Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

4 дәріс (2)

.pdf
Скачиваний:
2
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
103.49 Кб
Скачать

Пайдаланылған әдебиеттер:

Прімбетова Е.Ө. Қазақ елі тарихы: Оқу құралы. Алматы: «Экономика», 2016.

4. ҚАЗАҚСТАН 50-80 ЖЫЛДАРДА

1.Қазақстандағы экономикалық, қоғамдық-саяси үрдістер.

Соғыстан Кейінгі жылдардағы Қазақстан Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғыстары жаппай экономиканы дағдарысқа алып келді. Мемлекеттің алдында соғыс зардабынан күйзеліске түскен халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, өнеркәсіпті бейбіт бағытқа көшіру мақсаттары тұрды. Деректер 1710

қала,70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңдаған шақырым темір жолдар мен халық шаруашылығының т.б. нысандарының істен шыққанын мәлімдейді.

Экономиканы қалпына келтіру өндірісті дамыту арқылы жүзеге асатыны белгілі. Кеңестік өнеркәсіп ауыр индустрия мен қорғаныс кешенінің басым дамуына негізделгендіктен, Қазақстанда да әскери өнеркәсіп кешендері көптеп құрылды. Соның ішінде қазақ жерінде орналасқан ядролық сынақ полигондары халықтың қасіретіне айналды.1948 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен Семей полигоны

салынды. Осы полигонда 1949-1963жж. аралығында әуеде 113 ядролық заряд сыналды.1966 жылы Каспий маңындағы Азғыр полигонында ядролық қару сыналды. Сол кездегі радиация зардаптары туралы айтылмады.

1950 жылдың басында Байқоңыр ғарыш айлағы салынды.Бұл құрылыс ауданы 6717 шаршы шақырым жерде орналасты.Ракета ұшқандағы жарылыстан 4,6 млн га жерге жанармай шашырап, зиянды жанармай ауа қабаттарын, жердегі су, жайылым шөптерді уландырды. Космодром көп мөлшерде су жұмсайтындықтан, Сырдария өзенінің деңгейі жылдан-жылға азая түсті.

Жаңадан көмір шахталары мен мұнай шығару кеніштері іске қосылды.Қарағанды метталургия зауытының құрылысы аяқталды.

Қаратау химия комбинатының бірнеше цехтары іске қосылды. СоколовСарыбай кен байыту комбинаты пайдалануға берілді. Өлкенің отынэнергетикалық базасы нығайтылды. Мұнай өндіру жылына 10млн тоннадан асты. Минералды тыңайтқыштар өндіруде де жетістіктер мол болды. Қаратау коибинаты, Қарағандыда каучук жасау цехы жұмысын бастады сонымен қатар коксхимия өндірісіде дами түсті. Жамбыл фосфор зауытының өнімі өзге аймақтағы салалас өндіріс орындарынан

көп артық екенін дәлелдеді. 1959ж Қазақстан Магниткасында 25,5 мың адам, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған бірнеше мың ұл-қыздар жұмыс істеді.

Қазақстанда 50-60 жылдары 700 ден астам өндіріс орындары салынды.1960жылғы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940жылғымен салыстырғанда 73,2% құрады. Өнеркәсіптегі прогресс Қазақстандағы индустрия саласында жұмысшы табының өсуіне мүмкіндік жасады. «Сенімсіздік» принципі уақытына қарай жаңа сипат алып, түрлі айдармен жүзеге асып жатты. Соғыстан кейін Жеңіс туына жеткізген халықтың еңсесін моральдық жағынан көтерудің орнына коммунистік партия азаматтардың Конституциялық құқықтарын бұзуды қолға алды. Құқық қорғау органдарының қызметі күшейіп түрлі себептермен соғыс жылдары жауға тұтқынға түскендерді арнайы тексеруге алды. Аяғында түрмеге жабылды немесе «Отанынына опасыздық жасағандар» деген айып тағылып атылды. Қоғамдық ғылымдардың осы жылдардағы дамуына партия Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы 1946 жылғы 14 тамыздағы аты шулы қаулысы кері әсер етті. Ол партия саясатына қарсы ойлайтындарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді.

