Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекет ата сулетші.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
23.12.2018
Размер:
54.11 Кб
Скачать

14. 27. Ғимараттар мен имараттар түрлері

Сәулктшілер мен құрылысшылардың жасампаз жұмысының нәтижесі дайын ғимараттар мен имараттар болып табылады. Кең мағынада "Марат " деген ұғымға "ғимарат" ұғымы да енеді.

Бөлмелері бар және адамдар тұруға қандай тұрмыстық, мәдени-қоғамдық, өндірістік немесе шаруашылық қызметтерді орындауға арналған құрылыстар ғимараттарға жатады.

Инженерлік имарат - әр түрлі өндірістік процестерді орындауға, материалды сақтауға арналған және өзге (суқабылғыш имарат, сұйықты сақтауға арналған резервуар, құбыр, түтін мұржасы, газгольдер, канализациялық тазалығыш имарат және т.б.) арнайы қызметтік құрылыстар.

Ғимараттар мен имараттардың қызметтеріне байланысты құрылысты-өнеркәсіптік, азаматтық, (тұрғын, қоғамдық, коммунильдық-шаруашылық), гидротехникалық (теңіз және өзен), темір жол, автомобиль жолы, көпірлер және тоннельдер, ауылшаруашылық, шахталық, құбырлардың сыртқы тораптары, энергетика және байланыс тораптары, қорғанстық түрлері бойынша бөлінеді.

Ғимараттар мне имараттардың жіктелуі оларды жобалау кезінде экономикалық орынды шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасау мақсатын көздейді. Жіктеудің негізіне ғимараттар мен имараттарды олардың қызметі мен мәнділігіне байланысты кластарға бөлу алынған.

Ғимараттари өзінің қызметтеріне қарай - тұрғын, қоғамдық, өнеркәсіптік кәсіпорындар және ауылшаруашылық ғимараттары болып бөлінеді.

Тұрғын ғимараттарға қарттарға және орындық-арбалар да жылжитын мүгедектері бар отбасыларына арналған пәтерлік үйлер қоса кіретін пәтерлік үйлер, биіктігіне 25 қабат қоса кіретін жатақханалар, шаруашылық - тұрмыстық және шағын кәсіпкерліктің өзге құрылыстары қоса кіретін жеке тұрғын үйлер, қонақ үйлер, мүгедек және қарттарға арналған интернат үйлер жатады.

Қоғамдық ғимараттарға - қоғамдық ғимараттар, кешендер, және имараттар топтаны тізіміне сәйкес және тұрған ғимараттар мен имараттар, ғимараттар құрамдарына енгізілген қоғамдық қызметтік бөлиелер кіреді.

15. Бекет ата сәулетші

«Бекет-Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) – халық батыры, абыз, көреген, сәулетші. Туып өскен жері Жем өзені бойындағы Ақмешіт-Құлжан, Маңғыстау өңірі. Мүрдесі Маңғыстауда Оғыландыдағы өз мешіт-ғимаратына қойылған. Бекет Ата тегі Абайдың Келімберді-Мұңал-Жаулы-Қосқұлақ-Жаналы-Мырзағұл деген әулеттері. Өз әкесі инабатты, момын, шаруа адам болыпты. Бекет Ата жастайынан оқу білімге құмартып, білім іздеген, жігерлі, қайсар, ерекше дарынды, көріпкел, әулие адам болған. Хорезм ойында Пақыржан қажыдан оқыған. Жем бойынан (Ақмешіт), Бейнеуден, Баялыдан, Оғыландыдан жер асты медресе мешіттер жасап, бала оқытқан. Ел тәуелсіздігі үшін басқыншы, шапқыншыларға қарсы жорықтарға қатысып, ақыл кеңес беріп қол бастаған. Бекет Ата жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан ежелгі сәулетші.

Бекет Атаның білімдарлық , батырлық, әділдік, еңбек сүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адай елі өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Ата өмірін, оның қысылғанға жар болған ерекше қасиет қадірін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған».