- •1.Сақтандырудың экономикалық мәні және белгілері, функциялары
- •Сақтандыру қоры: қалыптастыру мен арналымы
- •3.Сақтандыруда қолданылатын терминдер.
- •4.Сыныпталудың жалпы негіздері
- •5.Қр сақтандырудың сыныпталуы
- •7.Тәуекел туралы түсінік, тәуекелді басқару
- •8.Тәуекелдің сыныпталуы.
- •9. Тәуекелді шектеу формалары
- •10. Қр Сақтандыру туралы бірінші, толықтырулар мен өзгертулер.
- •11.Қр сақтандыру туралы екінші заң, толықтырулар мен өзгертулер
- •13.Сақтандыру рыногының мәні
- •14.Сақтандыру рыногының құрылымы
- •15.Сақтандыру делдалдары
- •17.Сақтандыру ұйымдарының ұйымдық құқытық формалары
- •19. Сақтандыру ұйымдарының қызметін басқару принциптері
- •20. Сақтандыру шартын жүргізуді ұйымдастыру
- •21.Сақтандыру тарифтері, тарифтік ставка құрылымы
- •22.Актуарлық есеплер, оның түрлері, міндеттері.
- •23.Сақтандыру статистикасының көрсеткіштері.
- •24.Қазіргі кезде актуарлық есепті қолданудың жетістіктері мен жетілдіру жолдары.
- •27.Жасыл картаны енгізудің ерекшеліктері.
- •28. Жеке сақтандыру тур.Түсінігі оның сыныпталуы.
- •29.Аралас өмірді сақтандырудың мәні
- •30. Балаларды сақтандырудың ерекшеліктері.
- •32. Медициналық с/у ерекшеліктері
- •33. Рентаны сақтандырудың мәні
- •34.Аннуитеттік сақтандыру, оның түрлері
- •35. Зейнетақыны с/у ерекшеліктері
- •36. Міндетті әлеуметтік с/удың мәні
- •37.Мүлікті сақтандырудың экономикалық маңызы
- •41. Көлік, жүк тасымалдау көліктерін сақтандыру.
- •42. Ауылшаруашылық малдарын с/у
- •43. Ауыл шаруалық дақылдарын және екпе ағаштарын сақтандыру
- •44. Құрылыстарды с/у
- •50. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру экономикалық мазмұны және арналымы
- •51.Ақжс сыныпталуы
- •53. Кәсіпкерлік тәуекелдердің сыныпталуы
- •56. Қаржылық биржалық тәуекелдерді сақтандыру
- •59.Сақтандырушының қарж/н ұйымдастыру/ң жалпы принцип/і.
- •60. Сақтандыру резервтерін қалыптастыру мен орналастыру тәртібі
- •61.Сақтандыру ұйымыдарының төлем қабілетін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.
- •64.Қайта сақтандырудың сыныпталуы
- •67. Ұлыбританиядағы сақтандыру ерекшелітері.
- •«Сақтандыру теориясы және тәжірибесі» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •9. Сақтандыру нарығының жалпы Қазақстандық қаржы нарығындағы үлесі
- •7. Міндетті сақтандыру түрлерінің адамдар үшін маңыздылығы
35. Зейнетақыны с/у ерекшеліктері
Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу
1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгi шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында осы Заң талаптарымен белгiленген мерзiмге жасалады.
3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.
4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
5. Зейнетақы аннуитетi шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екi жыл iшiнде бұзуға құқығы жоқ.
Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиiс.
Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
2) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
3) сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға құқығы бap.
2. Сақтанушы:
1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.
3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бiр рет және толық көлемде алуға құқығы бар.
4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабымен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитетi шартын үш дана етiп ресiмдеуге мiндеттi, оның екеуi сақтанушыға берiледi;
3) зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру төлемдерi уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешiктiрiлген әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеудi жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрiнде осы Заңда белгiленген мөлшерден кем болмайтын сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.