АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Өнеркәсіптік жылу энергетика» кафедрасы
Есептеу-графикалық жұмыс № 3 Пәні:Орталықтандырылған және автономды энергиямен жабдықтау жүйелері
Тақырыбы: «Жылулық желінің гидравликалық және жылулық шығыны»
Мамандығы: 5В081200 – Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
Орындаған: Қасымжан Бақытжан Тобы: ЭСХк -14-1
Нұсқа № 20
Қабылдаған: аға оқытушы Қолдасова Г.А.
_________ _____________ «____» ____________2017ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2017
Кіріспе
Өндірістік ауданды жылулық энергиямен қамтамасыз ету бойынша ЕСЖ 5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Жұмыста өндірістік ауданды жылумен жабдықтаудың басты проблемалары есептеледі. Мысалы, тұрғын ауданды және өндірістік кәсіпорынды жылыту, желдету және ыстық сумен қамтамасыз етуге жұмсалатын жылу шығыны есептеледі, жылулық жүктеменің температуралық графигі тұрғызылады. Есептік сызба жұмысы «Орталықтандырылған және автономды энергиямен жабдықтау жүйелері» курсынан алған білімді жетілдіру үшін, ЖЭО-ң негізгі жабдықтарын таңдағанда және жобалағанда есептеу жүргізуді игеру үшін, тұрғын ауданды жылумен жабдықтау жүйесін жобалау үшін, қандайда бір өндірістің технологиялық жылу шығындарын анықтай алу үшін студенттің теория жүзінде алған білімдерін нығайтуға арналған. Бұл әдістемелік нұсқауда тақырып бойынша ЕСЖ орындау үшін бастапқы берілген шамалар келтірілген, жұмыстың мазмұны, құрамы, көлемі және оны рәсімдеу бойынша қойылатын талаптар жазылған, әрі қолданылатын әдебиеттер тізімі келтірілген.
ЕСЖ №3. Жылулық желінің гидравликалық және жылулық шығыны
ЕСЖ №3 мақсаты: жабық жылумен қамдау жүйесінің екі құбырлы сулық жылулық желісінің магистральды құбырының және тармақтарының гидравликалық есебін жүргізуді, қыс және жаз айлары үшін пьезометриялық сызбаны тұрғызуды үйрету.
Тапсырмасы: жұмысты орындау барысындағы барлық есептеулерге түсініктемелер жазылуы және әдебиеттерге сілтеме жасалуы керек, әрі барлық есептеулер СИ бірлігінде орындалады. Есептеу-түсініктемелік хаттаманың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен мазмұны жазылады. Берілген ықшам аудандар бойынша қаланың бас жоспарын салу; осы салынған сұлба бойынша кварталдардың желіден ара қашықтығын анықта (l); желі құбырларының диаметрлерін анықтау; жергілікті кедергілерді орнату және олардың эквивалентті ұзындығын анықтау; құбыр диаметрі мен жылу желісінің әр бөлігіндегі қысым шығынын анықтау; жабық жылумен қамдау жүйесінің екі құбырлы сулық жылулық желісінің магистральды құбырының гидравликалық есебін жүргізу.
ЕСЖ-да орындалатын сұлба: кварталдарды орналастырудың бас жоспарының сұлбасы.
4.1 Бас жоспарды сызу
Берілген кварталдар санына байланысты А3 форматқа қала аудандарының жоспарын салыңыз. Мысалы:

сурет – Берілген қала аудандарын орналастыру жоспары
Әрбір кварталды жалғастырушы желінің ұзындығын (l) кварталдардың аудандарын ескере отырып студент өз еркімен таңдайды. Бас магистральға және тармақтарға қажетінше жергілікті кедергілер (ысырмалар, бұрылыстар, компенсаторлар, екілік, үштік, төрттік су таратқыштар және т.б.) орнату керек. Компенсаторларды орналастырудың шекті ара қашықтығы құбыр диаметріне байланысты А.12 қосымшадан анықталады.
2-ші есептік – сызба жұмысында анықталған судың максималды шығыны бойынша А.8 қосымшадан магистральды құбырдың және тармақтардағы құбырлардың диаметрін анықтау керек.
