Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус (ИК) каз..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
06.05.2019
Размер:
460.29 Кб
Скачать

Халықаралық бизнес университет «әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«Бекітемін»

Оқұ-әдістемелік жұмысының

проректоры, э.ғ.д., профессор

_____________ Нурмуханова Г.Ж.

«_____» ____________ 2011 ж.

Курстың студенттерге арналған оқу бағдарламасы

(Syllabus)

Пәннің аталуы:__Қазақстан тарихы

Мамандығы (шифр, аталуы) 5В050600 – Экономика, 5В050900 – Финансы, 5В050800 - Учет и аудит, 5В051100 – Маркетинг, 5В050700 – Менеджмент, 5В090400 - Социально-культурный сервис, 5В050400 – Журналистика, 5В070300 - Информационные системы, 5В070400 - Вычислительная техника и программное обеспечение, 5В090800 – Оценка, 5В051000 - Государственное и местное управление, 5В050100 – Социология, 5В060200 – Информатика, 5В090500 - Социальная работа, 5В090200 – Туризм, 5В020200 - Международные отношения, 5В050300 – Психология, 5В073200 - Стандартизация, метрология и сертификация, 5В060800 - Экология

Оқыту нысанасы (күндізгі, кешкі, сырттай, дистанционды)__күндізгі_

Күндізгі бөлім

Барлығы кредит

3

Курс

Семестр

Лекция (сағат)

2

Практикалық, семинар,

лабораториялық сабақтар

АБ саны (саны)

30

ОСӨЖ (сағат)

15

СӨЖ (сағат)

23

Емтихан (семестр)

67

Еңбек сыйымдылығы (сағат)

135

АЛМАТЫ, 2011 ж.

Курстың оқу бағдарламасын құрастырған: т.ғ.д., доцент Жаркынбаева Р.С.

Курстың оқу бағдарламасы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2004 жылдың 7 шілдедегі №671 бүйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бакалавриат пен магистратура мамандықтарына сәйкес әзірленген.

Оқу жұмыс бағдарламасы типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған және ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 2005 жылдың 11 мамырындағы №289, 12 шілдедегі №480 бұйрықтарымен бекітілді және іске қосылды.

Жұмыс бағдарламасы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының жиналысында талқыланды

(2011 жылдың 25.08.11ж. № «1» хаттама)

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының

меңгерушісі

филос. ғ.к., доцент ___________________ А. Е. Ержанова

Экономика және Есеп факультетінің деканы э.ғ.д, профессор

______________Мухаммедов А.У.

Халықаралық бизнес университетінің Оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды

(2011 жылдың 20.09.11ж. № «1» хаттама)

Пәннің мақсаты:

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы ұлттық тарихымызбен, тарихи әділдікті қалпына келтіруге қажетті мүмкіндіктер туғызады, бұның өзі ұлттық бірлікті қалыптастыру, азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеудің басты факторына айналып отыр.

«Қазақстан тарихы» пәнінің негізгі мақсаты: Қазақстан территорясындағы ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи процестерінің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы студенттерге толық жүйеленген білім беру. Сонымен қатар, қазақ халқының тарихы Евразия тарихының бір бөлімі ретінде және өзіндік ерекше тарихы ретінде көшпелі және салалық өркениеттер әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде де қаралады.

Пәннің міндеттері: жоғарғы оқу орындарында «Қазақстан тарихын» оқытудың міндеттеріі төмендегі мәселелерден туындайды:

  • студенттерді қоғамдық дамудың ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі кезеңдеріндегі заңдылықтарымен таныстыру, әрбір кезеңнің ерекшеліктерін көрсету, спецификалық терминдермен және ұғымдармен таныстыру;

  • студент негізгі материалдарды меңгеруі тиіс, өзекті тарихи мәселелерді оқыту негізінде творчестволық ойлау қабілетін қалыптастыру;

