Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
64.51 Кб
Скачать

Қыпшақтардың тілі, жазу өнері

Қыпшақ бірлестігі дәуірінде қыпшақ хандары Ертіс өзенінен Дон өзеніне дейінгі, Орал тауынан Қара теңізе дейінгі кең өңірде жасаған түркі тілдес тайпалардың басын біріктірді, Қыпшақ тайпалары Европаға, Кіші Азияға, тіпті Египетке (Мысырға) дейін жайылды. Көп өңірлерде қыпшақтар әскери-әкімшілік билікті қолына алып, үстемдік жүргізді.Осы жағдайлаға байланысты, жоғарыда айтылған өңірлерде қыпшақ әдеби тілі қалыптасты және дамыды.

Зерттеуші Машковтың айтуына қарағанда, бұл дәуірде қыпшақ тілі батыс Европа жиһанкездері мен шығыста зерттеушілер үшін халықаралық тіл болып есептелді. Европалықтар, арабтар, парсылар, тағы басқа халықтар қыпшақ тілін үйренуге, зерттеуге ділгер болды. Қыпшақтар арасынан тіл ғалымдары шықты, қыпшақ тілі ғылымы, әсіресе сөздік ғылымы қараштап дамыды, Қыпшақ тілінің грамматикасы, қыпшақ тілін үйретудің жан-жақты тіл құралдары, қыпшақ тілімен басқа тілдерді салыстырған қыруар сөздіктер жасалды. Олардың бірсыпырасы талай ғасырды басынан кешіре отырып, «балдан қалған сарқыттай» біздің заманымызға жетті. Олардың бастылары: «Мұқаддима тұл әдәп» (Әдебиетке кіріспе), авторы Әл-Замақшари, 12-ғасырда жазылған арабша-парсыша-түрікше-моғолша сөздік; «Таржуман түркі уа араби» (Түрікше-арапша аударма сөздік), 1245-жылы жазылып аяқтаған, авторы белгісіз; «Қыпшақша-латынша-парсышасөздік» 1303-жылы аяқталған; «Китабул - идрак лилиса-нұл-артак» (Түркі тілінің түсіндірме сөздікгі), авторы Жамалидин Мұхаммед Абдулла ат-түрки, 14-ғасырда Сирияда жазылған: «Әл-Әнуар-әл-Мудиа» (Інжу нұры) Қыпшақша-арабша сөздік, авторы: Алайден Бейлік әл-Қыпшақи, жазылған жылы, орны мәлімсіз; «Китаб тәржуман фарси уа түркі уа моғоли» (Парсы, түркі және маңғол тілдерінің аударма сөздігі),бұл кітап 1343-жылы Мысырда жазылған; «Әл-Қауани әл-Куилия ли-забат әл-луғат ат түркия» (Түркі тілдерінің үйренудің толық құралы), 14-ғасырда жазылған, авторы және жазылған жері белгісіз. Бұл сөздіктердегі мәлімсіз: « Китаб ат-дуарал әл мудия фил-луғат ат-туркия алат тамам» (Түркі тілі туралы жан-жақты және тыңғылықты інжу-маржан жинағы), 14-ғасырда жазылған, авторы және жазылған орны белгісіз. Бұл сөздіктердегі «Түркі тілі», «Түрікше» деген сөздер қыпшақ тілі деген сөздің баламасы еді.

Жағарыдағы көне мәдениет куәліктері қыпшақтардың тіл-әдебиеті мен мәдениетінің өз заманындағы өркендеу деңгейінен дерек береді. Алтын орда дәуірінде қыпшақ тілі Алтын Орданың әдеби тілі болды, Алтын Орда хандарының жарлықтары және көптеген әдеби шығармалар осы қыпшақ әдеби тілінде жазылды. Қыпшақ әдеби тілі қазіргі қазақ тілінің түб-төркіні, яғни, көне қазақ тілі блып табылады. Осы заманғы қазақ тілі көне қыпшақ тілінің дамуы негізінде қалыптасты.

Қыпшақтардың рухани мәдениеті: діні, салт-дәстүрі

Қыпшақтардың көшпелі қоғамының экономикалық және саяси құрылымының спецификасы рухани мәдениетке, дүниетанымына және идеологиясына әсер етті. Дешті Қыпшақта, оның шығыс бөлігінде де, батыс бөлігінде де діннің ең кең тараған фермасы болып шаманизм болып табылды. Бұл діннің элементтері тас мүсіндерге табынуда, табиғат күштеріне табынуда, аспан(тәңір), күнді, отты құдай теп тануда көрінді.

Қыпшақтар көшіп қонып жүрген далалы жерлердің барлығында адамдарды бейнелейтін тас мүсіндер. Көптеген пікір-таластардан кейін, Н.И.Веселовскийдің пікірінше мүсндердің үлкен бөлігі қыпшақтардыкі деген пікір қалыптасты. Алайда тас мүсіндердің тұрғызылу себептері туралы бір пікір жоқ. Кейбіреулердің пікірінше, бұл бейнелер басты өлтірілген жауды, ал басқалары өлген адамдарды бейнелейді.

Тас мүсіндердің шығармашылық бейнелеулерінің әр түрлілігі нақты тарихи жағдай, қошаған орта ерекшеліктеріне байланысты болды.

Мұсылман мемлекеттеріне , ең алдымен Хорезмге жақын орналасқан қазақстандық қыпшақтар мұсылман идеологиясының ықпалында болды да, адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салған. Мәселен, Орталық Қазақстан далаларында, Ұлытау жоталарында, Қара және Қары-Кенгірген өзендері бассейндерінде әйел бейнесіндегі мүсіндер кездеседі. Оларда көз, мүрын, ауыз бейнеленбеген.

