- •5В090200 Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •Курс – 2
- •Барлығы – 90 сағат Орал 2011 ж.
- •Сабақ мазмұны мен кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •3. Персоналды басқару
- •Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
- •2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
- •3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
- •Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
- •3. Бизнесті инвестициялау көрсеткіштері және бағалау әдістері
- •1. Кәсіпкерлік құпия мәні және кәсіпкерлік ақпаратты қорғаудың негізгі аспектілері
- •2.Ұйымның мәліметтерін коммерциялық құпияға жатқызу тәртібі
- •3. Ақпарат ұрлануын болдырмау
- •6.4. Коммерциялық шпионаж
- •2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асару әдістері
- •3.Өнім ассортиментін жоспарлау
- •3.Өнім өткізуді жоспарлау
- •2. Лизингтік мәмілеге қатысушылар
- •3.Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептесу әдістері
- •3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •4. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептер
- •Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау
- •Тақырып 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою
- •II. Анықтамасы:
- •1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
- •1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
- •Тест тапсырмасы:
- •Реферат тақырыптары
3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
Бизнес-жоспар жоспарлау жүйесіндегі әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе-жол. Бизнес-нарықтық экономика жағдайындағы субъекттің (кәсіпорынның) пайда табуға бағытталған әкономикалық қызмет. Бизнес-жоспар - субъект ұйымдастырып отырған өндірістің, қызмет көрсету т.б. мақсаттарымен оған жету жолдарын анықтау.Әдетте ол 1-5 жылға жасалады.
Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты - берілген бизнес объектісің маркеттингтік синтез жағынан қарастыру арқылы стратегиялық шешімдерді анықтау.
Бизнес-жоспарды дайындау басқа мақсаттары:
несие алу және инвестицияларды тарту;
белгіленген нәтежелерді орындау нақтылығының деңгейің анықтау;
жаңа фирма қайта құру және қызмететіп жүрген фирманың жұмысың қайта құру мақсатталатын дәлелдеу;
және тағы басқа
Бизнес-жоспардың отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу арқылы бизнес-жоспардың оптималды құрылымын анықтауға болады:
Бизнес концепциясы (резюме)
Кәсіпорынды жәнее саланы сипаттау
Қызмет және өнімдердің сипаттамасы
Өткізу нарығын зерттеу және талдау
Бәсеке және бәсекелік артықшылық
Маркетинг жоспары
Өндіріс жоспары
Ұйымдық жоспар
Қаржылық жоспар
Қаржылық стратегия
Потенциалды тәуекелділіктер
Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
Бизнесті инвестициялау формалары
Бизнесті инвестициялау көрсеткіштері және бағалау әдістері
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері
Кәсіпкерлік қызмет қаржылық қамтамасыз етуді талап етеді. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының көздері әдетте өзіндік (ішкі) және басқа жақтардан тартылған, қарызды (сыртқы) болып бөлінеді.
Өз меншігіндегі қаражаттардың негізгі көздері болып жарғылық капитал, пайда немесе резервтер, кәсіпорынның жинақтары, заңды және жеке тұлғалардың түрлі жарналары табылады.
Жарғылық капитал – кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін құрылтайшылардың салған қаражаттарының соммасы.
Қалыпты даму үстіндегі кәсіпорынның қаражаттарының негізгі көзі болып пайда табылады – пайда көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі ең маңыздысы болып кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының ара-қатынасы.
Қарыз құралдары. Қарыз ақша қаражаттарын тартудың негізгі тәсілдері болып банктерден немесе өзге де заңды немесе жеке тұлғалардан несие алу, сондай-ақ кәсіпорын үшін ерекше борыш міндеттемесі – облигация шығару болып табылады.
Кәсіпорын іс-әрекетін қаржыландыру қаражаттары олардың қажеттілігіне және ұсынылған мерзімдеріне байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінуі мүмкін. Қысқа мерзімді қаражаттар кәсіпорынның ағымдағы қажеттілік жабу үшін қолданылады, мысалға еңбек ақыны төлеу бойынша, шикізат, материалдар, өзге де ағымдағы шығындарды төлеу бойынша. Ұзақ мерзімді қаражаттар өндірістік құрал-жабдықтарды, қозғалмайтын мүлікке төлеу үшін, ұзақ мерзімге инвестицияларды жүзеге асыру үшін (жаңа цехтық құрылысымен, жаңа құрастыру линиясын іске қосу, өндірістің жаңа түрін енгізу) қолданылады.
Бизнесті инвестициялау формалары
Инвестициялау қаржы салу болып табылады. Инвестициялау субъектілері болып мыналар саналады:
материалдық бөлігі – негізгі құралдар, материалдың айналымдағы құралдары;
қолға ұстауға келмейтін активтер – кадрлар;
қаржыландыру ортасы – акциялар, облигациялар, сақтандыру.
Бизнесті инвестрлеудің негізгі формалары болып:
несие;
залог (кепілдікке алынған нәрсе);
факторинг;
лизинг табылады.
Несие беруші кәсіпкердің ұсынысын бағалап, негізгі 6 кездерге көңіл аударады. Бизнесменнің қаржылық жағдайымен танысқанда несие беруші алдымен оның баланстық есебі, пайда және шығын жөніндегі есебі, соңғы жылғы ақшалай айналым есебі, табыс салығының декларациясының көшірмесі қызығушылық танытады.
Кепілдік– зат салып, қарыз алу. Қарыз бергеннің қолында кепілдікке қалдырған зат болады. Кепілдікке көліктер, құрылыстар тұратын, ақша, құнды қағаздар т.б. салынады.
Кепілдіктің 2 түрі бар:
заклад (салып қою);
ипотека.
Салып қою түрінде кепілдікке салынған нәрсе кепілдік алушыдан кепілдік берушінің иемденуіне беріледі. Соңғысы оның сақталуына толық жауапкершілікті. Қарызды қайтарған жағдайда зат кепілдік алушыға қайтарылады.
Ипотекадасалынған нәрсе кепілдік берушінің пайдалануында қалдырылады, қарызды уақытында қайтармаған жағдайда толық қарыз берушіге беріледі.
Факторинг – шағын бизнесті қаржыландыру формасы. Факторингалық операциялар – қарыз алған адамның қарызды тез арада өтегенін немесе қарызды жою мүмкіндігі туралы талап қағазын көрсетуі, ал қысқа мерзімге несие беру – факторинганың ең көп тараған түрі. 2-3 күн ішінде талап қағазы бойынша 10-36 пайыз клиент қарыз алушының басқа клиенттен счетына ақша түскен бойда алады.
