Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet1111111.docx
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2016
Размер:
2.1 Mб
Скачать

Қорытынды

Сейсмикалық оқшауланған ғимараттар мен құрылыстарды есептеу мен жобалаудың әлемдік тәжірибесі, үлгілердің көпшілігі айтарлықтай бейсызықты тұрақсыз жүйелер болып табылатындықтан, ғимараттың есепті үлгісін, сондай-ақ нақты аумақтағы жер сілкіністерінің нәтижелі ұзақтығын, жиіліктік құрамын және қайталану сипатта- маларын есепке алу тұрғысынан сейсмикалық ықпал үлгілерін де ғылыми негізделген таңдаудың өте маңызды екендігін көрсетті. Есептік талдау бұл ретте қалыптан тыс және айтарлықтай күрделі болады. Сондықтан жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары, нормативтік құжаттардың әзірлеушілері сейсмикалық оқшауланған ғимараттардың жобаларын ғылыми сүйемелдеуді, сондай-ақ мүмкіндігінше әсіресе сейсмикалық оқшаулау элементтерінің монтажы үдерісін авторлық қадағалауды қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ шын мәнінде түрлі сейсмикалық оқшаулау жүйелерінің саны тым көп екендігін атай кетелік. Бұл диссипативтік сипаттамалары жоғары жүйелер, әр түрлі тербелістерді динамикалық сөндіргіштер, сейсмикалық оқшаулайтын сырғымалы тіректері бар жүйелер (Бішкек қаласында тұтас бір ықшамаудан осы жүйелермен салынған), құрғақ үйкелісті энергия сіңіргіштері бар әр түрлі жүйелер, металл қысу тіректері негізіндегі сейсмикалық оқшаулау жүйелері, «төменгі бөлігі икемді» сейсмикалық оқшаулау жүйелері және т.б. шолуда ең алдымен Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын жүйелер немесе қолданылуы Алматы қаласындағы сейсмикалық төзімді құрылыс проблемаларын шешу үшін перспективалы болып табылатын жүйелер (РМТ) қарастырылды.

Мен осы практикадан өзіме қажетті көптеген мәліметтер алдым. AutoCad, 3D MAX, Lira, сметалық бағдарламаларымен жұмыс жасадық. Құрылыстық жұмыс проектілерінің сызбалары мен сметаларын компьютердің көмегімен сызып үйрендім. Бұл құжаттар мемлекеттік акті бойынша бекітіліп, ГОСТ стандартқа сәйкес талап негізінде орындалады. Бетонның беріктігін "Молоток Кашкарова" "ПОС МГ4” құрылғылары арқылы анықтадық. Кәсіпорын инженерлерімен бірге оқушылар сарайының құрылыс алаңына бардық. Жөндеу жұмыстары жатқан бұл ғимараттың бассейн құрылысымен, жертөленің жаңарту жұмыстарымен танысып, осы ғимараттың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандармен бірге жоспар жасауға өз үлесімді қостым. Содан кейін тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан құрылыс алаңында болдық. Салынып жатқан ғимаратқа жұмсалатын құрылыс бұйымының түрлерімен танысып, сапалық деңгейін көрдім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Научно-технический журнал «Вестник АО «Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры» - 2010 ж., Алматы

  2. М.Садуақасов, Ғ.Батырбаев, «Құрылыс материалдары» - 2007 ж. Алматы

  3. Ж. «ЖБИ и конструкции». Ст. Михайлова А.Т. «Гармонизация Еврокодов и национальных стандартов». № 1. 2010г. г. Москва

  4. Веб сайт www.kazniisa.kz

  5. Пособие по обследованию и оценке сейсмостойкости зданий существующей застройки (к РСН 10-83) Алма-ата 1986г.

25

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]