Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kriminologia_2016-2017.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
24.07.2017
Размер:
674.82 Кб
Скачать

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы

(пәнің атауы)

Шифр

Әдебиет атауы

Бар болуы

ескерту

Кітапхана-дағы саны

қамтам-ның

%

Негізгі

1

Х628.3я73

А39

Алауханов, Е .О. Криминология (Қылмыстану) [Мәтін]: Оқулық / Е .О Алауханов.- Алматы: Жетi жарғы, 2005.- 232б.

40

0,8

2

Х628.3(2К)я73

А45

Алауханов, Е.О. Налоговые преступления [Текст]: Учебное пособие / Е.О. Алауханов, К.Т. Ахмедин.- Алматы: Юридическая литература, 2008.- 172с

10

0,3

3

Х628.3(2К)я7

Ж15

Жадбаев, С.Х. Криминология. [Текст]: Краткий курс лекции / С.Х. Жадбаев.- Алматы: Жетi жарғы, 2002.- 144с.

10

0,3

4

Х628.3я73

К82

Криминология [Текст]: Учебник для студ. вузов / Под ред. В.Н. Кудрявцева и В.Е. Эминова.- 2. изд., перераб. и доп.- М.: Юрист, 2002.- 686 с.

3

0,9

5

Х628.3я73

К82

Криминология [Текст]: Учебное пособие / Под ред. Н.Ф.Кузнецовой.- Москва: Проспект, 2008.- 328с.

10

0,3

6

Х628.3(2К)я73

К74

Криминология: Дәрістер курсы [Мәтін]: Оқулық.- Астана: Дәнекер, 2005.- 188 бет.

1

0,3

7

Х883

Ш76

Шнайдер, Г.И. Криминология [Текст] / Г.И Шнайдер; Под. ред. Л.О.Иванова.- М.: Прогресс-Универс, 1994.- 504 с.

2

0,3

8

Х628.332

Ж15

Жадбаев, С.Х. Правопарядок и поведение несовершенолетних [Текст] / С.Х Жадбаев.- Алма-Ата: Мектеп, 1982.- 112 с.

7

0,2

9

Х623(2К)

А45

Алауов, Е.О. Как уберечся от преступника [Текст] / Е.О Алауов, Ю.М Каракетов.- Алматы: Жетi жарғы, 1996.- 144 с.

2

0,3

10

Х628(2К)

А45

Алауов, Е.О. Проблемы правовой борьбы с вымогательством [Текст] / Е.О. Алауов.- Алматы: Жетi жарғы, 1997.- 224с.

1

0,3

11

Х628.3я73

А 45

Алауханов, Е.О. Преступное насилие в отношении женщин [Текст]: Учебное пособие / Е.О. Алауханов, Н.И. Каирова.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 230 с.

10

0,3

12

Х628.3(2К)я73

А45

Алауханов, Е. Профилактика преступлений [Текст]: Учебник / Е. Алауханов, З. Зарипов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2008.- 376с.

10

0,3

13

Х62(2К)

Б37

Бегалиев, К. Предупреждение безнадзорности и правонарушений несовершенолетних.- [Текст] / К. Бегалиев.- Алма-Ата: Казахстан, 1980.- 105 с.

5

0,15

14

Х628.4

Б37

Бегалиев, К. Неправомерные действия подростков и их последствия [Текст] / К Бегалиев.- Алма-Ата: Мектеп, 1984.- 88 с.

5

0,15

15

Х628.3

Б37

Бегалиев, К. Меры борьбы с преступностью несовершеннолетних. Правовые и организационные основы деятельности органов прокуратуры в борьбе с правонарушени [Текст] / К Бегалиев.- Алма-Ата: Казахстан, 1975.- 208 с.

4

0,12

16

Х062.08

Б81

Бондаренко, В.Ф. Предупреждение правонарушений [Текст] / В.Ф Бондаренко.- Минск: Нар. асвета, 1986.- 80 с.

5

0,15

17

Ф3(2К)3я73

Б84

Борьба с коррупцией [Текст] / Под ред. Алауханова Е.- Алматы: Юридическая литература, 2008.- 288с.

10

0,3

Қосымша

18

Х628.1

В74

Вопросы борьбы с преступностью [Текст].- М.: Юридическая литература, 1981.- 112 с.

4

0,12

19

Х628.3

К82

Криминологические и уголовно-правовые проблемы наказания [Текст].- Алма-Ата: Наука, 1988.- 208 с.

1

0,3

20

Х628.111.3я73

М61

Миндагулов, А. Личность преступника [Текст]: Учебное пособие / А Миндагулов.- А.: КазГЮА, 2003.- 236с.

3

0,9

21

Х621(2К) 0

Х621.14

П78

Проблемы борьбы с экономической преступностью в Казахстане. [Текст].- Алматы: Жетi жарғы, 1996.- 187 с.

1

0,3

22

Х628.3(2К)я73

А45

Алауханов, Е. Налоговые преступления [Текст]: Электронная книга / Е. Алауханов, К. Ахмедин.- Алматы: Нұр-Пресс, 2009.- электр. опт. диск.

1

0,3

23

Х628.3я73

А45

Алауханов, Е. Преступное насилие в отношении женщин [Текст]: Учебное пособие / Е. Алауханов, Н. Каирова.- Алматы: Нұр-Пресс, 2009.- электр. опт. диск.

1

0,3

24

Х628.3(2К)я73

А45

Алауханов, Е. Профилактика преступлений [Текст]: Электронная книга / Е. Алауханов, З. Зарипов.- Алматы: Нұр-Пресс, 2009.- электр. опт. диск.

1

0,3

Көрнекілік материалдар (с.іш. Интернет)

25

Х628.3я73

Ж 81

Жұмағали, А. Криминология [Мәтін]: Оқулық / А. Жұмағали.- Алматы: Нұр-Пресс, 2005.- 1 электр. опт. диск.

1

0,3

http://www.allpravo.ru/library/doc4204p/instrum6815/

http://www.dissercat.com/content/preduprezhdenie-khishchenii-v-respublike-kazakhstan-ugolovno-pravovye-i-kriminologicheskie-a

http://www.iuaj.net/1_oldmasp/modules.php?name=News&file=article&sid=392

http://www.allpravo.ru/library/doc4204p0/instrum6815/item6819.html

http://nikolle.narod.ru/kriminolog1.htm

http://www.spishy.ru/referats/41/20033

http://www.litmir.net/br/?b=129717

http://www.alleng.ru/d/jur/jur025.htm

http://www.e-college.ru/xbooks/xbook110/book/index/index.html?go=index*

http://www.allpravo.ru/library/doc4204p/instrum6815/

Дәрістер кешені

1-ші дәріс. Криминология түсінігі, тәсілдері және жүйесі.

Дәріс жоспары:

1. Криминологияның пәні.

2. Криминологияның түсінігі. Криминологияның міндеттері.

3. Криминологияның жүйесі.

Негізгі ұғымдар: Қылмыснама, виктимология.

1. Криминологияның пәні. Криминология —қылмыстылықты зерттейтін ілім. Жалпы, криминолгия сөзі екі бөліктен тұрады, яғни латынша «сrimen-қылмыс» және грекше «logos-ілім». Демек, қылмыс туралы ілім болып шығады, бірақ та оның атауы аталған ғылымның немен айналысатындығын әлі де толық ашпайды. Себебі, қазіргі күні қылмыс мәселесімен айналысатын ғылымдар саны бірқатар. Оның ішінде қылмыстық құқықтың да, қылмысты іс жүргізу құқығының де, қылмыстық атқару құқығының да ғылымдары, сол сияқты құқықтық психология, социология (құқық социологиясы, қылмыс социологиясы және қылмыстық құқық социологиясы), философия (құқық философиясы мен қылмыс философиясы), статистика ғылымдары, тағы да басқа бірқыдыру ғылым салалары бар. Осы салалардың барлығы да қылмыс мәселелерімен айналысқанмен әрқайсысы әр қырынан келеді. Соның ішінде криминология да өз жолымен келуге тырысады. Демек, криминологияның ең алғашқы айналысатын мәселесі - қылмыс сияқты боп көрінеді, бірақ бұл әлі де нақты емес. Криминологияның ең басты мәселесі - қылмыстылық. Жұрт қылмыстылық пен қылмысты бір-ақ нәрсе деп ойлауы әбден ықтимал. Тіпті, қылмыстылықтың жасалған қылмыстардың жиынтығы деп те түсінеді. Иә сыртынан қарағанда солай: қылмыстылиқ - қылмыстардың жиынтығы, бірақ ішкі жағы мүлде олай емес. Себебі, қылмыс адам әрекетінің бір түрі ғана, ал қылмыстылық - құбылыс. Қылмыстылық қылмыстардың жиынтығынан тұрғанмен де одан мүлде бөлек сапаға ие болған. Бұл жерде диалектиканың санынан сапаға өту заңын еске түсірген жөн. Екі қылмыс қылмыстылық емес, он қылмыс та, тіпті, жүз қылмыс та қылмыстылық сапасына ие емес, ол үшін міндетгі түрде масса керек, яғни жаппай болуға тиісті.

Оның екінші айналысатын мәселесі - қылмыстылықтың себептері. Криминология пәнінің үшінші құрамдас бөлігі - жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары.

Қылмыстылықтың пайда болатын бастауларын ашу кезінде себептер мен өзге де жағдайларды бағалайтың қылмыс жасаушы адамның да жеке қасиеттерін айқындап, зерттеудің де маңызы зор. Сонымен, криминологияның пәнін құрайтын келесі, төртінші компонент - қылмыскердің тұлғасы.

Криминология жәбірленушінің де мінез-құлқы мен тұлғасын зерттеуді өз мойныиа алады және ол криминологиядан басқа ешқандай ғылымның зерттеу пәніне кірмейді (қылмыстық іс жүргізу оларды тек қорғауды жүзеге асырады).

Криминология ғылымының пәнін құрайтын келесі, алтыншы компонент – қылмыстылықтың алдын алу.

Қылмыстылықтың алдын алу үшін де белгілі бір әрекеттер жасауы керек. Соның бірі – қылмыстылықты болжау.

Сонымен, криминология ғылымының пәнін құрайтын компоненттер:

1) қылмыстылық;

2) қылмыстылықтың себептері;

3) жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары;

4) қылмыскердің тұлғасы;

5) жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасы;

6) қылмыстылықтың алдын алу;

7) криминологиялық болжау.

2. Криминологияның түсінігі. Криминология дегеніміз - қылмыстылықты, оның себептерін, жеке қылмыстардың себептері мен жағдайларын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын, қылмыскердің тұлғасын, сондай-ақ қылмыстылықтың алдын алу мен болжауды зерттейтін салааралық ғылым.

Криминология ғылымын басқа қырынан да келіп анықтаушылар бар. Бірақ ол негізгі түсінікті толықтырушы ғана анықтама. Криминология қылмыстылықты ғана емес, онымен байланысты өздері қылмыстылықты құрамаса да онымен тікелей байланысты жағымсыз құбылыстарды зерттейді. Олар, айталық, жезөкшелік, өзін өзі өлтіру, маскүнемдік, наркомания т.б. Осылардың бәрі де (қылмыстылықты қоса алғанда) әлеуметтік ауытқулар. Әлеуметтік ауытқуларды зерттейтін ілімнің аты - әлеуметтік патология. Бірақ соңғы ілімнің айналысатын мәселесінің барлығы криминология үшін қажет емес, тек оның ішіндегі ең бір асқынған, қоғамға қауіпті түрлеріне ғана криминология ғылымы қызуғышылық танытады. Осыны ескере отырып, криминология дегеніміз - әлеуметтік патология деп аталатын жан жақты, конгломерат ілімнің өзегі болып табылады деушілер бар.

3. Криминологияның жүйесі. Криминология құқық саласы емес. Бірақ құқық салаларына тән қасиет мұнда да бар, ол — жалпы және ерекше бөлімдерден тұру. Криминологияның жалпы бөлімі (немесе жалпы криминология) жоғарыда аталған өз пәнін (қылмыстылық, оның себептері тағы басқалары) жалпылама қарастырады, яғни онда ешқандай да қылмыстылық түрі туралы әңгіме қозғалмайды. Ал ерекше бөлімде болса (немесе ерекше криминология) нақты қылмыстылықтың түрлері алынып, жалпы бөлімде алынған білімдер нақты қолданылады.

Криминологияның міндеттері. Криминология ғылымының мынандай үш түрлі міндетін атауға болады:

  1. Аналитикалық, яғни зерттеу міндеті. Қылмыстылықты, оның себептерін, қылмыскердің тұлғасын, жәбірленушінің мінез-құлқы мен тұлғасын (виктимологиялық аспектілерді) зерделеп, талдау.

  2. Болжау міндеті — криминогендік құбылыстардың болашақтағы өзгерістері туралы негізді ұсыныстар жасау.

  3. Әр түрлі жолмен тәжірибелендіру. Бұл қылмыстылықтың алдын алуға келеді, сол сияқты виктимологиялық профилактиканы да қолдануды көздейді.

Жалпы алғанда, айта кету керек, криминологияның қандай ғылымның ағымы екендігінде де әлем доктринасында бірізділік жоқ. Мысалға, оны англосаксондық жүйе — социологияның саласы десе, континентальдық доктрина - қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының арасындағы сала деп есептейді Соның ішінде, Италия — биологияға басымдық берсе (оның тарихи қалыптасқан себептері де бар), Франция – клиникалық жағына басымдық (психологиялық және психиатриялық аномалиямен байланыстырады) береді, ал Германия - биологиялық және социологиялықтың бәсекесі деп есептеп, соңғысына көбірек бүйрегі бұрады. Біздің қазақстандық доктрина криминологияның салааралық ғылым екендігін мойындай отырып, құқық салаларына жақын болуын қалайды. 2002 жылы Санкт—Петербург қаласында ТМД елдерінің криминологтарының конференциясы өтті (Қазақстаннан өкіл - проф. Е.Қайыржанов). Онда криминология ғылымындағы өзекті мәселелер мен әр түрлі жаңашыл көзқарастар талқыға ұсынылған. Соның бірі - криминологияны қылмыстық-құқықтық циклдағы салалардың методологиясы, үйлестірушісі ретінде қарастыру.

2-ші дәріс.

2-ші тақырып. Қылмыстылық түсінігі нысандары және оның даму тенденциялары.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері.

2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері.

3. Латентік қылмыстылық.

Негізгі ұғымдар: Қылмыстылық, қылмыстың қарқындылығы, қылмыстың динамикасы, қылмыстың құрылымы.

1. Қылмыстылықтың түсінігі мен белгілері. Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын.

Қылмыстылықтың мынандай белгілері бар:

- оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатым себебі – қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады.

- тарихи өзгермелі болатындыга қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше. Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық ерекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес). Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі «алғашқы түн» құқығын атауға да болады.

Қоғам (Қғ1) қылмыстылықты (Ққ1) туындатады да ол қоғамның өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады (Қғ2), соңғысы өз кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді (Ққ2), осылай жалғасып кете береді.

2. Қылмыстылықтың көрсеткіштері. Қылмыстылықтың мынандай көрсеткіштері бар: деңгейі, қарқындылығы, құрылымы, динамикасы.

Қылмыстылықтың деңгейі дегеніміз белгілі бір мемлекетге белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың абсолюттік саны. Мысалға, Қазақстан Республикасында 1960 жылы - 29 426 қылмыс жасалса, 1970 жылы ол деңгей 56 164-ке көтерілген, 1980 жылы 76 517 болса, 1990 жылы 148 053, 2000 жылы 150 790 болған.

Жыл-дар

Қылмыстылық деңгейі

Жыл-

дар

Қылмыс тылық деңгейі

Жыл-дар

Қылмыс тылық деңгейі

Жыл-дар

Қылмыс тылық деңгейі

Жыл-дар

Қылмыс тылық деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1960

29426

1969

52567

...

1978

70140

1987

98023

1996

183977

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Ю

1966

49065

1975

61217

1984

99171

1993

206006

2002

135151

1967

49357

1976

62748

1985

103587

1994

201796

1968

53090

1977

61886

1986

99417

1995

183913

Қылмыстылықтың қарқындылығын коэффициент арқылы анықтауға болады. Коэффициенттің өзі де фактіге қатысты, қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты және сотталғандарға қатысты деп үш түрлі бола алады. Мысалға, фактіге қатысты коэффициент (Кф) былайша есептеліп шығарылады:

Бұл формуладан біз әрбір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келгендігін көресіз. Мысалға, 1993 жылы қылмыстылық деңгейі ең шарықтау шегіне жетті, яғни 206 006 қылмыс жасалды, демек оның коэффициентін есептесек,

яғни 1993 жылы әрбір он мың халыққа 121 қылмыс фактісінен келді. Ал 2002 жылы болса 135 000 қылмыс жасалды, яғни

демек, 2002 жылы әрбір он мың халыққа 96 қылмыс фактісінен келген. Бұл 1993 жылға қарағанда (Қазақстандағы қылмыстылық деңгейінің ең жоғары дәрежеге көтерілген жылы) 2002 жылы қылмыстылықтың қарқындылығы әлдеқайда төмен дәрежеге түскен. Ал формуланың бөліміндегі 1993 жылы 17 млн. тұрып, 2002 жылы 14 млн.-ның тұруы халық санының өзгеруімен түсіндіріледі. Халық саны демекші оның өзін екі түрлі есептеуге болады. Біріншіден, коэффициент шығару есебі барлық халыққа жүргізіледі, екіншіден, тек қама қылмыстылық жасына жеткен халық арасындағы есеп. Ол үшін жалпы халық санынан он төрт жасқа жетпеген адамдардың саны алынып тасталады. Есептің олай жүргізілетін себебі - алғашқысы қаншалықты қоғамның қылмыстылықпен уланғандығын білдірсе (өйткені, он төртке дейінгі тұлғалар да қылмыс жәбірленушісі бола алады), соңғысы қылмыстылық жасындағы адамдардың қаншалықты криминогендік асқынғандығын көрсетеді.

