Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kriminologia_2016-2017.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
24.07.2017
Размер:
674.82 Кб
Скачать

Заң факультеті Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы с и л л а б у с

Криминология пәні бойынша

5В 030100 «Құқықтану» мамандығы үшін

Оқыту түрі: күндізгі

курс: 3

семестр: 6

кредит саны: 3

барлық сағат саны: 135, соның ішінде

Дәріс: 30

Практикалық сабақ: 15

СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90

Емтихан: 6 семестр

Талдықорған 2016 ж.

Оқытушы жөнінде мәлімет:

Нұрбек Дана Тәсібекқызы – қылмыстық - құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. байланыс телефоны: 87714046027

эл.почта: rufat.dana@mail.ru

сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты – сәрсенбі күні 15.00 Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасында 226 ауд. № 1 ғимарат.

Пән пререквезитері: «Қылмыстық құқық», «Қылмыстық іс жүргізу құқығы».

Пән постреквизитері: «Криминалистика»

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Бұл пән «Сот медицинасы және психология негіздері» модулінің элективті пәні болып табылады.

Криминология курсы жоғары оқу орындарында студенттердің міндетті компоненттерінің бірі болып есептеледі. Криминология – қылмыстылылықтың динамикасы мен жүйесі туралы, оның әлеуметтік себептері, қылмыскердің жеке тұлғасы туралы және қылмыстың пайда болуын сонымен қатар оның алдын-алу шараларын зерттейтін ғылым. Криминология пәнін оқытуының, үйренуінің және зерттеуінің қажеттілігі – бұл тұлғаның дүниетану көзқарасының қалыптасуына, жеке басының үлкен жетістікке жетуіне және қоғамға қызмет етуіне, әлеуметтік ортаға бейімделуіне бағыт беріп қалыптасқанына мүмкіндік туғызады. Пәннің бағдарламалық мазмұны 3 модульге бөлінген.

Оқытудың мақсаты:

студенттерді қылмыс-тылылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын яғни виктимологиялық аспектілерді талдау жолдарымен таныстыруға, қылмыс дикнамикасы мен құрылымы туралы білім беруге, қылмыстың пайда болуымен қатар алдын-алу шаралары туралы үйретуге керек.

Оқытудың міндеті:

Студенттерді қылмыстылылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын яғни виктимологиялық аспектілерді талдау жолдарымен таныстыруға, қылмыс дикнамикасы мен құрылымы туралы білім беруге, қылмыстың пайда болуымен қатар алдын-алу шаралары туралы үйретуге міндетті.

Құзыреті: (Заңгерлердің мамандық құзыреттілігі өзінде жеткілікті кең саланы көрсетеді, оларға келесідей құзыреттер кіреді:

Әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік – қоғамдық институттар және адамдармен қарым-қатынастылық саласындағы құзыреттілік, сондай-ақ мамандық қарым-қатынас және мінез-құлықтық амалдарды иемдену;

жеке тұлғалық құзыреттілік –ұдайы мамандықпен біліктілікті жоғарылату, сондай-ақ мамандық еңбекте өзін жүзеге асыра білу;

арнайы: теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі, біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі, нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс, кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

коммуникативтік (заңгердің қызметіндегі сәйкестендірілген аспект – бірден-бір қолданыстағы және де ерекше таңдалған заң мамандығы тәуелділігінде жатады;

ауызша және жазбаша сөйлеудегі дағдылар (айтылған сөздің немесе болған жағдайдың мазмұнын жазбаша түрде қысқаша және нақты жеткізе білу, сұрақтарды өз уақытында және сауатты нысандай білу: диалогты жүргізу шеберлігі, полемикалық және шешендік өнер);

ұйымдастырушылық күрес жүргізуді ұйымдастырушы есебіндегі заңгерге сеніп тапсырылған айлақтағы жұмысқа, ғылыми негізде өз еңбегін ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

Соседние файлы в предмете Право СНГ