
Міндет:
Министрліктің жеке құрамының кәсіби қызметіне медициналық - психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Функциялар:
бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар салдарының алдын алу және жою кезінде медициналық және психологиялық қамтамасыз етуді, жұмылдыру әзірлігі жағдайында азаматтық қорғанысты медициналық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге катысу;
кәсіби психологиялық іріктеуді жүргізу жөніндегі Министрлік психологтарының қызметі мен Министрлік қызметкерлерінің қызметін сүйемелдеуді ұйымдастыру;
төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысатын Министрлік қызметкерлерін психологиялық оңалтуды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған аумақтарда зардап шеккендер халыққа және авариялық-құтқару қызметкерлеріне жедел медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
өздігінен, қажет болған кезде басқа ведомстволармен апаттар медицинасы және психологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері бойынша семинарлар, ғылыми-практикалық жүргізуді жүзеге асыру.
Жүктелген міндеттерді орындау үшін Басқарма:
Министрге және Министрліктің Алқа мүшелеріне Басқарма құзыретіне енетін мәселелерді алқада қарау туралы ұсыныс енгізуге;
Басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына облыстар, Астана, Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары жанындағы комиссиялар жұмысында және басқа аумақтық органдар кеңесіне қатысу үшін Басқарма қызметкерлерінің бағытты туралы ұсыныстар енгізуге;
апаттар медицинасы және жеке құрамның кәсіби қызметін психологиялық сүйемелдеу және қысылтаяң жағдайлардағы психология саласында нормативтік-құқықтық актілерді, әдістемелік нұсқауларды, стандарттарды әзірлеуге және келісуге;
апаттар медицинасы және шұғыл психологиялық көмек саласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен және басқада мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған апаттар медицинасының және психологиялық қызметтің күштері мен құралдарын басқаруға, сондай-ақ төтенше жағдайларды жойған кезде іс-қимылға дайындық бойынша күштер мен құралдарға әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыруға құқылы.
3. Басқарма қызметін ұйымдастыру
Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Министр лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.
Басқарма басшысы бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
Басқарма бастығы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министріне Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
Бастық осы мақсаттарда:
Басқарманың қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Олардың Басқарма бастығының міндетін атқару кезеңіндегі міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
Басқарма бастығының лауазымдық нұсқаулығын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі бекітеді. Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары мен функционалдық міндеттері Басқарма міндеттеріне сәйкес әзірленеді және Басқарма бастығы бекітеді.
Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, басқарма өз құзыреті шеңберінде Министрліктің аумақтық органдарына, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына жетекшілік етеді.
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
_______________________