  • студент нақты тарихи мәліметтер арқылы қазіргі Қазақстан аумағында адамзат қоғамының қалыптасу үрдісін аша білуі және тарихи оқиғаларды барлық қайшылықтарымен, объективті түрде талдай білуі қажет;

  • күрделі тарихи құбылыстарға талдау жасағанда тарихилық принципінен туындайтын студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

  • тарихи оқиғаларға талдау жасағанда, ғылыми зерттеуін жазғанда тарих ғылымындағы қалыптасқан методологиялық негіздерді атап айтқанда, тарихилық, жүйелілік, салыстырмалылық принциптерін басшылыққа алуы қажет;

  • «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту барысында Отан тарихы мәселелерін тарихи шындық көзқарас тұрғысынан зерделеп, ұлттық тарихымызға құрметпен қарауға баулу.

Пәннің пререквизиттері:

«Қазақстан тарихы» курсы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесіндегі өз алдына жеке пән болып табылады және жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарының оқу жоспарына енгізілген.

Студенттер «Қазақстан тарихы» пәнін мақсатты оқып білу нәтижесінде білуге тиісті (постреквизиттері):

а) хронологиялық білім:

  • күрделі оқиғалардың жылын және хронологиялық шеңберін білуі шарт;

  • ғасыр мен жылдың арақатынасын, тарихи оқиғалардың мазмұн жүйелілігін және ауқымын білуі шарт.

б) деректермен жұмыс істеу:

  • бір немесе бірнеше тарихи деректердегі мәліметтерді жинақтау, жүйелендіру және салыстыру;

  • деректердегі ортақ тұжырымдар мен ерекшеліктерді пайымдай білуі қажет.

в) сараптау, түсіндіру:

  • тарихи оқиғалар мен құбылыстардың мәнді және маңызды тұстарына көңіл бөлу;

  • маңызды тарихи ұғымдардың мәнін білуі шарт;

  • тарихи оқиғалардың себеп-салдарын көрсете білуі қажет.

г) бағалау алуандылығы:

  • тарихи әдебиеттерде баяндалған тарихи оқиғаларды (қарама-қарсы тұжырымдарды) бағамдау;

  • отандық тарихтағы күрделі оқиғаларға өз көзқарасын дәйекті деректер арқылы тұжырымдап көрсете білуі шарт.

«Қазақстан тарихы» пәні оқытылатын тақырыптарға байланысты келесі бөлімдерден (модульдерден) тұрады: 1-ші бөлім: «Қазақстан ежелгі дәуірде»; 2-ші бөлім: «Орта ғасырлардағы Қазақстан»; 3-ші бөлім: «Жаңа кезеңдегі Қазақстан» (ХVIII-ХX ғғ. басы); 4-ші бөлім: «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан»; 5-ші бөлім: «Тәуелсіз Қазақстан».

Курстың зерттеу объектісі: Қазақстан тарихы ежелгі кезеңнен қазіргі күнге дейін.

«Қазақстан тарихы» пәнін оқып-үйретудегі қолданылатын тәсілдер: «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту процесінде сабақтың академиялық түрлерімен қатар, жекелеген дәрістер мен семинар сабақтары дөңгелек стол, пікірталастар, дебаттар, іскер ойындар түрінде өткізіледі.

Курстың саясаты:

  • студенттер сабаққа кешікпей келуге міндетті және себепсіз сабақты жібермеуі тиіс;

  • оқу үрдісінде белсенділік таныту;

  • сабақ уақытында басқа нәрселерге көңіл аудармауы тиіс (сөйлесуге, сабақтан тыс басылым оқуға, ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салынады);

  • барлық тапсырмаларды жеткілікті деңгейде белгіленген уақыт мерзімінде орындауы тиіс;

  • оқытушымен қарым-қатынаста байланыс өлшемін (субординация) сақтау;

  • оқытушыға және курстастарына ізгіниет және сыйластық таныту;

  • курстас құрбыларының жауаптарын ыждағаттылықпен тыңдап, ойын бөлмеуге машықтануы тиіс.