Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

4-дәріс

.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
34.73 Кб
Скачать

4- Дәріс

XXғ. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы:

сипаты, шаралары, сабақтары (20-30жж.)

1918—1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркəсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3% болды. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ малға азайды. 1919 ж. 10- шілдеде РКСФР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И. Лениннің қол қоюымен “Қырғыз(қазақ) өлкесін басқаратын төңкеріс комитеті (Ревком) туралы уақытша ереже” жарияланды.Ереженің 3- бабына сəйкес, Қазақ автономиялы республикасының аумағы Түркістан республикасымен, Қырғыз съезі жəне Орталық Кеңес үкіметімен келісіліп анықталғанға дейін Қазревком құзырына“…Астрахань губерниясымен Орал, Торғай, Ақмола жəне Семей облыстарының территориялары қарайды” делінген.

Қазревкомның бірінші құрамына: С.Пестковский (төраға),екінші құрамына С.Меңдешев тағайндалды. Алғашқы күннен Қазревком əрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты жəне басқа тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу, яғни “соғыс коммунизм” саясатының басты мəселесін шешу ісімен айналысты. Бұл саясаттың мəні — өнеркəсіпті жаппай национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бəрін бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды.Ол - азық-түлік салғыртын енгізу, таптық жағдайды бекіте түсу,өнім бөлудегі теңгермешілікті орнату, еңбекті соғыс жағдайына бейімдеу сияқты шараларды жүзеге асыру арқылы іске асты.Бұл саясат 1918-1920 жылдары жүргізілді.Ол үшін коммунистік өндіріс және оны бөлу принципі алға тартылды. Өнеркәсіпті ұлттандырудың алғашқы қадамдары Қазақстанның оңтүстігінде басталды.1918 жылдың ақпанында Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесі «Мақтаны тәркілеу туралы» және «Мақта өнеркәсібінің кәсіпорындарын ұлттандыру туралы» декреттерін жариялады. Наурыз-сәуір айларында мұнай және көмір өнеркәсібі кәсіпорындары мемлекеттің қолына көшті. 1918 жылдың 28 маусымдағы декрет негізінде тері, тоқыма, орман шаруашылығы өнеркәсіптерінде сол жылдың көктемінде Қазақстанда 300-ден астам орташа кәсіпорын мемлекет қолына өтті. Азамат соғысы жылдарындағы елдегі экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы қызыл террордың әрекеттерінің теріс жақтарын айқын байқатты. Жеке меншікті атымен жою жұмыстары азамат соғысы басталған соң тоқтады да, тек әскери қимылдар аяқталған соң қайта жалғасты. Азық-түлік диктатурасын орнату барысында қолданылған күштеу әдістері ауыл шаруашылығы өндірісінің күйреуінежәне халықтың әлеуметтік тұрмыстық жағдайының нашарлауына әкеп соқты. Партияның басты назары астыққа мемлекеттік монополияны орнату болды.1919 жылдан бастап кең көлемде жүзеге асырылды. Ет салымы шектен тыс көбейіп кетті. 1920жылдың 20 маусымында РКФСР үкіметінің декреті жарық көрді.Бұл құжат бойынша Сібір және Қазақстандағы астық өндірушілері әскери тәртіппен астық бастыруға және «артық» астықтарын тапсырулары тиіс болды.Бұндай күш көрсетулер наразылықтар күшейіп, ереуілдерге дейін барды. Бұның аяғы «әскери коммунизм» принциптерінен бас тартып, жаңа экономикалық саясатқа көшуге әкеп соқты.Әскери коммунизм саясаты өндірісті монополизациялау,өндірілген тауарды таратуды орталықтандыру,айырбасты қолға алу,директивті басқару,еңбекке мәжбүрлеу қағидаларына негізделді. Большевиктік партия осы саясат бойынша елді кеңестендіруді шешкен еді,бірақ қоғам оны қабылдамады.

