйымның жеке түрлерін шығармауы да мүмкін. Шығындарды есептеу үшін әрбір тапсырысқа коды көрсетілген жеке талдамалы шот ашылады. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.
Тапсырыс – шығындар есебінің ерекше объектісі болып табылады. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерге операциялы жоспарлаудың және өндірісті басқарудың күрделі жүйелері сай боп келеді. Негізінен жоспарлы-есептік бірлік үлкейтіліп көрсетіледі. Олар: өндірістік тапсырыс және тауарлар тобы. Өндірістік тапсырыс жоспарлы есептік тапсырыс ретінде бүкіл жұмыстар көлемін қамтиды. Нәтижесінде тапсырыс орындалады. Оның құрамына:
Құрастырушы бюролар бөлімі;
Технологиялық бөлімдер;
Өндірістік цехтардың, сондай-ақ сынақ жұмыстары қарастырылады.
Бұйым немесе жұмыс жасалып біткесін, тапсырыс жабылады. Тапсырыс жабылды деген хабарлама келгесін оған материалдар жіберу және еңбекақы есептеу тоқтатылады. Өнімнің өзіндік құны тапсырыс жасалып біткен соң шығындар сомасын тапсырыс санына бөлу арқылы есептеледі.
Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялауда ең басты элементі – тапсырыстың калькуляциялау карточкасы б.т. әр тапсырушының әрбір тапсырысына жеке карточка ашылады. Онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Осы тапсырысты жүзеге асыру үшін арнайы сатып алынған материалдар.
Тапсырыс беру негізінде қолда бар қорлардан алынған материалдар.
Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы. Егер мерзімді еңбекақы есептелсе -жұмыс уақытын есептеу табелі. Кесімді еңбекақы есептелсе – нарядтар қолданылады.
Басқа да тікелей шығындар.
Тапсырыс орындау барысында калькуляциялық карточкада тікелей шығындардың жалпы сомасы шығарылады. Содан кейін қабылданған әдіс бойынша үстеме шығындар бөліп таратылады. Егер есепті кезең соңында тапсырыс аяқталмаған болса, онда калькуляцияның карточкада жинақталған сома аяқталмаған өндірісті білдіреді.
Тапсырыстық әдіске тән бухгалтерлік жазулар:
Мазмұны |
Дт |
Кт |
Жабдықтаушылардан алынған негізгі және көмекші материалдар- |
1310, 1350 |
3310 |
Негізгі және көмекші материалдарды өндіріске жіберу- |
8110, 8410 |
1350, 1350 |
Негізгі Еңбекақы есептелді ж\е еңбекақыдан аударымдар есептелді |
8110, 8410 |
3350, 3150 |
еңбекақының төленуі- |
3350 |
1010, 1040 |
Басқа да өндірістік үстеме шығындарды жазу- |
8410 |
2420, 3310 |
Өндірістік үстеме шығындар тапсырыстар бойынша бөліп таратылды- |
8110 |
8410 |
Дайын өнімнің алынуы немесе тапсырыстың аяқталуы- Тапсырысты сату- |
1320 7010 |
8110 8110 |
Дайын өнімді сату және өзіндік құнды есептен шығару- |
7010 1210 |
1320 6010 |