Коэффициенттің екінші түрі тұлғаға қатысты. Аталмыш коэффициентті анықтау барыснда да дәл осындай формула қолданылады, бірақ жасалған фактілер санының орнына қылмыс жасаған тұлғалар саны тұрады. Мысалға,

Егер алғашқы есеп, әр бір он мың халыққа қанша қылмыс фактісінен келеді дегенді білдірсе, бұл есеп сол жылы әрбір он мың халықтың қаншасы қылмыс жасаған дегенді білдіреді.

Қылмыстылықтың құрылымы — бұл белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт аралығында жасалған барлық қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыстылық түрінің үлес салмағы және қылмыстар санының арақатынасы. Оны есептеудің де формуласы бар:

Бұл жердегі: Ққ - қылмыстылықтың құрылымы; Қт-нақты қылмыстылықтың түрі; Қб — барлық қылмыстылық саны; ал 100 дегеніміз процентті анықтаушы көрсеткіш.

Мысалға, 1999 жылы ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы 48,6% болса, керісінше кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардың салмағы 51,4%; 2000 жылы осындай есеп 48,5% (ауыр мен аса ауыр) және 51,5% (кішігірім және орташа) болса; 2001 жылы - 53% те 47%; 2002 жылы — 51 % те 49 % болған, демек соңғы екі жылда барлық қылмыстылық санында ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлес салмағы артқан. Не болмаса 1998 жылы кісі өлтіру қылмысы - 2531 болса, пайдақор-зорлықшыл қлмыстар (бандитизм, қорқытып алушылық, тона у, қарақшылық) – 132858, ал Есірткімен байланысты қылмыстар - 18 676 болды, қалған қылмыстар өзге қылмыстар десек, бұл да құрылымы, бірақ одан ешқандай да заңдылық жоқ. Заңдылықты олардың үлес-салмағын анықтағанда болады (1-суретті қараңыз).

1-сурет. Қылмыстылықтың 2002 жылғы құрылысы

Заңдылық сол сияқты, жалпы қылмыстылықтағы жеке қылмыстардың үлес салмағының өзгеруін (қозғалысын) анықтағанда байқалады. Мысалға, төменде көрсетілген қылмыстардың соңғы бес жылдағы үлес салмағы мен олардың өзгеруін былайша көрсетуге болады (2-суретті қараңыз):

Жыл-

дар

Кісі өлтіру

Үлес сал-мағы

Пайда-қорлық-зорлықшыл қылмыстар

Үлес сал-мағы

Әйел жы-нысты адамды зорлау қылмысы

Үлес сал-мағы

Барлық қылмыс

саны

2001

2160

1.41%

10895

8,47%

1516

1%

152168

2002

1967

1,45%

11856

8,76%

1298

1%

135151

2-сурет. Қылмыстылықтың құрылымы мен құрылымының динамикасы

Қылмыстылықтың динамикасы — белгілі бір кезеңдегі қылмыстылықтың деңгейі мен құрылымының өзгеруі, оның қозғалысы. Динамиканы анықтауға байлынысты үш түрлі есеп ;жүргізуге болады:

1) ағымдагы талдау - 1 жылға жүргізілетін есеп;

2) жүйелік талдау - жыл сайынғы, бесжылдық сайынға, онжылдық сайынғы қылмыстылықтың қозғалысын анықтау;

3) қылмыстылықтың мерзімдік өзгерістерін талдау.

Осы үш түрлі есеп мынандай үш түрлі әдіспен жүзеге асады: базистік, жалғаспалы, интервалдарды біріктіру әдісі.

Базистік әдістің негізгі ерекшелігі басқа барлық жылдардың көрсеткіштері бір жылдың ғана көрсеткішімен салыстырылады және сол салыстырылушы (базис) жылдың көрсеткіші 100 пайыз деп алынады. Сол жылмен салыстыра отырып есеп жасағанда артып кетсе тек қанша процентке артып кеткендігі " + „ таңбасы қойыла отырып жазылады, ал керісіншс болса "-„ таңбасы қойыла отырып жазылады.

Келесі жалғаспалы әдіс алдыңғы әдіске ұқсайды, дегенмен, бұл әдісте бір ғана жыл базис дсп алынбайды, оның орнына үнемі алдынғы жыл алынып отырады.

3. Латентік қылмыстылық. Латенттік қылмыстылық дегеніміз әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалған қылмыстардың жиынтығы. Ол латынша latens сөзінен шыққан, ол жасырын дегенді білдіреді. Мысалға теңізде қалқып жүрген мұзарттың (айсберг) су бетінде бізге көрініп жүрген бөлігінен су асты көрінбейтін бөлігі әлдейқайда көлемді болады. Криминология дәл осындай Архимед ашқан физикалық заңдылыққа бағынбаса да қылмыстылық мәселесі туралы осы бір заңдылықты мысал ретінде келтіруге болады. Өйткені қылмыстылықтың көрінетін бөлігінен де жасырын бөлігі (латенттік) көлемді болып келеді.

Мысал үшін неміс ғалымы К.Майердің жүргізген зерттеуі бойынша анасының өз баласын өлтіруі фактісі бойынша оннан бірі ғана құқық қорғау органдарына мәлім болады, ал заңсыз аборт жасау 1/100; қарапайым ұрлық - 1/20; ірі мөлшердегі ұрлық - 1/8; тонау - 1/5; алаяқтық - 1/20 т.б.

Латенттік қылмыстардың екі түрі бар: жасырын (табиғи) және жасырылған (жасанды). Алғашқысы табиғи жолмен әр түрлі себептермен құқық қорғау органдарына хабарланбағандар. Мысалға, есік алдындағы ұрланған нәрсеге «садақа» деп ешкімге жүгінбеу. Ал соңғысы құқық қорғау органдарына хабарланғанымен де осы органдардың қызметкерлерінің өз қолымен жасырылған қылмыстар. Оның да себептері әр түрлі болуы мүмкін: өзінің жақсы жұмыс істейтіндігін көрсетіп қылмыстылықтың ашылу көрсеткішін жоғарылату үшін, жеңіл-желпі қылмыстарға бола әуре болмас үшін шағымды тіркемей қою, қызметкерлердің пара алуынан қылмыс туралы із-түзсіз жоқ қылу т.б. Осы соңғысы теңіз бетіне қалқып шыққысы-ақ келеді, бірақ құқық қорғаушылар күштеп төмен басады.

Кейбір авторлар үшінші бір латенттік қылмыстылықтың түрін ұсынады — ол дәлелденбей қалуына байланысты қысқартылған істер. Бірақ мұнымен келісе қою қиын. Себебі бұл бәрібір зерттеледі, қылмыстылықтың жалпы картинасын анықтауға сеп болады. Латенттік қылмыстықтың мәнін аша кету керек. Оның мәні құқық қорғау органдарына хабарланбай қалғанында емес. Әңгіме хабарланған күнде де зерттеуден тыс қалғанында. Оның назардан тыс қалуы қылмыстылықтың жалпы картинасын бұрмалайды. Өмірде шын мәнінде 100% қылмысқа біз есеп жасап, сақтануымыз, алдын алуымыз, жоспар құруымыз қажет болса, латенттік қылмыстылықтың кесірінен оның бір бөлшегін ғана (мысалға 40%) зерттеп қорытынды жасаймыз. Ал бөлшек бүтіннің заңдылығын қашанда бере бермейді.

Жасалып жатқан қылмыстардың бәрі бірдей мөлшерде жасырылуға қабілетті. Латенттілік деңгейіне қарай қылмыстар үшке бөлінеді:

4-сурет. Қылмыстылық пен латенттік қылмыстылық туралы эллюстрация

1.Минималдық (төменгі) латентті қылмыстар (кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, ауыр дене жарақатын салу т.б.);

2.Орташа латентті қылмыстар (ұрлық, зорлау т.б.);

3.Максималдық (жоғары) латентті қылмыстар (парақорлық, броконерлік, заңсыз аборт жасау, соз ауруларын жұқтыру).

Ал Т.К.Щеглованың басшығында 20 ғылыми қызметкерлер мен практиктердің қатысуымен зерттеу нәтижелері төмендегідей: ұсақ талан-тараж — 85-90%, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу — 80-85%, тұтынушыларды алдау — 60-75%, алаяқтық - 40-60.

Қанша жасырын болса да дұрыс шешім қабылдау үшін өмірдегі қылмыстылықтың жалпы деңгейінен шамамен болса да хабардар болу керек. Сол себепті латенттік қылмыстылықты да зерттеулің әдістері бар. Солардың ішінде кең тарағандары: анонимдік анкеталар, құжаттарды талдау, сараптамалық баға, байқау т.б.

Анонимдік анкета әлеуметтік сұраунаманың бір түрі, бірақ оның өзгелерінен ерекшелігі - ешкімнің аты-жөні айтылмайтындығы.

Ал құжаттарды талдау әр түрлі болады. Мысалға, қылмыстардың ауырлығына қарай жасалуында да заңдылық бар, айталық, аса ауыр қылмысқа қарағанда ауыр қылмыс көбірек жасалады, ал соңғысына қарағанда орташа ауырлықтағы қылмыс, орташаға қарағанда кішігірім ауырлықтағы қылмыс көбірек жасалады. Яғни бұл заңдылық пирамидаға ұқсайды (5-суретті қараңыз).

5-сурет. Қылмыстардың ауырлығы мен санына қатысты пирамидаға ұқсас пропорция

Егер де ауыр қылмыс көп болып орташа ауырлықтағы қылмыс саны одан аз болса, орташа ауырлықтағы қылмыстардың латенттілігі туралы күдіктенуге болады. Мысалға, Қазақстанда 2002 жылы жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны — 69042 болса (жалпы қылмыстылықтың 51%-і), кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар саны — 66109 (жалпы қылмыстылықтың 49%-і). Өмірде де осылай болуы, яғни өмірде кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстардан ауыр және аса ауыр қылмыстардың көп жасалуы мүмкін емес. Демек, 2002 жылы Қазақстан жерінде орташа және кішігірім ауырлықтағы қылмыстар латентті болған.

Не болмаса, азаматтық істер бойынша статистикалық мәліметтермен де салыстырып құжаттарды талдауға болады, айталық ауданда ар-намысты қорлауға байланысты мың талап қойылған болса, қорлау қылмысы бойынша небәрі екі-ақ қылмыстық іс қозғалған.

Яки бұқаралық ақпарат құралдарына да контент-талдау жүргізіп, олардағы қылмыстар туралы хабарлар саны мен оларға байланысты қозғалған істердің пропорциясын зерттеу нәтижесінде де жасырылған қылмыстардың шетін көруге болды. Әйткені Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабының 1 -бөлігінің 4 тармағы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар қылмыстық істі қозғаудың бір себебі болып табылады.

Латенттік қылмыстылықты зерттеудің өзге де әдістері бар, оларға криминологиялық зерттеулердің әдістерін қарастыру барысында тоқталуға тырысамыз.

Қалай болған күнде де латенттік қылмыстылықты жалпы қылмыстылықтың бір бөлшегі екендігін ұмытпаған жөн.

Сонымен, жалпы қылмыстылықтың қоғамға қауіптілігіне тоқтала кетсек, ол:

- әлеуметтік дамуды және экономикалық өзгерістерді тежейді;

- әлеумсттік құрылымдардың қалыпты жұмысын бұзады (дезорганизация);

- әлеуметтік институттардың функциясына ықпал етеді;

- әлеуметтік тыныштықты бұзады;

- сенімсіздік, қорқу, үрейлену сезімін туғызады;

- адамдардыи көңіл күйіне, өміріне, жұмысына салқынын тигізеді;

- өзінен өзі туындап отыруға қажетті: өзгелерге «жұқтырады» тартады;

- елеулі материал және өзге де ресурстық шығындар кетеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуына байланысты күш жұмсауды талап етеді.

3-ші дәріс.

3-ші тақырып. Қылмыстылық себептері.

Дәріс жоспары:

Дәріс жоспары:

1. Детерминация түсінігі.

2. Қылмыстылықтың себептері туралы негізігі теориялар.

3. Теориялар жүйесі.

Негізгі ұғымдар: Детерминация.

1. Детерминация — латынның determinare (анықтау, айқындау) деген сөзінен шыққан. Яғни дереминация — ол айқындау, анықтау процесі. Дүниедегі барлық құбылыстар, процестер бірі біріне тәуелді: бір құбылысты пайда болуы, дамуы, жойылуы өзгелеріне тікелей байланысты, соңғысының тағдырын алғашқы құбылыстар айқындайды. Детерминизмнің негізгі мазмұнын себептілік құрайды. Дүние үлкен бір тізбекке бағынышты, әлбетте осы тізбектің қалай түзілуіне адамның қомақты үлесі бар. Ломоносов айтпақшы, ештеңе де жоқтан пайда болмайды, пайда болған нәрсе өмірде бар молекулалардың қосылысы, ажырауы нәтижесінде өмірге келеді.

Детерминация процесі тек қана себептілік байланысын білдірмейді, сонымен қоса байланыстың өзге нысандарын да білдіреді: функционалдық, статистикалық тәуелділік, жағдайлардың тәуелділігі, т.б.

Себептілік детерминизмнің негізгі мазмұнын құрайды. Дүниеде себепсіз салдар болмайтыны да ақиқат. Әрбір салдар үлкен тізбектегі басқа салдардардың себебі болып табылады. Сонда себептің салдарға айналу механизмі қандай?

Жалғыз себеп салдарды туындатпайды, ол үшін себептердің қажетті кешені керек. Себептердің саны мен маңызы қажетті кешенге жақындаған сайын салдар туындау ықтималдығы да арта береді. Ықтималдақтың ең шарықтау шегі қажеттілік болып табылады.

2. Қылмыстылықтың себептері туралы негізгі теориялар.

1. Биологиялық теориялар. Жоғарыда аталғандар теориялардың ішінде антропологиялық (биологиялық терияның айқын көрінісі) зерттеулердің қоғамдық жаңғырығы да қатты шықты. Тіпті, оның атын М.Әуезовтың "Абай жолынан,, қаладан келген Әбіш пен Абайдың әңгімесінен де кездестіруге болады.

Қылмыстылық мәселесі бойынша антропологиялық мектептің негізін қалаушы — австриялық френолог Галль (1758-1828) болатын (1825 ж.). Ол қылмыс жасайтын тұлғаларды үш топқа бөлді:

- қылмыскерлер, яғни тумысынан болатын қылмыскерлер, әйтпесе олардың ішкі рухы мықты және анау-мынау үгітке көне бермейді. Олар қылмыс жасаса біреудің айтауымен емес, өз қалауымен жасайды және ішкі қасиеттерін қаласа заңмен ғана емес, одан жоғары идеалдармен сәйкестендіре алады.

- табиғатынан жұрдай боп туғандар, яғни ішкі рухы жоқ, тек қылмысты біреулердің азғыруымен, итермелеуімен жасайды.

- жоғарыда айтылған екеуінің арасындағы дұбара адамдар. Оларға табиғат жақсы мен жаманды қатар берген, олардың қылмыстық жолға түсуіне сьгртқы ортаның үлесі зор.

Ары қарай криминологияның тарихында антропологиялық мектептің өкілі ретінде түрме дәрігері, Турин Университетінің профессоры Чезаре Ломброзо (1835-і909ж.ж.) келді.

Ол алғашқы күндерінен бастап "қылмыскер қылмыскер боп туады,, деп жар салды. "Желтоқсанның бір түнерген күнінде мен каторжниктің бас сүйегінен төменгі сатыдағы омыртқалыларында болатын белгілерге ұқсайтын атавистік ауытқушылықтардың сериясын аңғардым... Осыншалықты айқын ауытқушылықтарға кез сала отырып маған бір сәуле қара түнекті көкжикке шейін жарыққа бөлегендей болды — мен қылмыскерлердің мәні мен пайда болуы проблемасы мен үшін шешілгенін ұғындым... - деп бастайды ол өзінің "Қылмыстық адам туралы,, деп аталатын көп томдық еңбегін (1871-1876ж.ж.).

Галльге қарағанда Ломброзо өз идеясына берілген, сондай-ақ өте еңбекқор адам болып шықты. Отыз жылдан аса жүргізген зерттеуінде ол он бір мыңнан аса қылмыскерді зерттеді. Тіпті, өліп қалса да атағы шыққан мыңдаған кәнігі қылмыскерлердің қабірін қазып алып сүйектерін өлшеді. Жаңадан қайтыс болған қылмыскерлердің сүйектерін өлшеп қана қоймай, ішкі органдарының салмағын өлшеп, олардың түсін де жазып алды.

Ломброзо қылмыскерлерге «Сендер арғы жануар-аталарыңның қасиетін алып туғандарыңа кінәлі емессіңдер» деп басу айтты, бірақ «Бізді де кінәламандар, өйткені сендердің тұла бойларында баяғы жануар аталарың үнемі жаңғырып тұрады, осы кездерде тәртіптен ауытқып, қылмыс жасап бізге зақым келтірулерің мүмкін. Сондықтан, өзіміздің қауіпсіздігімізді қорғау үшін біз сендерді бостандықтарыңнан айруға мәжбүрміз» - деген болатын.

Ломброзо қылмыскерлердің негізгі үш типін қарастырыды:

1) кісі өлтіргіштер - қанталаған салқын көзді, төмен тартқан қошқар мұрында болып келеді;

2) ұрылар - көзі мен қолы сұғанақ, қысық көзді, сирек сақалды қисық мұрын;

3) зорлықшылар — жарқыл көзді, ат жақты, ерні дүрдиген нәзік денелі боп келеді.

Әрине, Ч.Ломброзоның тұжырымдары жұрттың бәріне бірдей ұнаған жоқ.

Әлемнің әр түкпірінен оған қарама қарсы зерттеулер де жүргізіліп жатты.

Ағылшын ғалымы Ч.Горингтің басқаруымен үш мың қылмыскерлер мен қарапайым адамдар (соның ішінде студенттер де бар) зерттеліп олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ екендігін анықтады.

