86.Ұлттық сана және мәдениет
Ұлттық сана дегеніміз әрбір ұлттың өзін—өзі түсінуі, біз осы кімбіз, қашан пайда болдық, тағдырымыз, тіліміз, діліміз(менталитетіміз), мәдениетіміз қандай деген сұрақтарға жауап іздеуі, соны ойлап толғануы. ΧΙΧ ғасырдың аяғында (1886 жылы) жазған өлеңінде, басқа да қара сөздерінде Абай халқымыздың жағымсыз қылықтары мен ескі әдеттеріне ренжіп, бүйте берсек, дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, барлық елдердің артында мақрұм қаламыз дей келіп, оның кемістерін жасырмай бетіне басып, қалың қазақ елінің надандықтан айырылмағанына қынжылып, оның жанына, намысына тиіп, халқымыздың сана—сезімін оятпақ болған еді. Мәдениет—философиялық ойтолғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет негізі –еңбек. Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын, мәдениет те жаңа сипат алып отырады. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орнын түсінуге болады. Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,өйткені адам санасының мәденитарихы түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Философия мәдениетті сипаттайды және оны сын көзбен бағалап мәдениет дамуының методологиялық негізін қамтамасыз етеді. Философия мен мәдениеттің арақатынасы қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс.
87.Фрейд фил.дағы “сублимация” ұғымы.
ХХ ғасырда пайда болған ақылды еместіктің бір өкілі австриялық физиопсихолог З.Фрейд. Ол философияда психоанализ (Psyhe-жан, Analycis-шешім) ілімін негізін салды. Ол адам психологиясының үш түпнегізін қарастырады: МЕН(эго), ЖОҒАРЫ МЕН(супер эго), ОЛ(ид). Фрейдтің басты идеясы жеке адамның “психосексуалдық дамуы ” жөнінде. Яғни бұл теория бойынша, бейсаналықтың негізін сексуалдық инстинктер қалайды. Сексуалдық инстинктер жалпы инстинктермен байланысты сублимация (басып жаныштау) және комплекс (жинақ) ұғымдарымен айқындалады. Сублимация дегеніміз – дейді Фрейд, тежелген “жасынған” сексуалдық инстинктің бейсексуалды ( әдеби шығармашылық, саяси және қоғамдық іс әрекеттер т.б.) іс әрекеттер түріне ауысуы. Қазіргі кезең мен мәдениеттің болашағын болжай отырып, ол неврозды алып тастау үшін мәдени суперэгоның рационалдық парадигмасы арқылы сексуалдық қанағаттану дәрежесін кеңейту қажет деген ұсыныс айтады. Фрейдтің еңбектері:Түс көруді жору(түс–ұғынылмаған құштарлық көрінісі), Күнделік өмірдің психопатологиясы (бейсаналылықтың әр түрлі формаларын талдайды), Психоанализге кіріспе (адам менталдығы топографиясын жасап шығарады), Мәдениетке наразылық (мәдениет пен өркениет мәселелерін сынайды).
88. А.Иассауидің сопылық философиясы
Ахмет Иассауи–ΧΙΙ ғасырда көне түркі тілінде жазылған Диуани Хикмет (Даналық кітабы) кітабының авторы.Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып,тағдырға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп, тәркі дүниеге салынады. О дүниенің мәңгілігін уағыздайды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық және аскетизмді уағыздап,сопылық ілімін ұстанады. Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зороастризм, христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленеді. Сопылықта басты қағида — болмыс тұтастығы. Ол үш деңгейде көрінеді:абсолют, аттар және феноменалдық дүние. Иассауидің басты көздеген мақсаты–құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: “Кімде–кім құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре алады”.Иассауи суфизмнің ең биік шыңы—оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол “Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты”. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс–әрекеттері оның құдайға сенуіне байланысты болады.
89.Номинализм және реализм
Ортағасырлық теологиялық философияда (схоластикада) екі қарама–қарсы бағыт –номинализм мен реализм ерекшеленеді. Реализмді қолдаушылар жалпы ұғымдар(универсалиялар) адамдардың ақыл–ойы санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді.Ұғым пайда болды кейін ғана зат жасалды. Демек құдай туралы ой болса, ол бар деген сөз. Көрнекті өкілдері: Ансельм Кентерберейский, Фома Аквинский, Алберт Великий
Номинализмді қолдаушылар жалпы ұғымдар адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Ұғымдар заттардан кейін пайда болады, заттар тәжірбие кезінде пайда болады.Мысалы: “жалпы адам” өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам.
