
- •2 Семестр
- •Жастар шетелде және бізде
- •1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •2. Ойтүрткі сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.
- •5.Белгілі жазушы Қойшығара Салғараұлымен сұхбаттан үзінді.
- •6.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша аяқтаңыз.
- •7. Мәтіннен а.Байтұрсынұлының сөзін табыңыз, жаттаңыз.
- •8. Әңгімелесейік. Әңгіме мазмұны мына мәселелерді қамтысын.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Шетелдерде оқу
- •2 Тапсырма. Сөйлемдерден етіс категорияларының түрін анықтап, құрамына қарай талдаңыз.
- •3 Тапсырма.
- •1. Нақыл сөздердің мағынасын ашып, жаттап алыңыз.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Әлемге ортақ мереке
- •1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз:
- •3. Түбірлес сөздердің мағынасын анықтаңыз.
- •1) Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •2) Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар:
- •3) Досыңыздан, көршіңізден сұраңыз:
- •5. Жаңа жылға құттықтау хатын жазыңыз.
- •7. Шын (ш) немесе жалған (ж)
- •8. Досыңыздан, көршіңізден сұраңыз.
- •Досыңыздың сұхбаты туралы айтыңыз.
- •10. Мына сөйлемдерді мәтінге сәйкес аяқтаңыз:
- •12. Жоспарда берілген тақырыпшаларды мәтіннен табыңыз.
- •13. Жоспарда аталған мәселелер туралы негізгі ақпаратты мәтіннен жазып алыңыз. Сонда Сізде мәтін мазмұнын айқындайтын тезистік жоспар жазылады.
- •14. Мәтінді оқудан бұрын мына сұрақтарды талқылаңыз:
- •24. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, мағынасын ажыратыңыз. Оқытушымен кеңесіңіз.
- •25. Мәтінді әңгімелеңіз
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
- •Сөйлемдердің жалғауларын дұрыс жалғаңыз.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •1.Мәтінге қатысты сөздермен жұмыс:
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Бала құқы қазақстанда және әлемде
- •Бала кезде кім қандай болған?
- •Даңқты композитор Моцарт 4 жасынан бастап музыкалық аспаптарда ойнаған. 5 жасында музыкалық шығармалар жазған.
- •4. А. Бала кезде кім қандай болған деген тақырыпта өткен шақ тұлғаларын пайдалана отырып, шағын әңгіме жазыңыздар.
- •5. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
- •7. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
- •9. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
- •3. Көршіңізбен, досыңызбен сұхбаттасыңыз:
- •5. Шағын мәтіннен етістіктерді теріп жазыңыз. Қандай тұлғада тұрғанын анықтаңыз. Етістіктің қай тұлғасы көп берілген?
- •9. Топ болып мына сұрақтарды талқылаңыздар:
- •11. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:
- •12. Мына сұраққа жауап іздеңіздер:
- •13. “Бала құқы туралы” сабақты қорытындылау үшін:
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып: Ахмет Байтұрсынов. Грамматикалық тақырып: Есімше.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып: Шоқан Уәлиханов. Грамматикалық тақырып: Мөлшер үстеу.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып:Әбу Насыр Әл-Фараби Граматикалық тақырып:Реттік,жинақтық сан есімдер
- •1.Мәтінге қатысты сөздердің аудармаларын біліп алыңыздар
- •2.Мәтінді оқыңыздар.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып: қр Конституциясы. Грамматикалық тақырып: Етістіктің шақ категориясы
- •Конституциялық құқық негіздері
- •Қазақстанның азаматы басқа мемлекеті азаматы болуы (танымайды, танылмайды). Әркім өзінің дінін (көру-көрмеуге, көрсету-көрсетпеуге) хақылы.
- •Сөйлесеміз
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып:Мәдениет туралы. Грамматикалық тақырып: Отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Лексикалық тақырып: Дүниежүзілік мәдениеттің классиктері.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Ахмет Иассауи кесенесі
- •1.Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.
- •1.Берілген ойды құптаңыз не құптамаңыз.
- •Мәтінді оқыңыздар және мазмұндаңыз.
- •3.Сөйлесеміз
- •4. «Астанаға саяхат» тақырыбына шығарма жазыңыз Пайдаланылған әдебиет
- •14 Сабақ Альфред Нобель және Нобель сыйлығы
- •1.Мәтінді оқып, Нобель сыйлығы комитеті жұмысының ерекшелігін айтыңыз.
- •5. (Салыстырыңыз, жазыңыз, жалғастырыңыз.
- •7.Сөйлемдерден адресат-объектіні табыңыз. Сұрақ қойыңыз.
- •Пайдаланылған әдебиет
- •Ең бақытты ел қайда
2 Семестр
1-сабақ
Жастар шетелде және бізде
Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту.