Дегенмен, оның тікелей шәкірттері Энрико Фэрри (1856-1934) мен Рафаэль Гарофалло (1852-1934) (ең алғаш «Криминология» атты еңбек жазушы) ұстаздарынан гөрі әлеуметтік факторлардың адамды қылмыскер ететіндігіне сенімді болды.

Сөйтіп, отыз жылдан аса зерттеу жүргізе келе кейіпкеріміз өз көзқарасын аздап өзгертті. Өмірінің соңғы жағына қарай жарыққа шығарған кітабында ол бұрынғыдай "қылмыскер боп тек қана туады„ деп жар салмай қылмыскер болуға көптеген факторлар әсер етеді деп илікті. Ол он бес факторлардың тізімін көрсетті, бірақ соның біреуі «тумысынан болатын қылмыскер» деп әуелогі идеясынан мүлде бас тартқан жоқ.

Теріс нәтиже 1-ден ол да нәтиже. Және оны Ломброзо ешкім қайтып оралмайтындай етіп жеткіліктіден де жеткілікті дәрежеде (11 000 адам) зерттеп дәлелдеді.

Екіншіден, Ч.Ломброзоның идеясы мен жасаған еңбегі қылмыстылықтың себептері мен оның алдын алудағы ең алғашқы және ешкімге жалтақтамаған батыл қадам болды. Көптеген криминологияның пайда болуына үлес қосқан зерттеу жұмыстарына Ломброзоның сөзі мен еңбекқорлығы түрткі мен қамшы болғаны анық. Ломброзо олай демесе де криминология пайда болар еді, бірақ оның еңбегі жай ғана емес, қомақты еңбегі осы процесті бірнеше жылға жеделдеткені хақ.

Не болмаса, тіпті, неоломброзианство деген ағымның бар болуының өзі де көп нәрсені аңғартқандай.

2. Генетикалық теориялар. Бұл теориялардың екі ағымы бар: бірі "қылмыстық ген„ деп аталса, келесісі "артық хромосома,, деген айтарға ие.

Қылмыстық ген теориясын арнайы теория болмай тұрып-ақ та қазақ арасында кең тараған, яғни қылмыскер гендік ақпаратын алған ата-аналарында (не одан да бұрынғы тегінде) шартты түрде "қылмыстық,, деп атауға болатын ген болады.

Қылмыстық генмен туған адам қылмыскер боп кету шансы көбірек ал қарапайым адамның ондай шансы азырақ. Немесе керісінше, яғни қылмыстық гені жоқ адамдар да қылмыскер бола береді.

Осыған байланысты зерттеушілер "егіздер әдісі,, деп аталатын криминологиялық әдіс қолданған, яғни 249 жұп біржұмыртқадан, 264 жұп екіжұмыртқадан ұрықтанған егіздерді зерттеген. Нәтижесінде — егер де осы жұптардың біреуі қылмыс жасаған болса, 62,6 % жағдайиа екінші сыңарлары қылмыс жасаған. Олардың ойынша тұқым қуалаушылық факторының ықпал ету үлесі 75-80 % те, сыртқа ортаның ықпал ету үлесі 20-25%.

Генетикалық теориялардың келесі ағымы "артық хромосама„ туралы. Оның негізін қалаушы американ биологы Морган Томас Хант (1866-1945 ж.ж.). Осы ағым бойынша қарапайым адамда 23 жұп, яғни 46 хромосома болатын болса, кейбір генетикалық тұрғыдан ауытқып туғандарда артық 47-ші хромосома болады. Осындай адамдардың үлесі қылмыс жасамаған адамдарға қарағанда қылмыс жасағандардың ішінде 80 есе көп.

3. Психологиялық теориялар. Қылмыстылықтың себептері туралы психологиялық теориялардың да екі ағымы бар: бірі — психопатиялық ағым, келесісі — психоаналиткалық.

Психопатиялық ағымның негізін қалаушы неміс психиатры Курт Шнейдер өз еңбегінде (1923 ж.) психопаттардың он типін бөліп, оның кем дегенде жетеуі қылмыс жасауға бейім деп есептейді. Келесі бір неміс психиатры Кречмер Эрнест (1888-1964) антропологиялық көзқараспен де қабыса кететін психикалық жағынан гөрі сыртқы жағы көзге түсетін психопаттардың төрт типін келтіреді. Ю.М.Антонянның ойынша зорлықшыл қылмыскерлердің арасында психопаттардың үлесі 30%-ті құрайды.

4. Социологиялық теориялар негізінен ХVІІІ - XIX ғ.ғ. аралығында қалыптасты.

Утопиялық социализмнің негізін қалаушылар Томас Мор (1478-1535) біреулердің кедейшілігі мен екіншілердің паразиттік өмірінің қылмыстылықпен бірлікте екендігін атаса, Томазо Кампанелла (1568-1639) да осы текте көзқараста болып қоғамды "әділдік пен теңдік,, принципіне сүйеніп қайта құрмаса, ештеңе өзгермейтіндігіне меңгейді. Ж.П.Марат (1743-1793), А.Н.Радищевтер (1749-1802) қылмыстылықтың себептеріне адамды адамның қанауынан, қоғамдық құрылыстан көреді.

Социал-утпоистер Сен-Симон (1760-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Роберт Оуен (1771-1858) - жеке меншіктің пайда болуы мен әділетсіздікті қылмыстылықтың негізгі себебі деп біледі.

Неміс криминалисті Ф.Лист (1851-1919) тек қана экономикалық факторлар ғана емес, қылмыстылыққа соғыс, алкоголизм, кейбір дәстүрлер, әдет ғұрыптар, жезөкшелік, кейбір тәрбие кемістіктері де үлес қосатынына назар аударды.

К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельс (1820-1895) таптар арасындағы күрес, кедейшілік және осының шиеленісуі нәтижесінде туындайтын антогонистік көзқарасты қылмыстылықтың себептеріне саяды. Осы идеяларды әрі қарай жалғаушы болғанмен де ВЛениннің (1870-1924) өзіндік "тума дақтар,, (родимые пятна) теориясы да бар, яғни тума дақтар адам денесінде емес, санасында. Қанша жаңа қоғамдық қатынастарға икемделем десе де адам бұрынғы феодализм немесе капитализм кезінде қалыптастырған көзқарастары мен мінез-құлқынан арыла алмай қалады.

3. Қылмыстылықтың себептерін топтастыру. Әр түрлі критерий бойынша қылмыстылық себептерін топтастыруға болады. а) себептердің жинақталып қорытылуына қарай:

1) барлық қылмыстардың (жалпы қылмыстылықтың) себептері (философиядағы «жалпы» катеориясына сәйкес келеді);

2) қылмыстылықтын жекелеген түрінің себептері (мысалға, меншікке қарсы қылмыстардың немесе кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері, бұл философиядағы «ерекше» катеориясына сай келеді);

3) жекелеген қылмыстардың себептері (мысалға, ұрлықтың себептері, бұл методологияның «бөлек» катеориясына сай).

ә) қылмыс жасау механизміне ықпал етуіне қарай:

1) себептер;

2) жағдайлар.

Олардың ең басты айырмашылығы әсер ету пәрменінде: себеп — салдарды туындатады, ал жағдай — туындатпайды, бар болғаны оның туындауына жәрдемдеседі, қолтықтап демейді. Себептерсіз құр өздері қалса, салдарды туындату қабілетінен айырылады.

б) адам санасы мен еркіне бағыныштығына қарай:

1) объективтік себептер (адам санасы мен еркіне бағынбайтын);

2) субъективтік себептер (адам санасы мен еркіне тікелей бағынышты);

3) объективтік-субъективтік себептер (объективтік өмірдің де, субъективтік факторлардың да үлесі бар себептер).

в) мазмунына қарай әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық т.б. деп бөлінеді.

4-ші дәріс.

4-ші тақырып. Қылмыскердің жеке басы.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы.

2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы.

Негізгі ұғымдар: қылмыскер типологиясы.

1. Қылмыскер тұлғасының түсінігі мен құрылымы. Қылмыскердің тұлғасы дегеніміз - қылмыс жасаған тұлғаны сипаттайтын және оның қылмыстық мінез-құлқына ықпал ететін әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, адамгершілік, құқықтық қасиеттердің, белгілердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Ол адамның әлеуметтік беті. Қылмыстың жалпы субъектісі үшін бар болғаны адам болуы, жасы толуы және есі дұрыс болуы деген сияқты үш белгі жеткілікті, ал қылмыскер тұлғасын сипаттау үшін оның бала күнінен бастап бойына сіңірген барлық қасиеттерін адақтап шығу керек. Тіпті, қылмыс субъектісінің тұлғасы десек де қателеспейміз. Біреуді бойы ұзын деп жақсы көрсеңіз — ол биологиялық қасиеті, енді береуді ақылды деп сыйласыңыз — ол психологиялық-интеллектуалдық қасиеті.

Қылмыскердің тұлғасы оның анықтамасымен тығыз байланысты. Құрылымға байланысты мәселе тек тұлғаны сипаттаушы қасиеттерді топтастыруда ғана. Осыған қатысты да әр автор өзінше кесте жасайды. Мысалға, Н.Ф.Кузнерцова қылмысертің тұлғасының құрылымын былайша түзеді:

Қалай?

Кім?

Неліктен?

Әлеуметтік рөлдік қасиеттері

Әлеуметтік-демографиялық қасиеттері

Әлеуметтік-психологиялық қасиеттері

Қылмыскер

Құқық бұзушы

Еңбеккер

Отағасы

Белгілі бір топтардың мүшесі

Жынысы

Әлеуметтік тапқа жатуы

Материалдық жағдайы Азаматтығы

Жан саулығы

Құқықтық психология Еңбек психологиясы Тұрмыстық психология Адамдармен қарымқатынас психологиясы

Өзін өзі бағалау

Яғни, әлеуметтік рөлдік қасиеттері «Қалай қлмыс жасады?» - дегенге берсе, әлеуметтік-демографиялық қасиеттері «Кім қылмыс жасады?» - дегенге, ал әлеуметтік-психологиялық қасиеттері «Неліктен қылмыс жасады?» - деген сұраққа жауап береді.

Қылмыскер тұлғасының құрылымына байланысты өзгеден оқшаулау ойды Б.В.Волженкин білдіреді:

1) қоғам мүшесі ретінде жалпы белгілері;

2) барлық қылмыскерлерге тән, бірақ қарапайым азаматтардан өзгеше белгілері;

3) сол қылмыскерді ғана сипаттайтын жеке-дара белгілері.

Ю.М.Антонян қылмыскер тұлғасын құрайтын қасиет-белгілердің жалпы схемасын былайшы көрсетеді:

Мінездік қасиеттер және өзге де психологиялық ерекшеліктер

Адамгершілік ерекшеліктері мен бағдарлары, адамгершілік ұстанымдары

Кәсібилігі, іскерлігі, білімі

Өзі туралы ойы, өзіне көзқарасы

Қоршаған орта туралы ойы, оған деген көзқарасы

Жынысының, жасының, денсаулық жағдайының әлеуметтік аспектілері

Биологиялық фундамент (іргесі)

2. Қылмыскер тұлғасының типологиясы. Қылмыскер тұлғасын, жалпы қылмыскерлерді әр түрлі критерийлер бойынша жіктеуге болады.

а) жүргізілетін статистикалық есеп бойынша олар:

1) әлеметтік — демографиялық белгілеріне байланысты: жынысына қарай; жасына қарай; біліміне қарай бөледі.

2) әлеуметтік жағдайы мен айналысатын ісіне қарай: жұмысшылар, қызметкерлер, оқушылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер т.б.

3) тұрғылықты жері мен тұратын уақытана қарай: ауыл, қала тұрғыны, босқын, мигрант, переселен т.б.

4) қылмыстық әрекетінің қарқындылығы мен сипатына қарай: қайталанған, рецидив (арнайы, аса қауіпті); топта, ұйымдасқан топта қылмыс жасаушы.

5) қылмыс жасау кезінде қылмыскердің болған жай-күйіне қарай: мас күйінде, есірткі қабылдап қылмыс жасаушылар деп бөлуге болады.

2) зорлықшыл қылмыскерлер;

3) пайдакүнем қылмыскерлер;

4) нәпсіқұмар қылмыскерлер;

5) қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыскерлер;

6) абайсызда қылмыс жасаушылар.

б) Жасаған қылмысынық түріне қарай: 1) ұрылар; 2) қарақшылар; 3) кісі өлтіргіштер; 4) алаяқтар т.б. деп топтауға болады. Ал олардың өзі де ары қарай бөлшектене алады. Мысалға, ұрылардың өзін де жеке қасиеттері мен «мамандығына» қарай былай деп бөледі:

1. «Медвежатниктер» — сейфті не өзге құлыпты ашып ақша ұрлайтындар;

2. «Қалташылар» — қалтаға, сөмкеге т.б. түсіп мүлік ұрлайтындар;

3. «Үйшілер» — пәтерлерге, үйлерге заңсыз кіре отырып ұрлайтындар;

4. «Дүкеншілер» - дүкендерге түсетіндер;

5. «Айдаушылар» немесе «Қуып кетушілер» — автокөлікті талан-тараждау мақсатында айдап кетумен айналысатындар;

6. «Клюквеншілер» — антиквариат болып табылатын құнды заттарды ұрлаушылар және тағы да басқалар.

7. Осыларға біздің «Барымташыларды» да (мал айдап кетушілер) қосуға болады.

Қылмыскердің тұлғасын анықтауда, топтауда ескертуге тұрарлық жәйт, ол — оның ұрлыққа әуестігінен туындаған психологиялық тәуелділігі. Ондай тәуелділікті - клептомания деп атайды, яғни ұрламаса, тұра алмайтын жағдай. Оған ұрлаған заты қажет емес, тек ұрлау процесі ләззәт береді.

«Қалташылар» қылмыс жасау тәсіліне қарай былайша топтастырылады:

а) «технарлар» — арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, киімді, сөмкелерді, портфельдерді кесу арқылы ұрлық жасайтындар;

ә) «ширмачтар» немесе «қалқаншылар» - әртүрлі заттармен (сөмке, гүл шоғы, киім) қолды көрсетпей қалқалап тұрып ұрлық жасайтындар;

б) «балықшылар» - ұрлықты арнайы дайындалған ілгешектердің көмегімен жасайтындар,

в) «хирургтар» — пинцеттің көмегімен, әсіресе қол жетпейтін қиын жерлерде ұрлық жасайтындар;

г) «шымшуырлар» — арнайы егелген монетаның көмегімен сөмкелерді тіліп ұрлайтындар;

д) «сілкушілер» немесе «сырғытушылар» — мылқаулардың арасында көп тараған бір затты нақты дәл қимылымен итеріп жіберу арқылы ұрлайтындар. Мысалға, кеңістік мемлекетте ет комбинаттарында бақылаушының көзін ала беріп, тез ет кесіп алып, басқа жерде арнайы дайындалып қойған полиэтилен пакетіне не қапшыққа дәл лақтыру жолымен ет ұрлайтындар болған.

ж) «сөмкешілер» — арнайы құралдарсыз-ақ сөмкелерден зат ұрлайтындар.

в) тұлғаның криминогендік асқыну дәрежесіне қарай:

1) «кездейсоқ қылмыскерлер» — алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағандар;

2) «ситуативтік қылмыскерлер» — сыртқы жағымсыз жағдайлардың ықпалымен алғаш рет ауыр қылмыс жасағандар;

3) «тұрақсыз қылмыскерлер» - алғаш рет қылмыс, бірақ бұған дейін өзге құқық бұзушылық жасағандар;

4) «кәнігі қылмыскерлер» — бұған дейін бірнеше мәрте қылмыс жасап, бұрын сотталғандар;

5) «аса қауіпті қылмыскерлер» — бірнеше рет қасақана ауыр қылмыс жасағандар.

г) тұлғаның әлеуметтік бағытына қарай:

1) Кәсіпқой тип - өте қауіпті, қоғамға кері бағытта. Ерекшеліктері: құқықтық нигилизм, мәдениеттің төмендігі, қоғамға қарсы бағыты және криминогендік ситуацияны өзі жасайтындығы (кәсіпқой қылмыскерлер, аса қауіпті рецидивистер).

2) Әдеттегі тип - әлеуметтік-психологиялық қасиеттері тұрақсыз және қайшылыққа толы, жақсы мен жаманның, болатын мен болмайтынның арасын толық ажыратпаған, криминогендік ситуацияны өзі жасамайды, тек нақты өмірдегі ситуацияны пайдаланады.

3) Тұрақсыз тип - негативтік және позитивтік қасиеттері теке-тірес келетін қылмыскер.

4) Салақ тип - позитивтік бағыты басым, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормаларға салақтықпен қарайды. Қауіпті емес қасақана немесе абайсызда қылмыстар жасайды.

5) Кездейсоқ тип - позитивтік бағытта, негативтігі жоқ, құқықтық санасы тұрақты, тек қана нақты өмірлік ситуацияға байланысты қылмыс жасайды: аффект, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру т.б.

д) қоғамға қауіптілік деңгейіне қарай:

1) абсолютті қауіпті - серриялық кісі өлтіруші, соның ішінде, жалданып немесе жыныстық, не бірнеше адамды қатар өлтіруші.

2) аса қауіпті - конфликтілік жағдайларда кісі өлтіруші көп уақыт пайдакүнемдікпен қылмыс жасаушы. Бұған қылмыстық ұйымдардың басшылары да кіреді.

3) қауіпті - жеке адамға не қоғамдық тәртіпті бұза отырып, меншікке қарсы қылмыстар жасаушы, бірақ адам өміріне қарсы қылмыстарды емес.

4) қауіптілігі болымсыз - басқа қылмыскерлер.

5-ші дәріс.

5-ші тақырып. Қылмыстылықтың алдын алу.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары.

2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі.

3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері.

Негізгі ұғымдар: криминологендік жағдай.