Көрнекті өкілдері: Дунс Скот, Уильям Оккам, Росцелин, Пьер Абеляр.
90.Қазақ фил.дағы өмір мен өлім мәселесі
VΙΙΙ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата өзінің философиялық толғамарында өмір мен өлім мәселесін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялмен іздестіреді. Аңыз бойынша,ол ақ түйеге мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. Кімге ? деген сұрағына Қорқыттың көрі деген жауап алады. Содан, өлімнен қашып құтылуға болмайды деп шешеді. Қорқыт Ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызбен орындайтын болады.Оның шығармаларын Қорқыт ата кітабы деп атайды. Сөйтіп Қорқыт ата өз шығармалары арқылы мәңгі өмір сүруге болатынын түйіндейді.
ΧVғасырда өмір сүрген Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе жоқ дейді.Өмір қысқа екен, бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтеді екен, демек аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек дейді.
58.Экзистенциализм философиясы
Экзистенциализм немесе ғұмыр кешу философиясы деп аталған ағым ΧΧғасырдың 20жылдарында пайда болып қалыптаса бастады. Көрнекті өкілдері Германияда М.Хайдеггер мен К.Ясперс,Францияда Сартр, А.Камью мен Г.Марсель жатады.Олар бар зейінін ғұмыр кешудің мағынасына, яғни жеке адамның күнәсі мен жауапкершілігіне,шешім қабылдау қабілетіне, адамның ғұмылық мақсаттары мен өмірге деген қатынастарын анықтауға аударды.
Адамның ғұмыр кешуі(экзистенция) тұтас болмыс ретінде қарастырылады , оны ешқандай да ғылыми не философиялық жолмен танып білуге болмайтындығы туралы тұжырым жасалады.
Экзистенциализмнің идеялық бастау алатын ілімдері дат мистигі Кьеркегордан басталады.
Экзистенц.нің негізгі ұғымдарының бірі—қорқыныш.
Тіршілік иесі өлімнен де ертеңінен де, келешегінен де қорқады.Шындығында өлімнен қорқуға болмайды, өйткені ол да өмір сияқты табиғи нәрсе, демек оны заңды құбылыс ретінде қабылдау керек.
Маңызды категорияларына болмыс пен еркіндік жатады.
59.Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары
Буддизмнің өзегін төрт ақиқат туралы ілім құрайды. Олар:
1.Пенденің ғұмыры қасірет шегумен тікелй байланысты: туылу, өлу, кесел, көкейіңдегінің жүзеге аспауы–барлығы да қасіретке жетелейді.
2.Қасірет шегудің себебі–мұқтаждық. Ол қуаныш–қайғы, қасірет шегу арқылы қайта туылуға, қайта түлеуге алып келеді.
3.Қасірет шегуді шектеу мұқтаждықты аластауға байланысты және де бұл іс сегіз жол арқылы жүзеге асырылады:а)дұрыс пайымдау,ә)дұрыс шешім қабылдау,б)дұрыс сөйлеу,в)дұрыс ғұмыр кешу, г)ұмтылыс,д)дұрыс зейін,ж)дұрыс сенім,е)дұрыс шүйілу
4.Нәпсілікке құштарлық та, өзін–өзі азаптау да дұрыс жолдан ауытқушылық
Қиналыстан шығудың бес уағызы(панчашила):
1.Тіршілік иелеріне зиян келтірмеу
2.Бөтен меншікке сұқтанбау,қол сұқпау
3.Тиым салынған жыныстық қатынастардан бойды аулақ салу.
4.Қаңқу,өтірік сөздерден тиылу
5.Мас қылатын ішімдіктерден бас тарту
60.Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі
Ұлы ақын,ойшыл–демократ,сазгер Абай Құнанбайұлының қоғам өмірін түсінудегі көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды.Ол кезде қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”,тағы басқа өлеңдерінде реалистік тұрғыдан суреттейді.Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды аяусыз шенеді.
Халқына байларға сөздерің өтсін десеңіз еңбек етіп, оқу оқы дейді.
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық
