- •5В090200 Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •Курс – 2
- •Барлығы – 90 сағат Орал 2011 ж.
- •Сабақ мазмұны мен кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •3. Персоналды басқару
- •Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
- •2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
- •3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
- •Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
- •3. Бизнесті инвестициялау көрсеткіштері және бағалау әдістері
- •1. Кәсіпкерлік құпия мәні және кәсіпкерлік ақпаратты қорғаудың негізгі аспектілері
- •2.Ұйымның мәліметтерін коммерциялық құпияға жатқызу тәртібі
- •3. Ақпарат ұрлануын болдырмау
- •6.4. Коммерциялық шпионаж
- •2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асару әдістері
- •3.Өнім ассортиментін жоспарлау
- •3.Өнім өткізуді жоспарлау
- •2. Лизингтік мәмілеге қатысушылар
- •3.Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептесу әдістері
- •3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •4. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептер
- •Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау
- •Тақырып 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою
- •II. Анықтамасы:
- •1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
- •1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
- •Тест тапсырмасы:
- •Реферат тақырыптары
3.Өнім ассортиментін жоспарлау
Өнімдер ассортиментін жоспарлау үшін нарықты келесі бағыттар бойынша зерттеу қажет:
Тауарды зерттеу, оның мақсаты – неғұрлым жоғарғы дәрежеде тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз ететін тауарлар шығару және жоғарғы пайда табу. Ең маңыздысы өнім номенклатурасының тез жаңаруы және ҒТП жетістіктерінің енгізілуі.
Нарық сиымдылығын анықтау. Нарық сиымдылығы – бұл белгілі уақыт аралығында потенциалды тауарларды өткізу.
3) Нарық конъюнктурасын талдау тиімді бағаларды анықтауға, нарық жағдайында тауарларды шығаруды өсіру мен қысқарту. Мұнда нарықты зеттеуге көңіл бөлінеді, болашақта нарықтың дамуына ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасалынады.
4) Тұтынушыларды жан-жақты талдау, олардың қажеттілігін, нарық мотивациясы мен сегменттеуін талдау.
5) Бәсекелестердің іс-әрекетін талдау.
3.Өнім өткізуді жоспарлау
Тауарлық нарықты зерттеп болған соң өнім ассортиментін жоспарлау қажет. Өнім ассортиментін жоспарлау болашақта өндіруге және сатуға бұйымдарды дәл таңдау, барлық өнімдер сататын тұтынушылар қажеттілігіне сәйкес келтіру.
Жаңа өнімдерді бағалау критериялары
Нарықтық: 1) өнімдерге қажеттілігі;
2) нарықтың болашақта дамуы;
3) өнімдердің бәсекелестік дәрежесі;
4) нарықтың тұрақтылық дәрежесі.
2. Тауарлық: 1) техникалық сипаттама;
2) қораптауы;
3) бағасы.
3.Өткізушілік: 1) шығаратын өнімдер ассортиментімен байланыстыру;
2) өткізу;
3) жарнама.
4. Өндірістік: 1) жабдықтар мен капитал;
2) шикізат ресурстары;
3) персонлды инженерлі-техникалық білімі мен тәжірибесі.
Өндіруге бұйымдардың жаңа түрлерін таңдаған соң, олардың әрқайсысына ерекше құжат толтырылады. Толтырылған соң өндірістік бөліміне тапсырады. Мұнда олардың тәжірибелі үлгілері жасалып, өндірістік мүмкіншілігі ескеріліп бұйымдар дайындаушылармен алдын-ала тексеріледі.
Сонан соң алдын-ала өндірістік шығындар калькуляциясы жасалады. Егерде шығындар калькуляциясы мүмкін болатын рентабельділік деңгейін көрсетсе, онда өнімді нарыққа аз партиясымен шығарады. Маркетинг бөлімі өнімді нарыққа шығару жөнінде, соның ішінде қандай, қалай, қашан, қандай өзіндік құнмен және пайда табуы жөнінде ұсыныс дайындайды.
Тақырып 10. Кәсіпкерліктегі әріптестік байланыстар
Өндіріс саласындағы әріптестік
Тауар алмасу саласындағы әріптестік
Сауда саласындағы әріптестік
Қаржылық қатынастар саласындағы әріптестік
Өндіріс саласындағы әріптестік
1. Кәсіпкерлер өздерінің қызмет процесінде әртүрлі әріптестік байланыстарда болады. Әртүлі әріптестік байланыстардың формаларын А.В.Бусыгин негізгі кәсіпкерлік іс-әрекеттің сфералары бойынша жіктейді:
1. Өндіріс сферасындағы әріптестік байланыстар.
Тауар алмасу сферсындағы байланыстар.
Сауда сферасынгдағы байланыстар.
Қаржылық сферсындағы байланыстар.
Өндіріс сферасындағы әріптестік байланыстардың негізгі формалары:
Біріккен кәсіпорын – жарғылық қоры екі немесе одан көп құрылтайшылардың пайлық жарнасынан құрылған және олардың біреуі шетелдік жеке немесе заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын.
Аралас кәсіпорын – жарғылық қоры бір елдің немесе одан көп заңды тұлғалармен құрылған кәсіпорын. Аралас кәсіпорынға бір елдің екі немесе бірнеше заңды тұлғаларының жарғылық капиталы негізінде қалыптасқан кәсіпорын.
Өндірістік кооперация - әр әріптес бірыңғай өндірістік процесс шеңберінде өзіне үлесті жұмысты орындайтын, осы процесті аяқтау бойынша және өндірілген өнімді сатудан түскен табыс жұмыстың жалпы көлеміндегі әрқайсысының үлесіне сәйкес әріптестер арасында бөлінетін әріптестік байланыстар формасы.
Франчайзинг – бас компанияның ұсақ дербес кәсіпорындарға белгілі нарықта осы ірі компанияның сату маркісімен белгілі тауарлар шығаруға және өткізуге құқық ұсыну жөніндегі әріптестік байланыс.
Концессия– мемлекеттің монополиялық меншігіндегі шаруашылық объектілерді жалға алу жөніндегі кәсіпкердің мемлекеттік органдармен әріптестік байланыстар формасы. Концессия ( латын тілінен – рұқсат ) – кәсіпкердің шаруашылық объектіні мемлекет қарауындағы жалға алу жөнінде мемлекеттік немесе муниципалдық органдармен келісімге келу. Келісім-шарт объектісі болып – пайдалы қазбалар, табиғат байлықтары, сондай-ақ зауыт, фабрикалар болуы мүмкін.
Толлинг– қосымша шикізатты өңдеу мен қайта өңдеу жөнінде әріптестер арасындағы келісім. Мұнда бір әріптес – тапсырма беруші екінші жаққа – орындаушыға шикізатты өңдеу туралы тапсырма береді, орындаушы толлинг бойынша өзінің қызметіне сыйақы алады.
Тауар алмасу саласындағы әріптестік
Әріптестердің тауар алмасу сферасындағы байланыста арнайы тауар түрлерінің жылжуы, тек бір ерекшелігі тауар алмасу ақшалай түрде емес, заттай немесе тауарлай жүргізіледі.
Мұнда тауар алмасу формаларына мыналар:
Бартер – тауар алмасу мәселесі, қандай тауарды алмастыруға болады, олардың арасындағы пропорциялары қаралады.
Қарама-қарсы тауарды қою– екі жақ қандай жағдайда тауардың тауардың қандай түрін қою жөнінде келісімге келеді, бірақта қарама-қарсы қандай тауар қойылуы жөнінде шешім қабылдамай тұрып, келісімге келіп, кейін келісім-шарттың қосымша хаттамасында алмасқан тауардың түрі, қою жағдайы көрсетіледі.
Коммерциялық триангуляциядабартерлік операцияны жүзеге асыруда екі әріптестер емес, үшеу қатысады. Коммерциялық триангуляциялық келісім мәмілесі жасалады:
1. Тауарды қою;
2. Тауармен есептесу.
Сауда саласындағы әріптестік
Сауда сферасындағы әріптестер байланысы мәміле түрінде жүзеге асады:
Жай түрі немесе сауда– саттық мәмілесі. Әріптестер арасындағы байланыс сауда саттық келісім-шарт негізінде жүзеге асады. Мұнда сатушы мен сатып алушы немесе тауар беруші мен тұтынушы қатыса алады.