1. Қылмыстылықпен күрес жүргізудің негізгі бағыттары. Қылмыстылықпен күрес - қылмыс пен қылмыстылықты туындататын себептер мен жағдайларға, қылмыс жасаған тұлғаларға ықпал ету. А.И.Долгованың пайымдауынша қылмыстылықпен күрес мынандай үш негізгі бағытты құрайды:

1. күрестің жалпы ұйымдастырылуы;

2. қылмыстылықтың алдын алу;

3. құқық қорғау қызметі.

Алғашқы қылмыстылықпен күрестің жалпы ұйымдастырылуы төмеңдегідей бағыттарды түзеді: а) қылмыстылықтың көріністерін тіркеуге, осы көріністерді зерттеуге, олардың себептері мен детерминациясын, бұған дейінгі жүргізілген қылмыстылықпен күрестің нәтижелерін зерттеуге және сәйкес мәліметтерді талдауға байланысты ақпараттық-талдау қызметі; ә) криминологиялық болжау (криминогендік құбылыстардың болашақтағы жәй-күйі туралы негізді тұжырымдар); б) қылмыстылықпен күрес жүргізудің стратегиясын, яғни мақсатқа жетудің тәсілін, күрес жүргізу өнерін, анықтау. Оны мемлекет кримогендік жағдайды, мамандардың ұсынысын, криминогендік болжау нәтижелерін салмақтай келе анықтайды. в) қылмыстылықпен күресті жоспарлау (ұзақ, орташа, қысқа мерзімге); г) қылмыстылықпен күрестегі заң шығармашылық; д) қылмыстылықпен күрестің бағдарламасын жүзеге асыру, оларды тиынақтау және осы жолдағы қызметті үйлестіру; с) қылмыстылықпен күреске байлалысты ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен дамыту.

Қылмыстылықпен күрестің келесі бағыты, яғни қылмыстылықтың алдын алу.

Ал үшінші бағыты (құқық қорғау қызметі) де мыналардан тұрады:

а) «жазалау» қызметі, яғни қылмыстарды ашуға, бұлтартпауға, тергеуге, қылмыс жасаған тұлғаларға қылмыстық жауаптылық шараларын және жаза қолдануға байланысты әрекеттер;

ә) құқық қалпына келтіруші қызмет, қылмыс арқылы бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге байланысты әрекеттер.

2. Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі. Қылмыстылықтың салдарымен күресуден гөрі себебімен күресу әлдеқайда тиімді. Қылмыстылықтың алдын алу құлашты кеңге сермейтін ауқымы кең шаралардың кешені. Ол тікелей қылмыстылықты ауыздықтауға бағытталған әрекеттерді де, тіпті, онымен жанама қатысты құбылыстарға да бағытталған шараларды қамтиды. Мысалға, мектеп бағдарламасына салауатты өмір салтын үйрететін «Валеология» пәні енгізілді, осы пән оны игерген мектеп оқушыларының соз ауруларымен байланысты қылмыстарды жасамауы мен оларды жасаушылармен күресуге жердем көрсететіні анық.

Кеңес криминологиясы курсының авторлары кең көлемді анықтама береді:

а) қылмыстылықпен күрес процесінде сендіру мен көндіруді үйлестіретін экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени-тәрбиелік, құқықтык заң шығарушылық сипаттағы жалпы мемлекеттік шаралар.

ә) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қылмыс жасалуының себептері мен жағдайларын анықтауға, оларды жоюға бағытталған шараларды қолдануға, қылмыстарды ашуға, тергеуге және сотта қарауға, қылмыскерлерді жазалауға, оларды түзеу мен қайта тәрбиелеуге, бас бостандығын айыру мекемелерінен босаған адамдардың мінез-құлқымын заңдылығын қадағалауға, сондай-ақ бас бостандығымен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғаларды немесе әлі қылмыс жасамаған, бірақ қоғамға қарсы не моральға жат қылық жасап жүрген тұрақсыз тұлғаларды тәрбиелеуге бағытталған қызметі.

в) нақты жағдай қажет еткен басқа да шараларды жүзеге асыру.

Криминологияда, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық циклдегі пәндерде қылмыстылықтың алдын алумен қоса, қылмыстың алдын орағыту, бұлтартпау, профилактика термиңдері қатар қолданылады.

3. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының түрлері. Олар кең көлемді болғандықтан да әр түрлі критерий бойынша топтастыруға болады. Ең алдымен тілге оралатыны - ол деңгейіне қарай топтастырылуы.

а) Деңгейіне қарай:

1) жалпы әлеуметтік немесе жалпы алдын алу; 2) арнайы алдын алу.

Алғашқысы оның тікелей қылмыстылықтың алдын алу үшін емес, басқа жалдпы әлеуметтік мақсаттарда, халықтың әл-ауқытын көтеру үшін жүргізіледі (жұмыссыздықты, кедейшілікті жою, қараусыз балалардың санын азайту т.б.).

Ал арнайы алдын алу болса, тікелей қылмыстылықпен күресуге бағытталады.

Жалпы әлеуметтік шаралардың белгілері:

- масштабтылығы; - кең қамтылатындығы мен жал жақты сипатқа иелілігі;

- өзара тәуелділігі; - тоқтаусыздығы; - түбірлілігі.

Арнайы алдын алу неғұрлым нақты мақсатқа бағытталған, кеңістік пен уақыт бойынша жинақталған.

ә) қолданылу масштабына қарап:

1) жалпымемлекеттік шаралар;

2) ірі-ірі әлеуметтік топтарға қатысты (нақты ұйымдарда, кәсіпорындарда немесе өзге әлеуметтік инститтар мен топтарда жүргізілетін шаралар кешені);

3) жеке-дара шаралар (нақты тұлғалар мен олардың жақын ортасына алдын алу сипатындағы шараларды қолдану).

б) мазмұнына қарай:

1) экономикалық; 2) саяси; 3) әлеуметтік; 4) ұйымдастырушылық-басқарушылық; 5) мәдени-тәрбиелік; 6) құқықтық және өзге де.

в) қолданылу сатысына қарай:

1) тікелей алдын алу, яғни тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін туындауы мүмкін жағамсыз жағдайларды жою, микроортаны сауықтыру т.б.;

2) қылмыс рецидивінің алдын алу, яғни бұған дейін қылмыс жасап, қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларға ықпал ету.

г) сатысына қарай (практикалық көзқарас бойынша):

1) профилактика, әлі қылмыс жасалу қаупі жоқ сәтінде шаралар қолдану. «Тұлғаның қылмыс жасау мүмкіндігін жою» деп келетін Г.А.Аванесовтың анықтамасымен келісуге болады;

2) қылмыстың алдын орағыту, яғни дайындалып жатқан немесе жоспары жасалып жатқан қылмыстың ары қарай дамуына кедергі жасау;

3) бұлтартпау, яғни басталып кеткен қылмысты аяғына шейін жеткізбеу.

Жалпы профилактика - қылмыстылықтың алдын орғыту мақсатында жасалған әлеуметтік өмірдің әр түрлі саласындағы қылмыстылықтың себептерін, жағдайларын және өзге де детерминанттарын анықтауға бағытталған, оларды жою (бейтараптандыру, тосқауылдау) үшін шараларды өңдеу мен қолдануға бағытталған қызмет. Жеке-дара профилактика — олардың мінез-құлқына барлау жасай отырып қылмыстың ажсалуын күтуге болатын тұлғаларды анықтауға, оларға және олардың қоршаған ортасына қылмыстылықтың алдын орағыту мақсатында ықпал ету. Виктимологиялық профилактика - қылмыс жасауға сеп болатын виктимдік мінез-құлықты қалыптастыратын факторларды, мәп-жайларды, ситуацияларды анықтауға, жоюға немесе бейтараптандыруға, жоғары деңгейдегі виктимділігі бар тұлғаларды анықтауға және олардың қорғану қасиетін арттыру мақсатында ықпал етуге, сондай-ақ қылмыстан және одан кейінгі виктимизациядан қорғану амалдарын өңдеу мен бұған дейін жасалған құралдарды жетілдіруге бағытталған әлеуметтік институттардың ерекше қызметі.

д) түбірлілік деңгейіне қарай:

1) криминогендік құбылыстар мен жағдайлардың туу мүмкіндігінен сақтандыратын (мысалға, жұмыссыздықтың болып қалу мүмкіндігінен сақтандыру: зауыт-фабриканың, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерін, филиалдарын ашу, күшейту); 2) оларды бейтараптандыратын, тосқауыл қоятын, минималдандыратын (мысалға, өмірде орын алып отырған жұмыссыздықтың қылмыстылықтың өсуіне ықпал етпеуін қамтамасыз ету: оларды өзге қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту); 3) оларды толығымен жоятын (мысалға, жұмыссыздықты сол аумақта толығымен жою: жабылып қалған жұмыс орнын қайта ашу).

6 – дәріс.

6-шы тақырып. Рецидивті қылмыстылық және оның алдын алу.

Дәріс жоспары:

1. Қылмыстық рецидив түсінігі.

2. Рецидивист қылмыскерлерінің сипаттамасы.

3. Рецидивист түрлері.

Негізгі ұғымдар: рецидив.

1. Қылмыстық рецидив түсінігі. Қылмыстық құқықтық рецидив – соттылығы жойылмаған тұлғаның жаңадан қасақаналықпен қылмысты жасауын айтамыз, яғни легальді рецедив. Сонымен қатар бұған қоса пенитенцарлы рецидив түсінігі кең қолданылады, яғни қылмыстық жазасын өтеп келген тұлғаның қылмыс жасауы.

Рецидивті қылмыстылық барлық қылмыстың «ядросы» болып табылады. Соның негізінде ұйымдасқан және кәсіби қылмыстықтың «кадрлары» даярланады. Рецидивтер анти әлеуметтік және қылмыстық әдеттерді белсенді түрде таратушылар. Рецидивистердің қылмыстық қызметі көбінесе қоғамға қауіптілігінің ауырлық дәрежесімен, қасақаналылығымен және қылмыстың ашылуына кедергі келтірумен сипатталады, Рецидивті қылмыстық динамикасы, құрылымы және деңгейі қылмыстардың саны мен сипатталады. Латантті қылмыстардың ішінде рецидив қылмыстылығының саны көп. Егер рецидив крсеткіштері алғашқы қылмыстылық деңгейінен төмен болса, нәтижесінде қылмыстағы оның үлесі өседі. Тіркелген рецидивті қылмыстың динамикасын зертегенде бұл мәселеге көңіл аудару керек, Рецидивті қылмыстың құрылымын зерттегенде континттің мына түрлері назар аудартады: а) сотталу санына байланысты: жай (однократный) және көптік (многократный); б)алғашқы және жаңа қылмыстардың ұқсастығына байланысты: жай және арнаулы.

Негізінен жазасын өтеп жатқандар тұлғалардың ішіндегі көптік рецидив 60% -ды құрайды.

Кәсіби қылмыстылыққа айналып бара жатқан арнайы рецидив контрабанда, жалған ақша жасау, алаяқтық, тонау әрекеттерімен сипатталады. Қылмыс түрлеріне байланысты рецидивтің құрылымы бұзақылықпен, тонаумен, жеке адамға қарсы пайдакүнемдік – зорлық қылмыстармен сипатталады. Бұл түрлерінің үлесі рецидивті өылмыстылықтың 3/2 үлесін құрайды. Рецидивті қылмыстылықтың құрылымында рецидивистердің қылмыстың басқа түрлеріне де қатысу көрсеткіштері орын алады. Әсіресе адамның жеке басына қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстарды шамамен 40%-ын тонауда, 60%–ын алаяқтықта, бұзақылықта 30%–ын және де негізгі статистика бойынша рецидив белсенділігі жазасын өтеп болғаннан кейін қылмысты жасау 25%–ды құрайды.

Жазаның түрлері мен оны орындау жүйесіне байланысты әдетте қылмыстың қайталануы 5-7 жыл қатаң режимде бас бостандығынан айырылып, өтеп келгендермен жүзеге асырылады.Рецидив құрылымында топтық қылмыстың үлесі жалпы қылмыстық құрылымынан төмен. Бірақ қылмысты жасыру мақсатында көптеген рецидивистер қылмыстық әрекеттерді жалғыздан жасай отырып, жастардың арасында қылмыстық топтардың құрылуына белсенді түрде көмек көрсетеді. Сонымен қатар олар қылмыстық жолмен табылған ақша әне мүлік сақтаушылардың, притон ұстаушылардың қызметін пайдалана отырып криминалды орта құрады.

2. Рецидивист қылмыскерлерінің сипаттамасы. Рецидивистер көбінесе қылмыстық жолға кәмелетке толмаған жастарда немесе кәмелетке толған алғашқы жылдарында түседі. Қылмыстық жолға кәмелетке толмағандар қаншалықты ерте түссе, нәтижесінде оның рецидивистік қауіптілік әрекеттері соғұрлым дами түседі. Рецидивистердің 70% алғашқы қылмыстарын 18 жасқа дейін жасаған. Жас өскен сайын рецидив мүмкінділігі төмендейді. Тұлғалар қартайғанда рецидивті қылмыстарды жасамайды. Ал рецидивистер жастары өскен сайын қауіпті қылмыстарды жасайды, Рецидивистер контингентінде әйел адамның үлесі алғашқы қылмысқа қарағанда 2-3 есе кем. Әйел рецидивмстердің криминологиялық қасиеттері алкоголизмге байланысты. Бірнеше рет сотталғандарына, үйсіз қалуына байланысты, Рецидивист ер адамдарға қарағанда неготивті көрініске ие.

3. Рецидивист түрлері. Криминологиялық әдебиеттерде рецидивист тұлғалардың бірнеше түрлері, яғни типологиясы көрсетілген. Қылмыскердің тұлғасы 2 критерия бойынша сипатталады: қоғамға қауіплілік мазмұндыдылығы және қауіптілік деңгейі. Қоғамға қауіптілік мазмұны бойынша рецидивистік қылмыстықта - пайдакүнемділік, зорлық қылмыстарын жасаған тұлғалар құрайды. Деңгейіне байланысты рецидивистердің мынандай типологиясы бар: а) ситуативті; б) қатыгездік (злостный многократный); в) кәсәби; г) аса қауіпті.

Ситуативті рецидивист бұл - өз тағдырына билік ете алмайтын, еріксіз, қылмыс жасаудан бас тарта алмайтын тұлғалар.

Қатігез рецидивистер жас рецидивистердің ішінде көп таратылған, олар ситуативті рецидивистерге қарағанда қылмыстық қызметті саналы түрде қабылдайды. Олар соттылық атағын мақтан тұтып, қылмыстық ортада жоғарғы орынды басуға талпынады. Қатыгез рецидивистер кәсіби қылмыскер бола алатын бір қылмыс түрімен мамандырылады. Мысалы жалдамалы кісі өлтірушілер, заңсыз нашақорлық және қару-жарақ сатушылар, қалта ұрылары және тағы сол сияқтылар.

Кәсіби қылмыскерлер нысандары: а) мамандандырылған қылмыскерлер; б) белгілі бір қылмыстық қызмет аясындағы білімге ие болу; в) өмір сүрудің басты жолы қылмыс істеу деп түсінетіндер; г) қылмыстық ортамен байланысы; д) криминалды кәсіптің әдет-ғұрпын ұстанушылар (субкультура).

Қауіпті және аса қаупті рецидивистерде қатігездіктің, авторитаризм, эгоцентризм құқық қорғау жүйесінің қызметкерлеріне деген жек көрушілік тәрізді криминалдық рецидивизмнің белгілері тән.

Жазасын өтеп жатқан соттылығы жойылмаған рецидивистердің сынақ мерзіміндегілердің 6/1-і жаңа қылмыс жасайды. Бұл жағдайда сонымен қатар қылмыстық істерді қараудың бұзылуы тергеу изоляторларының мөлшерінен тыс толуына әкеп соғады. Соттардың шамадан тыс қатаң үкімдері де сотталғандардың жазасын өтеу мекемелеріндегі қызметкерлердің заңды бұзуы да осы себепке негіз болады. Мысалы сотталғанның арасындағы төбелестерге «зонада» беделді қылмыскерлердің тәртіп орнатуына араласпауы, достарының, туыстарының ережеден тыс жиі қатынасы салдарынан коллонияға берілуге тиісті емес заттардың (анаша, алкоголь ішімдіктері, карта т.б). Қылмыстылықтың келесі себебі постпенитенциарлық, яғни жазаны өтеп келгеннен кейінгі уақытта қылмысты жасау.

Қылмыстың алдын алудың арнаулы шаралары: 1) тағайындалатын жаза шараларын индивидуализациялау; 2) Қылмыстық жазаны орындаудағы заңдылықты сақтау, яғни тұлғаны түзеу мақсатында ерекше режим коллонияларында және түрмелерде қауіпті рецидивистерге қатысты – 2, ал жалпылама 3 түрлі жағдайда үстау керек.

Негізінен жеңілдетілген және қатаң шарттары бойынша жазаны өтеу орындарында қасақана қылмыс жасаған рецидивистер ұсталады. Сотталып келгендердің тұрғылықты жерлерінің болмауына байланысты уақытша тұратын үйлерді салу (ночлежки) және ондағыларды жергілікті органдар бақылап отыруы керек. Сотталып келген рецидивистерді тіркеуге алып олар жайлы мәліметтермен үнемі танысып отыру.

7 – ші дәріс.

7-ші тақырып. Кәсіби қылмыстылық.

Дәріс жоспары:

1. Кәсіби қылмыстылық түсінігі. Кәсіби қылмыскерлер түрлері.

2. Кәсіби қылмыстылықтың пайда болу себептері.

Негізгі ұғымдар: Кәсіби қылмыстылық.

