Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
73
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
279.58 Кб
Скачать
  1. XVI-XVIII ғғ. Қазақ орыс қарым-қатынасы.

XVIIIғ.-дың ортасына қазақ өлкесінің саяси-экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары және шет елдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы – Орынбор қаласы . XVIIIғ. 60 жылдары қазақ-орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі.Өазақтардың жиі саудаласытын тауарлары: мал терісі, киіз, көбінесе мал.Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңейтті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері.1766ж.Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды.Ресейден әкелінетін тауарлар – көшпенділірдің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар.1767 ж. 15 қараша – екінші Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан териториясында еркін сауда жасауға рұқсат берді. Қазақ-орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып, Қазақстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті.

  1. Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақстан мен Ресейдің тарихи және экономикалық қатынастарының бастаулары.

Қазақ даласының Ресей экономикасы үшін алатын орыны ерекше болды. Өйткені Орта Азияға баратын жолдар Қазақстан арқылы өтті. Ресей мемлекеті қазақ хандықтарына барған сайын кеп көңіл аударып, Петр І-нің нусқауымен қазақ жерін зерттеу жумысы басталды. 1716 ж. Омбы, 1717 ж. Железинск қамалы, 1713 ж. Семипалатинск қамалы салынды. Осылайша Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындай түсті. Енді ол Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойластырды. Бұл кезде қазақ хандығының ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, әр жүздің өзінің ханы болды. Өз кезегінде ру басшылары мен султандары хан билігіне бағынбай, беліне бастады. Жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейін Кіші жуз ханы Әбілқайыр, Ресеймен мәмілеге келуді ойластырып, 1731 ж. ақпан айында Ресейге Сейітқұл Кұндағұлұлы мен Кұтлымбет Қоштаұлы бастаған елшілік жібереді. Әбілқайырдың елшілігі Ресей үкіметі үшін күтпеген олжа болды. Орыс патшасы Анна Иоанновна Әбілқайырдың Кіші жузді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсынысын қабыл алып, Қазақстанға А.И.Тевкелов басқарған елшілік жібереді. Әбілқайырдың бұл шешімін Кіші жуздің ру басылары толық қолдай қойған жоқ. Барақ сұлтан мүлдем қарсы болса, Бөгенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанымен Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысты. 1731 ж. қазан айының 10-ы жұлдызында Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 29 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Әбілқайырдың бұл шешімі қазақ өлкесінің Ресей құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды. Екі жақтың да көздеген мақсаты болды. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауына сүйеніп, езінің қарсыластарын әлсіретуге тырысты. Патша үкіметі Кіші жүз ақсүйектерінің алауыздығын пайдаланып өзінің әкімшілік және саяси шараларымен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды көздеді. 1734 ж. орыс үкіметі Сенаттың хатшысы И.К.Кириллов басқарған экспедиция ұйымдастырды. Комиссияға Ресей құрамына енген жерлерді зерттеу, Ор бекінісін салу, орыс пен қазақ арасындағы шекараларды белгілеу міндеті жүктелді. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция өзіне тапсырылған істерді толығынан іске асыра алмады. Тек 1735 ж. Ор бекінісінің негізі салынды. 1732 ж. Әбілқайырдың ұсынысымен Орта жүздің Сәмеке хан бастаған кейбір бөлігі де Ресей құрамына өтеді. 1734 ж. қалмақтардың жаңа қауіп қатерінің күшеюіне байланысты Орта жүз ақсүйектері өздерін қарамағына қабылдау жөнінде Ресейге екінші рет өтініш жасайды. 1734 ж. 10 маусымдағы грамотамен Сәмеке хан мен оның жақтастарының өтініші қабылданады.Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылғандығы зандастырылған соң орыс үкіметі қазақ даласындағы өзендердің бойынан бекініс қамалдар салып, олар біртіндеп қалаларға айналды. Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. XVIII ғ. 50 жылдарында Ертіс өзенінің жағасына Омбы, Железняк, Петропавл, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды. Калалар мен бекіністердің маңында қазақтардың көшіп қонуына тыйым салынды. Осылайша Қазақстанның солтүстік-батыс белігінің Ресейге қосылуы қазақтарға отарлық езгіні күшейтті. Шығыстан қалмақтардың шапқыншылығы басылмады. 