Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2017
Размер:
36.71 Кб
Скачать

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

Әкімшілік жауаптылықтың ұғымы мен белгілері.

Әкімшілік жазалар.

Әкімшілік жазаның мақсаты.

Әкімшілік жазаның түрлері.

3.Қорытынды

4.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

1. Әкімшілік жазалау түрлері. Әкімшілік жазалау ұғымы Әкімшілік жаза — әкімшілік терісқылық жасаған тұлғаға заңның негізінде судья, мемлекеттік органдары (лауазымды тұлғалар) қолданатын мемлекеттің мәжбүрлеу (әсер ету) шарасы болып табылады. Әкімшілік жазалаудың мақсаттары: > әкімшілік нормаларында көрсетілген іс-қимылдар үшін жауаптылық шарасы; > құқық бұзушыны тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу; > әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуын алдын ала ескерту. Әкімшілік жазалау жанға күйзеліс келтіру мен қадыр-касиетке нұқсан келтіруді максат етпейді. Әкімшілік жазалау жойқын сипатқа ие, өйткені әкімшілік құқық субъектілерін белгілі бір құқықтарынан айырады немесе заң арқылы анықталған айыппұлдық міндеттерді оларға жүктейді, мысалы, лицензиядан айыру және т.б. Жазалаудың төмендегідей түрлері бар: > ескерту; > әкімшілік айыппұл; > әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе әкімшілік кұкық бұзушылықтың тікелей объектісі болған заттың өтемін төлетіп алу; > әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құкық бұзушылықты жасау нәтижесінде алынған кірістерді, ақшаларды және бағалы қағаздарды тәркілеу; > арнайы құқықтан айыру; > лицензиядан, арнайы құқықтан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын (оны) белгілі бір қызметке немесе белгілі бір іс-әрекеттердің (іс қимылдардың) жасалуын тоқтата тұру; > өз бетінше тұрғызып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ықтиярсыз бұзу; > әкімшілік қамауға алу; > шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен кетіру.

Негізгі бөлім

Заңды жауапкершілік жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құкықтық нормалардың жазылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады, Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік кұбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершілігінің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Тар мағынада мемлекеттің жасалғанқұқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.Заңды жауапкершілік тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіру деп тұрады.Заңды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни, құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттіккүштеу мен заңды жауапкершілік кашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады [12, 55-58 б.].Шарттың міндетін бұзған азамат немесе кәсіпорын өз еркімен заңдакөрсетілгсн айыппұлды төлеп, шығынды қалыпша келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана, жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлыманық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.Заңды жауапкершілік тек қана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.

1.   Мемлекеттік құнттау арқылы жүзеге асады.

2.  Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.

3.  Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады. Заңды жауапкершілік бірқатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:

Кінәлі әрекетүшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттерге ғана заңды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзуға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзінбасқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.Заңдылық қағидасы. Бұл кағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процессуалдық ережелер сақталынып отырып, бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік заңды пайда болып табылады.

Әділеттілік қағидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:

— теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды;

— адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;

— жауапкершілікті бекітуші және оны күшейтуші заңның кері күші болмайды;

—  бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалады;

— жауапкершіліктің деңгейіжасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі тиіс;

— жауапкершілік бұзылған құқық пенкелтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс.

Мақсатқа сәйкестілік қағидасы.Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуінталап етеді:

— Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;

—  Егержазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;

— Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса заңды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру. Жауаптылық қағидасы:

— Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;

—  құқық, бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;

— құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы. Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды [13, 41-49 б.].

Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизмінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмұны оның катысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы [14, 156-162 б.].

Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның ішінде және заңдылық жүзінде әрекет етеді. Заңдылық режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.

Сонымен заңды жауапкершіліктің функциялары:

1.  Жазалау — құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.

2. Бұзылған құқықты калпына келтіру азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құқықты қалпына келтіреді.

3. Тәрбиелік азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге баулиды.

Заңды жауапкершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрбіріне өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі болады.

1) Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:

— Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;

— бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;

— темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.

2) Қылмыстық және әкімшілік құқықтық; жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік, жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.

3) Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге түлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.

Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құкық нормаларын өз еріктерімен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің кажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пеп құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде өндіре білу болып табылады.

Заңды жауапкершіліктің тәрбиелік ықпалының тиімділігінің алғы шарты құқық бұзушыны қоғам, ұжым болып жазалау. Сендіру тек күштеу әдістерінің орынды үйлесімділігі ғана заңды жауапкершіліктің жоғарғы деңгейде әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Заңды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібін, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік түрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық тек соттық тәртіпте іске асады.

Мәжбүрлі қажеттілік жағдайда келтірілген зиян заңды деп танылады:

— Егер төнген қауіптен сол сәтте қорғайтын мүддеге зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса.

— Егер келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлдеқайда кем болса (үлкен үйді, өрттен сақтап қалу үшін жанып жатқан төбесін қирату, жараланған адамды жедел емханаға жеткізу үшін біреудің көлігін рұқсатсызайдап кету т.с.с).

Әдетте жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауапкершіліктітағайындау барысында істелген әрекеттің түрі, ауырлығы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Сонымен құқық бұзушылық жайында қандай ой қорытуға болады?Құқық бұзушылықты болдырмаудың; бірден-бір шарты құқықтық және қоғамдық тәртібінің сақталуына келіп тірелмек. Қоғам құқықтық тәртібіне негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады деген сөз. Өйткені қоғамдағы толып жатқан қарым-қатынастың басым көпшілігі құқық арқылы басқарылып, құқықтық іс-әрекет арқылы реттеліп отырады

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:

  • жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,

  • жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);

  • жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:

  • а) рудан қуып жіберу;

  • ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;

  • б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;

  • в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;

  • г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;

  • ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.

Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:

  • а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;

  • ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;

  • б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.

Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, АнглияОксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу — бұл сот тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.

Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.

Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.

Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.

Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза — бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.

Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.

Бас бостандығынан айыру кезінде сотталған адамның құқықтық жағдайына шек қойылады. Ол оған шек қоюдан көрінеді. Адам жүріп-түру еркіндігінен, еңбек қызметін тандаудан айырылады, өз уақытына билік етуі шектеледі. Бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ал ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Өлім жазасы — бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы. Өлім жазасы қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия қарайды. Бүгінде көптеген мемлекеттер өлім жазасын алып тастауда, оны қолдануға мораторий жариялауда немесе іс жүзінде мүлде қолданбай келеді.[1]

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында көзделген шекте, Кодекстің ережелеріне дәл сәйкестікте қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында көзделген шекте, Кодекстің ережелеріне дәл сәйкестікте қолданылады. Заңмен белгіленген мақсатқа жету үшін уәкілетті органдар Кодексте белгіленген тәртіпті сақтай отырып, әкімшілік жазаларды қолданулары қажет. Әкімшілік жазаны қолдану, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар ұстанымдарының маңыздылығына сай келу қажет.

Заңдылық ұстанымы (9-бап). Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары тек заңда белгіленеді және заңда белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға ұшыратуға тиіс емес. Ізгілік ұстанымы (15-бап). Құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда адам жанын күйзелтуді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайды.

Жеке басқа қол сұқпаушылық (16-бап). Өзіне қатысты әкімшілік жаза шарасы ретінде қамауға алу тағайындалған адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен бірге, әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір-қасиетін қорлауды, сондай-аң заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды. Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының басына сай келетін болуға тиіс. Жеке тұлғаға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, соның ішінде оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Әкімшілік жаза қолдану тұлғаны орындалмағаны үшін аталған жаза қолданылған міндеттерді атқарудан, жол берілген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.

Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі, не негізгі және қосымша әкімшілік жазалардың қолданылуы мүмкін. Мыналар әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып танылады:

— кінәлі адамның өкінуі; — кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы; — әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау; — әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы; — әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы; — әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау; — әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын судья, орган (лауазымды тұлға) басқа аталмаған мән-жайларды да жеңілдететін мән-жайлар деп тануы мүмкін. Мыналар әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

— тиісті уәкілетті тұлғалардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан оны жалғастыра беру; — бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша Кодекстің 66-бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы; — кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту; — кінәлі адамның біле түра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы; — ұлттық, нәсілдік және діни жеккөрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау; — адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір тұлғаның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғам-дың борышын орындауына байланысты әкімшілік ңүқық бүзушылың жасау; — кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге ңатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәліге, тәуелді адамға ңатысты әкімшілік құқық бүзушылық жасау; — адамдар тобының әкімшілік құқық бүзушылық жасауы; — табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік ңұқың бұзушылық жасау; — маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау. Әкімшілік жаза қолданатын судья, орган (лауазымды тұлға) әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкін.

Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір құқың бүзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган (лауазымды тұлға) қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін Кодексте белгіленген үш еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда — отыз тәуліктен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік қамауға алу қырық бес тәуліктен аспауға тиіс.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келіп, дау болмаған жағдайда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы.

Өзге уәкілетті органдар (лауазымды тұлғалар) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды өтеу азаматтың сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі. Әкімшілік қамауға алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берілген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тоқтата тұру мерзімі -жылдармен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.

Қорытынды

Заңды жауапкершілік жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құкықтық нормалардың жазылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады, Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады.

Сонымен құқық бұзушылық жайында қандай ой қорытуға болады?Құқық бұзушылықты болдырмаудың; бірден-бір шарты құқықтық және қоғамдық тәртібінің сақталуына келіп тірелмек. Қоғам құқықтық тәртібіне негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады деген сөз. Өйткені қоғамдағы толып жатқан қарым-қатынастың басым көпшілігі құқық арқылы басқарылып, құқықтық іс-әрекет арқылы реттеліп отырады

Қолданылған әдебиеттер

1.А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж. 2.Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж. 3.Құнқожаев «Құқық негіздері»

4.Интернет желісі

Соседние файлы в папке 210217