Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2102172 / K_1241_sipkerlik_negizderi.doc
Скачиваний:
90
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
753.66 Кб
Скачать

Тақырып 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою

  1. Қайта ұйымдастыру мәні және түрлері

  2. Банкроттау түсінігі, себептері

  3. Банкроттау процесі

  4. Кәсіпорынның жоюулы

    1. Қайта ұйымдастыру мәні және түрлері

Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру дегеніміз оның қызметін жалғастырушы басқа адамдарға құқығы мен міндеттерінің берілуі. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес қайта ұйымдастырудың бес түрін қарастырады:

  • Біріктіру (екі немесе бірнеше заңды тұлғалардың біреуге айналуы);

  • Тіркестіру (бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды басқаға тіркестіру);

  • Қайта құру (бір түріндегі заңды тұлғалардың басқа түрдегі заңды тұлғаларға айналдыруы);

  • Бөлу (бір заңды тұлғаның екіке немесе оданда көпке бөлінуі);

  • Айырып шығару (бөлінген бірақ қызмет етуші заңды тұлғалардың құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды айырып алу).

Қарастырылған қайта ұйымдастыру түрлері (біріктіру, тіркестіру, қайта құру) заңмен қарастырылған немесе заңды тұлғаның өз еркіндігі бойынша жүзеге асады. Кейбір жағдайда ғана біріктіру, тіркестіру, қайта құру мемлекеттік өкілетті органдар келісімімен жүзеге асады. Қалған қайта ұйымдастырудың екі түрі (бөлу, айырып шығару) заңды тұлғаның құрылтайшыларының еркіндігі бойынша немесе оған өкілетті құжаттармен рәсімделген өкілетті орган шешімімен немесе соттың шешімімен жүзеге асады.

    1. Банкроттау түсінігі, себептері

Банкротқа ұшырау заұды тұлғаның жойылу негізі болып табылады. ҚР-ның «Банкроттық туралы» Заңнын 1- Статьясында және ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 52 - Статьясында банкроттауға мынадай анықтама берілген «Банкроттық – борышқордың сот таныған төлем қабілетсіздігі». Борышқордың мұлкін басқару сот қауылысы несие берушінің мүддесін көздей отырып жүзеге асырылады. Бакроттық туралы заңда несие берушілердің жағдайын жеңілдететін баптар бар. Қолдану мерзімі біткен облигацияларды сатып алу қабілетсіз корпорациялардың бұрынғы басқарушылар басшылығымен немесе қамқоршылар бақылауымен қайтадан ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуіне, қарыз мөлшерін азайтуына немесе нысанын өзгеруіне рұқсат етіледі. Борышқорларға өзіне несие берушілер заң негізінде келісім жасау және қарызды төлеу уақытын ұзарту мүмкіндігі беріледі. Шығынды (пайда келтірмейтін) кәсіпорындардың өнімі мемлекеттік жоспарға енгізіледі, сөйтіп ондай кәсіпорын жоспарлы-шығынды кәсіпорын деп аталынады. Оның шығынының орны мемлекеттік жәрдемақы есебінен толтырылады. Кәсіпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс әстеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.

    1. Банкроттау процесі

Банкрот жүйесінің өркендеген түріне тек кәсіпорындар және олардың әр түрлі міндеттемелер бойнша әріптестері ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары кіреді. Мемлекеттік өкімет органдары банкрот жүйесіне болған жағдайында, олар ұйымдық, құқықтық және әлеуметтік қамту атқарымдығын қамтамасыз етулері тиіс.

Банкрот жүйесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер оның әдіс және әдістемелік біртұтас жүйесін жасау талабын қойып отыр.

Талдамалы әдісті пайдалану (қаржы, өндірістік-техникалық жақсарту, басқарудың тиісті бағдарламалары мен инвестиция жоспарын жасау, сыртқы басқару, конкурстық өндіріс, санация) қаржылық жағдайға ұқыпты талдау жүргізуге, кәсіпорынды басқару жүйесіне, оның өндірістік және маркетингалық қызметтерін жандандыруға мүмкіндік береді.