1742 ж. жоңғар әскері қазақ жеріне тағы да қайтадан басып кірді. сұлтандар арасындағы алауыздық жалғаса түсті. 1743 ж. Әбілқайырды султан Барақ өлтіреді. Орта жүзде хандық билік Абылай сұлтанның қолына көшеді.Кіші жүз Ресейге қосылған соң орыс мемлекеті, шекаралық аймақтарда әскери бекіністер салумен қатар, қазақтарға алым-салықты көбейтіп, патша екімшілігінің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, ездерін бағынышты етіп ұстағысы келді. Әскери бекіністерге көшіріліп екелінген орыс казактары қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына зорлық-зомбылық керсетті. Каспий теңізінің солтүстік батысындағы құнарлы жерлер орыс помещиктеріне берілуі қазақтардың дәстүрлі мал жайылымын мейлінше тарылтты. Осының бері халықтың наразылығын күшейтіп, Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себеп болды. Патша үкіметінің билігін әлсірету мақсатымен сұлтандар Ералы, Досалы, Айшуақ көтерілісшілерге қолдау көрсетті. Пугачев көтерілісі жеңілгеннен кейін де қазақтардың қозғалысы тоқтамады. Оны Досалы және Сейдалы сұлтандар басқарды. Қазақтардың бас көтеруінен үрейленген патша үкіметі 1775 ж. 7 қарашадағы жарлығымен қазақтарға қыста Жайық пен Еділ өзендері аралығындағы, Каспий теңізі жағалауындағы, Ертіс пен Жайық өзендерінің оң жағалауындағы, Ембі мен Сағыз өзендері төңірегіндегі жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті. Бірақта жергілікті жерлердегі орыс әкімшілігі жоғарыдағы қазақтарға берілген жеңілдіктерді жүзеге асырмауға немесе шектеуге тырысты. Осыған байланысты 1733 ж. күзінен Кіші жүзде Байбақты руының старшыны, батыр Сырым Датұлы бастаған жаңа көтеріліс басталады. Сырым Датұлы патша әскерлерімен ашық соғысқа бармай, партизандық ұрыс жүргізді. Жазалаушылар көтерілісшілерді кездестіре алмағандықтан қазақтардың бейбіт ауылын тонады. Ол өз кезегенді көтерілісшілердің қатарын өсіріп, 1735 ж. көтеріліс Кіші жүздің басым бөлігін қамтыды. Патша үкіметі амалсыздан көтерілісшілермен келіссөз бастауға мәжбүр болады. Көтерілісшілер нұралы ханды тақтан тайдыруды, Жайық пен Еділ арасындағы жерді қайтаруды талап етеді. Халық арасында беделден айырылған нұралы хан 1736 ж. Орал әскери шебіне барып паналап, кейінен 1790 ж. Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болады. Осы жағдайды пайдаланып патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті жойып, әкімшілік билеуді өз қолына алуды ойластырады. Оны дайындауға Орынбор өлкесінің билеушісі О.А.Игельстром ат салысты. Игельстром хандық билік орнына патша чиновникгерінен және жергілікті ақсүйек екілдерінен Шекаралық сот құруды ұсынды. Билердің көпшілігі жобаға қарсы шығып сұлтан Қайыпты өздерінің тарапынан хан етіп сайлайды. Осыған байланысты Игельстром 1739 ж. Кіші жүзді басқарудың жаңа жобасын ұсынады. Қазақ даласына бақылаудан айырылып қалудан қорыққан патша үкіметі хандық билік пен ескі басқару жүйесін қалпына келтіруге шешім қабылдайды. Қазақ даласына жазалаушы әскерлер шығып, қазақ ауылдарын тонау күшейеді. 1790 ж. қазақтар Сәмеке ханның баласы Есімді хан етіп жариялайды. Патша үкіметінің әкімшілігі бұл сайлауды мойындамай, нұралы ханның інісі Ералыны жоғарыдан хан сайлайды. нұралы тұқымының хандық билікке қайтарылуы Сырымның қарсылығын бұрынғыдан бетер өршітті. Көтерілісшілер әскери бекіністерге ғана емес, орыс әкімшілігін қолдаған билер мен старшиндар аулына да шабуыл жасады. Көтеріліс 1797 ж. дейін созылды. Осыған байланысты Кіші жүзді басқару енді хандық кеңеске жүктеледі. Айшуақ сұлтан төрағасы болып бекітілген хан кеңесі төрт адамнан тұрды, оның құрамына нұралы ұрпағы енгізілмеді. Хан кеңесі жиналған тұста Төменгі Жайық бойындағы нұралыға жақын ақсүйектер тобы нұралының ұлы Қаратайды хан деп жариялайды. Сырым Датұлы 1797 ж. Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Хиуа хандығына өтеді. 1802 ж. ол осында белгісіз себептермен дүние салады. Осылайша патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы бағытталған азаттық көтеріліс аяқталды. Көтеріліс қазақ старшиндары мен ақсүйектерінің арасындағы алауыздыққа, кетерілісшілердің арасындағы байланыстың әлсіздігіне, Сырым Датұлының аяғына дейін бір ізді болмауына байланысты жеңіліс тапты. Көтерілістің жеңіліспен аяқталуына қарамастан тарихи маңызы зор. Кетерілістің нәтижесінде қазақтар Жайық пен Еділ аралығына өтуге мүмкіндік алды, қазақ даласына орал қазақтарының тонаушылығына тиым салынды, патша үкіметі хандық билікті жетілдіруге мәжбүр болды.

