Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / K_1241_sipkerlik_negizderi.doc
Скачиваний:
91
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
753.66 Кб
Скачать

1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:

а) кәсіпкерлік іс-қызметтің бағыттары мен құрамын анықтайтын заңдар мен заң актілерінің жиынтығы

б) іскер адамдармен өзінің қызметтерінің белгілі факторларына сәйкес іске асырылатын территориялық тұтастық шеңберінде

в) қоғамдағы өтіп жатқан кәсіпкерлік құрылымдық процесстерге мемлекеттің қатынасы

г) бәсеке және баға қалыптастыру жағдайы, салық салу және міндетті төлемдер шарты

д) мемлекеттің фискальды саясаты

2. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасын құрайтын негізгі факторлар:

а) құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық

б) саяси, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық

в) саяси, әлеуметтік, экономикалық

г) құқықтық, саяси, әлеуметтік, психологиялық

д) құқықтық, саяси, әлеуметтік, бағалық

3. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының құқықтық факторының мәні:

а) кәсіпкерлік қызметті анықтайтын, реттейтін және регламенттейтін заңдар мен заң актілерінің жиынтығы

б) қоғамдағы болып жатқан кәсіпкерлік процестерге мемлекеттің қарым-қатынасы және оларға мемлекеттің әсер етуінің бағыттары

в) негізгі жағдайдағы бәсеке және баға қалыптастыру

г) салт-дәстүр, ұлттың қалыптасу деңгейі, мемлекет пен қоғамның кәсіпкерлікке қарым-қатынасы, инфрақұрылымның бар болуы және оның сапасы

д) белгілі бір қоғамда әрекет ететін нормалар мен ережелердің жиынтығы

4. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының әлеуметтік факторының мәні:

а) кәсіпкерлік қызметті анықтайтын, реттейтін және регламенттейтін заңдар мен заң актілерінің жиынтығы

б) салт-дәстүр, ұлттың қалыптасу деңгейі, мемлекет пен қоғамның кәсіпкерлікке қарым-қатынасы, инфрақұрылымның бар болуы және оның сапасы

в) қоғамдағы болып жатқан кәсіпкерлік процестерге мемлекеттің қарым-қатынасы және оларға мемлекеттің әсер етуінің бағыттары

г) негізгі жағдайдағы бәсеке және баға қалыптастыру

д) кәсіпкерлік ортаның шарттары және факторлары

5. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының экономикалық факторының мәні:

а) кәсіпкерлік қызметті анықтайтын, реттейтін және регламенттейтін заңдар мен заң актілерінің жиынтығы

б) қоғамдағы болып жатқан кәсіпкерлік процестерге мемлекеттің қарым-қатынасы және оларға мемлекеттің әсер етуінің бағыттары

в) негізгі жағдайдағы бәсеке және баға қалыптастыру

г) салт-дәстүр, ұлттың қалыптасу деңгейі, мемлекет пен қоғамның кәсіпкерлікке қарым-қатынасы, инфрақұрылымның бар болуы және оның сапасы

д) қоғамдағы нормалар мен қағидалар

Әдебиеттер: 5,6,7,8,19,28,35

Апта 3. Кәсіпорын персоналы

Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік қызметте персоналдарға қажеттілікті анықтау білу, оның құрамын және басқаруын ұйымдастыра білу

СОӨЖ жоспары

  1. Персоналды басқару әдістері.

  2. Есептер шығару

СОӨЖ жоспары

  1. Өз бетіңізбен ҚР-ның “Еңбек Кодексімен” 15.05.2007 ж. танысыңыз.

Тест тапсырмасы:

1. Жұмыс күшінің тауарға айналу себептері:

  1. азат, адамның басқа адамдарға жалдануы;

  2. Тіршілік ету құралдары жоқ;

  3. жауапкершілігінің жоқтылығы;

  4. жеке басының жалқаулығы;

  5. Жұмыс күші санының артуы;

2. Жұмыс күші – тауардың құны мен тұтынушы құны ерекшелігі:

  1. еңбек және еңбек қабілетінің мәндері;

  2. Жұмыс күні және қажетті жұмыс уақыты жұмыс күнініің айырмасы;

  3. қажәтті және қосымша жұмыс уақытының қайшылықты бірлігі:

  4. Баға өзгерісімен тауар таратылуы;

  5. Түсімнен шығындарды шегергендегі нәтиже;

3. Қажетті жұмыс уақыты деп нені айтамыз?

