- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Жоспары
- •II. «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің экономикалық – ұйымдастырушылық қызметіне жалпы сипаттама
- •2.1 Әйтек би кенті тарихы мен экономикалық жағдайы
- •2.3 «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қазіргі таңдағы қызметіне талдау жасау
- •III. Әйтеке би кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы мәселелер мен басым бағыттары
- •3.1 Әйтеке би кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша басым бағыттары
- •Жоғары сапалы цемент немесе құрылысқа қажетті қоспалар өндіру
- •Қорытынды
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Экономика және құқық институты
«Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы
Өндірістік тәжірибеден өткендігі туралы
ЕСЕБІ
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі
мекеме
Кәсіпкерлікті қаржы-несиелік қолдау бөлімі
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»мамандығы бойынша
4курс 4ГМК1 топ студенті
Нұрғиса Маратұлы Төлеу орындады
(аты, әкесінің аты,тегі)
Университеттен тәжірибе жетекшісі
Аға оқытушы Эльмира Жұбаханқызы Есжанова
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты,тегі)
Ұйымдағы тәжірибе жетекшісі
Бөлімнің бас маманы Төребек Зайрашұлы Құлмұрат
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты, тегі)
Ақтөбе, 2017
Жоспары
Кіріспе
I. «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен функциялары
Негізгі ережесі және оның мақсаттары
«Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары
II. «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің экономикалық – ұйымдастырушылық қызметіне жалпы сипаттама
2.1 Әйтеке би кентінің тарихы мен экономикалық жағдайы
2.2 «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру мен мемлекеттік органның мүлкі
2.3 «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қазіргі таңдағы қызметіне талдау жасау
III. Әйтеке би кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы мәселелер мен басым бағыттары
3.1 Әйтеке би кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша басым бағыттары
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қосымшалар
Кіріспе
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша 16 қаңтар - 14 наурыз аралығында мен, «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өндірістік тәжірибеден өту үшін жіберілдім.
Өндірістік тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – мемлекеттік мекеменің құрылудағы мақсатын, жүзеге асырылу тәртібін, негізгі қызметтік бағыттарын зерттеп, басқару құрылымын талдау болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
- мемлекеттік мекемеде белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
- әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
- мемлекеттік мекемесінде белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;
- мемлекеттік мекемеде болған барлық іс-шараларға қатысу.
Өндірістік тәжірбие есебі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы сипаттадым. Екінші бөлімде «Әйтеке би кенті әкімнінің» мемлекеттік мекеменің экономикаалық-ұйымдастырушылық қызметін қарастырдым. Үшінші бөлімде «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қазіргі таңдағы атқарып жатқан қызметіне талдау жасалынды.
I. «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен функциялары
Негізгі ережесі және оның мазмұны мен мақсаттары
«Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» ММ-нің жалпы ережелері
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес аумақта басқару және бақылау функцияларын орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мынадай бөлімдері бар:
1)Құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімі;
2)Ұйымдастыру құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімі;
3)Қаржы және шаруашылық бөлімі.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
Мемлекеттiк органның толық атауы – «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттiк мекемесi.
Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 030800, Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Құрылтайшысы «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Осы Ереже «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметiн каржыландыру республикалық, облыстық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Әйтеке би кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
1.2 Кент әкімі аппаратының функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары
«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару Заңына сәйкес аудан әкімінің жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Мiндеттерi:
1)Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс пен аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларын орындау үрдісіндегі аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
2)Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс пен аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;
3)облыс әкімінің аппаратына Мемлекет басшысы мен Үкіметтің кесімдері мен тапсырмаларының орындау барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
4)әкімдік отырыстарды, әкімдегі және оның орынбасарларындағы, аудан әкімі аппаратының жетекшісіндегі кеңестерді әзірлеуді ұйымдастыру;
5)әкімінің жергілікті өкілетті және аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен, саяси партиялармен және қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктенмен іс-әрекетін ұйымдастыру;
6)кент әкіміне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрылымы, құрылуы, таратылуы және қайта құрылуы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
7)кент әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен ұйымдар кадрларымен жұмысты ұйымдастыру;
8)кент әкімінің іс қағаздарын жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, құжаттар айналымын талдау;
9)қызмет бабындағы құжаттарды, хаттар және арыз-шағымдарды қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
10)әкімінің және оның орынбасарларының қызметін қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
11)кент әкімі шешімдерінің, өкімдерінің және аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;
12 кент әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олардың әкіммен қарым қатынасын ұйымдастыру;
13)кент әкімінің тапсырмасы бойынша, соттарда мемлекеттік мүдделерін білдіру және қорғау, прокурорлық қадағалау актілерін қарау;
14) мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын бақылау;
Функциялары:
« Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
- қаланың мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпараттық материалдарды пайдалану;
- аппараттың қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізу;
- кент әкімдігінің қаулылары және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына сараптама жасау;
- мүдделі мемлекеттік органдармен бірге аудан әкімі мен аудандық әкімдіктің кесімдерінің жобаларын келісудің бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін қайтару;
- әкімнің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;
- Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, және облыс, аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларының орындалуын тексеру жүргізуге қатысу;
- заңмен белгіленген тәртіпте аудан әкімі тағайындайтын немесе оның келісімімен тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
- кент әкімдігіне есеп беретін алқалы органдардың отырыстарына қатысу;
-кент әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін шақыру;
бөлімдерінің функциялары:
Кент әкімінің іс-қағаздарын жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, құжаттар айналымын талдау, құжаттамалық қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау және жұмыстарын үйлестіру;
Ұйымдастырушылық, құқықтық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қызметшілердің, кадр жөнінде жұмыстарын жүргізу;
Қаржы және шаруашылық жұмыстарын жүргізу.
Құқықтары мен мiндеттерi:
1)заңнамада белгіленген тәртіппен банктерде шоттар ашуға;
2)оралымды басқаруында оқшауланған мүлікті, сондай-ақ дербес балансы немесе сметасы болуға;
3)сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;
4)Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.