Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

17. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға- оқу-ағарту, ақпаратты, қызметтер көрсетуге, мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:білім беру ж/е кадрларды кәсіби даярлау;мәдениет, өнер,спорт ж/е бұқаралық ақпарат құралдары;денсаулық сақтау;мем/к әлеуметтік сақтандыру ж/е әлеуметтік көмек.Білім беруге жұмсалатын шығыстар мектепке дейінгі ұйымдарға жалпы білім беретін мектептерден тыс ұйымдарға, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіби білім беру, орта кәсіби білім беру, жоғары кәсіби білім беру, кадрлардың біліктілігін арттыру және даярлау оқу орындарына бөлінеді. Аталған барлық шығыстар мемлекет кепілдендіретін деңгей бөлігінде бюджет ресурстары есебінен жабылады. Мәдениет пен өнерді қаржыландыру кітапханаларды, клубтарды, мәдениет үйлерін, мұражайлар мен көрмелерді, театрларды, филармонияларды, сазгерлік ұйымдарды, ансамбльдерді, киностудияларды ұстауды кіріктіреді; олар бюджеттен, сондай-ақ кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың қаражаттары есебінен қаржыландырады. Бұқаралық ақпарат құралдарын ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекет құрылтайшысы болып келетін мем/к радио хабарын таратуды, теледидарды, баспаларды, газет-журналдарды қаржыландыруға бағытталады.Мем/к денсаулық сақтаудың қаражаттары мыналарға бағытталады: азаматтарға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулық сақтаудың мақсатты кешенді бағдарламаларына, мем/к денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын дамытуға, медициналық кадрларды даярлауға ж/е олардың біліктілігін арттыруға, медициналық ғылымды дамытуға ж/е енгізуге, жұқпалы аурулар эпидемияларын жоюға.Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеумметтік қамсыздандыру ж/е әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде бейнелеп көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметіен ж/е бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті төлемақыларға арналған қорларды қалыптастырумен байланыстырылады Тұрмысы төмендерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен ары халықтық көптеген санаттарына таралады ж/е мемлекет н/е қайырымдылық-қоғамдық, мақсатты, жеке меншік қорлардың есебінен болатын «қайыр көрсету» сипаты болады ж/е мақсаты- «кедейлерге қамқор болу».

18. Қаржы рыногы, маңызы, ерекшелігі және оның басқа рыноктардан айырмашылығы.

Қаржы нарығыбұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.Ал қаржы нарығының маңызы ол бос ақша қаражаттарды жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға тән сатылас әдістің орнына деңгейлес қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді.Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субьектілер арасында қаржылық ресурстарды өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс әрекет етеді.Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен обьектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші субьектілердің , салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

Қаржы нарығының жұмыс істеуі мағызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін.Функционалдық тұрғыдан алып қарағанда қаржы нарығы арқылы ұлттық экономика ауқымындағы ақша жинақталады,бөлініп,қайта бөлінеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың,оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың,ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады. Оның ерекшелігі – ол бағалы қағаздар рыногы,кредит рыногы түрінде де іс-әрекет етуінде.Қаржы рыногының басқа рыноктардан айырмашылығы – оның түрлі ш.ж.с. арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін рыноктық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылатындығында.