Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп 07.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
96.67 Кб
Скачать

2.2 Ауыл шаруашылығы өндірісіне жалпы шолу

Ауыл шаруашылығы саласында қазіргітаңда 2 заңды тұлға, 489 шаруа қожалығы тіркеліп тұр.

Ауыл шаруашылығындаөндірілген жалпы өнім көлемі 10,5 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,5 %-ға орындалды.1 қаңтар 2017 жылға 8903,5 тн ет, 12524,1 тн сүт, 374,9 мың дана жұмыртқа өндірілді немесе тиісінше 100,9; 100,6; 101,2 пайыз құрады. Мал басы мүйізді ірі қарадан 31,6 мың (100,8 пайыз), қой-ешкіден 94,4 мың (105,1 пайыз), жылқыдан 20,2 мың (100,8 пайыз), түйеден 10,5 мың (100,2 пайыз), құстан 3,1 мың (100,6 пайыз) басқа жетті.

Кесте 1. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша биылғы жылға 360 бас МІҚ алу тапсырылса, 9 шаруа қожалығы71,8 млн.теңгеге 408 бас алды. ( 113,3 пайыз)

2014

2015

2016

Алынған қаражат сомасы

69,6 млн

71,8 млн

Алынған аналық сиыры

360

408

Кесте 2. «Құлан» бағдарламасы бойынша 110 бас жылқы алу тапсырылса, 8 шаруа қожалығы 52,0 млн.теңгеге 163 бас алды. (148,0 пайыз)

2014

2015

2016

Алынған қаражат сомасы

49,4 млн

52,0

Алынған жылқы

110

163

Кесте 3. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 540 бас қой алу тапсырылса, 4 шаруа қожалығы 12,9 млн.теңгеге 548 бас алды. ( 101,5 пайыз) ( Шалқар қаласы, Е.Көтібарұлы, Шалқар а/о)

2014

2015

2016

Алынған қаражат сомасы

12,8

12,9 млн

Алынған қой

540

548

Жыл қорытындысы бойынша 12198 бас МІҚ, 36700 бас ұсақ мал, 6366 бас жылқы, 1401 бас түйе малы бірдейленіп, дерекқорға енгізілді.

Есепті мерзімде «Қазагроқаржы» АҚ арқылы 5 трактор, 4 косилка, 3 пресс, 3 шөп тиегіш алынды. Ағымдағы жылы техника алған 12 шаруа қожалығына және скважина қаздырған 4 шаруа қожалығына 48,2 млн.теңге субсидиялар төленді.

Эпизоотияға қарсы іс- шаралар жоспар бойынша жүргізіліп, 45465 бас мүйізді ірі қара, 131474 бас қой, 5470 бас түйе, 46 бас жылқы бруцеллезге тексерілді. Ауруға шалдыққан малдардың 53 басы санитарлық талаптарға сай сойылды, 18 басы Ақтөбе қаласына қайта өңдеу кәсіпорнына тапсырылып, мал иелеріне 1,3 млн.теңге өтемақылары төленді.

2016 жылы 345 га жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіліп, 1234 тн. картоп, 2200 тн. көкөніс, 1616 тн. бақша өнімдері жиналды.

Мал азығын дайындаудың екі айлығында 221,5 мың тонна шөп дайындалып, тапсырма 101,4 пайызға орындалды.

Дәстүрлі емес шаруашылықтарды дамыту үшін аудан бойынша 400 бас бөдене, 10 бас сүтті бағыттағы ешкі, 150 бас қоян сатып алынып өсірілуде.

Есет Көтібарұлы а/о «Нұралы» ШҚ 200 бас қырғауыл құсын әкеліп өсіруде және алдағы уақытта 300 бас қырғауыл құсын әкелуді жоспарлауда.

Шалқар қаласынан жеке кәсіпкер Қ.Оразаев жанында сыйымдылығы 120 тонналық қоймасы, көтерме сауда дүкені бар көлемі 0,08 га , жобалық қуаттылығы маусымына 3 тонна болатын жылыжай кешені құрылысын аяқтап, іске қосты.

Қаладан «Талап» сервистік дайындау орталығы «Болашақ» шаруа қожалығымен бірге тұшпара, манты, т.б өнімдер шығаратын ет өңдеу цехын іске қосып, өнімдері орталық базар мен қала дүкендерінде сатылуда. Сонымен қатар, Кішіқұм ауылдық округінен жеке кәсіпкер Қ.Құлтабанов «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 1,8 млн.теңге несие алып, шағын ғимарат құрылысын алып, тұшпара дайындау цехын ашты.

Шалқар көлін уақытша басқару үшін конкурс жарияланып, жеңімпазы жеке кәсіпкер Сұлтанов қыркүйек айынан жұмысын бастады. Осы уақытқа дейін үзіліп қалған су айдындарынан 120,0 мың шабақтар алынып, негізгі Шалқар көліне жіберілді.

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

  1. Қаланың 25 көшесін жарықтандыру;

  2. Қала тұрғындарын жергілікті бақша дақылдарымен қамтамасыз етуде көкөніс егу үшін айналысуға көл жағалауынан жер беру ;

  3. Қаланың 2 көшесіне асфальт төсенішін төсеу;

  4. Орталық саябаққа күрделі жұмыстарын жүргізу;

  5. Жұмысшылар қалашығындағы «Бала» моласына қоршау жұмыстарын жүргізу.