1920 жылы азамат соғысы аяқталып, онда қызылдарақтарды талқандап, жеңіске жетті. Азамат соғысы жылдарындағы қызылдардың жеңісінің себептері: біріншіден, Кеңес өкіметінеқарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады; екіншіден, ақ гвардияшылар өкіметі орнаған жерлерде бұқара халыққа қарсы бағытталған шаралар жүзеге асырылып, оған керісінше Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының сөз жүзінде болса да мойындалуы; үшіншіден, Кеңес өкіметінің орта шаруалар- мен одақ құруы жəне 1919 жылы шілдеде Казревком құрылғанда қазақтардың жерге мұқтаждығын өтеу жөнінде сөз болып,Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мəселесі қойылды. Түбірлі революцияық сипатта болмағанмен бұл шаралар большевиктерге азамат соғысы кезінде ақтар мен қызылдар арасында ауытқыған қазақтардың көмегіне сүйенуге жағдай жасады; төртіншіден, 1919 жылдың көктемінен бастап, А.Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шықты. Себебі, олардың Колчактық орысшовинистік көзқарастарынан үміттері үзілді. Ақтар билеушілері қазақ халқына ұлттық автономия бергісі келмеді, тіпті, өздерінің қолдапжүрген Алашорда үкіметін де мойындамады. Сібірдегі уақытша Бүкілресейлік үкімет 1918 жылы 22 қазан — 4 қарашадағы грамотасымен Алашорда Халық Кеңесі үкіметін таратып жіберді. Сонымен қатар, Сібір үкіметі Алаш автономиясын қазақтың аумақтық мемлекеттігі деп танудан бас тартты. Оған қоса, 1919 жылы жазға қарай ақтар Сібірде жеңіліске ұшырады. Алаш көсемдері қазақ мемлекеттілігін құрудың жаңа жолдарын іздеуге мəжбүр болды. Қазақ зиялылары ендігі жерде Кеңес үкіметімен ымыраға келу жолдарын қарастырды. 1919 ж. басында Алашордалықтар Кеңес үкіметімен арадағы келіссөздерін қайта жандандыра бастады. Келіссөздер Алашорда атынан емес, А.Байтұрсынов басқарған Торғайлық тобының атынан жүргізілді. А.Байтұрсынов ең əуелі Ə. Жангелдинмен, одан кейін Мəскеуде Сталинмен келіссөздерді жалғастырды. 1919 ж. наурызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алашордаға амнистия (кешірім) жариялады. Алашорда басшыларының бірі А.Байтұрсынов, оның жақтастарының үлкен тобы Кеңес үкіметінің жағына шықты.Желтоқсан айында Ə.Бөкейханов бастаған Алашорданың Шығыс бөлімі толығымен Кеңес үкіметін мойындады.Азамат соғысы шет аймақтар халықтарының ұлттық мемлекеттігі туралы идеясымен санаспауға болмайтынын большевиктерге тағыда көрсетті. Кеңес үкіметі кеңестік негізде Қазақ Автономиясын Ұлттандыру шаралары қарқынды жүрді.