Даярлау және қайта даярлау әдістемесін қолдану басқарма құрамын тағайындауда (төрелік және конкурстық басқарма) және таңдауда, сонымен қатар кәсіпорынның басқа да қызметкерлерін іріктеуде, оларды басшы органдарда жұмыс ұсыну процесінде айырықша рөл атқарады.

    1. Кәсіпорынның жоюулы

Кәсіпорынның банкротқа ұшырауы жөнінде шешім қабылдағаннан кейн конкурстық өндіріс жүзеге аса бастайды. Оның мақсаты кредиторлардың талаптарын орындауға бағытталған. Конкурстық өндірісті жүргізу мерзімі алты айдан аспауы қажет. Конкурстық басқарма арызы бойынша кредиторлар комитетінің рұқсатымен осы мерзімді үш айға ұзартуға болады. Конкурстық өндіріс қатысушылары: сот, кредиторлар комитеті, банкрот, конкурстық басқарма, өкілетті орган және де басқалай қызығушы адамдар болуы мүмкін.

Конкурстық өндірісте соттың мынадай құқықтары бар:

  • конкурстық өндіріс жөнінде шешім қабылдау және тоқтату;

  • заңды тұлғаның банкрот болуы жөніндешешім қабылданғаны жөнінде әділет органдарына хабар беру;

  • конкурстық басқарманы тағайындау;

  • кредиторлар комитетін бекіту;

  • конкурстық өндіріске қатысушылар арасындағы түсінбеушіліктерді шешу;

  • заңда қарастырылған бойынша кредиторлар комитетінің шешімін бекітеді.

6.СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Апта

Тақырып атауы

Сағат көлемі

1

Кәсіпкерлік: ұғымы және оның негізгі түрлері

1

2

Кәсіпкерліктің іскерлік ортасы

1

3

Кәсіпкерлік қызметте персоналды басқару

1

4

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау

1

5

Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

1

6

Кәсіпкерлік құпия

1

7

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдіктер

1

8

Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келісім-шарттық қарым-қатынасы

1

9

Материалдық ресурстарды сатып алу және өнім өткізу бойынша коммерциялық қызмет

1

10

Кәсіпкерліктегі әріптестік байланыстар

1

11

Лизингтік қызметтерді ұйымдастыру

1

12

Шағын бизнес: мәні және қазіргі жағдайы

1

13

Ішкіфирмалық есеп

1

14

Кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін бағалау

1

15

Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою

1

Барлығы:

15

7. ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Лабораториялық и практикалық (семинар) жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар

Тақырып 1. Кәсіпкерлік: түсінігі және оның негізгі түрлері

Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік және кәсіпкер түсініктерімен танысу; кәсіпкерлік қалыптасуының кезеңдерін оқып білу; кәсіпкерліктің объектілері мен субъектілерімен танысу; кәсіпкерлік түрлері мен оның ерекшеліктерімен танысу

Семинар сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік және кәсіпкер түсінігінің эволюциясы

  2. Кәсіпкерлік қызметтің объекті және субъектілері

  3. Кәсіпкерлік қызмет түрлері және олардың ерекшеліктері

Тапсырма 1.Берілген анықтамалардың ішінен тапсырмада келтірілген ұйым формаларына сәйкес сипаттамаларды таңдаңыз.

I. Түсінігі:

  1. Кәсіпорын

  2. Экономиканың негізгі звеносы ретінде кәсіпорын .... сипатталады

  3. Кәсіпкерлік

  4. Заңды тұлға түсінігі

  5. Заңды тұлға белгілері

  6. Коммерциялық ұйымдар

  7. Коммерциялық емес ұйымдар

Соседние файлы в папке 2102172