Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet (2).doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
372.22 Кб
Скачать

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Құрылыс туралы жалпы түсінік

  3. AutoCAD жүйесі

  4. Құрлыс материалдарының конструкциялары

  5. Жер асты құрлысы

  6. ТОО KNAUF тарихы

  7. TOO KNAUF шығаратын өнімдері

  8. Қорытынды

  9. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Құрылыс материалдары мен детальдар өндірудің өсу қарқыны жоғары болғанына қарамастан құрылыс материалдарының көптеген түрлері-(терезе әйнегі,линолеум,қаптағыш плиталар) әлі де болса басқа республикалардан әкелінеді.

Қазақстанда құрылысты ауыр индустрия кәсіпорындары құрылысы.Село құрылыс,монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстары сондай-ақ көптеген мамандандырылған басқармалар мен тірестер жүргізіледі.Құрылыстағы бақылау мен техникалық саясаты Қаз.ССР Министерінің Советінің құрылыс істері жөніндегі мемлекет континенті іске асырады.Құрылысқа арнап республикада 6 жоғарғы оқу орны , 25 орта оқу орны , 91 кәсіптік-техникалық училещелер мамандар даярлайды.

Құрылыс саласында басты міндет етіп күрделі қаржыны пайдаланудың тиімділігін арттыру, жаңа қуаттарды, тұрғын үйлерді және басқа да объектілерді қысқа мерзім ішінде және аз шығын жұмсап іске қосуды қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту болатындығын атап көрсетті .

  1. Құрылыс туралы жалпы түсінік

Құрылыс материалдары өнеркәсібі үш негізгі топқа бөлінеді:

  1. Минералды-құрылыс шикізатын (ірі, қиыршық тас, ұсақталған тас, гранит, мәрмәр жіне т.б.) алғаш өңдеу,

  2. Ұқсастыратын материал (цемент, әк, гипс, т.б.) өндіру.

  3. Құрылыс үшін бетон және темір-бетон мен бұйымдарын, қабырғалық материалдар жасау.

Минералды-құрылыс шикізатын құрайтын негізгі заттар: кірпіштік саз, әк шикізаты, бетонды толықтырушылар. Олар республиканың барлық жерінде кездеседі. Отқа төзімді және саз, гипс, асбест (таскендір) ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Құрылыс салу жұмыстарын жүргізгендегі инженердің қызметі:

  1. Архитектуралық, қала құрылысы мен құрылыс қызметі салаларында кеңес беру, ақпаратты-анықтамалық, делдалдық қызмет көрсету.

  2. Конкурстарға, жұмысты (қызметі) сатып алу саудасына қатысуға құжаттарды дайындау.

  3. Жұмыс кадрлары мен мамандарды аттестациялау.

  4. Құрылымдылық бөлімшелер мен мердігерлік ұйымдар күшімен құрылыс өндірісін ұйымдастыру.

Кнауф фирмасының құрылу тарихы.

Ең алдымен идея тап болды. Тау инженерлері, ағайындылар Альфонс және Карл Кнауф, 30 –жылдардың басында гипске таң қалған болатын. Олар табиғаттың бұл бірегей туындысын, құрылыс тез, сапалы, әрі үнемді болатындай, өзгертуді армандаған. Өз ойларын олар экономикалық дағдарыс қызған кезінде, 1932жылы «Райнише Гипсиндустри унт Бергверксунтернемен» фирмасын құрып, іске асыра бастаған.

Туған жерлерінде олар Шенгендегі гипс шығаратын орынды өңдеуге құқық алып, Перлде Мозель өзенінің жағасында гипс негізіндегі құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру бойынша алғашқы зауыт ашқан. Бұл кәсіпорындар бүгінгі күні бүкіл әлемге танымал КНАУФ тобының алғашқы зауыттары болып шықты. 1949жылы Германия Федарациялық Республикасы құрылған кезде, КНАУФ фирмасы өз тарихын жаңадан бастады. Солтүстік Баварияда, Ипхофен қаласында, бүгінгі күні фирманың штаб-квартирасы орналасқан жерде, алдымен гипс құрылыс материалдарын өндіру бойынша зауыттың негізі қаланған, ал 1958жылы – гипс картон беттерін өндіру бойынша алғашқы зауыты салынды.

Германиялық «экономикалық ғажап жылдары» компанияның екпінді дамуы болды, оның нәтижесінде шағын фирма бүкіл әлем бойынша өнім шығаратын кәсіпорындар жанұясына айналады.

Бұған қарамастан КНАУФ бүгін де классикалық отбасылық кәсіпорын болып саналады, сондықтан ғана соншалық табысты болып келеді.

Компанияның алғашқы өнімі ретінде сылама қоспалары болып келді. ХХ ғасырдың 60-жылдар ортасында КНАУФ алғашұы машиналық сыламасын (МП 75), сонымен бірге сылама машинасын да шығарды. Сол уақытта еденге арналған ангидрид негіздері сұйық тұтастырғының өндірісі жолға салынды.

1958 жылы алғаш гипс картон беттерінің өндірісін іске асырумен КНАУФ фирмасының тарихында жаңа кезең басталды. Компанияның бет алысы беттерді өндіру мен сатуға ғана емес, тұтынушыларға ілеспелі өнімдердің барлығын, яғни құрғақ құрылыс үшін дайын шешімдерді, ұсынуға бағытталатын.

Өнім асортименті кеңейді, оның ішінде арнайы құрал – саймандар мен қабырға және төбелік құрылмаларды орнатуға арналған метал кескіндер арқылы.

1970жылы КНАУФ компаниясы «Дойче Перлити ГмбХ» (Дортмунт) фирмасының құжаттар пакетін сатып алғанда, ол алғаш рет қаражаттарын гипстен өндірілмейтін өнімге инвестициялаған. Одан кейін әктас пен цемент негізіндегі құрылыс өоспалары, құрылыс химиясымен «Аквапанель» цемент плиталары пайда болды.

Францияда КНАУФ тобы қаптамаға арналған көбік полистиролдан дайын элементтер, сонымен бірге көлік және электрон өндірісіне арналған құйылған бөлшектерді өндірді. Қызметінің жан жақты даму барысына қарамастан, көп уақыт бойы құрғақ гипс қоспалары мен құрғақ құрылыс жүйелер өндірісіне негізгі көңіл бөлінетін. Тек жылдар өтісімен ғана компания бизнесі тіреулерінің біреуі ретінде тез дамып келе жатқан оқшаулағаш материалдар өндірісі болды. Бұл үдерістің басы 1978жылы, компания Швелбивильде (АҚШ) шыны талшықтан оқшаулағыш материалдарды өндіретін зауытты сатып алғанда, салынды.

КНАУФ – бұл отбасылық бизнестің ең үздік қағидаларына негізделген және өзінің қызметінің ауқымды көлеміне қарамастан, осы құндылықтарды сақтай алған халықаралық компания. Бүгінгі күні КНАУФ халықаралық тобы әлемдегі ірі құрылыс материалдарын өндірушілердің бірі болып табылады.

1993жылы КНАУФ-тың инвестициялық қызметі Ресейде басталды, сосын Украинада, Молдовада, Қазақстанда, Өзбекстанда және Әзірбайжанда сатып алында және кәсіпорындар ашыла бастады. Маркетингтік қызметі іс-жүзінде ТМД барлық елдерінде тарады.

ТМД елдеріндегі біздің кәсіпорындар заманауи жабдықтармен жабдықталған, КНАУФ халықаралық тобының бірыңғай өндіру технологиясын қолданады және осының растамасы ретінде жоғарғы сапалы құрылыс материалдарын шығарады, осыған орай сапа стандарттары Германиядағы КНАУФ кәсіпорындары үшін де, ТМД елдері үшін де бірыңғай болып табылады.