1920 жылғы өнеркәсіп санағының деректері бойынша Қазақстанда 891 кәсіпорын жұмыс істемеді,жұмысшылардың жылдық саны 1913жылғы 20мыңнан 1920жылы 8мыңға дейін азайды. 1925 жылы желтоқсан айында партия елді индустриаландыруға көшіру жоспарын белгіледі. Индустриаландыру саясаты өзінің мазмұны жағынан ірі машинала өнеркәсіпті,ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылғының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды.Мұнда индустриялды державаға айналдыру міндеті қойылды. Бұл жағдай қазақ елін үлкен өзгерістерге алып келді.Біріншіден,өлкенің экономикалық дәстүрі толық өзгерді,өнеркәсіпсаласының өркендетілуі ауыл шаруашылығы өнімдеріне қарағанда өнеркәсіп өнімдері үлесінің көбеюіне әкелді.Екіншіден,қала халқы санының артуына,қала урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді.Үшіншіден,көші-қонымның нәтижесінде демографиялық өзгерістер болды,яғни Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.Төртіншіден,индустрияландыру саясаты нәтижесінде өлкедегі ұлтаралық мәселе туындады. Большевиктік партияның тікелей бақылауымен Таукен өнеркәсібі акционерлік қоғамы және Риддер қоғамының барлық кәсіпорындары ұлттандырыды. Жаңа экономикалық саясатың мәні- көп салалық экономиканы жасау.Бұл саясатты іске асыру үшін партияның билігін күшейту, өнеркәсіпті толық мемлекеттік секторға көшіру, орталықтанған қаржы жүйесін және сыртқы сауданың монополиясына қол жеткізу керек болды. ЖЭС-тің келесі мақсаттарды қойды.Саяси:Кеңестік билікті толық орнату; Экономикалық:Дағдарыстан шығу,экономиканы қалпына келтіру;Әлеуметтік:Кеңестік қоғам мүшелерінің әл-ауқатын түрлі еркіндіктер беру арқылы көтеруБұд үшін мемлекеттік жерлер кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға берілді.Сауда бостандығы жүзеге асырылды.Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналып,сонымен қатар мемлекеттік және кооперавтивтік сауданың да дамуы іске асты.Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына,жеке меншітегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.Еңбекке деген міндеткерлік және еңбек армиялары жойылды.Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болды. Елдегі ақша жүйесін нығайту,ақысыз қызмет көрсетуді жою,еңбекке ақшалай жалақы төлу міндеттелді.Азық-түлік салғырты азық-түлік салығымен ауыстырылды. 1925 жылы халық шаруашылығы негізінен қалпына келтірілді..Өнеркәсіптердің 60 %-ы іске қосылып,көлік қатынасы қалпына жолға қойыла бастады.Егіс көлемі 3 млн гектарға жетіп,астық өнімін жинау соғысқа дейінгі деңгейге келтірілді.Мал бас 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп,26 млн басқа жетті. Жәрмеңкелер қайта қалыптарына келтірілді.Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер- Ойыл,Темір,Қоянды,Көкшетау,олардың жалпы сауда көлемі 20-23 млн сомды құрайтын 128 жәрмеңке жұмыс істеді.

Кеңестік ел басқару жүйесі тарихта мәжбүрлеудің екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі – адам еркіне әкімшілік ықпал ету яғни сөздің ашығын айтқанда күштеу арқылы ал, екіншісі – өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып, экономикалық жағынан мәжбүрлеу жүйесі. Іс жүзінде айтып отырған жүйелерді қатар қолдану тиімді емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретеді сонымен қатар шектеу қояды,ал күштеу әдісі арқылыда әлеуметтік мәселелер шешілмейді керісінше таптық шиеленіске әкеледі. Жаңа экономикалық саясат тұсынданарықтық қатынастарды босатудың аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне жол беру болды.Алайда мемлекет алғашқыда идеологиялық сарынмен айырбас саласына өз бақылауын орнатуға тырысты. Сондай-ақ, бірнеше ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті тауар айырбасын ұйымдастыруға әрекет жасады. Сөйтіп айырбас операциясының арасындағы делдалдық қызметті Кеңес өкіметінің басшылығы, бақылаумен және тікелей тапсырмасымен жұмыс істеген коорпарация атқарды. Коорпарация туралы айтқанда мемлекет өз бетінше жүйелеген кеңестік жүйеге лайықты әдісті қолданды. Бұл шын мәнінде еркіндік принціпі немесе коорпарацияланудың кез келген нысанының императивті жағдайы толықтай естілмеген, мемлекет иелігіне алынған өзіндік құрылымдар болды.

