Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
14
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
215.55 Кб
Скачать

XXV – тарау

БХИКШУЛЕР ТУРАЛЫ

360

Көруге ұстамдылық – жақсы, естуге де ұстамдылық – жақсы, иіске де ұстамдылық – жақсы, тілге де ұстамдылық жақсы.

361

Тәнге ұстамдылық – жақсы, сөзге ұстамдылық – жақсы, барлық нәрсеге ұстамдылық – жақсы. Барлық жайға ұстамды болған бхикшу барлық мұңнан ада болады.

362

Қолын басқарған, аяғын басқарған, сөзін басқарған адам кемелдікке жетеді. Өйткені, іштей қуанышты, бірбеткей, басқалардан оңаша болса, міне сондай адамды бхикшу деп атайды.

363

Сөзге – ұстамды, ақылмен толғайтын, кішіпейіл, дхамманың маңызын түсіндіре білетін бхикшудің айтқан сөзі де мәнді болады.

364

Дхаммадан ләззат алатын, дхамманы мақтан ететін, дхамма туралы ғана ойлайтын, дхамманы еске сақтайтын адам – шынайы дхаммадан басқа жаққа бұрылмайды.

365

Ол өзі қол жеткізген нәрсеге астамшылықпен қарамасын, ол басқа біреуге көреалмаушылық қылық көрсетпесін. Өйткені, біреуді көреалмаған бхикшу парасаттылыққа жете алмайды.

366

Егер бхикшу өзі қол жеткізген нәрсесіне астамшылықпен қарамаса, кіршіксіз таза, шынайы өмір сүрсе, құдай оның даңқын асыра түседі, жарылқайды.

367

Кім-кімде аты мен түрін теңестіру мүлдем жоқ болса, кімде-кім ешнәрсеге мұңаймайтын болса, міне осындай адамды бхикшу деп атайды.

368

Достықта өмір сүретін, будда іліміне сенетін бхикшу бақытын, жайлы орынын тапсыншы. Сонда санкхар да тиылады.

369

О Бхикшу! Мынау кеменің ішін босат, өзіңді де ауыр жүктен босат, сен жеңіл қимылдайтын боласың. Көрсеқызарлық пен көреалмаушылықты жоя білсең, сен Нирванға жетесің.

370

Бесті босатып жібер, бестен бас тарт, бестен биік тұр! Бес бөгетке үйір болмай, оларды бұзып шыққан адамды “ағыннан өтіп шыққан” деп атайды.

371

О бхикшу, ойлан, жеңіл ойлы болма, ойыңды сезімді қанағаттандыру ағынына айналдырма, көп нәрсе парық қыла бермейтін сені жұмыр темірді жұтуға, отты жағуға, “Азап шеккенім-ай!” – деп жан даусыңмен айқай салуға душар етпесін.

372

Ешнәрсені білмейтін адамда ой жоқ, ойы жоқ адамда білім жоқ. Ал аты да бар, білімі де бар адам шын мәнінде Нирванаға жақын.

373

Сабырлы ақылы бар бхикшу оңаша жалғыз кетіп, таңғажайып ләззатқа бөленеді: ол дхамманы ап-анық көреді.

574

Әрбір кезде ол элементтердің пайда болуы мен қирауын толық танып, осынау мәңгілікті біледі де қуаныш пен бақытқа бөленеді.

375

Дана бхикшу үшін сезімді бақылайтын, Пратимокшаның келісімімен қанағаттану және ұстамды болу ісін іске асырудың басы, міне, осы жерде. Таза да жақсы өмірге бастайтын досыңның артынан ер.

376

Адамның мінез-құлқы өмірге һәм әділдікке бейім болсын. Ондай адам сор-бейнеттен құтылып, қуанышқа тап болады.

377

О бхикшу, вассика өзінің қураған гүлін үстінен сыпырып тастайтыны сияқты, сен де көреалмаушылық пен көрсеқызарлықтан босануға міндеттісің.

378

Сөзі салмақты, тәні тұрлаулы, ойы терең жан біртоға болып, өмірдің былық-шылығынан қашық тұрса, бхикшу деп сондай адамды айтамыз.

379

Өзіңді өзің мазала, өзіңді өзің тексер. Өзін-өзі қолға алған, өзіне өзі ие бхикшу бақытты өмір кешпек.

380

Өйткені, сен өзіңе өзің қожасың, өйткені сен өзіңе өзің жолсың. Сондықтан асауды үйреткен ер сияқты өзіңді өзің үйрет.

381

Бақытқа қолы жеткен, Будда іліміне сенген бхикшу жайлы жерге орналасып, санкхарды тоқтатсын.

382

Будда іліміне ден қойған, бұлт арасынан жарып шыққан Айдай, жас болса да дүниені жарық еткен жан бхикшу болып саналмақ.

Соседние файлы в папке Үнді философиясы туралы материалдар