1. Кәсіби қылмыстылық түсінігі және түрлері. Кәсіби қылмыскермен жасалатын мүліктік қылмыстардың жеке түрлері жатады. Кәсіби қылмыскерлер жайлы криминологтардың көз қарастары әр түрлі болғанымен, тұжырымдамалары бір болған: Кәсіби қылмыстылық пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарды қамтиды, кәсіби қылмыскер бір қылмысты бірнеше рет жасаған тұлға. Криминалды мамандандырылған түрлерге келетін болсақ, олар Россияның қылмыстық әлемінде жақсы дамыған: «громилы» - тонаушылар, «медвежатник» - сейфті тонаушылар, «ерши» - дүкен тонаушылар, «фармазоншики» - алаяқтар тағы сол сияқты ұрылардың мамандығы болған. Кәсіби қылмыстылықтың кәсібін анықтау үшін «кәсіптің» не екенін білу қажет. Жалпы кәсіптің төрт нысаны бар: 1) айналысу ісі; 2) белгілі бір дайындық; 3) солар арқылы материалдық кіріс алуы; 4) индивидтік әлеуметтік кәсіби ортамен байланысы. Осыдан келе кәсіптік нысандар құқыққа қайшы қызметтен өрініс таюатын болса, онда кәсіби қылмыстылыққа алып келеді. Демек, криминалдық кәсіптілік – бұл қылмыстық топпен байланыста жіне мақсаттың аяғына жету үшін белгілі бір білім мен дағдыларды меңгерген жіне субъектіге өмір сүру көзіболып табылатын қылмыстық әрекеттерінің түрлерін айтамыз. Демек, криминалды кәсіптің төрт нысаны бар: 1) мамандығы; 2) квалификация; 3) қылмыс өмір сүрудің көзі ретінде; 4) қылмыстық қоғаммен қатынас.

Кәсіби қылмыстылық бұл кәсіпкер қызметкерлерімен негізгі және қосымша кіріс табу мақсатында қылмыстық әрекет арқылы жасалатын қылмыстылықтың бір түрі. Кәзіргі таңда кәсіби қылмыстылықтың өсуін куәландыратын қылмыстар пайдакүнемдік сипаттағы қасақаналықпен жасалуы арқылы сипатталады. Кәсіби қылмыстылық мәселесінің теориялық және тәжірибелік мәнін анықтай отырып, оның жағдайын жалпы бқрын анықталмаған белгілері арқылы қарастыру қажет. Криминалды айналысатын ісі (мамандыңы) Қазіргі кездегі қылмыстылық айқын көрінетін пайдакүнемдік бағыттылықпен сипатталады. Бұл кәсіби – қылмыстық әрекет аясының кеңейгендігін көрсетеді. Бұндай жағдайларда қылмыстық мамандық біртекті қылмыстарды жүйелі түрде жасауымен шартталады. Ол қылмыскерде нақты бір әрекетті қалыптастырады., ал әдет біртіндеп оның таңдаған қызметінің тәртіп нормасына айналады. Қылмыстық әрекеттің таңдалған түрінің тұрақтылықы жөнінде арнайы рецидив көрсеткіші куаландырады. Кәсіби қылмыстық әрекет жөнінде арнайы рецидив мәліметтері куаландырады. Арнайы рецидив криминалдық кәсібилік белгілерінің біріншісіне жатады. Таңдалған құқыққа қайшы істің келесі көрсеткіші жасалған қылмыстың көптілігі, яғни тұлғаның құқық қорғау органдарының назарына ұшырамай, ұзақ уақыт бойы біртекті қылмыстарды жасауымен байланысты.

2. Кәсіби қылмыстылықтың пайда болу себептері.

1.Кәсіби қылмыскерлерге тек жұмыс жасамайтын және қылмыс жасамайтындарды ғана жатқызу керек деген көз қарас бар, ол дұрыс емес. Бірінші ден, қылмыстық әрекетке тыйым салынған, екіншіден, кәсіби қылмыстардың кейбір түрлерін нақты лауазымда қызмет жасамай жүзеге асыру мүмкін емес. Қандай да бір қылмыстық әрекет түрінің тұрақтылығын қарастырғанда оның нақты бір құрамдас белгісітуралы айту керек. Ол – кәсіби қылмыскерлердің деклассирленген тобына толық негізде жатқызуға болатын қылмыскер – қаңғыбастар саны туралы белгі. Нарық және өзгерген заңнама жағдайында қаңғыбастық мәселесі өзектірек мағызға ие және қоғамдық қауіпке айналуда. Адамның құқықтарымен қозғалыс бостандықтарын жария етіп, мемлекет осы санаттағы тұлғалардың өмір сүруі үшін жағдай жасамады жіне қоғамды тұрақты тұратын жері жоқ адамдардан қорғай алмады, Осы санаттағы тұлғалардан кәсіби қылмыскерлерге қандай қатысы бар деген сұрақ тууы мүмкін, Біріншіден, қаңғыбастармен ме қайыршылар арасында кәсіби қылмыскерлердің үлесі үлкен, екіншіден, қаңғыбастықпен айналысудың өзі «бос» адамның өзінше кәсібі болып табылады. Үшіншіден, олардың арсында білікті қалмыскерлердің бір бөлігі сақталады.

2. Қажетті білім және тәжірибелік дағды (біліктілік). Мамандықты таңдау адамды маман етпейді. Ол үшін арнайы дайындық және білім мен дағды қажет. Қылмыстың түрін таңдаған кезде білім дәрежесі мен сипаты, қылмыскер дайындығы, оның физикалық мүмкіндіктері бөлек мамндықты шарттайды, оның біліктілігін анықтайды. Кәсіби – қылмыстық әрекет басқа құқыққа қайшы әрекеттерден адамда нақты білімнің, тәжірибелік дағдының қалыптасуымен анықталады, Бұл әшкерелену қаупінің төмен дәрежесінде мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Қылмыстың кейбір түрлері арнайы тәсілдерді қолданбай жүзеге асырылмайды. И. И. Карпец жазғандай дайындық және арнаулы оқусыз қалта ұрылары болмайды. Арнаулы дағдыларды үйрену үшін қылмыстық әрекеттерін жаңадан үйренуші қалта ұрысына шамамамен алты ай керек екен. Бүгінгі таңдағы қылмыскерлер бұрынғы кәсіби қылмыскерлерге қарағанда криминалдық әрекеттердің ерекшелену тенденциясын жоғарылатуда, мысалы қалта ұрысы карта ойындарында ғана жеңіске жетіп қоймай, пәтерлерді де тонай алады.

3. Қылмыс өмір сүруге қажетті қаражат көзі ретінде. Қылмыс өмір сүру қаражатының көзі ретінде адам өмір сүруі үшін қажет ақша немесе басқа материалдық құндылық түріндегі кірісті келетін қандай да бір қызмет түсіндіріледі. Кіріс негізгі немесе қосымша болуы мүмкін және тұлғаның қажеттіліктерінің дамығандылыңына байланысты болады. Өмір сүрудің негізгі көзі ретінде қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыссыз қылмыстық әрекет түсініледі, ал қосымша кірістің бір бөлігі ғана жасалған қылымыстан түсімділігімен түсініледі.

4. Қоғамға қарсы ортамен байланыс (субкультура). Қылмыс жасау жолына түскен адам, сонымен қоғамда жалпы қабылданған бекітілген әлеуметтік жүріс – тұрыс нормаларынан бас тартады және қоғамға қарсы қандайда бір топқа тән жүріс – тұрыс нормаларын үйренеді, қалыптастырады. Сонымен қатар бұл ортаның өмір сүруі қылмыскердің келешектегі тәрртібін анықтайды. Мұндай ортада ол маральді стимулдармен дағдыларға уйреніп өзіне қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тырысады. Мысалы, жазасын өтеу орындарында жаңадан түскен қылмыскер өзі сияқты қылмыстың түрін жасаған қылмыскерлердің тобына қосылуға тырысады. Қымыстық тәртіп құқықтық тәртіптен жасырылса да ол өзі тектес қылмыскерлер ортасында ғана ашылады. Сол себептен қылмыскерлердің криминогенді ортамен байланысты оның қарым–қатынас нысандарынан байқалады: қылмыскер қылмыстық топтың мүшесі болуы мүмкін, рецидивистермен қарым-қатынасты ұстауы және т. б. Әдетте, жасалған қылмыстардың байланысы байқалады. Ол криминальды реакция деп аталады. Мысалы, комиссионды дүкендер немесе ломбарттар арқылы ұрланған заттарды иемдену үшін қалта ұрылары арқылы табылған төл құжаттар пайдаланылады. Қазіргі таңдағы қылмыстық ая нақты стратификацияға, яғни жіктеулерге ие (расслоение) ие. Мысалы, «воры в законе», «авторитет», «смотрящий», «бригадиры» және т. б. болып бөлінеді.

8-ші дәріс.

8-ші тақырып. Ұйымдасқан қылмыстылық.

Дәріс жоспары:

1. Ұйымдасқан қылмыстылық түсінігі.

2. Ұйымдасқан қылмыстылықтың түрлері.

3. Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу.

Негізгі ұғымдар: ұйымдасқан топ.

1. Ұйымдасқан қылмыстылық түсінігі. Ұйымдасқан қылмыстылық бұл мемлекетпен қоғам үшін ең бір қауіпті қылмыстылықтың түрі. Ол қоғамның құрылымдық элементтерінің дамуына басқарушылық әсер етеді, экономикалық ғана емес сондай-ақ әлеуметтік, моральдық-психологиялық, әлеуметтік-мәдени құбылыстарға теріс ықпалын тигізеді. Ұйымдасқан қылмыстылыққа қоғамның әр түрлі әлеуметтің деңгейіндегі тұлғаоар тартылады. Ұйымдасқан қылмыстылық мемлекет және қоғаммен де бақыланбайтын аса үлкен қаржылық және экономикалық мүмкіндіктерге ие. Ол мемлекетпен қоғам есебінен үлкен пайда көру мақсатында ішкі басқару және мемлекеттке қарсы әрекет етудің жеке жүйесіне ие. Ұйымдасқа қылмыстылық сондай-ақ заңды нарықта заңды кәсіпкерлік қызмет аналогиясы бойынша қылмыстық әлемнің рационалды қайта құрылу процесі ретінде анықталады. XX ғ аяғы мен XXI ғ басында әлемде ұйымдасқан қылмыстылықтың қарқынды өсуі байқалды. Ұйымласқан қылмыстылықтың интернационализациялануы бүкіл әлемді қамтитын қылмыстық коммерциялық ұйымдардың бөлімшелері арқылы түсіп және өңделетін есірткі заттарын, ұрланған заттарды, қару мен басқа да заңсыз тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу нарығының кеңеюі мен көрінеді.

2. Ұйымдасқан қылмыстылықтың түрлері. БҰҰ –ның құжаттарында ұйымдасқан қылмымтылық ретінде қылмыспен іс ретінде айналысатын және күш көрсету, қорқыту, жемқорлық және үлкен масштабтағы тонау сияқты заңға қайшы құралдармен әлеуметтік бақылаудан қорғану жүйесін құратын қылмыскерлердің тұрақты және басқарылатын одақтарының жиынтығы көрсетіледі. Ұйымдасқан қылмыстылықты БҰҰ-ның сарапшылары бірнеше түрге бөледі. Олар:1. Мафия жанұясы. 2. Кәсіпқойлар. Сондай-ақ нақты аумақты бақылайтын ұыймдасқан топтардың көптеген түрлері болады және де ұйымдасқан қылмыстылық құрылымдар этникалық, мәдени, тарихи байланыстар бойынша да бөлінеді. Ұйымдасқан қылмыстылық сипатын түсіндіретін белгілер: -ұйымдасқан қылмымтылық бұл экономикалық негізде біріккен қылмыскерлер тұлғаларын қалыптастыру әрекеті; - ұйымдасқан қылмыстылық иерархиялық тәртіппен құрылған құрылым көмегімен заңсыз әрекеттерді жоспарлау және жүзеге асыруға немесе заңды мақсатқа заңсыз құралдармен жетуге бағытталатын конспиративті қылмфстық әрекет; -ұйымдасқан қылмыстық топтар тұтынушыларға заңсыз тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсынуға бөлшектік немесе толық монополия бекітуге әрекеттенеді, себебі солай олар жоғары көруге кепілдік алады; - ұйымдасқан қылмыстық көрінеу заңсыз әрекеттерді жүзеге асырумен немесе заңсыз қызмет көрсетумен ғана шектелмейді, оған сондай-ақ электрондық құралдар көмегімен жүзеге асырылатын заңды экономикалық құрылымдар және манипуляция арқылы ақшаны иемдену әрекеті де кіреді. –ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшлері болып ұзақ немесе қысқа тұрақтылық негізінде құқыққа қайшы әрекетке қатысу мақсаты біріктіретін тұлғалар танылады; - заңмен тыйым салынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсыну бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметі едәір дәрежеде ұйымдастырылуды талап етеді. Ұйымдасқан қылмыстылық жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік нысаеға ие: - ұйымдасқан қылмыстық құрылым күрделі әлеуметтік өзі басқаратын және өзі құрылатын құбылыс бола отырып өзнің қызметіне құқықққа қайшы, сондай-ақ легитимді әлеметтік әрекеттердің көп дәрежелі және салалы жүйесін, сондай-ақ құқық бұзушылар мен заңды сыйлайтыназаматтарды да қосады. –ұйымдасқан қылмыстық құрылым қоғамдық қатнастардың реформациялануы кезінде өздерінің нақты саяси және әлеуметтік мақсаттарына жету үшін қылмыс болып табылмайтын қандай да бір әлеуметтік топтардың қызметін құралы ретінде пайдалануы мүмкін.

Ұйымдасқан қылмыстылық әрқашанда халықаралық байланыста болған. Қазіргі кездегі технология тек заңды сауда ғана емес сондай-ақ қылмыстық іс-әрекетке де жол ашуда. Тауарлар мен қызмет көрсетулерге тыйым салу ешқашан толық көлемде ұлттық шекарамен ұсталған емес. Қылмыскерлер мен қылмыстық ұйымдар нарық коньюктурасының өзгеруіне байланысты ғана емес, және де құқық қорғау органдарының бақылауынан кету үшін трансшекаралық операцияларын жасау аясын кеңейтуде. Трансұлттық операциялар қылмыстық топтарға тиімді нарыққа жол ашуға және оларға кіру жолдарын табуға мүмкіндік береді. БҰҰ-ның сарапшылары келесідей негізгі трансұлттық ұйымдарды бөліп көрсетеді: Итальяндық мафия, қытай елінің «Триада» ұйымдасқан тобы, Жапондық «Якудза», Колумбиялық картельдер, Нигериялық қылмыстық ұйымдар.

3. Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу.

Алғаш рет ұйымдасқан қылмыстылықпен күрестің БҰ-ның дәрежесінде стратегиялық бағыттардың біртұтас кешені қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылармен қатнас бойынша өткізілген екінші Конгресінде құрастырылды. Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық бойынша БҰҰ-ның бүкіл әлемдік конференциясында нақтыланды. Онда келесі мәселелерге баса назар аудару керектігі көрсетілген: а) қылмыстық ұыйымдарға қатысқаны үшін қылмыстық жазаны енгізу; б) қылмыстық әрекетпен түскен кірісті иемденуге тйым салуды енгізу; в) санкция және басқа да шараларды қолдану, мысалы: қылмыстық ұйымдардың экономикалық күшін бұзу мақсатында заңсыз кірістерді көбейтуге кедергі келтіретін тауарларды тәркілеу.

Полиция және қылмыстық сот өндірісі органдарының әрекеттеріне қатысты БҰҰ-ның құжаттарында келесі салаларында стратегиялық шараларды қолдану ұсынылады: 1) қылмыстық ұйысдардың ұйымдастырушылық құрылымын, олардың әрекеттерінің сипатын, өздерін қорғау мақсатында қолданатын әдістер мен түрлі нысандар арасындағы байланысты анықтау мақсатында жедел ақпарат жинау әдістерін жетілдіру; 2) қылмыстық ұйымдарға енуге мүмкіндік беретін әдістерді дайындау.

9-шы дәріс.

9-шы тақырып. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы.

Дәріс жоспары:

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының түсінігі.

2. Кәмелетке толмаған қылмыстардың тұлғалық сипаттамасы.

3. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстардың алдын алу.

Негізгі ұғымдар: жасөспірім қылмыстылығы.

1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының түсінігі. Кәмелетке толмағандар қылмыстылығы әдетте ғалымдар мен құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметкерлерінің назарын көптеген себептер бойынша өзіне аудартады. Бастысы- бұл жас шағында құқыққы қайшы әрекеттер жасаған тұлғалар өскеннен кейін тәрбиеге көп мін бермейді, сонымен олар үлкен және рецидивті қылмыстылық үшін негізгі резервті құрады.

ҚР-ның қылмыстық кодексінде осы тұлғалардың қылмыстық жауаптылығы мен жазасының ерекшеліктері бекітілген, олардың ерекше демографиялық топқа кіруінің жас критериилері көрсетіліп, бекітілген. Осының бәрі кәмелетке толмағандар қылмыстылығының, оның негізгі сипаттамаларын, 18 жасқа дейінгі тұлғаларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарын, олардың алдын-алу шараларын дайындау криминологиялық тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ғана тудырмайды, сондай-ақ қажет етеді. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың бұрын негізінен үлкендерге тиесілі түрлері таралып бара жатыр: қару немесе есірткі саудасы; притон ұстаушылық немесе жеңгетайлық; кәсіпкерлер мен шетелдіктерді тонау, шабуыл жасау; азаматтардың өмірі мен ден саулығын қорлау, басқа да аяусыз тәсілдерді қолдану арқылы қол сұғушылық; жалған ақша жасау не оларды өткізу; валюта және бағалы қағаздармен алаяқтық әрекеттер жасау; ұрланғанды сату; өз орталарында рэкетерлықты жүргізу; дефицит тауарлрды күш көрсетіп қайта бөлуге қатысу т.с.с.