AutoCAD

AutoCAD – Autodesk компаниямен автоматталған жобалы сызудың әзірленген екілік және үштік жүйесі. Жүйенің бірінші нұсқасы 1982жылы шығарылды. AutoCAD бағдарламасы машина жасау, құрылыс, сәулет және басқа да салаларда өте кең қолданыста. Бағдарлама 18 тілде шығарылады.

AutoCAD пәнінің негізгі мақсаты – студенттерге жобалау, сызу жұмыстарының автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ студенттердің осы қуатты әрі жетілген программалық графикалық жүйесі бойынша әрі қарай өз бетінше білімдерін тереңдетіп, қыр-сырын меңгерулеріне тура бағыт беру.

Графикалық жүйе жазықтықтағы екі өлшемді сызбалармен қатар, ғылым мен техниканың әртүрлі саласында қолданылатын күрделі, көлемді конструкциялар моделін салуға мүмкіндік жасайды.

Болашақ инженерлердің кәсіби қызметінде кездесетін мәселелерді шешу барысында, өндірісті жобалауға AutoCAD бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор.

Заман талабына сай күрделі сұрақтарды инженерлер компьютер көмегімен шешуге тиісті. Пәнді оқыту міндеті – оқу процесінде компьютерлік технологияны кеңінен қолдану, студенттердің басқа пәндерден алған базалық білімдерін курста оқып үйренгендеріменен ұштастыра білуге үйрету. AutoCAD бағдарламасын үйрену барысында мамандар болашақта жедел жобалауды үйренеді және сызбалар, жобаларды электрондық почтамен интернет жүйесі арқылы алыстағы орындаушыларға жіберіп, нақты объектілерді жобалаудың орындалу мерзімін тездетеді.

Бағдарламаның қысқаша курсы: AutoCAD кез-келген техникалық – конструктивті жобалармен немесе графикамен жұмыс істейтін маманға арналған әмбебап графикалық пакет. AutoCAD-тың көркем графикалық редакторлардан (мысалы: Photoshop, Pointbrush), айырмашылығы – AutoCAD бейнемен емес, объектінің геометриялық сипатталуымен жұмыс істейді. Бұл жүйе тек шетелдерде ғана емес, біздің елімізде де компьютерлік жобалауды болашақта дамытуға жасалған қадамдардың жаңа бағыттармен таныстырады. AutoCAD екі өлшемді координаттар жүйесіндегі сызбаларды жасауға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ғылыми – техникалық салалардағы конструкцияларды модельдеуге, геометриялық кеңістіктегі модельдер мен масштабталған әртүрлі сандардан және символдардан құралған байланыс жүйелерін құруға мүмкіндік береді. Қазіргі қолданыстағы курс бағдарламасында AutoCAD жүйесінің командаларын үйретудің ең тиімді деген жолдары қарастырылған. Тапсырмаларды орындау барысында қолданушы өз тәжірибесі арқылы AutoCADтың кең көлемді функционалдық мүмкіндіктері бұл жүйені автоматты жобалау жүйелері ішінде классикалық стандартқа айналдырды. Бұл жүйе техникалық жобалаудың әртүрлі саласында тиімді жұмыс істеуге қабілетті. AutoCAD-тың латын алфавитінен басқа да кез-келген «адами» тілдерге жеңіл бейімделетін уникальді мүмкіндігі программалық өнімдердің халықаралық рыногында бәсекеден тысқары етті. Нәтижесінде қазіргі уақытта AutoCADты әлемнің 125 –тен астам мемлекеті қолдануда. Бүгінгі күні тіркелген қолданушылардың саны 2млн-нан асады. Олардың қатары жыл сайын арта түсуде. Autodesk фирмасының өзі программамен жабдықтаушы фирмалар арасында әлемдік табельде төртінші орында тұрады. Autodesk мамандарының жинаған мол тәжірибесінің көмегімен функционалдық мүмкіндіктері үнемі кеңею үстінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]