Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазіргі кездегі Қазақстанның әскери саясаты.DOC
Скачиваний:
1
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
549.38 Кб
Скачать

1.2. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың орны мен рµлі

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 – ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бомбылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.

Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттігі туындады.

Сөйтіп әуе шабуылынан қорғану үшін 1920 жылдары жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.

Кеңестер одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс /АҚ/ - деп аталына бастады. Кеңес үкіметі 1925 – 1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер жүктелді:

- әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;

- әуе шабуылының зардаптарын жою;

- бомбадан не газдан, улағыш заттардан /УЗ/ паналау орындарын дайындау;

- зардап шеккен жан - жануарларға көмек көрсету;

- қауіп төнген аудандардағы қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;

- ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу;

- арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.

Ұлы Отан соғысы жылдарында бүл істерге жоғары маңыз беріліп, қорғаныс жасақшылары саны жаппай өсіп, 6 млн.- нан асып түсті. Соғыс жылдары бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды 3. Н.Ә.Назарбаев «біздің тәуелсіздігіміздің 5 жылдығында қазақстан халқының көп жылдық тарихындағы миллиондаған ата – бабаларымыздың бостандық үшін күрес мен құрбандығының нәтижесі бар. Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін өз өмірлерн қиып құрбан болған жүз мыңдаған отандастарымызды ұмыта алмайыз».

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары жалғастырылып жетілдіре берілді.

Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбысының қолданылуынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.

Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:

• Әр қоғамда ең, басты, бағалы нәрсе – адам. Сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру - негізгі мақсат. Адамдарды қорғай білу - мемлекет үшін маңызды - іс. Сондықтан халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

• Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:

• Азаматтық қорғаныс әскерлері.

• Ауқымдық не министірліктерге бағынатын жасақшылар.

• Арнайы жасақшылар.

Басқару орындары:

• Қазақ Республикасының Прьемер-министрі

• Республикалық Азаматтық қорғаныс штабы

• Төтенше жағдай жөніндегі комиссия

• Облыс әкімі

• Қала әкімі

• Аудан әкімі

• Әр мекемедегі бірінші бастық

Әр мекеменің бірінші бастығы - Азаматтық қорғаныстың бастығы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ – дың зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдында бірден - бір жауапты адам.

Азаматтық қорғаныс қызметінің жұмысы жергілікті әкімшіліктің облыстық, қалалық, аудандық басшылығымен жүреді 4. Н.Ә.Назарбаев ЕҚЫҰ – ға қатысушы елдердің парламентарийлері Еуропа өқауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелерін Еуропаның географиялық шет – шекарасынан 2 мың шақырымнан астам жерде талқылауға алғаш рет жиналып отыр.

Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылымы мемлекеттік құрылымға сәйкес құрылады. Бұл қызметтің өзі қолда бар материалдық жағдайды және адам күшін, оларды негізгі қызметтерінен айырмай тиімді түрде пайдалана білу негізіне сүйенеді де, өзіне берілген міндеттерді орындауға бағытталады.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

Территориялық - дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында ұйымдастырылады.

Өндірістік - дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардысе басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорғаныстың орындары болады.