  1. өмір сүруді қамтамасыз ететін тіршілік заттарын өндіруге жұмсалған орташа жұмыс уақыты;

  2. Жалпы жұмыс күнін;

  3. жеке шаруашылықтағы еңбекті;

  4. үй шаруашылығындағы еңбекті;

  5. еңбекпен айналыспаған уақыт;

4. Жұмыссыздықтың басты себептері:

  1. тауарға сұраныстың болмауынан өндірістің қықартылуы;

  2. Еңбек рыногындағы бәсеке;

  3. капитал органикалық құрылымының өсуі;

  4. халықтың табиғи өсімінің артуы;

  5. берілетін жалақыға еңбектенгісі келмеуі;

5. Толық жұмыспен қамтылу:

  1. жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;

  2. Нольдік жұмыссыздық;

  3. цикльдік жұмыссыздықтан өзгесі;

  4. Жұмыссыздықтың жасанды деңгейі;

  5. әлеуметтік жұмыссыздық;

6. Экономикалық дамудағы жұмыссыздық:

  1. төмендейді;

  2. көбейеді;

  3. өзгермейді;

  4. тұрақтанады;

  5. болмайды;

7. Ішкі жалдамалы жұмыс күшіеің көздері қандай:

  1. кәсіпрынның ұйымдастыруымен кадырлар дайындау;

  2. Жұмысқа кәсіпорын қызметкерлерінің таныстары мен туыстарын қабылдау;

  3. қызметкерлерді еңбек биржасы арқылы қабылдау

  4. Мемлекеттік тапсырыспен алу;

  5. Шетелден шақырту;

8. Сыртқы жалдамалы жұмыс күшінің көздері қандай?

  1. кәсіпорынның ұйымдастыруымен кадырларды дайындау;

  2. Жоғары оқу орындарды бітіргендердің есебінен мамандарды жалдау;

  3. қызметкерлерді еңбек биржалары арқылы қабылдау;

  4. жұмысқа кәсіпорынның тікелей өзіне келген адамдарды қабылдау;

  5. жалға жәрдемдесунің мемлекеттік агентігіне;

9. Тұрақты қызметкерлердің жылжуы көпшілігінде мына принціпте іске аспайды:

  1. Бос уақытындағы хоббиі;

  2. Стаж мөлшері;

  3. шеберлік;

  4. қолдампаздық;

  5. Еңбек ақы деңгейі;

10. Экономикалық активте емес халық:

  1. еңбекке жармаайтын адамдар;

  2. Жұмыс ісемейтін балалар, жаөспірімдер, зеинеткерлер.;

  3. жұмыс істемейтін мүгедектер, аурулар;

  4. жұмысты қажет етпейтін адамдар.

  5. Зейнеткерлер

СОӨЖ жоспары

  1. Кәсіпкерлік шешімдерді негіздеу

  2. Таңдалған идеяларға салыстырмалы талдау жасау

  3. Кәсіпкерлік шешімдерді қабылдау технологиясы

  4. Шығындарды басқару негізінде кәсіпкерлік шешімдерді негіздеу

  5. Кәсіпкерлік шешімдер типтері

СОӨЖ жоспары:

Тәуекелді төмендетудің тәсілдерін жазып алыңдар:

  • диверсификация;

  • сақтандыру;

  • лимиттендіру;

  • жоспарланған шығындардың орнын толтыру үшін қаржының қорлануы;

  • тәуекелдің таралуы;

  • алдағы таңдау мен нәтиже жөнінде көбірек мәлімет алу.

Әдебиеттер: 6,9,11,15,18,19,23,36

Апта 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

Сабақтың мақсаты: Жоспарлаудың негізгі принциптерімен танысу; жоспарлаудың негізгі кезеңдері мен әдістерін оқып білу; бизнес-жоспар жасауды білу

СОӨЖ жоспары

  1. Бюджеттік жоспарлау

  2. Желілік жоспарлау

  3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны

СОӨЖ жоспары

«Жеке» кәсіпорынның Бизнес-жоспарын дербес жасаңдар

Әдебиеттер: 10,16,18,19,20,23,32

Апта 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

Сабақтың мақсаты: Инвестициялаудың негізгі формаларымен танысу; франчайзинг, лизинг және факторинг мәнін түсіну; инвестициялық жобалардыэкономикалық бағалау әдістерін оқып білу және бизнесті инвестициялаудың тиімділігін анықтай білуі

СОӨЖ жоспары:

  1. Бизнесті инвестициялаудың негізгі формалары

  2. Лизинг мәні және лизингтік мәміле шарты

  3. Франчайзинг түсінігі

  4. Жобаның техника-экономикалық негізделуінің мазмұны

  5. Жобаның техника-экономикалық негізделуінің негізгі өндірістік көрсеткіштері

  6. Кәсіпорынның қаражатарының қалыптасуының жеке көздері

  7. Кәсіпорынның қаражатарының қалыптасуының қарыз көздері

  8. Бизнесті қаржыландыру формасы ретінде факторинг мәні

  9. Инвестициялау тиімділігін бағалау көрсеткіштері

  10. Бизнесті инвестициялауды бағалау әдістері

СОӨЖ жоспары

ҚР-ның 2003 жылы қабылданған «Инвестициялар туралы» Заңымен танысып, конспекті жазыңыз

Есеп 1. Бизнес- жоспарда өнімнің үш түрін өндіру қарастырылған:

Өнім түрі

Үлесті ауыспалы

шығындар

Сату көлемі,

шт

А

Б

В

58

115

173

2400

4800

7200

Жалпы сату көлемі 3360 мың. теңге, тұрақты шығындар- 1075 мың.теңге.

Жобаның шекті сату көлемі мен қаржылық беріктік қорын анықтаңыз.

Есеп 2. Дивидент-30%, несие пайызы- 20%, номиналды құн- 1000 теңге болғандағы акция құны мен нарықтық бағасын есептеңіз.

Есеп 3. Өнім өндіру жөнінде келесілер белгілі: шартты-ауыспалы шығындар- 50 мың теңге; өнім бірлігіне шаққандағы ауыспалы шығындар-55 теңге; өнім бірлігінің бағасы- 65 теңге.

  1. шекті сату көлемін анықтаңыз;

  2. сатудан түсетін табыс 20 мың теңге болатындай сату көлемін есептеңіз.

Әдебиеттер: 4,6,8,13,19, 21,23,31

Апта 6. Кәсіпкерлік құпия

Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік құпия түсінігімен танысу; кәсіпкерлік ақпараттардың құндылығын анықтаудың негізгі критерияларымен; кәсіпкер жауапкершілігінің түрлерімен танысу

СОӨЖ жоспары

  1. Кәсіпкерлік жауапкершілік мәні

  2. Кәсіпкерлік жауапкершілік түрлері

  3. Кәсіпкерлік ақпаратты бағалау субъектілері

  4. Кәсіпкерлік ақпаратты қорғау бойынша арнайы шаралар

  5. Кәсіпкердің қылмыстық жауапкершілігі

  6. Кәсіпкердің заңдық жауапкершілігі

СОӨЖ жоспары

ҚР Азаматтық Кодексі, Жалпы бөлім, 1 бөлім, 3 тарау, Қызметтік және коммерциялық құпия-126 бабымен танысыңдар

Әдебиеттер: 1,2,5,8,13,15

Апта 7. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел

Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік тәуекел түрлерін; кәсіпкерлік қызметтегі жоғалтулар түрлері; тәуекелді төмендету тәсілдері мен әдістерін оқып білу

СОӨЖ жоспары:

  1. Кәсіпкерлік тәуекел түсінігі және түрлері

  2. Кәсіпкерлік тәуекелдің сипаттық ерекшеліктері

  3. Белгілі бір белгілері бойынша тәуекелдерді жіктеу

  4. Бизнестегі бәсеке

  5. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелінен жоғалтулар түрлері

  6. Кәсіпкерлік тәуекелдің негізгі аймақтары

  7. Диверсификация мәні

  8. Сақтандыру қорларын құру

  9. Жобаны қаржыландыру кезіндегі тәуекелдер

  10. Тәуекелді төмендету әдістері

  11. Тәуекелді төмендету тәсілдері

СОӨЖ жоспары

ҚР Азаматтық Кодексі, Жалпы бөлім, 1 бөлім, 3 тарау, Қызметтік және коммерциялық құпия-126 бабымен танысыңдар

1-тапсырма. Келесі терминдер мен түсініктердің дұрыс анықтамасын табыңыз:

Түсінік:

  1. Кәсіпкерлік тәуекел

  2. Өндірістік тәуекел

  3. Қаржылық тәуекелдер

  4. Инвестициялық тәуекелдер

  5. Таза тәуекелдер

  6. Саудалық тәуекелдер

  7. Тәуекел деңгейі

Анықтама:

а) кәсіпорынның өндірістік және шаруашылықтық қызметімен байланысты тәуекелдер;

б) қаржылық-несиелік және биржалық ортада қандай да бір операциялар өткізу, құнды қағаздармен операциялар жасау нәтижесінде зиян келу мүмкіндігі;

в) оң да, теріс те нәтижеге ие болу мүмкіндігі;

г) жоспарланған шара (басқару шешімі) жүзеге аспаған жағдайда, сонымен қатар басқару шешімдерін негіздеу және жүзеге асыру кезінде қателіктер жіберілген жағдайдағы кәсіпорынның шығынға ұшырап, зиян келу мүмкіндігі;

д) зиян келу немесе нөлдік нәтижеге ұшырау мүмкіндігі;

е) сәйкес тәуекелдің әсері нәтижесінде зиян келу және шығынға ұшырау мүмкіндігін сандық бағалау;

ж) кәсіпорын «жастығымен» анықталатын басқару мен өндіріс құрылымын қайта құру, техникалық жаңалықтар енгізумен байланысты тәуекелдер, сонымен қатар «портфельдік» тәуекелдер, т.б.

Әдебиеттер: 6,8,11,15,18,20,29

Апта 8. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келісім-шарттық қарым-қатынасы

Сабақтың мақсаты: коммерциялық мәмілелер мәнін; мәмілелерді жүзеге асыру әдістері мен коммерциялық келісім шарттар дайындау әдістемесін оқып білу

СОӨЖ жоспары

  1. Келесілердің мазмұнымен танысыңдар:

- сату - сатып алу келсімі

- жеткізу келсімі

  1. Жағдай: Белгілі бір тауар түріне сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім жасау

  2. Сіз жасаған келісімнің презентациясы

СОӨЖ жоспары

Сату сатып алу келісімін жасауға дайындау: сыртқы ортаны, коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыруды реттейтін ҚР нормативті-құқықтық актілерін оқып білу

Әдебиеттер: 14,17,21,34

Апта 9. Материалдық ресурстарды сатып алу және өнім өткізу бойынша коммерциялық іс-қызмет

Сабақтың мақсаты: Критериялар бойынша жеткізушілерді таңдауды оқып үйрену; материалдық ресурстарды жеткізу шарттарымен танысу; өнім ассортиментін және өнім өткізуді доспарлай білу

СОӨЖ жоспары

  1. Материалдық ресурстарды сатып алу кезінде есеп айырысудың негізгі формалары

  2. Көтерме жәрменкелерде тауарды сатып алуды ұйымдастыру

  3. Есептер шығару

СОӨЖ жоспары

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі – Жалпы бөлім. 4 тарау; Ерекше бөлім, 25 тарауын оқыңдар

Әдебиеттер: 1,2,3,4,9,10,15,18,21

Апта 10. Кәсіпкерліктегі әріптестік байланыстар

Сабақтың мақсаты: Әріптестермен әріптестіктің негізгі бағыттарын; өндірістік кооперациялаудың, лизингтің, франчайзингтің, бартерлік операцияның, факторингтің мәнін оқып үйрену

СОӨЖ жоспары

  1. Коммерциялық емес ұйымдардың даму тарихы

  2. Тұтыну кооперативі

  3. Қоғамдық және діни ұйымдар

  4. Қорлар

СОӨЖ жоспары

1. ҚР Азаматтық Кодексі, Жалпы бөлім, 1 бөлім, 2 тарау, 7 пунктін өз беттеріңмен оқыңдар.

Әдебиеттер: 1,3,5,8,12,16,19,28,31

Апта 11. Лизингтік қызметтерді ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: лизингтік төлемдер мәнімен танысу; лизингтік мәмілелер қатысушыларымен танысу; лизингтік төлемдерді есептеу әдістемесін оқып үйрену

СОӨЖ жоспары

  1. Лизингтік мәмілелерді рәсімдеу үшін құжаттармен танысу

  2. Тапсырмаларды шешу

СОӨЖ жоспары

ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңын (05.04.2000ж. өзгертулермен және толықтырулармен) өз беттеріңмен оқыңдар

Әдебиеттер: 5,6,8,12,15,17,25,34

Апта 12. Шағын бизнес: мәні және қазіргі жағдайы (Бизнеске дербес жол)

Сабақтың мақсаты: Шағын кәсіпкерлік мәнін оқып білу; шағын бизнестің қызметін реттейтін заңдылықтармен, шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептермен танысу;

СОӨЖ жоспары

  1. Кәсіпорынды құру тәсілдері

  2. Кәсіпорынның орналасу жері және өндірістік жайлар

  3. Персонал

  4. Капиталға қажеттілік

  5. Қаржыландыру көздері

  6. Кәсіпорынды тіркеу

СОӨЖ жоспары

31.01.2006 жылғы ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының негізгі ережелерін оқыңдар

Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,8,11,15,23

Апта 13. Ішкіфирмалық есеп

Сабақтың мақсаты: Шаруашылық есептің мәні мен принциптерін, олардың өзара әрекеттері мен негізділігін оқып білу, ішкі фирмалық есептеуді ұйымдастыру тәртібімен танысу

СОӨЖ жоспары

Келесілермен тереңірек танысыңдар:

- ішкіфирмалық есепті тиімді ұйымдастырудың негізгі жағдайларымен

- кәсіпорынның мемлекетпен, жоғары тұрған басқару органдарымен, өзге де кәсіпорындар және ұйымдармен өзара қарым-қатынасы

- шаруашылықаралық кооперація және интеграция жүйесіндегі өзара қарым-қатынастармен

- ішкіфирмалық қатынастармен.

СОӨЖ жоспары

1. Хоскинг Д. «Курс предпринимательства» - М.: Межд. Отношения. – 1993 өз беттеріңмен оқыңдар

Әдебиеттер: 10,17,23,25,26,36

Апта 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау

Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның қызметін талдау және бағалау көрсеткіштерімен танысу; осы көрсеткіштерді қолдана отырып кәсіпорынның қаржылық-шаруашылықтық қызметіне талдай жасай білу

СОӨЖ жоспары

  1. Келесі көрсеткіштерді анықтаудың негізгі әдістемесімен танысыңдар:

- баланстық пайда, актитердің рентабелділігі, өткізу рентабелділігі;

- өтімділік және төлем қабілеттілігі;

- қаржылық тұрақтылық.

СОӨЖ жоспары

Келесі ұғымдарды оқып және жазып алыңдар:

- пайда;

- баланстық пайда;

- рентабельділік;

- активтердің рентабельділігі;

- өткізу рентабелділігі;

- өтімді - төлемқабілеттілігі;

- қаржылық тұрақтылығы.

Есеп 1.

