Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЕП.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
367.1 Кб
Скачать

III. Әйтеке би кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы мәселелер мен басым бағыттары

3.1 Әйтеке би кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бойынша басым бағыттары

 Әйтеке би кенті бойынша 2016 жылдың 7 айлық қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6775,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 98,5 пайызды құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 10313,3 млн.теңгені құрап, нақты көлем индексі 90,3 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 2016 жылдың 7 айы бойынша 6074,6 млн. теңге көлемінде өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 103,8 пайызды құрады.

Оның ішінде:

Тамақ өнімдерін өндіру бойынша «Сыр маржаны» ЖШС, «Рза-Сүт» ЖШС, «Рза-Нан» ЖШС, «Рза-Агро», «Рза асыл-түлік» сүт, ет, күріш өнімдерін өңдеу және «СПК Қызылорда балық» ЖШС балық өнімдерін өңдеу жұмыстары бойынша 6762,08 млн.теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 116,8 пайызды құрады.

Сүт өндіру: 2016 жылдың 7 айында аудан бойынша 5262 тонна сүт өнімдері өндірілсе, 2015 жылдың тиісті кезеңінде 2949 тоннаны құрады.

«Рза-Сүт» ЖШС тарапынан 2016 жылдың 7 айында 642,2 млн.теңгенің сүт өнімдерін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 299,4 млн.теңгеге артық болды (2015 жылы– 342,8млн.теңге), немесе 187,3 пайыз көлемінде.

Нан және нан өнімдерін өндіру бойынша: 2016 жылдың 7 айында 1821 тонна нан өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады.

«Рза-Нан» ЖШС тарапынан 2016 жылдың 6 айында 26,8 млн. теңгенің нан өнімдерін шығарды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 млн. теңгеге кем, немесе 94,7 пайыз көлемінде. (нан өнімдерін өндіретін кәсіпорынның есептіліктері тоқсан сайын тапсырылатындықтан тоқсаннан кейінгі тоқсанның статистикалық деректеріне қосылады.)

Ет өнімдерін өндеу бойынша: 2016 жылдың алғашқы 6 айында аудан бойынша 187 тонна ет өнімдері(жас немесе тоңазытылған ет – 145 тонна, шұжықтар – 42 тонна) өндірілсе, 2015 жылдың тиісті кезеңінде 67 тонна (жас немесе тоңазытылған ет – 25 тонна, шұжықтар – 42 тонна) өндірілген.                     

 «Рза-Нан» ЖШС тарапынан 2016 жылдың 6 айында 45,9 млн. теңгенің ет өнімдерін шығарды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,9 млн. теңгеге артық, немесе 218,7 пайыз көлемінде.

«Рза-Асыл түлік» ЖШС тарапынан 2016 жылдың 6 айында 22 тонна (19,8 млн.теңге) ет өнімдерін өндірген.

(Ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың есептіліктері тоқсан сайын тапсырылатындықтан тоқсаннан кейінгі тоқсанның статистикалық деректеріне қосылады.)

Күріш өнімін өңдеу бойынша 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында  18679 тонна күріш өңделсе, 2015 жылы 17577 тоннаны құрады.

2016 жылдың 6 айында «Рза-Агро» ЖШС тарапынан 3551 тонна көлемінде күріш өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 832 тоннаға артық.

«Сыр маржаны» ЖШС тарапынан 1689 көлемінде күріш өндірілсе, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 483 тоннаға аз.

(Күріш өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың есептіліктері тоқсан сайын тапсырылатындықтан тоқсаннан кейінгі тоқсанның статистикалық деректеріне қосылады.)

Балық өнімін өңдеу бойынша 2016 жылдың 7 айында 269 тонна балық өңделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 131,9 пайызды құрады (2015 жылдың              7 айында 204 тонна).

«СПК Қызылорда Балық» ЖШС тарапынан 2016 жылдың 6 айында    281тонна (752,3 млн. теңге) балық сүбесі өндірілсе, 2015 жылдың 6 айында   155 тонна (217,0 млн. теңге) сүбе өндірілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 535,2 млн. теңгеге артық, немесе 346,5 пайыз көлемінде.

(Балық өнімдерін өндіретін кәсіпорынның есептіліктері тоқсан сайын тапсырылатындықтан тоқсаннан кейінгі тоқсанның статистикалық деректеріне қосылады.)

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру саласы бойынша

«Асыл-Ғани» ЖШС, «Құрылыс материалдарын жабдықтау басқармасы» ЖШС, «Намыс-Құрылыс» ЖШС тарапынан 11,2 млн. теңгенің құрылысқа қажетті пластикалық бұйымдары (есік, терезе) дайындалып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру көрсеткіші 101,6 пайызды құрады.

«Намыс-Құрылыс» ЖШС тарапынан 2016 жылдың 6 айында 3,9 млн.теңгенің пластикалық бұйымдары өндірілген.

(Құрылысқа қажетті өнім өндіретін кәсіпорындардың есептіліктері тоқсан сайын тапсырылатындықтан тоқсаннан кейінгі тоқсанның статистикалық деректеріне қосылады.)

 «Асыл-Ғани» ЖШС тарапынан 2015 жылдың 6 айында 791 мың теңгенің құрылысқа қажетті пластикалық өнімдерін өндірген.

  «Құрылыс материалдарын жабдықтау басқармасы» ЖШС тарапынан ағымдағы жылы сұраныстың болмауы себепті өнім шығарылмады. Қазіргі таңда, кәсіпорын толықтай облысқа көшірілуде.