Е.Бекмахановтың 1947 жылы жазылған «Қазақстан XIX ғасырдың 2040 жылдарында» атты монографиясы қызу талас тудырды. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс негізгі тақырып болған бұл монография буржуазияшыл ұлтшыл концепцияларының дамытылған зиянды саяси түрі деп бағаланды. Партияның осы қаулысын жүзеге асыру барысында Е.Бекмаханов ғылыми атағынан айырылып, Ғылым Академиясынан шығарылды және ауыл мектебіне тарих пәнінің мұғалімі ретінде жіберілді. Көп ұзамай Қазақ КСР Жоғарғы Соты Е.Бекмахановты 25 жылға соттау туралы үкім шығарды.

Е.Бекмаханов бұл жазадан Сталин өлгеннен кейін ғана ақталып,1954 жылы

көктемде Қазақстанға оралды. Саяси тұрғыдан ақталғанымен, Е.Бекмаханов бірнеше жыл бойы ғылыми атақтарын қайтара алмай Қазақ мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып істеді. Бұрынғы көзқарастарынан «айнып» 1958 жылы «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты монография жазғаннан кейін ғана ол өзінің ғылыми атақтарын қайтарып, сол жылы Қазақстан тарихы кафедрасын ашты. Бұл жылдардағы Бекмахановтың ісі жалғыз болмады. 1951 жылы 28 қырқүйекте «Казахстанская првда» газетінде «Қазақстан музыкатануындағы теріс бағыт туралы» сын мақала жарияланып

атақты сазгер А. Жұбанов буржуазияшыл-ұлтшылжәне мұсылманшыл ретінде айыпталды. 18-19 қазанда өткен республика композиторлар одағының жиналысында А.Жұбанов Қазазқстанның Ресейге өз еркімен және бейбіт жолмен қосылуын және оның прогрестік маңызын жоққа шығарушы, Кенесары мен Абылайды дәріптеуші ретінде айыпталып, оның шығармаларына тыйым салынды.

М.Әуезовке қарсы ұйымдастырылған науқан қазақ халқының ұлттық мәдениетінің және оның дарынды өкілдерін жоққа шығаруға бағытталды.Абайдың поэтикалық мектебін сынаудан басталған бұл науқан осы мектепті зерттеуші М.Әуезовке де қарсы бағытталды. Сонымен бірге Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин және т.б. қазақ ауыз әдебиетін дәріптегені үшін сынға ұшырады.Тіпті белгілі тарихшы академик Әлкей Марғұланның ғылыми көзқарасы жалған деп жарияланды. 1952 жылы қарашада қазақстан Компартиясының ОК Бюросы қабылдаған қаулылар негізінде «Идеялық саяси қате жіберілген кітаптарды жою» туралы шешім қабылданды. Ұлттық эпостар «Қобыланды», «Ер Сайын», «Едіге» феодалдық заман мен хандар өмірін бейнелейтін шығармалар ретінде бағаланып, кітап сөрелерінен алынып тасталды. Кеңестік қоғамдағы интеллигенцияның жағдайы бұрынғыдан жақсарған жоқ. Олар сол күйінше «сезіктілер» қатарында қалып,қатаң бақылауда болды. Айыптау, кінә тағу сияқты әдістер жаңа күш алды.Оның өзіндік үш себебі болды: біріншіден, кеңестік үлгідегі тоталитарлық жүйенің таптық тұрғыда идеологияландырылуына, екіншіден,оның әлемдік көшбасшылыққа ұмтылысы,үшіншіден, ғылымды,білімді, тәрбиені қатаң бақылау ұстанымдарын жүзеге асыру болды.Отызыншы жылдардағыдай ату жазасы болмағанымен қуғын-сүргін жалғасын тауып жатты. М.Әуезов Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Осы жылдары сонымен бірге Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қ.Сәтбаев, педагог-психолог Т.Тәжібаев және т.б. қуғынға ұшырады.Қоғамдық ғылымдар ғана емес партия қызметкерлеріде есепте тұрды.