Жағдайды криминологиялық бағалау тұрғысынан алғанда кәмелетке толмағандардың күш көрсету немесе пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылықтың арақатнасы қалай қалыптасты, қандай нақты мотивті өзгерістер болды деген мәселелерді шешу қажет. Осы арақатнасты дұрыс анықтау үшін криминологтар күш көрсету, пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарға қатысты қылмыстылықтың статистикалық және басқа да сандық көрсеткіштерінің барлығын топтастыруға тырысады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы жасаған құқыққы қайшы әрекеттернің ниетіне байланысты құрылымдалып, бірнеше рет сыналды. Бірақ статистика қылмыстың ниетін бекітпейтіндіктен, мұнда құрылымдауды жүзеге асыру өте қиын. Терең таңдау зеттеулерінің нәтижесінде криминологтар кәмелетке толмағандар ұрлық жасаған кезде пайдакүнемдік сипаттағы ниет тек үшінші-төртінші жағдайда ғана орын алатындығын анықтады. Қалған жадайларда бұл өзін-өзі көрсету, топқа сәйкестігін өз-өзіне дәлелдеу ниетімен байланысты болады.

2. Кәмелетке толмаған қылмыстардың тұлғалық сипаттамасы. Кәмелетке толмаған қылмыстардың тұлғалық сипаттамасын зерттей отырып, криминологтар кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасында ұл балалардың саны қыз балалардың санына қарғанда басымырақ екенін атап көрсетеді. Көптеген жылдар бойы криминологтар кәмелетке толмағандардың шұғылданатын ісінің түріне байланысты кәмелетке толмағандардың контингенттерінің қылмыстық белсенділігін тіркеген. Қазіргі кезде қылмысты жасауда көрсететін белсенділігінің дәрежесіне байланысты кәмелетке толмағандардың әлуметтік және кәсіби сатыларының арасында айтарлықтай жақындау процесі жүруде. Криминологиялық тұрғыдан алғанда әр түрлі топ пен контингенттердің жақындасуы негізінен қылмыстың жасалу санының қарқынды өсуі есебінен болатындығы маңызды дерек болып табылады. Тұрақты кіріс көзі жоқ, жұмыс жасамайтын жіне оқымайтын жасөспірімдер криминалды белсендірек болып саналады. Олардың ортасында құмар ойындар, ішімдік, қоғамдық тәртіп нормаларына бағынбаушылықты көрсету, басқаша өмір сүретін және тәне тәрбиелі жасөспірімдер тобына деген кекшілдік жоғары бағаға ие.

Қылмыс жасаған жас өспірімдердің эмоционалды ерікті ортасында әдетте ұялу сезімінің төмендігі, басқалардың уайымына немқұрайлы қарау, өзін өзі үстамау, жалғандық, өзін-өзі жоғары бағалау байқалады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәмелетке толмаған жас қылмыскер – бұл қоғамға қоғамға қарсы әрекеттердің түрақты стереотиптеріне, әдеттеріне ие тұлға.

Қоғамда кәиелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың көбеюі азаматтардың адамгершіліктік құндылықтарының жоғалтуын көрсетеді. Әсіресе, отбасында балалар мен жасөспірімдердің арасындағы қатынас айтарлықтай жағымсыз болады. Отбасында оның мүшелеріне қатысты қаталдық пен аяусыздықтың нысандарының түр-түрі жиі орын алуда. Оған балағаттау, кемсіту, соғу, құққыа қайшы әрекетке риясыз көндіру жатады. Балаларды дұрыс тірбиелеу олардың адамдық қасиетін кемсіту, психикалық және физикалық күш көрсету көбіне жан ұяда, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерде, оқу орындарында, баларлар үйінде арнайы оқу тәрбиелеу мекемелерінде де көрініс табады. Осыған сәйкес жыл сайын аяусыздықтан қорғанып шамамен екі мың бала және жасөспірім өзін-өзі өлтіруге барады, елу мыңы үйлерінен, алты мыңы балалар үйінен қашады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты күш көрсетушілік қол сұғушылықтың ерекше тобына жыныстық күш көрсету жатады. Қазіргі кезде кәмелетке толмағандарды өлтірумен, өлтіремін деп қорқытумен, аса ауыр дене жарақаттарымен, қорлаумен, балаларды ұрлаумен және басқа да жыныстық сипаттағы әрекеттер мен зорлау жиі кездесуде. Ең қауіптісі, әрине, өлтіру және аса ауыр дене жарақатын келтіру болып табылады.Қылмыстық заңдарда балаларды қосқанда барлық азаматтарға қатысты жасалға н ұрып-соғу, қорлау сияқты физикалық күш көрсету балағаттау тұлғаның жыныстық қол сұқпаушылығына қарсы қылмыстар үшін тиісті жаза қарастырылған Алайда атап көрсетілген заң жағжайлары өте нашар қолданылады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды жүйелі түрде ішімідікті, есірткі заттарын қолдануға, сонымен қатар жезөкшелікпен, қайыршылықпен айналысуға тартмен байланысты қылмымтардың қауіптілік дәрежесі өте жоғары. Кәмелетке толмағандарғы қатысты қылмыс жасайтын тұлғалардың сипаттамасы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасацтын тұлғалардың психологиялыө, интеллекетуалды, физикалық, психикалық, тәжіріибиелік дамуында көпреген ауытқулар болады. Оларға жалпы алғанда келесі белгілер тән: а) жалпы қабалданған тәртіп нормаларына бағынбауды жария түрде көрсету; б) ішімдікке, есірткіге құмарлылығы; в) қайыршылық, еңбек етуден қашу; в) жыныстық тізгінделмегендік, жыныстық ауытқулар; г) ашулық, кекшілдік, аусыздық, күш көрсетудің жүйелі түрде көрінуі; д) себепсіз ұрысу; е) таныстары мен туыстарына қатысты кекшілдікті дәріптеу.

10 – шы дәріс.

10-шы тақырып. Әйел қылмыстылығы.

Дәріс жоспары:

1. Әйел қылмыстылығының түсінігі.

2. Әйел адамдардың қылмыстылығының себептері.

3. Әйел қылмыстылығының алдын алу.

Негізгі ұғымдар: әйел адамдардың қылмыстылығы.

1. Әйел қылмыстылығының түсінігі. Әйел қылмыстылығы ер адамдардың қылмыстылығынан қарағанда қылмыстың салдарымен, сипаттамасымен, сапалық көрсеткіштерімен, қылмысты істеу құралдары және тәсілдерімен, жәбірленушіні таңдауымен, қылмыстағы рөлімен ерекшеленеді. 1990–2000 ж аралығында әйел қылмыстылығының үлесі 10-15 % - ды құрайды. әйел қылмыстарының таған түрлеріне: ұрлық – 12%, бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету – 18-20 %, тұтынушыларды алдау - 14 % қылмытары жатады. Әйелдермен жасалатын ұрлық қылмыстары қалада жиі орын алады. Олардың арасындағылар көбінесе осы қылмыстары үшін сотталғандар, сондай-ақ бұл үлкен жастағы көп жыл бойы үй-баспанасыз өмір сүрушілер. Құрылымы бойынша әйел адамдармен жасалатын ұрлық қылмыстары 17-20% дейін өскен. Сонымен қатар, әйел адамдар ұрлықты темір жол көліктерінде және пәтерлерде сенімге кіру арқылы жасайды. әйел қылмыскерлерінің арасында 1%-ын кісі өлтіруге оқталғандық және кісі өлімі үшін сотталғандар құраса, тағы шамамен 1% денсаулыққа ауыр түрде зиян келтіргені үшін сотталғандар, 3 жоғары %-ды тонау және қарақшылық үшін сотталғандар құрайды. Егерде, соңғы жылдағы қылмыскерлердің барлық көрсеткіштерін алатын болсақ, онда кісі өлімі бойынша сотталған әйел адамдардың үлесі 10-12% -ға дейін өскен, ал денсаулыққа ауыр түрде зиян келтіру 5-7% дейін, тонау мен қарақшылық қылмыстары 16-18% дейін өскен. Соңғы жылдары зорлау қылмыстарына қатысқаны үшін сотталған әйел адамдардың саны едәуір өскен. Түзеу коллонияларында жазасын өтеп жатқан әрбір 4-5 әйел зорлау қылмыстары үшін айыпталған. Себебі, әйел адамдарда негізінен қауіпті қылмыстар үшін ғана бас бостандығынан айырады. Сонымен қатар әйел адамдардың әсіресе ауылды жерлерде тараған қылмыстарының бір түрі - жаңа туған нәрестесін өлтіруі. Бұл қылмыстар көбінесе материалда қамтамасыз етуі нашар, отбасын құрмаған, баспанасыз жас әйелдермен жүзеге асырылады. Кейбір жағдайларда бұл қылмыстарда ер адамдар да қатысады. Олар азаматтық некеде тұрушы немесе көңілдесі де болуы мүмкін. Әйел адамдардың қылмыстылығын көбінесе 30–ға дейінгілер жүзеге асырады, ал 30-40-қа дейінгілер отбасынан айырылған немесе жалғызбастылармен жүзеге асырылуы мүкін. 90 жылдары экономикалық қызметте белсенділік танытқан мамандығы бар әйел адамдардың қылмыстылығының саны өсті, мысалға пара алу.

2. Әйел адамдардың қылмыстылығының себептері.

Әйел адамдардың қылмыстылығының себептері мына көріністермен байлансыты;

  1. қоғамдық өндірісте белсенділік танытуы;

  2. басты әлеуметтік институттардың осылдануы, яғни бірінші орында отбасының;

  3. әйел адамдармен қатаң қабылданатын қоғамдағы келіспеушіліктермен жеккөрушіліктің өсуі;

  4. әйел адамдардың арасында алкоголизм мен жезөкшеліктің, қаңғыбастықпен қайыршылықтың, нашақорлықтың өсуі.

Қазіргі таңда әйел адамдар қоғамдық өмірде көп жұмыс жасаушылар болып табылады. Шамамен өндірісте, құрылыста кіші квалификацияны қажет ететін және аур жұмыстар әйел адамдарға жүктелген, сонымен қатар саудамен айналысатын адамдар, қоймаларда, базаларда, сауда орындарында қолдарымен жүк тиейді немесе түсіреді, сондықтан әйел адамдар мұндай ауыр жұмысты тастап, құқық бұзушылық жолына түсуі әбден мүмкін. Бұл жағдайлардың криминалогиялық маңыздылыңы әйел адамдардың бұндай ауырлықты көтере алмауында. Зерттеу нәтижелері қаңғыбас әйелдерді бұрын ауыр және кіші квалификацияланған жұмыстарды істегендігін көрсетеді. Ауылды жерлерде әйел адамдардың қылмыстылығы күн көру мақсатында қалалы жерге барып жаңа ортаға ене алмаушылықтан әйел қылмыскерлер санын толтырады: жезөкшелік және ұрлықпен айналысуы, қайыр садақа сұрау т. с. с. Ал әлеуметтік себептерінің біріне сонымен қатар әйел адамдарының отбасындағы ауыр тауқыметімен байланысты, мысалы демалыссыз жұмыс, көптеген істерді жүргізіп кете алмаймын деген қорқушылық сезімі, үй жұмыстарына көңіл бөлу арқылы жолдасына немесе балаларына көңіл аудармау, үлгермеу, шаршау, жетіспеушілік және т. б. Бұл жан-ұяда үнемі ұрыс керістің болуына және ыдырауына алып келеді. Көбінесе мұндай жайттарда әйел адамдар психикалық тұрғыда көтере алмай ішімдікке салынады немесе өзге де құқық бұзушылыққа әкеп соқтырады.

3. Әйел қылмыстылығының алдын алу. Әйел қылмыстылығының алдын алу мәселесі қылмыстылықпен күресу аясында толық қамтылуы керек. Әйел адамдар қоғамдық өмірде белгілі бір орынға ие болуы және ер адамдардай ауыр жұмыстарға тартылмауы керек. Оның күші мен көңілі ұдайы отбасы мен балаларына арналуы керек. Әйел қылмыстылығының алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстар олар жиі қылмыс жасайтын және жеке басының негативті көріністері негізделетін аяны қамту керек. Мемлекет және қоғам тек қаржылай және материалды түрде көмек көрсетіп қан қоймай, отбасы ыдырағанда және де жалғыз басты әйелдерге де көмек көрсетулер керек. Сонымен қатар әйел адаидардың қылмыстылығының алдын алу мақсатында қыз балаларға қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізілуі керек: 1) кәмелетке толмағандарға қатысты: ата-анасыз қалғандарға қорғаншыларды бекіту, балалар үйіне, арнаулы мектептрге, мектеп интернаттарға, жұмыстарға және т. б. қажетті жерлерге орналастыру, медициналық көмек көрсету. Медициналық көмек көбінесе қоғамға қарсы жат қылықтармен өмір сүретін қыз балаларға керек, себебі олардың арасында СОЗ және психикалық аурулармен ауыратындардың саны басым. Ондайларды емдеусіз қалыпты өмір сүру жағдайына енгізу мүмкін емес.

2) күнделікті тәрбие жұмыстарын жүргізу және тәртіптерін қадағалау.

3) тәртібі нашар қыз балаларға қатысты мәжбурлеу шараларын қолдану.

Әйел адамдарына қатысты қылмыстылығының алдын алу мақсатында жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың келесі объектісіне олардың еңбек қызметінің аясы жатады. Түнгі смені бойынша әйел адамдарды жұмысқа тартпау. Әйел адамдардың өндірістегі қызметі балалардың тәрбиесіне және жанұясына кедергі келтірмеуі керек.

11 – ші дәріс.

11-ші тақырып. Абайсызда жасалған қылмыстардың қылмыстылығы.

Дәріс жоспары:

1. Абайсызда жасалатын қылмыстар түсінігі.

2. Абайсызда жасалатын қылмыстардың қылмыстылығының себептері, алдын алу жолдары.

Негізгі ұғымдар: абайсыздық.

1. Абайсызда жасалатын қылмыстар түсінігі. Абайсызда жасалатын қылмыстар жалпы қылмыстылықтың бөлігін құрайды. әлеуметтік құқықтық қөбылыс сияқты абайсыздағы қылмыстылықтың едәуір кең тараған және қауіпті болып табылады. Абайсызда жасалған қылмыстық қызмет аясына байланысты 4 негізгі топқа бөлінеді: 1) тұрмыста (техникалық құралдарды қолданып); 2) адамның техникамен қарым-қатынас аясында; 3) басқару функцияларымен немсе техникалық құралдармен байланысты емес кәсіптік қызметаясында; 4) лауазымдық (басқарушылық) қызметті жүзеге асыру аясында.

2. Абайсызда жасалатын қылмыстардың қылмыстылығының себептері, алдын алу жолдары.

Абайсыздықпен істелетін қылмыс негізінен жауапсыздықтан, байқаусыздықтан, өзінің кәсіптік немесе басқада міндеттеріне немкеттіоікпен, еңжарлықпен қараудан, адамның өмірі мен денсаулыңғын қорғауға жете көңіл бөлмегендікен, сондай-ақөзіне жүктелген кінәлі адамның кәсіби шеберлігінің, тәжірибесінің, білімінің жетіспеуінен немесе басқадай себептерге байланысты болады. Адамның техникамен қарым-қатынасындағы абайсыздық қылмыстар өзінің келтірген зардабы бойынша аса қауіпті болып табылады. Алайда автомобиль көліктерімен жасалған абайсыздық қылмыстар 75% құрайды, ал 10-15% меншікті қорғау ережесін бұзатын қылмыстар құрайды, 4-6% техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау туралы ережесін бұзу қылмыстарды құрайды, 3-5%жеке адамға қарсы абайсыздағы қылмыстар (адам өлтіру, дене жарақатын) құрайды. Абайсызда қылмыстардың себебіне кең мағынада субъектілердің арасындағы қарама-қайшылықпен шартталған (тұлға, оның мақсаттары, мінез құлқы) жіне объективтік жағдайларымен байланысты (жағдай, қару немесе зат). Жол жүру қауіпсіздігі - үлкен мәселе. Көлік құру аясындағы техникалық өркендеудің салдарынан сондай-ақ автокөлік паркінің көбеюі, автокөлік апаттарының санының күрт өсуіне алып келді. Жол көлік жүру қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу, сапасыз техникалық қарау, техниканы жөндеудібелгіленген ережеге сәйкес міндетті түрде жасамаудың салдарынан туындайды. Жүргізушінің қауіпсіздік ережесін бұзудың анағұрлым көп тараған түріне: жылдамдықты көбейту, жолдың сол жағына шығып кету, қиылысу жолындағы ережені бұзу, қоғамдық көліктер аялдамасының жанынан абайсыз өтеді, дистанцияны саөтамайды, адамдарды тасу ережесін бұзу, фар жарығымен көрсетпеу, темір жол пепеездынан өту ережесін бұзу, бұзылған көлікпен жұру. Жол көлік оқиғаның салдарна көлік құралдарының меншігінің жойылуымен байланысты материалдық зиян. Ең қауіпті салдары – адамдардың өлуі, психикалық травмалармен ден жарақаттарының болуымен сипатталады. Құқық бұзушылар ішінде ер адамдар көбірек, ал әйел адамдар2%-ті ғана құрайды. Ол ең біріншіден ер адамдардың көлікпен көп жүруіне байланысты. Бірақ соттың және әкімшілік практика көрсеткендей, әйел жүргізушілерге тәртіптік, мас күйінде көлік жүргізу жағдайлары өте сирек кездеседі. Құқық бұзушылар арасында 18-24 жастағылар көп кездеседі, ал 40 жастағылар мен олардан үлкендердің арасындағы құқық бұзушылардың саны азаюда. Көптеген құқық бұзушылардың саны тәжірибелі немесе екі жыл ғана бар тұлғалар ғана құрайды (32%). Көптеген құқық бұзушылықтарды толық емес орта білімді балалар құрайды.

Темір жол көлігінде: а) бригаданың реиск дайындалу ережесін ұдайы бұзуы, спирттік ішімдіктерді қолдану, ұйықтап кетуі, светофордың сигналына қарамай жүріп кетуі, жүргізуде басқа жаққа қарап алаңдау және т. с. с.; б) диспечердің немесе станциялардаңы кезекшілердің поездардыі жүрісіне немқұрайлықпен қарауы; в) жол қызметінің қызметкерлері сапасыз жөндеу жүргізгендіктен немесе қарау кезінде дефектілерді тауып алғандаоларды қалпына келтіру үшін шаралар қолданбайды.

