
- •5В090200 Мемлекеттік және жергілікті басқару
- •Курс – 2
- •Барлығы – 90 сағат Орал 2011 ж.
- •Сабақ мазмұны мен кестесі
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
- •3. Персоналды басқару
- •Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау
- •2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері
- •3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны
- •Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
- •3. Бизнесті инвестициялау көрсеткіштері және бағалау әдістері
- •1. Кәсіпкерлік құпия мәні және кәсіпкерлік ақпаратты қорғаудың негізгі аспектілері
- •2.Ұйымның мәліметтерін коммерциялық құпияға жатқызу тәртібі
- •3. Ақпарат ұрлануын болдырмау
- •6.4. Коммерциялық шпионаж
- •2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асару әдістері
- •3.Өнім ассортиментін жоспарлау
- •3.Өнім өткізуді жоспарлау
- •2. Лизингтік мәмілеге қатысушылар
- •3.Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептесу әдістері
- •3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
- •4. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептер
- •Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау
- •Тақырып 15. Кәсіпорынды қайта құру, банкроттау және жою
- •II. Анықтамасы:
- •1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
- •1. Кәсіпкерліктің іскерлік ортасының түсінігі:
- •Тест тапсырмасы:
- •Реферат тақырыптары
Тақырып 14. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау және талдау
Кәсіпорын қызметін бағалау және талдау үшін көрсеткіштер жүйесі:
салық органдары үшін;
б) несие беруші банктер үшін;
в) келісім шарттар бойынша әріптестер үшін.
а)Салық органдары үшін ең маңыздысы кәсіпорынның салық төлеу қабілеттілігі. Сондықтан да олардың ең бірінші қызықтыратыныкәсіпорынның баланстық пайдасы, себебі ол салық төлеудің бір бөлігінің көзі болып саналады.
Сондықтан салық органдарының көз қарасы бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі көрсеткіштер болпып табылады:
баланстық пайданың жалпы сомасы
активтердің рентабельділігі
өткізу рентабельділігі
баланстық пайда=түсімнен шығындарды алып тастағандағы.
б) Кәсіпорынның қызметін бағалау мен талдау үшін несие беруші банктер ең бірінші қарастыратыны кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілігін көрсететін көрсеткіштер.
Төлем қабілеті-кәсіпорынның несие беруші банктерге бережақ ақшаларын тоқтаусыз өтей алу мүмкіндігі.
Өтімділік және төлем қабілетінің негізгі көрсеткіштеріне мыналарды жатқызады:
жалпы жабу коэффициенті;
аралық жабу коэффициенті;
абсолюттік өтімділік коэффициенті;
жалпы төлем қабілетінің коэффициенті;
ағымдағы жойылу коэффициенті.
Жалпы жабу коэффициенті (Коп) қандай ағымдағы несие мен есептеу бойынша міндеттерді өтеуге болатынын анықтайды. Жалпы жойылуға тиіс материалдың және ақшалай айналым қорлардың сомасының қысқа мерзімді міндеттеріне шаққанда анықталады.
Аралық жабу коэффициенті (Кпп) материалдық айналымдағы қаржыларды тартпай-ақ қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен есеп шоттағы қаржы арқылы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттерін жоба алатының көрсетеді.
Абсолюттік өтімділік коэффициентіағымдағы активтердің неғұрлым өтімділеу мен қысқа мерзімді бережақтардың салыстыра арқылы анықтайды.
Ағымдағы жойылу коэффициенті жойылуға тиісті айналымдағы қорлардың жалпы бағасын жедел төлеу міндеттеріне қысқа мерзімді банк несиесі түрінде қарыздар немесе әртүрлі кредиторлық бережақтарына шаққандағы.
Жалпы төлеу қабілетінің коэффициентінақты активтер бағасын жалпы қарызды қаржылар бағасына шаққанда анықталады.
в)Келісім шарттар бойынша әріптестерді банктер секілді кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі қызықтырады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады:
1. Айналымдағы құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:
кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылуы;
материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы;
айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті.
2. Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:
мүліктің нақты бағасының коэффициенті;
тұрақты актив коэффициенті (индекс);
тозуды жинақтау коэффициенті;
ұзақ мерзімді қарызды қаржыларды қатыстыру коэффициенті.
3. Кәсіпорынның жалпы қаржылау тұрақтылық дәрежесін көрсететін көрсеткіштер:
- автономия коэффициенті;
- қарызды және өзіндік қаржылардың қатынас коэффициенті.
Кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылу коэффициенті (Кс) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті өзіндік айналымдағы қаржылардың болуы. Кәсіпорындағы бар айналымдағы қаржыларды олардың нақты бағасына өндірістік қорлар мен шығындар, ақшалай қаржылар, дебиторлық бережақьар және басқалай айналымдағы активтер түрінде шаққанда анықталады.
Материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы (Ко) бірінші коэффициентің кездейсоқ жағдайы ретінде қарастырады. Жеке айналымдағы құралдар сомасының материалдық қорлар көлеміне қатынасы ретінде есептеледі. Мұнда жеке көздер арқылы кәсіпорынның материалдық қорлары қаншалықты жабылатынын көрсетеді.
Айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті (Км) жеке айналым құралдар сомасын кәсіпорынның жеке қаржылар көздер сомасына бөлу арқылы есептеледі.