1925 жылдың соңында бөлу мен айырбас саласында коорпарациялау «еуропалық» тұрғындардың 20 %-ын (сол жылдардағы есептерде жазылғандай) және қазақ шаруашылықтарының 8,6%-ын ғана тамтыды.Сауда айналымына келетін болсақ , ол қалалық жеке меншік иелері есебінен 84,7 %-ды, коорпарациялар есебінен – 14,0%-ды (мемлекеттік саудада 1,3%) құрады. Ауылдар мен қыстақтардың (коорпарациядағы бағаның төмендігі есебінен ) екі сегменттің де үлесі бірдей дерлік болды: жеке меншікте – 50,5%, коорпаративтік саудада – 49,5%. Демек, экономикалық логикадан тыс әрекет ету талпынысы , яғни тауар-ақша қатынастарына сүйенбей , оны айналып өту сәтсіз өтті.Жаңа экономикалық саясатты дамыту барысында ҚазКСР Кеңесінің ІІ съезі БХШК (ВСНХ) Қазақ өнеркәсіп бюросын (Промбюро) «өнеркәсіп саласының әрбір өндірісін біртіндеп ірілендірілген, техникалық жағынан жақсы жабдықталған , дұрыс ұйымдастырылған , сондай-ақ бірін-бірі толықтырып тұратын кәсіпорындармен бір жерге шоғырландыруға» (осы жүйені бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібінде қолдануға міндетті. Өнеркәсіпті шоғырландыру мақсатында трестер құрылды, олар барынша ірі және шешімдерінде XX ғасырдың аяғына дейін трестер барлық национализацияланған және жалға немесе концепссияға берілмеген кәсіпорындардың 90 пайызын біріктіре отырып, өнеркәсіптің социалистік секторының негізгі өндірістік бірлігі ретінде әрекет етті. Қазақстанда трестер негізінен өндіруші секторды қамтыды. Мәселен, 1923 жылғы қаңтарда одақтық мәні бар «Ембімұнай» тресі құрылды, оның құрамына өзінің мұнай кәсіпшіліктерімен бірге , Ярославль мен Нижний Новгородтың мұнай айдау зауыттары кірді.1925 жылы бір жыл ішінде тікелей Орталыққа бағынатын тағы екі трест – «Алтайполиметалл» және «Атбасар түсті металдар тресі» (мыс өндіру кәсіпорындары) құрылды. Наркологиялық дәрі-дәрмек : сантонин , морфий кодеин шығаратын Сантонин тресі (Шымкент сантонин зауыты) Одақтың қарауында қалды. Трест Оңтүстік Қазақстанда әзірленген ақ жусаннан жасалатын дерменені әлемдік нарыққа шығаратын монополистікке айналды.Өлкелік мәні бар трестер, жергілікті (губерниялық) бірлестіктер: Қазалтын, Қазбалық, Қазсексеуілтрест,Қазспирттрест, Петропавл былғары шұға тресі, «Орынбор-Губаауылөнеркәсібі» және т.б құрылды.Кейбір кәсіпорындар, мысалы, Екібастұз,Риддер бірлестіктері РКФСР БХШК мандаттары негізінде өлкеден басқарылды.

Қазақстан индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары кең көлемді сипат алып ауылшаруашылығы ғана емес,ауыр,жеңіл және тамақ өнеркәсібінің жетекші салаларын қамтыды. Әсіресе, ауыр өнеркәсіп саласын реформалауға ерекше көңіл бөлінді.