Форвардтық немесе жедел мәміле– мұнда 6 айдан 14 айға дейін келісімге келу.
Бір мезгілде тауарды алып сату -келісім-шартта қаралған мезгіл бойынша.
Ноу-хау түрі бойынша ақпарат беру– «өндірістің құпияларын» белгілі сыйақы үшін, келісім-шартта қарастырылған жағдайлар бойынша әріптестердің бір-біріне беруі.
Спот– тауарды тауарлай алған жағдайда шұғыл, жедел есептесу мен жеткізу. Көбінесе биржалық саудада кездеседі.
Тауарды экспортқа шығару– басқа елдің әріптесіне тауарды қою жөнінде келісім-шартқа отыру.
Тауарды импортқа шығару– шетел әтіптестерінің тауарды біздің елге әкелуі.
Қаржылық қатынастар саласындағы әріптестік
Қаржылық қатынастар сферасындағы әріптестік байланыстарға факторинг және коммерциялық трансфертті жатқызады.
Факторинг – кәсіпкер мен фактор фирмасы арасында қалыптастырылған қарым-қатынас жүйесі, мұнда фактор фирмасы кәсіпкердің бережағын жабу жөнінде міндет алады немесе кәсіпкерден қандай болмасын әріптесіне төлемін төлеу жөнінде тапсырысын сатып алады.
Фактор фирма ретінде көбінесе банктер шығады.
Факторинг клиенттерге қызмет көрсетудегі әмбебаптық жүйесінің бір элементі, өзінің құрамында бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, өткізушілік, көліктік, сақтандыру, несиелік және құқықтық қызметтері бар. Клиентке тек өндірістік функциясын орындауға қалады.
Тақырып 11. Лизингтік қызметтерді ұйымдастыру
Лизингтік операциялар мәні және олардың жіктелуі
Лизингтік мәмілеге қатысушылар
Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептесу әдістері
Лизингтік операциялар мәні және олардың жіктелуі
Лизинг – мүлікті сатып алу жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір төлемге беру, белгілі бір мерзімге және жағдайда мүлікті сатып алу құқығы келісім шартысымен негізделген инвестициялық қызметтің түрі.
Жалға алу – негізгі құралдары қайтарымды жедел пайдалану және қолдану келісім шартымен негізделген
Лизинг беруші – лизинг затын меншігіне сатып алып және оны лизинг келісім- шартымен лизинг алушыға беретін лизингтік мәміле қатысушысы.
Лизингтік мәмле – лизинг затын лизинг алушыга келісім шартта қарастырылған мерзімге уақытша пайдалануға беру.
Лизинг түрлерін қарастырарда, келесі белгілер бойынша жіктейді:
1.Мәмлеге қатысушылардың құрамы бойынша:
А) тікелей лизинг – мұнда екі жақ мәмлеге қатысады;
Б) жанама – затты делдалдар арқылы беру;
2. Мүлік типтері бойынша:
А) қозғалатын мүлік лизингі;
Б) қозғалмайтын мүлік лизингі;
3. Мүліктің өзін-өзі ақтау дәрежесі бойынша:
А) толық ақтау бойынша лизинг;
Б) толық емес ақтауы бойынша лизинг.
4. Аммортизация жағдайына бойынша лизинг бөлінеді:
А) толық аммортизация лизингі;
Б) толық емес амортизация лизингі.
5. Мүліктің қызмет көрсету көлеміне байланысты:
А) таза лизинг – лизинг затының таза техникалық қызмет көрсетуі және ағымдағы жөндеуі лизинг алушымен жүзеге асатын лизингтің әр түрлілігі.
Б) толық лизинг – лизинг затының техникалық қызмет көрсетуі және ағымдағы жөндеуі лизинг берушімен жүзеге асатын лизингтің әр түрлілігі.
В) жартылай лизинг – лизинг затының жартылай техникалық қызмет көрсетуі.
6. Лизингтік операциялар жүргізілетін нарықтың секторына байланысты:
А) ішкі лизинг – лизинг беруші, лизинг алушы, сатушы ҚР резиденті болып табылатын лизинг түрі.
Б) халықаралық лизинг – лизинг беруші және лизинг алушы ҚР өкілі болып табылмайтын лизинг түрі