Әуе көлігінде: а) экипаждарда әдейі жүктерді мөлшерінен көп алады; б) диспетчердің алаңдауы міндетті операцияларды орындауға үлгермеуі; в) қауіпсіздік ережелерін бұзып, экипаждың өз еркімен ұшуы, дайындықсыз ауа райын есепке алмау және т.с.с.; г) жағымсыз ауа райында экипаждың қауіпті метео жағдайда ұшуы.

Су көлігінде: а) жүзу ережелерін бұзу; б) әкімшілік суднадаңы жөндеу жұмыстарын бақыламауы, тексермеуі; в) капитанның шторма ескертуіне қарамастан теңізге шыңғып кетуі.

Көлік апатын ескерту – экономикалық техниканың, құқықтық мәдениеттің, тәртіптік психологияның және өзге шараларды талап ететін әуеге қыйын құбылыстар.

12 - ші дәріс.

12-ші тақырып. Зорлау және бұзақылық қылмыстылығы және олардың криминологиялық сипаттамасы.

Дәріс жоспары:

1. Зорлау және бұзақылық қылмыстылығың түсінігі.

2. Зорлау және бұзақылық қылмыстылығың сипаттамасы.

3. Зорлау және бұзақылық қылмыстылығың себептері.

Негізгі ұғымдар: дәрменсіздік.

Күш қолдану қылмыстылығы – қылмыстық заңмен тыйым салынған көпшілікпен жиі және салыстырмалы жүзеге асырылатын тұлғаға физикалық жіне психикалық күш қолдануда білдірілетін жоғары қоғамдық қауіптілік деңгейден ілеуметтік потологияның нысаны. Күш қолдану қылмыстарының ішінде ең тұрақты жіне маңызды бөлігін адам өлтіру, қасақана түрде денсаулыққа зиян келтіру, зорлау, қорлау, қарақшылық, күш қолдану арқылы тонау және бұзақылық құрады.

Әдетте тонау мен қарақшылық мүлікке қарсы қылмыстардың тобына жатады. Бірақ қазіргі кезде тұлғаның қауіпсіздігі – құқықтық қорғаудың ең бірінші объектісі болғандықтан, оларда күш қолдану қылмыстарына біріктіріп, аталған топқа жатқызған жөн. Күш қолданумен байланысты тонау мен қарақшылық екі объектілі қылмыстардың қатарына жатады. Бірақ сонда да тұлғаның қауіпсіздігі маңыздырақ болады. Бұзақылықты күш қолдану қылмыстарының тобына қарастыру олардың жалпылығымен немесе себептерінің жақындығымен байланысты, осы әрекеттерді жасау тәсілдері нақты ситуациялар, қылмыскерлердің тұлғалық (белгілері) қасиеттері. Көптеге күш қолдану қылмыстары бұзақылық ниетпен жасалады. Адам өлтіру, қасақана денсаулыққа зиян келтіру, күш қолданумен байланысты бұзақылық және қорлау бір-бірімен криминалдық сипаттамасы тұрғысында жақын болып келеді. Ал, зорлауды олардан белгілі спецификалық ерекшеліктер арқылы анықтауға болады (тікелей объектісі бойынша, тәсілі, ниеті бойынша және т, б). Аталған қылмыстарды біріктіретін негізгі белгі болып тұлғаға физикалық немесе психикалық күш ұолдану арқылы әртүрлі криминалдық мақсатқа жетудің тәсілі болып табылады. Барлық жағдайда қылмыстық механизмнің мінездемесі тұлғаның өміріне, денсаулығына және қадір-қасиетіне олпрессиялық тұрпайы түрде қараумен байланысты болып табылады,

Күш қолдану қылмыстары басқа көптеген криминалдық құбылыстардың ішінде қоғамдық қауіптілік және келтірілетін салдардың ауырлылығымен айқындалады. Олар қоғамға үлкен, қалпына келтірілмейтін зиян келтіреді. Жыл сайын олардан мыңдаған адамдар жәбір көреді. Аталған топтағы қылмыстар барлық қылмыстылық жүйесіндегі криминалдық әрекеттердің 20%-ын құрайды, олардың ішінде ауыр күш қолдану қылмыстары (адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау, күш қолдану арқылы тонау, қарақшылық, бұзақылық және т. б) – 15 % -ін құрайды.

Өмірге және денсаулыққа қарсы күш қолдану қылмыстарына: адам өлтірудің әр түрлі түрлері, өзін қзі қлтіруге дейін жеткізу, денсаулыққа қасақана әртүрлі деігейдегі зиян келтіру жатады.

Адам өлтіру күш қолдану қылмысының ең ауыр категориясына жатады. Өміріне және денсаулығына қарсы күш қолдану қылмыстың сапалық (жүйелік) анализінің өзгеруі аталған қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейігің ұлғайғанын көрсетеді. Олармен келтірілген салдардың ауырлылығы ұлғаюда. Тұрмыстық, ситуативтік тұрғыдағы күш қолдану қылмыстарының ішінде ұйымдасқан, алдын-ала дайындалған қылмыстар санының өсуі байқалады. Қарастырылып отырған қылмыстарды жасайтын тұлғаның арасында агрессиялық күш қолдануға бағытталған қылмыскерлердің саны көбеюде.

Маргиналдық әлеуметтік тұрақсыз ортада тұлғаға қарсы ауыр қылмыстың саны кұбеюде, Бұл жерде сөз алкоголиктер, нашақорлар, көше қаңғыратындар, қылмыстылыңы бар әлеуметтік адаптацияланбаған субъектілер, жезөкшелер, сутлинерлар (жеңгетайлық) және т.с.с. Ауыр күш қолдану қылмыстары олар кек алу мақсатында, есеп айырысу мақсатында, басақа қылмысты жасыру немесе жеңілдетіге ұмтылуға байланысты жасайды,

Күш қолдану қылмыстылықтың негізгі жүйелі элементін – (жастар тобы) агрессиялық көрсеткіштері бар, топтық нашақорлыққ, мастыққа, токсмкоманияға, қоғамдық тәртіпті бұзуға әуес жастар тобы құрайды. Осы топтармен қоғамдық жерлерде, көшелерде күш қолдану қылмыстарының санының өсуіне тікелей байланысты. әрбір төртінші денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адам өлтірулер көшеде, алаңдардаң саябақтарда жасалады.

Бұзақылық әрекеттер қоғамдық тәртіпке қарсы бағытталуда көрінеді. Өзінің қара күші мен мастығын көрсету үшін, әділ айтылған ескертуге кек алу мақсатында жасалады. Бұзақылық ниетпен жасалған адам өлтіруқазіргі кезде 20% - ті құрайды, ал қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру шамамен 30% - і жасалады.

Зорлаумен байланысты адам өлтірулердің саны көбеюде. Бұл қылмыстар аса қауіпті, олар кінәлінің аса қатыгездігін, моральдан жұрдай екендігін көрсетеді. Мұндай әрекеттер қылмыстар садистер арасында жиі кездеседі. Осы сексульды маньяктармен адам өлтірулер, зорлаулар жасалады. Ауыр күш қолдану қылмысын жасау кезінде қару-жарақтар, оқ ататын қарулар (писталеттер, автоматтар, гранаталар) жарылңыш заттар және жарылғыш құралдар кеңінен қолданлады.

Адамның жыныстық дертіне және жыныстық еркіне қарсы күш қолдану қылмысына: зорлау, нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерді жасауға мәжбүрлеуі. Қарастырылып отырған қылмыстың негізгі мотиві – кінәлінің өзінің немесе басқа адамныі жыныстық тәбетін қанағаттандыру. Ал оның жанама себептері – бұзақылық, біреуден өш алу, біреуді масқаралау және т. б. болуы мүмкін. Ю. М. Антонян және А. А. Ткаченкомен зорлауды криминалдық зерттеу жүргізу нәтижесінде қарастырылып отырған қылмыстың келесідей топтастырылатынын айтты: 1) Зорлаушылардың әйелдерге, сонымен қатар кішкентай қыздарға және кәмелетке толмағандарға, сонымен қатар жасы үлкен әйелдерге кенеттен шабуыл жасауы; 2) Кіші әлеуметтік топтарда бірге бос уақытты өткізумен байланысты зорлау, бұл қылмыстар әсіресе кәмелетке толиағандармен және жастармен жиі жасалады, бұлар әдетте жиі топтық сипатта болады; 3) Әйел мен ер адамның арасындағы демалу кезінде қатынастыр нәимжесінде, әдетте олардың таныстыңы ұзаққа созылмайтын қатынастардың нәтижесінде жасалған зорлау; 4) Қылмыскермен туыстық және отбасылық байланыста тұратындар, сонымен қатар көрші немесе қызметтес әйелдерді зорлау.

Зорлаудың 70% - нда кінәлінің физикалық күш қолдануымен немесе жәбірленушінің қарсылық білдіруімен сипатталады. Зорлау – аса қоғамдық қауіптілікті білдіретін жәбірленушіге ауыр физикалық, моральдық жіне психикалық травма келтіретін салдар туғызады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9 – ыншы бабында, сондай-ақ адам құқықтарының жалпыға бірдей декеларациясының 3 – інші бабында «әрбір адамның бостандыққа және жеке дербестікке құқығы бар» делінген. Қ.Р. конституциясының 16 – ыншы бабында «Әркім өзінің жеке басының бостандыңына құқығы бар» деп кепілдік берілген. Жеке басының бостандыңын қорғау – құқық қорғау органдарының міндеті болып табылады. Күш қолданумен байланысты жасалған «Жеке бастың бостандыңына қарсы қылмыстық қатынастарына» жатады: адамды ұрлау (Қ.К – 125 бабы), бас бостандығынан заңсыз айыру (Қ. К. – 126 бабы), психиатриалық стационарға заңсыз орналастыру (Қ.К. – 128 бабы). Аталған топтардағы криминалдық әрекеттердің ең қауіптісі кең тарағаны - адам ұрлау. Бұл қылмыстар негізінен ұйымдасқан криминалдық қызметке тән. Көптеген қылмыстар ұйымының қылмыстық топтармен және қоғамдастармен жасалады. Көптеген жағдайда адамды ұрлау пайда табу мақсатында, сатып алу үшін ақша табу мақсатынла жасалады. Қарастырылып отырған қылмыс жоғары қоғамдық қауыптілік деігеймен сипатталады.

13- ші дәріс.

13-ші тақырып. Меншікке қарсы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы және олардың алдын алу.

Дәріс жоспары:

1. Меншікке қарсы қылмыстардың криминологиялық түсінігі, сипаттамасы.

2. Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарды жасаушы қылмыскер тұлғасы.

3. Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстардың себептері мен шарттары.

Негізгі ұғымдар: меншік.

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылық дүние жүзіндегі кең таралған криминалдық феномен. Пайда күнемдік сипаттағы қылмыстылық – бұл мүліктік пайданы қайтарымсыз құқыққа қайшы алуын біле тұра ұмьылуына негізделген тұлғаларың экономика аясына қол сұғатын қылмыстық жазаланатын әрекеттерінің жиынтығы.

Қол сұғушылық жұзеге асырылатын экономикалық қатнастардың сипатына қарай пайда күнемдік сипаттағы қылмыстылық келесі түрлерге бөлініеді: 1) меншікке қарсы пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылық; 2) экономикалық қызмет аясындағы пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылық; 3) коммерциялық және басқа ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылық.

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылықтың жалпы сипаттамасы:

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылықтың көлемі- Республика бойынша тіркелген қылмыстардың санымен сипатталады.

Пайдакүнемдік сипаттағы тіркелген қылмыстылықтың дәрежесі- коэффициентпен сипатталады, яғни тұрғылықтыхалықтың 100 мың есебінде жсалған нақты қылмыстың санымен сипатталады. Пайдакүнемдік сипаттағы тіркелген қылмыстылықтың құрылымы –ол біркелкі емес экономика аясындағы қылмыстардың белгілерін қамтитын әрекеттердің жиынтығын құрайды. Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылықтың қоғамдық қауіптілігін бағалау әдетте үлкен қиындық тудырады. Қылмыстық статистикалық саралау тәжірибесінде әдетте осы қасиетті бағалаудың барлық тіркелген қылмыстардың ішінде аса ауыр қылмыстардың басымдылық көрсеткіштерінің динамикасы бойынша жанама бағалау тәсілі қолданылыды.

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылық құрылымындағы меншікке қарсы тіркелген қылмыстылықтың бсм үлесі шамамен 95% құрайды. Бұл осы аядағы тіркелген қылмыстардың ішіндегі нақты қылмыс тобының басым жағдайын көрсетеді. Меншікке қарсы қылмыстылықтың құрылымында басым үлеске ұрлық – 77% ие, ал аз үлеске тонау – 8,2%, алаяқтық – 5,2%, бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе жою -2,9%, қарақшылық -2,6% -ға ие.

Экономикалық қызмет аясындағы пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылықтың сипаттмасы:

Экономикалық қызмет аясындағы пайдакүнемдік қылмыстылығының басым үлесібарлық қоғамды қауіпті пайдакүнемдік қолсұғушылықтардың жартысынан кем болмайтын жоғары дәрежедегі мүмкіндікті құрайды. Коммерциялық және басқа да ұйымдардың қызметінің мүдделеріне қарсы пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылық қылмыстылықтың жаңа түрі. Оның дәрежесі тұрғылықты халықтың 100 мың адамының әр біреуіне 4,2% құрайды.

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарды жасаушы қылмыскер тұлғасы:

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарды жасаған тұлғалардың криминологиялық суреті төрт белгілер тобымен сипатталады: 1. демографиялық; 2. әлеуметтік-рольдік; 3. психологиялық; 4. қылмыстық-құқықтық.

Осылардың ішнде ең маңыздысы соңғы екеуі, олардың жиынтығы қылмыскер тұлғасының спецификасын анықтайды. Пайдакүнемдік сипатағы қылмыстарды жасаған тұлғалардың псхологиялық белгілерінің қатарына мыналар жатады: 1. Пайдакүнемдік бағыттылықтың тұрақтылығы. 2. пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстық ниетті күш қолдану тәсілі арқылы жүзеге асыруға дайындық дәрежесі; 3. пайдакүнемдік бағыттылықтың немесе оны жүзеге асырудың пайда болуын ынталандыратын ниеттің сипаты. 4. Мүліктік игіліктер айналымы аясындағы адамгаершілік- құқылық стандарттарға соның ішінде пайдакүнемдік қылмыстарды жасауға қылмыстық-құқықтық тыйым салуға қатынасы.

Күш көрсету арқылы пайдакүнемдік бағытталу тұрақтылығының критериі ретінде қылмыскер тұлғасының алты түрі көрсетіледі: 1 потенциалды қауіпті емес; 2 потенциалды қауіпті; 3 потенциалды аса қауіпті; 4 қауіпті емес; 5 қауіпті, 6 аса қауіпті. Осы белгілер тобына кірмейтін пайдакүнемдік қылмыстарды жасаған тұлғаларды аралық түрге жатқызу керек. Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстарды жасаған тұлғалардың әлеуметтік-рольдік сипаттамасы келесі белгілерге ие: а) азаматтық, б) қызметке орналасу аясы; в) мамандық; г) отбасылық жағдайы. Қарастырылып отырған санаттағы тұлғалардың әлеуметтік психологиялық сипаттамасы қылмыстық –құқықтық тыйым салудың сәйкес білім дәрежесінің бағасын; оларға және оларды сақтауға қатнасын; қылмысты жасауда әшкереленудің субъективтік қаупін; берілгент жазаға қатнасын құрайды.

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстардың себептері мен шарттары:

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылыққа әсер ететін жағдайлар өте көп және әр түрлі. Олардың ішінде а) экономикалық; б) саяси; в) құқықтық; г) әлеуметтік –психологиялық; д) ұйымдастырушы факторлар; е) техникалық факторлар. Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылықтың экономикалық себептері мен шарттары: 1) экономикалық дағдарыс жағдайытұрғындардың негізгі қажеттіліктерінің үздіксіз тұрақсыздығының негізі болып табылады. 2) кіріс дәрежесі бойынша тұрғындарды бөлу дәрежесі. 3) мүліктік қамтамасыз етілуінің физиологиялық қажетті минимумының негізінде анықталатын тұрғындардың абсолютті кедейлік дәрежесі. 4) Инфляция, ақшаның құнсыздану процесі. 5) Жұмыссыздық. 6) Артық салық салу.

Экономика аясындағы қылмыстылықтың саяси факторы:

1) Жалпы саяси тұрақсыздығы. 2) Қылмыс пен күресудегі қылмыстық саясаттың тұрақсыздығы. 3) Қылмыс пен күресте тұрғындардың қатысуының төмен дәрежесі. 4) Қылмыскер тұлғаларға қаиысты жемқорлық. Мемлекеттік аппараттың қылмыспен күресте мүдделі танытпауы.

Құқықтық факторы: 1) Заңнаманың толық және жүйелі болмауы. 2) заңдардың ресми түсініктемелерінің болмауы. 3) Қылмыстық –құқықтық нормалардың техникалық жетіспеушілігі. 4) Бірнеше қылмыс жасағаны үшін төмен дірежелі жаза беру. 5) жауапкершілік жөніндегі санкциялардың анықталмағандығы. 6) заңның терминологиялық сәйкессіздігі. 7) қылыстың алдын алу жөніндегі заңның жоқтығы. 8) жауапкершілікті әсерлі құқықтық реттеудің жоқтығы.

Әлеуметтік –психологиялық факторы: 1) әлуметтік құндылықтардың тұтынушылық жүйесінің қалыптасуы. 2) мүліктік қажеттіліктерді қанағаттандырудың экономикалық шарттарынан асып түсуі. 3) тыйым салуға тұрғындардың бағынынуының тқмен дәрежесі. 4) жауапкершілікке тарту мүмкіндігіне немқұрайлық пен қарау. 5) Құқық қорғау органдарына сенімнің жоғалуы.

