- •2.«Төтенше жағдайлар» дегенге түсінік, зардаптары. Қауіптердің негізгі жүйелену принциптері.
- •3. «Тіршілік қауіпсіздігі» пəнінің міндеті қандай?
- •4.Табиғи қауіптер.Боран, Бұрқасын, дауыл,найзағай.Ғарыштыққауіптер.Астероидтар,Метеориттер,аспан денелерінің құлауы.
- •5. Әлеуметтік қауіптер.Олардың түрлері мен шығу тегі.Діни секталар, лаңкестік түсініктері.
- •7.Туберкулез ауруы:сипаттамасы, жұқтыру жолдары,салдары және емделу тәсілдері.
- •8. Табиғи қауіптер. Сел,су тасқыны,сырғыма, опырылма, қар көшкініні сипаты, пайда болу себептері.
- •9. Атмосфера, гидросфера, литосфера ластаушыларынан қорғану жолдары.
- •10. Өндірістегі, тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, олардың шығу себептері, болдырмау шаралары.
- •11.Қазақстандағы Азаматтық қорғаныс:құрылымы мен қызметтері.
- •13. Жер сілкінісінің сипаттамалары (ошақ, гипоцентр, эпицентр, толқындар). Магнитудасы жəне қарқындылығы, өлшем бірліктері
- •14. Ядролық, химиялық, бактериологиялық қарулар туралы түсінік
- •15. Иондаушы сəулелер, олардың түрлері жəне сипаттамасы,ағзаға əсері, қорғану жолдары.
- •16. Радиоактивтілік .Радиоактивті заттардың шығу көздері? Адамның радияциялық зақымдалу ошағында болуының салдары.
- •17. Электромагнитті өрістің ағзаға əсері, олардан қорғану.
- •18. Дезактивтендіру, дегаздау, дезинфекция, дезинсекция, дератизация деген не, тж-да санитарлық тазалау және оны жүргізу.
- •19. Төтенше жағдай кезінде халықты жəне аймақты қорғау. Тж халықты көшіру (эвакуация) жəне қоныстандыру.
- •20. Шудың, дірілдің ағзаға əсері, олардан қорғану.
- •21.Жер сілкінісі кезінде үйде (пəтерде), ғимараттардағы қауіпсіз жерлер. Құлаған, қираған ғимараттардың астында қалған адамның іс-əрекеті.
- •22. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-əрекеті.
- •23. Халықтың су тасқыны кезіндегі іс-əрекеті.
- •24 Халықтың сел кезіндегі іс-əрекеті.
- •25 .Халықтың қар көшкіні,сырңыма,опырылма кезіндегі іс-әрекеті.
- •26.Секталар жөнінде түсінік,олардың түрлері.Секталардың адамдарды өзіне тартуы,ұйымдарына мүше қылып алу әдістері және секталардың ықпалынан құтылу жолдары
- •32.Халықтың химиялық қауіпті заттардың сырт ортаға шығуына байланысты хабарлаған кездегі іс әрекеті.
- •34.Аэс да авария болғанда радиоактивті заттар сыртқа шықққанда халықтың іс әрекеті.
- •35. Радияциялық зақымдау ошағындағы адамдардың іс-әрекеті
- •38 Аса қауіпті қоздырғыштар қоршаған ортаға таралған кездегі халықтың іс-әрекеті.
- •40 Өндірісте жарылыс болған кездегі адамдардың іс-әрекеті.
7.Туберкулез ауруы:сипаттамасы, жұқтыру жолдары,салдары және емделу тәсілдері.
Туберкулез- созылмалы жұқпалы ауру.Ол әр түрлі органдарда жайылуы мүмкін.Туберкулез кезінде көбінесе (оқиғалардың 90 пайызы) тыныс органдары зақымданады. 1882 жылы неміс микробиологы Роберт Кох жұқа сәл иілген таяқша түріндегі микроптың тубуркулезге шалдықтыратынын дәлелдеді.Артынша туберкулез қоздырғышы туберкулез таяқшасы немесе Кох бацилласы деп атала бастады.Туберкулезбен ауруының алғашқы белгілері:екі аптадан артық жөтелу;әлсіздіктің пайда болуы;тамаққа тәбеттің төмендеуі;тершеңдік;дене қызуының көтерілуі;кеуденің ауыруы;қақырықта қан көрінуінің бірі пайда болса, бірден дәрігерге көрініп тексерілу қажет.Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортаға зақымдалған органнан өкпе туберкулезі кезінде қақырықтан, бүйрек немемесе несеп бүршігі кезінде кіші дәреттен бөлінеді.Туберкулез жұқпалысының негізгі таралу көзі аурудың қақырығы болып табылады.Шыққан қақырық аурудың төсек орнына, тұрмыстық заттарға , тұрғын үй немесе өндірістік ғимараттың еденіне, қабырғысына шашырайды.Шаңмен бірге құрғаған қақырық шашырандысы сау адамның тыныс жолына өтеді.Тер көбінесе таң алдында мойын мен дененің жоғарғы бөлігі төңірегінен шығады.Туберкулезден қорғану шаралары:әлеуметтік;санитарлық;спецификалық;профилактикалық;хим.профилактика;салауатты өмір салты(тиімді тамақтану,дене шынықтыру,зиянды әдеттерден бас тарту);уақытында диагностика өту.
8. Табиғи қауіптер. Сел,су тасқыны,сырғыма, опырылма, қар көшкініні сипаты, пайда болу себептері.
Табиғи қауіп – геофизикалық,геологиялық,гидрологиялық,атмосфералық немесе басқа да шығу тегі бар кең көлемді қауіпті табиғи құбылыс не процесс,нәтижесінде адамдардың тіршілігінің күрт бұзылуы,материалдық құндылықтардың бүлінуі,жойылуы.Табиғи қауіп - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын жағдай.Табиғи қауіпке жер сілкінісі,жанартау атқылауы,сел,су тасқыны,қар көшкіні т.б. жатады.Сел-тау өзенінің арналарында кенеттен су деңгейінің күрт көтерілуі және су мен тау жыныстарының қасқағым сәтте өтетін уақытша ағымы.Жылдамдығы 10-15м/с, үздіксіз толқындар түрінде қозғалады,биіктігі 10-20м кейде 40-50м-ге жетеді.Сел болу себебі:сел ұзақ нөсер,жауын-шашын,мұз бен қардың жылдам еруі,моренді,мұзды өзендердің бұзылуы,жер сілкінісі,адамдардың шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады.Су тасқыны-өзен,көл,теңіз суларының деңгейі көтерілу нәтижесінде құрғақ жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы.Су тасқыны себептері:нөсер жаңбыр,қардың жаууы,мұздықтардың үздіксіз еруі,қума жел,гидродинамикалық авариялар(платина,гидростанция жарылуы). Сырғыма дегеніміз - ауырлық массасы нәтижесінде тау беткейімен төмен жылжитын тау жыныстары. Сырғымалардың пайда болу себептері: сумен жуып кету салдарынан ылдилар шұғылдығының жоғарылауы;желдету салдарынан тау жыныстарының әлсізденуі; жер сілкінісі;шынайы беткей бұрышына сай келмейтін шұғыл ылдилар;қалың тау қабаттарында балшықтың, құмның мұздың болуы;жыныстардың сынуы.Сырғымалар көбіне белестерде, тауларда және жыра сайларда,өзендердің шұғыл жағаларында пайда болады.Опырылма (обвалы) дегеніміз- ауырлық күшінің әсерінен ылғалды топырақ массасының биіктіктен төмен қарай сырғуы.Опырылмалар Қазақстанның барлық таулы аймақтарында болады.Опырылма пайда болу себебі:жер үсті және жер асты сулары,топырақ ылғалдануы,жер сілкінісі,адамдардың шаруашылық қызметі.Қар көшкіні(лавины) дегеніміз-қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам ығысуы.Көшкіндер 20-600С аралығында құлама тау беткейінде пайда болады.Қар көшкіні болу себебі:күннің күрт жылынуы,жауын шашын болуы,жер сілкінісі.