1. Сөздермен жұмыс. Сөздікті пайдаланыңыз.
Жастар жұмысы, жастар саясаты, мемлекеттік қолдау, салық жеңілдігі, несие, несиеге баспана беру, жастардың жағдайы, бүгінге бас ауыртпау, тыным таппау, жанкештілік.
2. Ойтүрткі сұрақтарға жауап іздеп көріңіз.
а) Қазақстанда жастар ұйымы бар ма?
ә) Жастар көшесі, ауданы бар ма?
б) Мемлекетте жастарға жағдай жасайтын заң бар ма?
в) Парламентте жастар өкілі бар ма?
3. Мәтінді оқыңыз.
Жастар шетелде және бізде
Йеменде жастар жағдайын жасайтын заң 1980 жылдан бері пайда болған. Франция үкіметі 1986 жылы «16 мен 25 жас аралығындағы жастар жұмысы» жайында акт шығарды. Бұл актіде француз шенеуніктері жастарды қанша жасында жұмысқа алу немесе жалақы қанша төлеу керек, т.б. мәселелерді қарастырған. Белоруссияда жастардың мәселесіне байланысты 2 заң қабылданған:
1. Мемлекеттік жастар саясатының жалпы бастамасы
2. Жастар мен балалардың қоғамдық ұйымына мемлекеттік қолдау көрсету жайында
Сонымен қатар жастарға арналған салық жеңілдігі, жеңілдік жол билеті және жас отбасыларына несиеге баспана беру жайын талқылаған бірден – бір ел.
Ал, Украина ТМД бойынша жастар заңы жағынан ең дамыған елдердің қатарында.Украинаның халықтық жиналысында құрылған жеке комиссиялар құрамына жастар ұйымы да кірген. Нәтижесінде жастардың жағдайын жеңілдететін 3 заң қабылданған. Ресейде басқа елдерге қарағанда, заңнама жоспарлы түрде жасалмақ. Ал, оның құрамындағы Татарстан мен Мордовия өз заңдарын қабылдап қойды.
(«Қазақстан-Заман» 21ақпан, 2003ж)
4. Мәтінді оқыңыз.
Үлкендер жапон туралы әңгімесін ең алдымен балаларға, жастарға айтады. Олар бүгінгіге бас ауыртпайды, болашақты ойлайды. Жаны тыным таппай жаңалық іздейді.
Қысқасы, мұнда бәрі де жастар үшін жасалады. Ал жастар оған жанкештілігімен, адал еңбегімен жауап береді.
Бұл елдің жастары өзін биік ұстайды, биікке ұмтылады екен. Токионың қақ ортасында жастар көшесі, жастар алаңы бар. Үкімет болашақтан үміт үзбес үшін жастарға бар жағдайды жасап қойған. Жастар осы жерде өзін қызықтырған, толғандырған шаруалармен айналысады. Мұнда түрлі мерекелер, ата-анаға, бауырға қайырымды болу,олардың басын жерге тигенше сыйлау күндері өтеді. Жастардың алдында ақылгөй, дана,шешен қариялары, нобель сыйлығының иегерлері, жазушылар, актерлер, ақындар жүрек жарды сөздерін айтады. Үлкендер мен жастар көп пікірлеседі, сырласады. Жапон жастары бүгінгімен қанағаттанбайды, болашақ үшін, мемлекеттің гүлденуі үшін жұмыс істейді.
(«Қазақстан-Заман» 1.01.2002ж.)
5.Белгілі жазушы Қойшығара Салғараұлымен сұхбаттан үзінді.
-Өзіңізге қатты ұнағаны не?
-Тәртіп, тазалық, еңбекқорлық. Бүкіл Қытай қыбыр-қыбыр әрекет үстінде. Бұл жалпылық тұрғыдан алғанда, ал нақтылықққа көшсек, өзімізді ерекше ойландырғаны- қытай жастарының патриотизмі. Олардың ұғымында әлемдегі күшті мемлекет-Қытай, тәуір зат-қытайдікі, төзімді, мықты халық-қытай.
(«Қазақстан-Заман» 22.05.1998ж.)
Қазақ халқы да жастарына «Ақыл-жастан»,- деп үлкен үмітпен қараған. «балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын!»,-деген А.Байтұрсынұлының дана сөзі де жастарға ел тарапынан, мемлекет, үкімет тарапынан үлкен қолдаудың әрқашан керектігін есімізге түсіреді.
Бес жасқа дейін баласын патшадай көретін қазақ 15 жасқа дейін аямай еңбекке баулып, үйрете білген, 15 жастан кейін жастарға сенім артып, білім, біліктілігін бөліскен, үлкен өмірге шыңдаған.