Ұйымдастырушы факторлар: 1. қылмыстың сипатымен құрылымына мемлекеттік әсер ету жүйесінің тең еместігі. 2. қылмыстардың жиі ашылмай қалуы. 3. тергеу технологиясының жоғары әсерлігінің аздығы. Т.б.

Техникалық факторы: 1) Қылмыстың алдын алу немесе жоюдың техникалық тәсілдерінің жетілмеуі. 2) Қылмысты тез арада ашу үшін ұйымдастырушылық техникалық механизіммен қамтамасыз етілмеуі. Т.б.

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесі.

Пайдакүнемдік сипаттағы қылмыстылықпен күресудің экономикалық шаралары: Жалпы шаралар: а) экономикалық дағдарыстан құтылу. б) нақты инфляцияның дәрежесін жылына 2-4% ға дейін азайту. в) тұрғындарды кіріс дәрежесі бойынша бөлу дәрежесін азайту. г) жұмыссыздықтық дәрежесін төмендету. Арнайы шаралар: а) құқық қорғау органдарын қылмыспен күресте ресурспен қамтамасыз ету.

14 –ші дәріс.

14-ші тақырып. Мемлекеттік билік аясындағы қылмыстылық.

Дәріс жоспары:

1. Жемқорлық қылмыстылығының сипаттамасы.

2. Жемқорлық қылмыстылығының себептері мен шарттары.

3. Жеқорлықпен күресу шараларының құқықтық шаралары.

Негізгі ұғымдар: жемқорлық.

Жемқорлық қылмыстылық – көптеген елдерде жеткілікті, дәстүрлі түрде таралған қылмыстылықтың түрі. Жемқорлық (латын тілінен аударғанда сындыру, бұзу, зақымдау) әлеуметтік,–құқықтық құбылыс ретінде, әдетте мемлекеттік шенеуніктердің лауазымды тұлғалардың сонымен қатар қоғамдық және саяси қызметкерлердің сатылуыжәне пара алуы табылады.

Жемқорлықтың мәні әлеуметтік құқықтық құбылыс сияқты, біздің пікірімізше, екі жақты. Бір жағынан, ол мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын және өзінің ресми дәрежесін заңсыз артықшылықтарды алу мақсатында қолданатын тұлға, ал екінші жағынан, осындай артықшылықтарды қызықтыратын субъектіге ұсыну.

Жемқорлықтың мазмұны әртүрлі әрекеттердің жиынтығымен анықталады. Жемқорлықтың мазмұны әртүрлі ірекеттермен, әрекесіздіктермен анықталады, мемлекеттік қызметті жүзеге асыруға, уәкілетті тұлғаның заңсыз меншікті алуы, қызмет көрсетуді немесе жеңілдіктер алуында көрініс табады.

Жемқорлық негізінен құқық бұзушылықтың үш түріне бөлінеді: а) азаматтық-құқықтық деликт; б) әкімшілік тәртіп бұзушылық; в) қылмыс.

Азаматтық құқық жемқорлық деликтіге жатады. Мемлекеттік және муниципалдық мекемелердің қызметкерлерінің, әлеуметтік қорғау мекемелерінің және басқа да сол сияқты мекемелердің , қылмыскерлердің, олардың емделуде жатқан сол азаматтардың туған туыстарының және жұбайларының қарауында және тәрбиелеуіндегі азаматтардан сый алу, сыйлықтар алу, сонымен қатар аталған жағдайларға байланысты осындай қызметкерлерге сый беру.

Әкімшілік жемқорлық тәртіп бұзушылыққа жатады: а) әкімшілік құқық бұзушылық, (ҚРӘҚБК – де жауаптылық көрсетілген) мемлекеттік жағдайды асыра пайдалану жолымен мемлекеттік меншікті ұсақ ұрлау; б) тәртіптік бұзушылықтар (әкімшілік ққық бұзушылықтың түрі) мемлекеттік және муниципиалдық қызметшілердің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы немесе соған сәйкес қабылданғанбасқа да нормативтік актілерді бұзуда көрсетіледі (мысалы миллиция қызметкерлерімен кәсіптік қызметті жүзеге асыру).

Жемқорлық қылмыс – бұл ҚРҚК – нде қарастырылған қоғамға қауіпті әрекет, жария қызметтің абыройына тікелей қол сұғатын, мемлекеттік немесе муниципиалдық қызметкерлермен заңсыз алу немесе осындай артықшылықтарды ұсыну, алу.

Жемқорлық қылмыстар үш топқа бөлінеді: 1) мемлекеттік қызметтің немесе жергілікті өзін өзі басқару органдарының қызметінің абройына қол сұғатын жемқорлық қылмыстар; 2) сондай әлеуметтік құндылықтарға қол сұғатын жемқорлық қылмыстар (мемлекеттік жемқорлық қылмыстар кең мағынада мінлетті, қосымша, тікелей объект ретінде аталған); 3) әлеуметтік құндылықтарға қол сұғатын факультативті (міндетті емес) объект.

Жемқорлық қылмыстылықтың криминалогиялық сипаттамасының негізін әдетте қылмыстық статистиканың, оның сандық жіне сапалық қасиеттері туралы мәліметтерді құрайды. Жемқорлық қылмыстың криминалистикалық сипаттамасының міндетті элементі – оныі лагенттігі, яғни ресми қылмыстық статистиканыі толық тіркелу қасиеті. Жемқорлық қылмыстылығының қоңамға қауіптілігі нақтырақ жазаның орташа ауырлық көрсеткішімен өлшенеді.

Жемқорлық қылмысты жасаған тұлғаның сипаттамасы екі криминалогиялық портретті құрайды: 1) мемлекеттік немесе муниципиалдық қызмет қайшы заңсыз артықшылықтар алған мемлекеттік қызметті орындауға уәкілеттенген тұлғалар; 2) осындай артықшылықтарды ұсынған тұлғалар.

Статистикалық анализде көрсетілгендей, жемқорлыққа көбінесе атқарушы билік органдары ұшыраған. Сондай-ақ депутаттың, судьялардың және прокурордың ерекше қылмыстық процессуалдық дәрежесі. Жемқорлы лауазымды тұлғаның және олардың ішіндегілерді қылмыстық жазаға тартуғажәне әсерлі ашуға кедергі жасайды.

Жемқорлық қылмыстардың экономикалық факторлары негізгі экономикалық факторлардың қатарына қарастыруға жататын қылмыстар: а) экономикалық тұрақсыздық, ең алдымен инфляцияның жүйесіз өзгеруінде, мемлекеттік және муниципиалдық қызметшілердің ақшалай қамтамасыз етуінің өте жоғары темпте құнсыздануы, жоғарыда аталған кірістің кез-келген көзін іздеуге итереді; б) өте жоғары кірісі бар адамдардың болуы, бос ақшаның юолуы сатып алуға кең қолданылуы мүмкін; в) мемлекеттік меншікті жекешелендіру темпінің жоғарылауы; г) әсерлі нарықтық бәсекелестіктің болмауы, негіделмеген кірісиерді алуға жол берді. Жемқорлық қылмыстылықтың саяси факторлары: а) мемлекеттің жоғарыңы лауазымды тұлғаларының жемқорлық жағдайларына парламенттің болмауы; б) мемлекеттік және муниципиалдық қызметшілердің уәкілеттіктің тез арттыруды қамтамасыз ететін механизмнің әсрлі болуы: в) мемлекеттік органдардыі билігіне ұйымдасқан қылмыстық топтардың және қылмыстық ұйымдардың енуі, кіруі. Жемқорлық қылмыстың құқықтық себептерінің қатарына: а) жемқорлық қылмыстың заңнамалық анықтамасының болмауы; б) жемқорлықтың әтүрлі түрлеріне толық әкімшілік құқықтың тыйым салулардың жоқтығы; в) мемлекеттік қызметкерлерінің салық салуын регламенттейтін заңнамада көптеген тегін толықтылулардың болмауы; г) жалпы дғдарыс шартындағы заңның объект і әлсіздігі.

Жемқорлық қылмыстың психологиялық себептері жән шартары: а) үокен адамның мемлекеттік қызметшілірге қарағанда құқық білімінің төмендігі; б) тұрғындардың көптеген бөлімінің мемлекеттік қызметшілерді сатып алуға психологиялық дайындығы, заңсыз және заңды мүдделерді сатып алу; в) жемқорлық әрекеттерді жасаған үшін жауапкершіліктің өте төмен болуы; г) сатып алынатын және сатылатын екі жақтың кінә феномені.

Ұйымдасқан сипаттағы жемқорлықтың себептері мен шарттары: а) жемқорлықпен күрес мақсатында құқық қорғау жүйесінің құрылымына сай еместігі; б) жемқорлықпен күрес үшін арналған құқықтық нормалардың қолданатын маңызды емес тәжірибесі; в) жемқорлық қылмыстың әуімшілік және қылмыстық статиытикалық жақтығы; г) тұлғаларды аумақтық тіркеудің жоқтығы; д) қылмыспен күрес жөніндегі арнайы бюджеттен тыс қорлардың жоқтығы; е) қылмыспен күрес аясында мамандарды дайындау қамтамасыз етудің төмен дәрежелілігі; ж) қылмыспен күрес жүргізудегі құқық қорғау органдарының арасындаға арақатынасының төмен әсерлілігі.

Жеқорлықпен күресу шараларының құқықтық шаралары: 1) жемқорлық қылмыстарды заңнамалық анықтау; 2) жемқорлық қылмыстардың субъектілерін мемлекеттік қызметті жүзеге асыратын уәкілетті тұлға ретінде заңнамалық анықтау; 3) жеқорлықпен күрестің мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің жүйесін заңнамалық анықтау; 4) жемқорлақпен күрес бюджеттен тыс қоры туралы заңды анықтау. Жемқорлық қылмыстылықпен күресудің ұйымдасқан шаралары: 1) республика бойынша қызмет ететін автоматты ақпараттық орталықтарды құру;2) жекешелендіруге қатысатын заңды және жеке тұлғаның кірістері мен шығыстары жөніндегі жүйесін енгізу; 3) жекешелендіру нәтижелеріне тексерулер жүргізу; 4) мемлекет аппарат есептілігін төмендету; 5) ақшалай қаражатқа бақылау механизмін құру; 6) салық жүйесін реформалау; 7) мемлекеттік қызметтер төлейтін салықтың автоматтандырылған жергілікті тіркеулерін құру; 8) мемлекеттік қызмет заңдылығының жағдайы туралы қоғамдық пікір маниторинг жүйесін құру; 9) жоғарғы мемлекеттік билік органдарының бюджетін жыл сайын міндетті жариялау.

15-ші дәріс.

15-ші тақырып. Экологиялық қылмыстылық және оның алдын алу.

Дәріс жоспары:

1. Экологиялық қылмыстылық түсінгі.

2. Экологиялық қылмыстылықтың себептері мен шарттары.

3. Экологиялық қылмыстылықты алдын алу шаралары.

Негізгі ұғымдар: экология.

Экологиялық қылмыс бұл қоршаған ортаға қауіп төндіретін қылмымтық заң бойынша қоғамға қауіпті әрекет. Басқаша айтқанда, құқыққы қайшы жағдайларда табиғи объектілерді жағымсыз өзгерістерге алып келу. Ұдайы экономиканы дамытудің тәсілдері табиғатқа теріс әсерін тигізіп отырды. Экологиялық қылмыстарға заңсыз балық аулау, жануарлар терілерін сату-сатып алу, айырбастау; жер қойнауын өңдеу ережелерін бұзу және мемлекетке алтын өткізу ережелерін бұзу; континентальді шельеф туралы заңды бұзу; ауа және суларды ластау; теңіздің тірі ресурстарына және адам денсаулығына қауіпті заттармен теңіз суларын ластау жатады.

Қылмыстық заңда экологиялық қылмыстардың түрлерінің сипаттамасы беріліп қана қоймай оларға қатысты жауапкершілік шегі де көрсетілген. Бұл ққылмыстардың қоғамға қауіптілік деңгейіне байланысты тағайындалатын жауапкершілік қылмыстық және әкімшілік болуы мүмкін. Елімізде экологиялық қылмыстылықтың жағдайы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзудың үнемі өсуі және латенттілігімен сипатталды. Экологиялық қылмыстылықпен күресте қоршаған ортаны қорғау туралы заңдылықтарды бұзған үшін қылмыстық жауапкершілік жиі тағайындалмайды. Мысалы Ресей мемлекетінде жыл сайын шамамен 30 мыңға дейін орманды жерлерде өрт болатын болса, оның 81% адмадардың кінәсімен болады екен. Алайда қылмыстық жауапкершілікке 100-ден 1 адамға ғана тартылады да, әкімшілік жауапкершілік жиі қолданылады. Экологиялық қылыстылықтың құрылымы брйынша заңсыз балық аулау 35-45%, заңсыз аң аулау 25-35%, ауа және су орындарын ластау 10-20%, орман заңдарын бұзу 8-10% құрайды. Экологиялық қылмыстылықтың жалпы және арнаулы себептері бар. Жалпы себептеріне адам мен табиғат арасында пайда болатын қарым қатнастардың аясында қарама қайщылықтардан тұрады.

Ал экологиялық қылмыстылықтың арнаулы себептері сапалық көрсеткіштердің анализдеріне негізделеді. Экологиялық қылмыстар бойынша қылмыстық істер екіге бөлінеді: 1) лауазымды тұлғалармен қылмыстың жасалуы. 2) жай тұлғалардың қылмыс жасауы. Лауазымды тұлғалармен жасалған қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі ауырлық деңгейінің жоғарылығымен және бұл құқықбұзушылықтың орнын толытрудың қиындылығы мен сипатталады.

Қолданылатын әдебиеттердің тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

  1. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық.(жалпы бөлім). Алматы, «Жеті жарғы» 1999.

  2. Жадбаев С. Х. Криминология Алматы «Жеті жарғы» 2002.

  3. Криминология. Учебник / под. Ред В.Н.кудрявцева и В.Е.Эминова. 2-ое изд. Москва, Юрист, 2000.

  4. Алмас Жұмағали. Криминология. Жалпы бөлім. Алматы 2003.

  5. Алауханов Е.О. Криминология. Алматы. Жеті жарғы. 2005.

  6. Каиржанов Е.М. Понятие, структура и виды профилактики. Караганда, 1996.

  7. Криминология. Учебник для юридических вузов./ Под. Ред. В.Н. Кудрявцева, В.Е. Еминова. М., 2000.

  8. Каиржанов Е.И. Криминология. Алматы, 1995.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Криминология. Учебник./ Под. Ред. В.Н. Кудрявцева, Г.М. Миньковского, М., 1998.

  2. Криминология. Учебник для юридических вузов./ Под. Ред. А. И. Долговой, М., 1997.

  3. Кримнология. Учебное пособие./ Под. Ред. В.Е. Еминова. М.,1997.

  4. Косоплечев Н.Б., Измаилова Ф.Ш. Предупреждение преступлений в регионах: состояние, опыт. М., 1997.

  5. Алексеев А.И., Герасимов С.И., Сухарев А.Я. Криминологическая профилактика: теория, опыт, проблемы. М., 2001.

  6. Криминология. Учебник / под. Ред В.Н.кудрявцева и В.Е.Эминова. 2-ое изд. Москва, Юрист, 2002.

  7. Теоретические основы профилактикм преступлений. М., 1979.

  8. Аванасев Г.А. Криминология и социальная профилактика. М., 1990.

  9. Антонян Ю.М. Изучение личности преступника. М., 1982.

  10. Карпец И.И. Актуальные проблемы борьбы с организованной преступностью. М., 1990.

  11. Основы борьбы с организованной преступностью/ Под. Ред. В.С. овчиеского, В.Е. Эминова, Н.П. Яблокова. М., 1996.

  12. Абдиров Н.М. Раннее выявление несовершеннолетних с антиобщественным поведением – основа эффективной профилактики правонарушений. Караганда, 1989.

  13. МАуленов Г.С. Криминологическая характеристика организованной преступности. Алматы: «Әділет Пресс», 1997.

  14. Нарикбаев М.С. Правовая охрана детства в РК. Алматы, Дәуір, 1996.

  15. Криминология. Учебник / под. Ред В.Н.кудрявцева и В.Е.Эминова. 2-ое изд. Москва, Юрист, 2002.

  16. Прститутция и преступность/ Под. Ред. И.В. Шмакова. М., 1991.

  17. Нуртаев Р. Т. Борьба с неосторожными видами преступлений. Алма-Ата, Наука, 1990.

  18. Насильственная преступность/ под. Ред В.Н. Кудрявцева, А.В. Наумова. М., 1997.

  19. Волженкин Б.В. Коррупция. СПб. 1998.

  20. Максимв С.В. Предупреждение коррупции. М., 1994.

  21. Максимв С.В. Коррупция. Закон. Ответственность. М., 2000.

  22. Мишин Г.К. Коррупция: понятие, сущность, меры ограничения. М., 1991.

  23. Дубовик О.П. Причины экологической преступности. М., 1988.

  24. Плешаков А.М. Экологические преступления: понятие и классификация. М., 1994.

  25. Орымбаев Р. Специальный субъект преступления. Алма-Ата, 1997.

  26. Криминология. Учебник 2-ое изд. Под. Ред. Кузнецовой Н.Ф., В.В. лунеева. М., 2004.

  27. Комарицкий С.И. Рецидивная преступность осужденных к наказаниям, не связанным с лишением свободы.М., 1990.

  28. Тирскии В.В. Предупреждение рецидива преступлении. Томск, 1990.

  29. Проблемы борьбы с рецидивной преступностью / под. Ред В.Д. Филимонова. Томск, 1992

  30. Стумбина Э.Я. Рецидивная преступность как объект предупредительной деятельности// Причины отдельных видов преступности и проблемы борьбы с ними. М., 1989.

  31. Чубарев В.П. Многоразовая преступная деятельность и уголовный закон// государство и право.1992.

  32. Юцкова Е.М. О базовой ценностной ориентации молодых рецидивистов// Причины отдельных видов преступности и проблемы борьбы с ними. М., 1989.

Соседние файлы в предмете Право СНГ