КСРО-ны индустрияландыру барысында жасалған Қазақстан өнеркәсібі,құрылыс пен көлік қатынасы тәрізді индустрияның басқа да салаларымен бірге,ірі экономикалық,әлеуметтік-демографиялық және басқа да өзгерістердің,әсіресе жаңадан салынған өнеркәсіп алыптары мен теміржолдар бойында ескі қалалардың қанат жайып,жаңаларының бой көтеруінің,сондай-ақ республиканың инженерлік-техникалық интеллигенциясының қалыптасуының қуатты экономикалық негізіне айналды.Түркістан-Сібір теміржолы тек Қазақстанда ғана емес,бүкіл Кеңестер Одағы аумағындағы аса ірі құрылыс санатына енді.Теміржол Қазақстан мен Қырғызстанның негізгі экономикалық аудандары арқылы өте отрып,мұндағы ауыл шаруашылығы дамуының қуатты факторына айналды. Түрксіб құрылысына Жәрдем комитетінің төрағасы болып Тұрар Рысқұловтың тағайындалуың өзіндік себебі бар еді.Ол, 1926 жылдың маусымынан РКФСР ХКК (Халық Комиссарлары Кеңесі) төрағасының орынбасары бола жүріп, Қазақстан мен Орта Азияны Сібірмен жалғастыратын теміржол құрылысы жөніндегі пікірталас басталған кезден-ақ оны тезірек салу идеясының белсенді жақтаушысы әрі көшбасшысы болды. Т. Рысқұлов комитет құрамын жасактауда оған кәсіби шеберлерді тартуға ерекше көңіл бөлді.Сонымен қатар М. Тынышбаев Түрксіб құрылысын салу барысында білгір маман ретінде қыруар еңбек етті. Т. Рысқұлов пен М. Тынышбаев Комитет жұмысы бойынша магистраль құрылысының табысты жүргізілуіне ықпал еткен көптеген шешімдердің қабылдануына жеке өздері тікелей атсалысты. Т.Рысқұлов пен М. Тынышбаев магистраль құрылысын жұмыс күшімен жергілікті еңбек қорлары есебінен қамтамасыз етуге, қазақтарды құрылыс және теміржол жұмысшылары қатарына тартуға, оларды оқыту арқылы теміржол мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөлді. Олардың ұсынысы бойынша жұмысшы күшін Қазақстаннан тысқары жерлерден әкелуге шектеулер қойылды. Маман жұмысшыларды алдын ала белгіленген мөлшерде ғана әкелу қарастырылды.1939 жылы 1000 жұмысшының 63-інің толық емес орта, орта, аяқталмаған жоғары және жоғары білімі болды.Алайда орта және толық емес орта білімді жұмысшылар қатары әлі аз еді.

Қазақ елін индустрияландыру туралы көптеген пікір-таластар болды. Оның ішінде қазақ зиялылар елдің тек қана шикізат көзіне айналып қалу қауіпінің орын алатындығын ашып айтты. Сол зиялының бірі С.Сәдуақасов болды.Ол индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білді. С.Сәдуқасов : «Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет. Егер қалпына келтіру кезеңі кейбір ұлттардың нақты теңсіздігі сияқты өткеннің «қарғыс атқан мұрасы» түріндегі қиындықтарға кездессе, қайта құру кезеңі оларды жеңуі қажет. Міне, артта қалған аймақтарды социалистік құрылысқа бейімдеу және шет аймақтардағы Кеңес өкіметін нығайтудың кепілі осында жатыр», — деп көрсетті. Индустрияландыру барысында жергілікті кәсіпорындарды орталыққа тәуелді еткісі келген республиканың келімсек басшысымағының орашолақ бағытын былайша әшкереледі: «Голощекин жолдастың жүн жуатын орыннан әрі бармай, дұрысырақ айтқанда, барғысы келмей отырғаны неліктен, ал шұға фабрикаларын ұйымдастыру өзінен-өзі керек болып отыр ғой. Жуылған жүнді, сол жүннен жасалатын «мәскеулік» шұғаны әрлі-берлі екі рет тасығанша, Қазақстаннан дайын шұғаны бірден тасып әкету темір жолға да оңайға түспей ме?» Жоғарыдан жүргізілген индустрияландыру негізінен шикізат көздерін игеруге және оларды Ресейге жіберіп отыруға бағытталды. Қазақстандағы зауыт-фабрика делінгендер халық тұтынатын дайын өнімдер шығармады. Оларды Кеңес Одағының басқа аймақтарынан, Ресейден алып отыруға мәжбүр болды. Машина жасау, металлургия және қорғаныс өнеркәсіптері болмады. Энергетика базасы мен құрылыс материалдарын жасайтын өнеркәсіптер жетіспеді.Салынған өнеркәсіп орындары мен темір жолдар еліміз аумағынан шетке тасылатын шикізат көлемін көбейте түсті. Мәселен, 1929/30 шаруашылық жылдары 1928/29 жылдармен салыстырғанда Қазақ жерінде өндірілген тас көмір — 1,4 есе, мұнай — 1,3 есе, мыс кені — 2,5 есе, түсті металл кендері — 2,3 есе көп өндірілді. Түрксібтің салынуымен республикамыздағы жүк тасымалы 1928 жылғы 2902 тоннадан 1932 ж. 8888,4 тоннаға дейін, яғни 3 еседен астам өсті. Әсіресе құрылыс материалдарын тасу — 10 есеге, тас көмір мен кокс — 8 еседей, мұнай өнімдері — 2 есеге артты. Осылайша Қазақстандағы индустрияландыру кезіндегі басты құрылыс болып жарияланған Түрксібтің өзі кеңестік тоталитарлық орталықтың біржақты саясатының жемісі болып шықты. Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместетен,күштеу арқылы жүргізілді.1928 жылы Қазақстада ұжымдастырылған шаруашылықтар 2% құраса,1930 жылы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 50%-ға,1931 жылы қазанда 65%-ға жетті.Кейбір облыстарда мұндай «екпінді» көрсеткіш бұдан да өсіп кетті. Ф.Голощекин алғаш «Кіші Қазан» төңкерісін бір ғана әлеуметтік-саяси науқанмен,яғни шабындық-жайылымдық және егіндік жерлерді қайта бөлумен аяқтай аламын деген пікірде болды.Большевиктер жерге орналастыру жөніндегі бұл шара,әсіресе ауылдағы байға өте тиімді болып отырған жерді дәстүрлі қауымдық пайдалануды жояды деп есептеді.Алайда, Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына байланысты жүргізген бұл шаралары қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жеңісін қамтамасыз ете алмады.Оның себебі,бұл реформа алғашқы кезден-ақ қате тұжырымдарға негізделген еді.

. Ұжымдастыру саясатымен қатар қоғамдағы байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары жүргізілді.1928 жылы 27 тамызда мен ХКК «Ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару»туралы дектер қабылдады.Бұл декрет бойынша байлардың шаруашылығы тәркіленіп,ал оның иесі жер аударулуы тиіс болды.30 тамызда Қазақ АКСР-ның ОАК мен ХКК байлардың шаруашлығын тәркілеу туралы қаулысын жүзеге асырудың нұсқаулары қабылданды.Бұл нұсқауда егер байдың көшпелі аудандарда ірі қараға айналдырғанда 400-ден аса малы болса, ал жартылай көшпелі аударданда 300-ден асатын болса,онда ол әлеуметтік тұрғыда қауіпті адам деп есептеліп,жер аударулуы кетректігі және шаруашылығын тәркілеуге түсетіндігі көрсетілді.Егер адам бұрыннан артықшылықтарға ие болып келген топқа жатса,онда мүлік жағдайына қарамастан жер аударған.1928 жылы 17 қазанда Қаз АКСР-ның ОАК мен ХКК «Тәркілеуге және жер аударуға қарсылық карсылық көрсеткен байлардың қылмыстық жауапкершілігі туралы»қаулы қабылданды.Байлардың шарушалығын тәркілеу және тап ретіндежою жөнінде үкімет жанына Орталық комиссия құрылған.Орталық комисияны Е.Ерназаров басқарды.1928-1929 жылдары 1027 байлдың шаруашылығы тәркіленді.145 мың мал басы (ірі қара)тартып алынды және көптеген ауыл шаруашылық еңбек құралдары колхолдаға берілді.Жалпы қуғын-сүргінге ұшыраған байлардың саны1034-ке жетті.Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары тиімді нәтиже бермеді.Керісінше,бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды.

Көшпелі және жартылай қөшпелі халықты отырықшылықққа күшпен ұжымдастыру қазақтар үшін үлкен қасірет әкелді.Колхоздарға ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады.Ауыл шаруашылығында егін күрт төмендеп кетті,себебі жерінен айрылған шаруалар еңбек етуге құлықсыз болды.Осы жағдайлардың барлығы жинақтала келіп ,1931-1933 жылдардағы аштыққа әкеліп,одан 2,1 млн адам қырылды. 1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген. Тарихшы-демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген.1930 жылдың ортасына, халықтың сандық құрамы шартты түрде тұрақты болған кезде республика аумағындағы тұрғылықты халықтың саны 4 млн 120 мың адамды құрады. Сондай-ақ бұл туралы А.Галиевпен М.Татимов сияқты зеттеуші ғалымдар 30жылдардың ортасында халық санын 4 млн 100мың деп көрсетеді. Ал,1939жылғы санақ бойынша қазақ жеріндегі халық саны 2млн 307мың адам.Демек 1930жылдың ортасынан 1939жылдың 15қаңтарына дейінгі аралықта қазақ 1млн 793мың адамға дейін қысқарған.Яғни бұл 49% құрайды.

Осыдан келіп тарихшы-демографтар мынадай қорытынды шығарады, демек аштықтың және сонымен байланысты аурулардың салдарынан аталған жылдарда республиканың бүкіл тұрғылықты халқының 1 млн 750 мыңы немесе 42%-ы құрбан болды. Аштық және сонымен ілесе келген індет, сондай-ақ көшіп кету өзінің бастапқы кезеңінде-ақ қалыпты демографиялық процесті шайқалтып жіберді.Республиканың тұрғылықты Егер демографиялықжарылыс және оның осы кезге дейінгі «өрлеуі» болмағанда, халық санының осы іспеттес ұлттық дағдарысын еңсеру үшін кемінде 100-120 жыл, яғни 2-3 есе көп уақыт керек болар еді. Демограф ғалым М.Тәтімов 1926-39жылғы санақ материалдарын демографиялық жолмен есептеу нәтижесінде Республика халқының 1930 жылдардың аралығында 6200000 адамға жетіп, оның ішінде қазақтардың 4120000 адамдарды құрағаның, ал 1931-32жылдардағы аштықтың барысында шамамен қазақ халқының аштық пен жұқпалы аурулардан болған құрбандықтар ауқымы 2млн.20 000 адамды яғни Республиканың жалпы халқының 49%-ін құрағаның, бұл Республиканың байырғы халқы үшін барып тұрған қасірет болып табылатынын атап көрсетеді. Сонымен бірге ол демограгиялық зерттеулер нәтижесінде Республиадан тыс жерлерге 616000 адамның ауа көшіп, оның ішінде 205 000 Қытайға,Моңғолияға,Ауғаныстанға,Иранға,Турцияға босып кеткенін нақты есептеулер негізінде атап көрсеткен болатын.

Кеңес үкіметінің солақай саясатының нəтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында — 100 мың, Оралда — 400 мың, Семей губерниясында — 500 мың, Орынбор —445, Ақтөбеде — 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Əулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп,бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мəліметтерді келтіреді.Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай сорақылыққа қарсы шыққан Т.Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін,құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті Т. Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сəйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайындалады. Бұл ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу əрекеттеріне кездесті. Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс емес”, үкіметтің құрамында аштықпен күресуге міндетті толып жатқан “экономикалық органдар бола тұра, мұндай ерекше ұйым құруға мəжбүр болудамыз” дейді.

Өткір пікір таластардан кейін, яғни Т. Рысқұловтың аса зор еңбегінің арқасында Түрікатқару комитеті мен ХКК-і бұл Орталық бөледі. Орталық комиссияның облыстар мен уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мекемелері мен бөлімшелері ашылады, олардың басына сауатты мамандар отырғызылады. Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен əсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]