Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ОСКЭ 7 курс 2015 каз ВБ2.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 4)

18 жастағы ер адам, науқастың денесіне және киімінен спецификалық тұрақты тәтті иістің шығуы байқалады.Көз қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, беті гиперемирленген, бірақ мұрын ауыз үшбұрышы бозарған, еріннің ауыз қуысының құрғақтығы көрінеді, даусының қарлығуы, ЖЖЖ 100-120 минутына, АҚ 150-100 мм.сын.бағ., координациясы бұзылған, тремор, гиперрефлексия. Науқас қозғыш келген, сөйлеу темпі жылдамдатылған, сөздері анық емес, бір тақырыптан басқа тақырыпқа тез ауысуы, оған қойылған сұрақтарға жауап қайтарылмайды немесе дұрыс жауап бермейді. «Әлем жарық бәрі тірілген, барлық заттар қозғалыста және қалқып жүреді» деп айтты, жағдайы «жер үстінде ұшып жүрген» сезімі сияқты, кей-кезде аяқ астынан үндемей қалады.Жүгіргісі келіп, секіріп, тоқтататын жағдайда агрессивті болады.Аффективті реакциялары тұрақты емес, беталды күледі, кезеңмен тоқтамай күледі, тыныштандыру кезінде агрессивті мінез көрсетеді.Қозғыштығы тез таралады.Жан-жағына алаңдап қарайды, ойдан шығарылған адаммен сөйлеседі.Науқаспен контакт толық емес және ұзақ уақытқа созылмайды. Алаңдаушылық және бір нәрсеге тұрақтана алмауы, сұрақтарға жауап бермейді, мимикасы ситуацияға адекватты емес. Қатты және басылмайтын аштық сезімін сезеді.

1. Негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтаңыз ( жазбаша және ауызша);

2. Жетекші психопатологиялық синдромды анықтау және негіздеу ( жазбаша және ауызша);

3. Бастапқы нозологиялық және синдромальды диагнозды қою және оны негіздеу. (жазбаша және ауызша);

4. Дифференциальды диагностиканы анықтау ( жазбаша және ауызша);

5. Дәрілік заттарды тағайындау және оны негіздеу.Науқастың әрі қарай жалғастыру емінің тактикасын енгізу ( жазбаша және ауызша);

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 5)

28 жастағы науқас, есі анық емес, сыртқы қоздырғыштарға жауап бермейді, тері жамылғылары бозарған, ерні көгерген, тынысы өте әлсіз, пульсы жіп тәріздес, шынтағында инъекцияның көптеген іздерін көруге болады, склерозданған веналар «жолдардың» көрінісімен сипатталады, осы шағымдармен қабылдау бөліміне жеткізілді. Оған айтылған сөздерге еш мән бермейді, қосымша стимуляцияларға (мұрынның үстіне тырнақпен немесе трапециялық бұлшық етке (мойынның негізінде және артынан) екі қолымен басу)- реакция бермейді.

1. Негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтаңыз ( жазбаша және ауызша);

2. Жетекші психопатологиялық синдромды анықтау және негіздеу ( жазбаша және ауызша);

3. Бастапқы нозологиялық және синдромальды диагнозды қою және оны негіздеу. (жазбаша және ауызша);

4. Дифференциальды диагностиканы анықтау ( жазбаша және ауызша);

5. Дәрілік заттарды тағайындау және оны негіздеу.Науқастың әрі қарай жалғастыру емінің тактикасын енгізу ( жазбаша және ауызша);

Интерн жазбасына арналған парақ

Т.А.Ә _________________________________________________________

Жетекші симптомдардың сипаттамасы:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жетекші синдром:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ажыратпалы диагноз жүргізуге арналған аурулар тізімі _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Диагнозды анықтау _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Науқастың болашақ тактикасы ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________