Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ОСКЭ 7 курс 2015 каз ВБ2.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Интерндерге арналған бекеттегі тапсырма (2 нұсқа)

Науқас 18 жаста, беттің, дененің ісінуіне, дене салмағының қосылуына және екі жақ бел аймағында үнемі ауырлық сезіміне шағымданады. 3 апта бұрын баспамен ауырған. Соңғы аптада бел тұсындағы екі жақты сыздап ауырсыну, кіші дәретке жиі және аз мөлшерде баруы байқалған. Бөлінетін зәрдің көлемі азайған, зәр түсі «ет жуындысы» түсіне ауысқан. Объективті: өкпеде тыныс везикулярлы. ТАЖ – минутына 20 рет. Жүрек тондары қалыпты, ырғақты. ЖЖЖ – 1 минутта 88 рет. АҚ 120/80 мм. сын. бағ. Іш өлшемі үлкейген. Соққылау симптомы екі жақта әлсіз оң мәнді. Диурезі төмендеген.

  • Науқастан шағымдарын, ауру анамнезін мен өмір анамнезін жинаңыз;

  • Науқаста негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтаңыз (жазбаша);

  • Жетекші синдромды бөліп қарастырыңыз (жазбаша);

  • Жетекші синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізетін аурулар тобын анықтаңыз (жазбаша);

  • Науқастың диагнозын қойыңыз (жазбаша);

  • Диагнозды негіздеңіз (ауызша)

Интерндерге арналған бекеттегі тапсырма (3 нұсқа)

Науқас 77 жаста, қант диабетінің 2 типімен 20 жылдан бері зардап шегеді. Соңғы 5 жылда қант диабетінің декомпенсациясына байланысты инсулинтерапияға ауыстырылған. Соңғы 2 айда бет аймағындағы ісінулері күшейген, зәр шығару көлемі азайғанын байқаған.

Қарау кезінде: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық, кішкене есенгіреген. Аузынан ацетон иісі сезіледі. Тері жамылғылары сұрғылттанған, бетінде ісінулер. АҚ 120/80 мм. сын. бағ. Жүрек тондары әлсіреген, ритм ырғақты. ТАЖ- минутына 82 рет.

Жалпы зәр анализінде: ақуыз – 4,2 г/л, сілтіленген эритроциттер 10-12 көру аймағында. Жалпы биохимиялық қан анализінде жалпы ақуыз-52 г/л (N:66-87 г/л), альбумин-27 г/л (N:34-48 г/л), креатинин -228 ммоль/л (N:45-97 ммоль/л), зәр қышқылы- 10,0 ммоль/л (N:2,3-8,3 ммоль/л), холестерин -6,3 ммоль/л (N:3,1-5,2 ммоль/л).

  • Науқастан шағымдарын, ауру анамнезін мен өмір анамнезін жинаңыз;

  • Науқаста негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтаңыз (жазбаша);

  • Жетекші синдромды бөліп қарастырыңыз (жазбаша);

  • Жетекші синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізетін аурулар тобын анықтаңыз (жазбаша);

  • Науқастың диагнозын қойыңыз (жазбаша);

  • Диагнозды негіздеңіз (ауызша)

Интерндерге арналған бекеттегі тапсырма (4 нұсқа)

Науқас 23 жаста, бір жыл бұрын жүйелі қызыл ноқта анықталған, соңғы 2 аптада бел аймағындағы симметриялы үнемі сыздап ауырсыну, бетінің ісінуі,бөлінетін зәр көлемі азаюын және түсінің өзгеруін байқаған. Жалпы қарауда, бозару, тері жамылғыларының ісінуі, бет аймағында эритема. АҚ -150/110 мм. сын. бағ.Соққылау симптомы екі жақты оң мәнді. Зәр шығару жиі, аз көлемде. Диурезі теріс мәнді. Гемограммада: лейкоциттер – 8,0х109/л, таяқша тәрізді лейкоциттер - 4%, сегментті лейкоциттер - 74%, лимфоциттер – 12%, моноциттер - 10%, ЭТЖ – 52 мм/сағ. Зәр анализі: салыст. тығыз. - 1022, ақуыз 3,5 г/л, көп мөлшердегі эритроциттер, гиалин тәрізді цилиндрлер 15-16 көру аймағында.