  1. Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны.

Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы 1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады. 1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті. Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды. Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды. Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды. Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды. Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпайіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді.Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды

  1. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.

Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі. Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;Башқұрттардың қазақ жеріне шабуылын тоқтату;Қазақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан бастаған тағына отыру;Бойындағы мал жайылымдарын реттеу; Батыс пен шығысты жалғастыратын кернеу жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Тәуке ханның Сібір ген.губ М.П.Гагаринге көмек сұрап жіберілген елшілігі, Ресейдің Швециямен соғысып жатқаны үшін, жауапсыз қалған еді. Ал бұл кезде Ресей империясы Қазақстан жеріне біртіндеп ене бастаған болатын. Патша үкіметі Ертіс өзенінің бойына әскери бекіністерді көптеп сала бастады.Мысалы: 1716 жылы Омбы,Жәміш;1717 жылы Железинск;1718 жылы Семей;1720 жылы Өскемен,Коряков бекіністері салынды.1731 жылы 30 ақпанда Әбілқайыр хан жіберген Сейтқұл Құндағылұлы, Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілер Петербургте әйел патша Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш тапсырды. Бұл ұсынысты Анна Иоановна қабал алды.Анна Иоановна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілерді жіберді.1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшыны Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл жағдай Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы болды. 1734 жылы И.К.Кириллов басқарған экспедиция табиғат байлықтарын зерттеу, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұрғызу сияқты мақсатпен қазаұ жеріне аттанды.1735 жылы Ор бекінісі салынды.1737 жылы Патша үкіметі башқұрт халқының көтерілісін басу үшін Кіші жүз әскерін пайдаланды.

Орта жүздің Ресей құрамына кіруі.1738 жылы Орынбор қаласында Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің 25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз деп тағы да ант берді. Қазақ сұлтандарының антан Орынбор комиссиясының басшысын В.Н.Татищев қабылдады.1740 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұл жолға жоңғар шабуылына қорғану үшін барған еді.1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И.Неплоев қонтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдың ІІ жартысында подполковник И.Д.Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақ жерін жоңғарлардан қорғауды ерекше рөл атқарды.Ал Ресей үкімет қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақстанның солт-шығ. Әскери шебтерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы:Ертіс өзенінің бойына 31 әскери форпост салды.Сонымен қатар Ресей үкімет Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды.Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайрдың арасындағы қатынас біртіндеп салқындай бастады.1748 жылы Ор бекінісіне Әбілқайыр А.И.Тевкелевпен кездеседі. 1748 жылы Ор бекінісіне қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді.

  1. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.

1726ж. Ордабасы деген жерде (Қазіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Тор-ғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Белеуіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүсті-гінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес кө-лінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш–қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жер-ді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шайқаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра бер-ді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандық-тан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жеріне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батыс-қа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бір-ге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқан-нан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде дос-тық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйек-те 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына ба-сып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржолата қуылды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы