- •5В090200 Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •Курс – 2
- •Барлығы – 90 сағат Орал 2011 ж.
- •Сабақ мазмұны мен кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •3. Персоналды басқару
- •Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
- •2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
- •3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
- •Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
- •3. Бизнесті инвестициялау көрсеткіштері және бағалау әдістері
- •1. Кәсіпкерлік құпия мәні және кәсіпкерлік ақпаратты қорғаудың негізгі аспектілері
- •2.Ұйымның мәліметтерін коммерциялық құпияға жатқызу тәртібі
- •3. Ақпарат ұрлануын болдырмау
- •6.4. Коммерциялық шпионаж
- •2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асару әдістері
- •3.Өнім ассортиментін жоспарлау
- •3.Өнім өткізуді жоспарлау
- •2. Лизингтік мәмілеге қатысушылар
- •3.Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептесу әдістері
- •3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •4. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептер
- •Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау
- •Тақырып 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою
- •II. Анықтамасы:
- •1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
- •1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
- •Тест тапсырмасы:
- •Реферат тақырыптары
3. Персоналды басқару
Кәсіпорынның басқару процесін келесіге бөлуге болады: техникамен басқару, экономикамен, кадрмен басқару.
Талдау, жоспарлау, есеп және персоналдарды басқару үшін барлық жұмысшылар әртүрлі қатарлары бойынша класификацияланады. Өндіріс процесіне байланысты кәсіпорынның барлық персоналдары екі категорияға бөлінеді: өнеркәсіптік-өндірістік персонал және өнеркәсіптік емес.
Ал өндіріске байланысты басқарушылар мынадай топтарға бөлінеді: сызықтық және функционалдық. Сызықтыққа өндірістің әрбір бөлімдері бойынша басқаратын басқарушы жатады; ал функционалдыққа функционалды істерді (бөлімдер, басқармалар) басқаратын басқарушы және оның орынбасарлары жатады.
Персоналды басқару процесі өзіне мыналарды жүктейді, яғни әрбір кәсіпорында класификация деңгейі бойынша және жыныстық және жас құрылымдары бойынша өнеркәсіптік-өндірістік персонал құрылымы анықталып, талдануы қажет.
Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкіфирмалық жоспарлаумен болжамдау әдістері
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкіфирмалық жоспарлаумен болжамдау әдістері
Жоспарлау – қоғамның әр-түрлі салаларында болашақ қызметтердің жобасын жасау барысы. Жоспарлау кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтері мен қатар) басқару қызметті.
Жоспарлау - алдағы уақытта белгілі бір жағдайға қол жеткізуді мақсат етіп қою болып табылады.
Болжам - алдағы уақытта обьектінің мүмкін жағдайын және оны жүзеге асырудың альтернативті жолдары мен мерзімдерінің ғылыми негізделген ойластырылуы.
Жоспарлау келесі белгілер бойынша жіктеледі:
масштабына байланысты (көлеміне);
уақыты бойынша;
мақсаты бойынша.
1) Масштабына байланысты:
микроболжам;
макроболжам.
2) Уақыты бойынша:
ұзақ мерзімді (5 жылдан 15 жылға дейін);
орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін);
қысқа мерзіммді (1 айдан 1жылға дейін);
шұғыл (1 айға дейін).
3) Мақсаты бойынша:
нормативтік;
ізденіс.
Сонымен жоспарлау – алға қойған жұмыстарды негіздеугге, міндеттеуге, тиімді, реттеуге, ақпаратты өндеуге, бағытталған ақыл-ой процессі.
Тәжірибеде жоспарлаудың негізгі 5 әдістерін ажыратады:
баланстық;
есептік-конструктивті;
бағдарламалық, мақсаттық;
экономикалық-математикалық;
нормативті-ресурстық.
2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
Жоспарлау жүйесі – бір-бірімен тығыз байланыстағы және бір-біріне ықпал етуші жоспарлау процесстерінің жииынтығы.
Жоспарлаудың келесі түрлерін қарастырады:
стратегиялық жоспарлау;
тактикалық жоспарлау;
оперативтік (шұғыл) жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау – фирманың барлық даму концепциясын анықтайды, басқарудың ең жоғарғы звеносымен дайындалады және орта мерззімді мен ұзақ мерзімді жоспарлаудан тұратын негізгі құжат болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – фирманың аз шығын жұмсай отырып, көп мөлшерде пайда табуға, неғұрлым тиімді қызмет ету бағытын таңдау болып табылады.
Тактикалық жоспарлау – бұл шаруашылық операциялардың жағдайларын жоспарлау (өндіріс қуаттылығы, капиталы, инвестицея, мамандарды және т.б), қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларға жатады және стратегиялық жоспар тактикасына жету болып табылады.
Оперативті (шұғыл) жоспарлау– бұл арнайы бағдарламалар мен жұмыстарды жоспарлау. Оперативтік жоспарлаудың ұзақтығы операциялардың масштабына байланысты болады.
Операивті жоспарлау – кәсіпкерліктің пайдалы даму үшін ең керекті бөлігі, яғни ұйымдастыру, іс-әрекетін анық тауып, мәселелерді шешу, міндеттер мен шешімдерді араластыру, операция көлемін, нарықтағы өмір сүру жағдайын, сату көлемі мен пайдасын, сонымен қатар керекті мәселелерді алдын ала анықтап, болдырмау жолын қарастыруда үлкен роль атқарады.