Сонымен қатар, қыпшақтарда әйел құдайы-ұмай ана болды. Ұмай ананы от басын сақтайтын, ұрпақ сақтаушы деп таныды. Ұмайдан басқа қыпшақтар жұлдыздарға табынып, аспан әсеріне сенген. Ибн ал-Асирдің дәлелдеуінше, қыпшақтар шығыста күнге табынады. Осы табынумен қыпшақтардың өз мүсіндерін шығысқа қаратып тұрғызу дәстүрін байланыстыру қажет.

Басқа да түркі тілдес халықтары , қыпшақтар да жоғары құдай деп Тәңірді таныды. Тас мүсіндерге табыну, аспанды(тәңірді) құрметтеу, сонымен қатар басқа да табиғат құбылыстарына (тау, өзен, көл, ерман) табыну-осының бәрі қвпшвқ тайпаларының дінінің негізгі формасы ретінде пұтқа табынушылық болғанын көрсетеді. Ибн-Арашбах «Олар, қыпшақтар, исламнан хабары жоқ , тек қана пұтқа табынушы және көп құдайларға табынушылар болды. Олардыңкейбіреулері әлі күнге дейін пұттарға табынады»,-деп айтып кетті.

Қыпшақтардың арасында анимистмкалық көзқарастар айтарлықтай дамып, олар жанның басқаға ауысуы және арғы өмірдің бар екендігіне сенді.

Осылайша қыпшықтардың діни нанымдары шаманизм негізінде болған. Ал тотемистік нанымдарға келетін болсақ , қыпшақтарда басты тотем болып көк бөрі табылды. Көптеген түрік тайпаларында баланың туылуымен байланысты болған көк бөрі туралы аңыз-әңгімелер кеңінен тараған. Андижандық қыпшақтар мәселен, босануды жеңілдету үшін әйелге кептірілген қасқыр жүрегінің бір бөлігі берілетін.

Қыпшақтардың діни нанымдары туралы мәліметтер келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қыпшақ қоғамында шаманизм, пұтқа табынушылық және көп құдайға табынушылық сияқтыарнайы діни нанымдар басым болды. Алайда дамып отырған таптық қатынастар қыпшақ қоғамының экономикалық және саяси ерекшеліктеріне жауап беретін діни идеологиалық басқа формасын талап етті.

Сонымен, 11-12 ғасырларда қыпшақтардың үстем тап өкілдері политезмнен бас тартып монотейістік дінге көшті. Ислам діні мұсылман елдерімен жанасып жатқан аудандарда тарады, ал христиандық оңтүстік орыс далаларында тарады

Ислам дінін Қыран (икран), Алп-Дерек сияқты қыпшақ хандары қабылдап, өз есімдерін мұсылман титулдарына қадыр хан, байыр-хан деп ауыстырды. Осындай жағдай Египиттегі мамлюк қыпшықтарымен болды. Алайда қыпшақтар үшін ислам діні аристакратиалық үстем тап өкілдерінің діні болып қала берді. Бірқатар көшпелілер үшін бұл дін ешқандай рөл ойнамады.

Христиандық негізінен қыпшақтардың батыс тармағының ортасына кірді. Миссионерлік қозғалыс екі жақтан-Русьтен және Византиядан келіп отырды. Орыс жазбалары дәлелдеп отырғандай, 1132 ж. Рязаньда жене 1168 ж. Киевте Амурат және Айдар қыпшақ княздары шоқынды. Ибн Батута былай деген: «Бұл далада, қыпшақ деген атпен белгілі халық христиан дінін ұстанады»

Сонымен қыпшақтардың діни идеологиясы пұтқа табынушылықпен байланысты болып, және Исламмен, Христиандықпен қатар дамыды.

Қорытынды

Қорытындылай келе, Қазақстан жерін мекендеген қыпшақтардың ғылымы мен мәдениеті басқа көрші елдерге қарағанда едәуір жоғары дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы-егіншілік шаруашылықтың өсуі, шоғырланып топтасқан этникалық процестердің күшеюі сияқты тарихи жағдайлар әсерін тигізді. Орта Азия, Алдыңғы Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен шаруашылық, сауда және мәдени байланыс жасау – қыпшақ халқының рухани мәдениетінің өсіп-өркендеуіне игі ықпалын тигізді.

Археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал-саймандар, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары, т.б. – олардың барлығы сол кездегі қыпшақтардың темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді.

Қыпшақтардың материалдық мәдениеті жөнінде айтқанда, әсіресе, зираттардың басына тастан жасалған мүсіндердің көптеп қойылғандығы халық ішінде қолөнердің, әсіресе, тас қашайтын шеберлердің болғандығын көрсетеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1989, 251-273 беттер.

  2. Плетнева С.А. Қыпшақтар ерте заманнан – XIX ғ. Кезеңінде

Жалын – 1998ж. № 7-8 24-37 бет.

  1. А. Тұңғыш «Түркілер тарихынан»

Заман – Қазақстан – 1995ж. №13 - 8-бет

4. Аманжолов К.Р. Қазақстан тарихының дәрістер курсы. 1-кітап. Ежелгі заманнан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін. А., 2004, 118 б.

  1. М.Қани. Қазақтың көне тарихы. А., 1993, 187 б.

Мусин. Ч. Қазақстан тарихы. А., 2003, 39-56 беттер

18