2. Қазақстандағы ауыл шаруашылық саласындағы реформалардың мәні мен мақсаты.

Экономикалық дағдарыстың бір ұшы ауыл шаруашылығының артта қалуымен байланысты. Оның басты себебі соғыс болса, ендігі жерде ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығаруға бағытталған батыл қадамдар жасау қажет болды.Осы мақсатта колхоздарды ірілендіру қолға алынды.Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге

асырылды. Колхоздардың саны 1945-1952жылдары 3есеге азайды. Бұл ісшара мал басының санының артып, суармалы егістік көлемінің 16% -өсуіне жағдай жасады.Дегенмен астық өндіру мемлекет сұранысын жылдан –жылға қамтамасыз ете алмады. Тоқтаусыз сыр беріп келе жатқан астық мәселесі азық-түлік тапшылығына ұрыну қаупін тудырды.

Жағдайдың алдын – алу мақсатында 1954ж КСРО –да азық-түлік тапшылығын жою үшін «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» жөнінде қаулы қабылданды. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі экстенсивтік бағытты, яғни астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолын таңдады.Кеңес Одағы бойынша 1954ж 13,4млн.гектартың және тыңайған жерлер жыртылды.Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар, яғни 50% жуығын құрады. 1954-1955 жылдары Қазақ өлкесінде 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. Совхоздардың барлығының аты орысша аталды.Тың игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астықтан келетін болды. Ал әлемдік тәжірибеде жан басына 1мың кг.астық жеткілікті болатын. 1954-1955жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7млн. га тың және тыңайған жер, ал Қазақстанда соның 18млн.га жыртылды, ол 66,6% құрайды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтиже беретіндігі жөнінде, Ресей мен Қазақстанның жер қыртысының сәйкес еместігі туралы ғалымдар өзгеде қоғам қайраткерлері баспасөз арқылы өз ұсыныстарымен пікірлерін білдіріп жатты бірақ, бұның барлығын ешкім есепке алмады. Шаяхметов өз кезегінде Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін және осыған байланысты қазақ халқының негізінен мал шаруашылығымен айналысқанын ескере отырып, жерді жаппай жыртуға қарсылығын білдірді. Жеке пікір білдіргені үшін Ж.Шаяхметов орнынан алынып, 1954-1955 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін төмендетілді.

Тың игерудің тиімді жақтары:

1.Қазақстан ең алғаш рет 1956 жылы мемлекеттік қазынаға 1млрд. пұт астық тапсырып, халықты нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді;

2.Ресейден аграрлық салада қызмет еткен мамандардың келуі.

3.Аграрлық техниканың жеткізілуі;

4.Қала типтес поселкелер мен селолардың санының көбеюі, тас жолдардың салынуы;

Тиімсіз жақтары:

1.Қазақ еліндегі шабындық жерлермен жайылымдық жерлердің қысқаруы;

2.Тың игеруге екі млн. жуық славян тектес азаматтардың келуіне байланысты мектептер мен балабақшалардың орыс тілінде жұмыс істеуі;

3.Хрущев билік басына келген соң амнистия жариялады. Бостандыққа шыққандар тың игеруге аттандырылды. Осының нәтижесінде Қазақстанда қылмыстың түрі және саны көбейді.

4.Қазақстанға тән жер өңдеу технологиясының сақталмауына байланысты 9млн.га жер эрозияға ұшырады.

5.Тың игеруге келушілердің санымен салыстырғанда қазақ халқының үлесі 30%ға төмендеді. Бұл жағдай тіл экологиясын туғызды, салтдәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупін күшейтті. Ақмола қаласы Целиноград болып өзгертілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]