2015 жылдың 6 айында 7,1 млн.теңгенің темір-бетон, пластикалық бұйымдарын шығарған.

 Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру бойынша «LCI-MK» ЖШС-нің және «Құрылыс материалдарын жабдықтау басқармасы» ЖШС Қазалы филиалдары, «Асыл-Ғани» ЖШС, «Қазалы Жолшы» ЖШС, «Жол құрылысы басқармасы» ЖШС-і тарапынан 438,3 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 2015 жылмен салыстырғанда 74,1 пайызды құрады.

 «LCI-MK» ЖШС-нің Қазалы филиалы тарапынан 2016 жылдың 7 айында 56,3 млн. теңгенің құрылысқа қажетті темір-бетон бұйымдары өндірілсе, 2015 жылдың тиісті кезеңінде 241,0 млн.теңгенің өнімдері өндірілді, немесе 23,4 пайыз.

Сұраныстың аз болуы себепті серіктестіктің өндіріс көлемі төмендеуде.

Осыған орай, өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында облыс көлемінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға, құрылыс жұмыстарына аталған серіктестіктің өнімдерін алу жөнінде ұсыныстар жасалуда.

 «Асыл-Ғани» ЖШС тарапынан 2016 жылдың 6 айында 3,5 млн.теңгенің құрылысқа қажетті кірпіш өнімдері өндірілсе, 2015 жылдың тиісті кезеңінде 4,8 млн.теңгенің өнімдері өндірілді, немесе 73,3 пайыз.

 «Қазалы Жолшы» ЖШС ағымдағы жылдың 6 айында 24,1 млн.теңгенің асфальтын өндірсе, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,7 пайызды құрап отыр, немесе 47,4 млн.теңгеге кем.

Ағымдағы жылы аудан бойынша жол құрылыстарына ақшаның аз бөлінуі мен мемлекеттік сатып алу жұмыстарына байланысты серіктестік тарапынан 2000 тонна асфальт өндірілген (2015 жылдың 6 айында 5300 тонна).

 «Жол құрылысы басқармасы» ЖШС тарапынан 2016 жылдың 6 айында  477 тонна асфальт өндірді (6,0 млн.теңге).

 (тоқсан сайын тапсыратын кәсіпорындардың есептіліктері есептілік тапсырылатын тоқсаннан кейінгі тоқсанның статистикалық деректеріне қосылады.)

Өткен жылдың тиісті кезеңінде аталған серіктестік тарапынан өнім өндірілмеді.

 Машина жасау бойынша көрсетілген қызмет пен өндірілген өнімі  1869,9 млн. теңге болып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда  92,9 пайызды құрады. Өндіріс көлемі Қазалы вагон жөндеу депосының өнім көлемінің төмендеуінен орын алуда.

 «Қамқор Локомотив» ЖШС-не қарасты «Қазалы локомотив жөндеу зауыты» бойынша 2016 жылдың 7 айында өндіріс көлемі 1302,3 млн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 104,4 пайызды құрады.

Өндіріс көлемінің азаю себебі, қазіргі кездегі дағдарысқа сәйкес теміржол жүк тасмалының күрт азаюынан негізгі тапсырыс беруші мекеме «Локомотив» АҚ өздерінің шығынын үнемдеу мақсатында күрделі көлемдегі тепловоз жөндеу жұмыстарын тоқтатып отыр.

Қазіргі таңда кәсіпорын тарапынан «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС, «Жол жөндеуші» ЖШС, «Арал тұз» ЖШС, «Арселлор Миттал Темиртау» ЖШС, ФГУП ЦЭНКИ «Космический центр Южный», «Желдортранс Актобе» ЖШС-нің ТЭМ сериялы маневрлік тепловоздарын жөндеуге келісім-шарт жасасып, қосымша жұмыстар атқаруда.

 «Қамқор вагон» ЖШС-не қарасты «Қазалы вагон жөндеу депосы» тарапынан 2016 жылдың қаңтар-шілде айларында 567,1 теңгенің қызметі көрсетіліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанды 95,3 пайызды құрады.

Депоның өндіріс көлемінің төмендеуі қазіргі таңда ағымдық жөндеуге келіп тұрған вагондардың жаңа болуы себепті вагондарға салынатын қосалқы бөлшектердің арзан болуынан орын алып отыр.

Алдағы уақытта облыс көлемінде орналасқан мұнай компанияларының вагондарын жөндеуді аталған депода жүзеге асырған жағдайда өндіріс көлемінің артуына ықпал етілетін болады.

 Қазалы ауданы бойынша тамақ өнімдерін өндіру саласы бойынша 3 жоба іске қосылып, жыл соңына дейін есептіліктері статистика басқармасына тапсыруға жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда:

 - «Сыр маржаны» ЖШС-нің жалпы құны 335,5 млн.теңге құрайтын «500 басқа арналған мал бордақылау кешені» жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында жылына 220 тонна ет өнімдері өндіріледі деп жоспарлануда;

- Жеке кәсіпкер Т.Игіліков тарапынан жалпы құны 50,0 млн.теңге құрайтын «Сүбе шығару» жобасы ағымдағы жылы іске қосылды. Жоба бойынша тәулігіне 5 тоннаға дейін балық сүбесін шығару жоспарлануда;

- «Жанкент ЛТД» ЖШС-нің («Тамшы су» ЖШС болып 2016 жылы қайта тіркелді) жалпы құны 15,0 млн.теңге құрайтын «Тазартылған құйылмалы ауыз су шығару» жобасы;