Машина жасау заводының цехында 100 станокты қалыптастыру бизнес-жобамен қарастырылған. Цехтың жұмыс режимі 2 ауысым. Ауысым ұзақтығы 8 сағат. Өнімді шығарудың жылдық көлемі 280 мың бұйым, цехтың өнд-к қуаты -310 мың бұйым.

1 ауысымда барлық станоктар жұмыс жасайтыны, 2 ауысымда станок паркінің 50%, жыл ішінде жұмыс күнінің саны – 260 екені, 1 станоктың жыл ішіндегі нақты жұмыс істейтін уақыты – 4000 сағат екені белгілі.

Станоктар жұмысының ауысым коэффициентін, интенсивтілік және интегралдық жүктеу коэф-рін анықтаңыз.

Есеп 2.

Келесі шарттар негізінде цехтың өндірістік қуатын және қуатты пайдалану коэффициентін анықтаңыз: цехтағы станоктар саны 100 бірлік, 1 қарашадан бастап тағы 30 бірлік қолдануға беріледі. 1 мамырдан бастап 6 бірліктік істеп шығуы жоспарланып отыр. Жыл ішіндегі жұмыс күні 258, жұмыс режимі 2 ауысым, ауысым ұзақтығы – 8 сағат, құрал-жабдықты регламенттеу пайызы – 6 % , бір станоктың өнімділігі сағатына 5 деталь, жылға жоспарлаған шығарылым – 1700.000 деталь.

Әдебиеттер: 6,12, 18,21,32

Апта 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою

Сабақтың мақсаты: Кәсіпорынның банкроттығының себептері мен белгілерін оқып үйрену; кәсіпорынды банкроттау және жою процесімен танысу

СОӨЖ жоспары

1. Келесі процедура мәнімен танысыңдар:

- сыртқы басқару;

- санация;

- бейбіт келісім.

СОӨЖ жоспары

1. 21.01.1997 жылғы ҚР «Банкроттық туралы» заңының негізгі ережелерімен танысыңдар

1-тапсырма. Келесі түсініктердің дұрыс анықтамасын көрсетіңіз.

Түсінік:

  1. Кәсіпорын жағдайының жоқтығы (банкроттығы) ретінде түсіндіріледі........

  2. Банкроттық туралы заң таралады.....

  3. Кәсіпорын банкрот болып .... кейін есептеледі.

  4. Қарызды кәсіпорынға қатысты процедуралар.

Анықтамасы:

а) меншік формалары, қызмет түрі, қызмет мақсаты, ұйымдық-құқықтық формалары және өзге белгілеріне тәуелді емес барлық кәсіпорындарға;

б) арбитражды сот шешімінен, өз бетімен жойылу кезіндегі қарыз кәсіпорынның өз жағдайының жоқтығын ресми түрде мойындауынан;

в) сәйкес міндеттемелер және (немесе) міндеттер орындалуы керек уақыттан ұш ай мерзімінде орындалмаған жағдайда несие берушілердің ақша міндеттемелері бойынша талаптарын қанағаттандыру және (немесе) міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттерді орындау мүмкіндігінің жоқтығы;

г) сыртқы бақылау, қаржылық сауығу, конкурсты өндіріс, әлемдік келісім.

Әдебиеттер: 1,3,5,9,11,18,21,33

ОСӨЖ бөлімінде студенттермен бірге жұмыс істеу, тест жүргізу, мультимедиалық материалдарды пайдалану, презентация, диспут, дебат, кестемен жұмыс істеу, баяндама, студенттің ой- өрісін арттыратын ойындар сияқты студенттермен жұмыс істеу әдістері қолданылады.

8. ТИПТІК ЕСЕПТЕУ, ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС, КУРСТЫҚ ЖОБА (ЖҰМЫС) ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған

9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР: ҮЙГЕ БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ МӘТІНІ, ӘРБІР ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ӨЗІН- ӨЗІ ТЕКСЕРУ МАТЕРИАЛДАРЫ, РЕФЕРАТ ЖӘНЕ Т.Б. ҮЙ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР, ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ЖӘНЕ АРНАЛҒАН УАҚЫТ КӨЛЕМІ

Соседние файлы в папке 2102172