Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
13
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Дуализм – теңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық субстанциялары деп санайтын философиялық ілім.

Дүниетаным - қоршаған орта туралы танымдар мен түсініктер, көзқарастар жүйесі.

Идеализм - философияның негізгі мәселелерін шешуде материализмге қарсы бағыт.

Имманеттік сын - идеяларды және олардың өзіне тән шарттарға сүйене отырып сынау.

Индетерменизм - дүниедегі құбылыстардың объективтік себепті байланысын теріске шығаратын философиялық ілім.

Интуитивизм - қазіргі философияда кең өріс алған ілім.

Иррационализм - адамзат танымының мүмкіндігін, ақыл-ой танымдық қабілетін жоққа шығаратын философиялық ілім.

Категориялар - заттар мен құбылыстардың елеулі жақтарын, белгілерін бейнелейтін жалпы ұғымдар.

Кеңістік пен уақыт - бүкіл әлемнің, матермя болмысының объективті өмір сүру формалары.

Классификация - белгілі бір принциптер негізінде ғылымдар арасындағы өзара ішкі байланысты ашу және логикалық жағынан негізделгенін көрсету.

Конструктивистік әдіс - ғылыми теориялардың дедуктивті құрылымының бір түрі.

Концептуализм-схолостикалық философияның бір бағыты.

Космологиялық ілімдер - аспан әлемінің және ондағы денелердің, аспан жүйесінің дамуы туралы зерттейтін ғылым.

Логикалық позитивизм – 20 ғ. 20-шы жылдарында пайда болған неопозитивтік ағым.

Локаята -Үнді философиясындағы материалистік ілім.

Материализм - идеализмге қарсы бірден-бір ғылыми философиялық бағыт.

Материя - санадан тыс өмір сүретін объективті шындықты танып білетін философиялық категория.

Мифология - ерте дәуірдегі халық творчествосының бір түрі.

Наитивизм - ақиқатты іздніссіз, тылсым күш арқылы ашуға болады деп сендіретін танымның діни түрі туралы идеалистік ілім.

Натурфилософия - табиғат философиясы, қоғам дамуының қажеттіліктері натурфилософияның қозғаушы күші болып табылады.

Неопозитивизм – 20 ғ. пайда болған субъективті-иделистік бағыт,

Онтология – болмыстың ғылыми тұрғыдағы теориялық сипаты.

Позитивизм – батыс философиясындағы сценистік үрдіс.

6

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен. Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

Прагматизм – классикалық философияның абстрактілігін сынау.

Персонализм – тұлғалық философия.

Реализм – дүниедегі заттардың шынайылығы мен ақиқаттылығын растайтын философиялық бағыт.

Рационализм – философиядағы нақтылық ұғымы.

Сенсуализм – сезімдік философиясы.

Структурализм – философиялық еңбектерді әдістемелік маңызда және құрылымдық негізде түсіндіру.

Сана – ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.

Таным – адамның дүниеге деген тарихи дамып отыратын әлеуметтік-мәдени қатынасы.

Теология – дін туралы ғылым.

Табиғат философиясы – адам мен табиғат арасындағы байланысты айқындайтын философиялық ілім.

Утопия – Т. Мор мен Т. Кампанелла бастаған әлемнің теңдігі туралы реалсыз ойлар.

Үшінші позитивизм – неопозитвизм немесе сараптаушы философия.

Феноменология – Гуссерль негізін салған ғылымның шуғу тегі туралы ілім.

Фальсификация – ғылымдағы ақиқатты теорияларды терістеу.

Футурология – болашақты болжау туралы ғылым.

Экзистенциализм - өмір туралы философия.

Эмперизм – ағылшындардың ағартушылық философияны дамыту үшін негізге алып қолданған ілімі.

7

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен. Философия. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

Соседние файлы в папке Сания философия