Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Су гигиенасы-теория.doc
Скачиваний:
399
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.88 Mб
Скачать

1 Сурет. Жер асты суларының орналасу схемасы

1-су өткізбеуші қабаттар; 2- грунт суларының жату горизонты;

3-пластаралық қысымсыз сулардың жату горизонты;

4- пластаралық қысымды сулардың (артезиандық) орналасу горизонты;

5- грунт суларымен қоректенуші құдық;

6- пластаралық қысымды суларымен қоректенуші құдық;

7- артезиандық құдық.

Жоғарғы қабат сулары жер бетіне ең жақын орналасқан грунт сулары болып табылады. Жер бетіне жақын орналасуына, судың аз көлеміне және негізінен атмосфералық жауын сулары арқылы қоректенуіне байланысты жер асты суларының осы типі шаруашылық-тұрмыстық қажеті үшін сумен қамтамасыз етудің жақсы көзі болып саналмайды.

Грунт сулары жер бетінен төмен ең бірінші су өткізбейтін қабаттың үстінде орналасады. Грунт сулары атмосфералық жауынның топырақ (саз, гранит, әктас) арқылы инфильтрациясы нәтижесінде түзіледі. Инфильтрация процессінде су органикалық және бактериялық ластардан біршама тазартылады; мұнда оның органолептикалық қасиеттері де жақсарады. Грунт суларының орналасу тереңдігі 1-2 метрден бірнеше ондаған метрге дейін жетеді. Грунт сулары негізінен ауылдық жерлерде құдық суымен қамтамасыздандыруда қолданылады (1сурет).

Пластаралық қысымсыз жер асты сулары. Пластарлық жер асты сулары екі және одан көп су өткізбейтін қабаттардың арасында орналасады (су өткізбейтін төсеніші және су өткізбейтін жамылғышы бар). Пластарлық суларды жерді бұрғылау арқылы алады. Скважинадағы судың сапасы көбінесе жер асты горизонтының, оның қоректену аймағының шекарасына дейінгі қашықтығына байланысты. Пластаралық қысымсыз сулардың орналасу тереңдігі 15метрден бастап бірнеше жүз метрге дейін жетеді (1сурет).

Пластаралық қысымды сулар. Еңкейе орналасу қалпына байланысты пластаралық су горизонттары қысымды болады да, осы горизонтты пайдаланушы құдықтардағы, скважиналардағы су одан жоғары көтеріледі (1сурет). Осындай пластаралық қысымды суларды артезиандық деп атайды. Қысым деңгейі жер бетінен жоғары болуы мүмкін, осындай жағдайда скважинадан су жоғары табиғи қысымның нәтижесінде фонтан түрінде ағады. Артезиандық сулардың жату тереңдігі 100м асады. Жер асты суларының химиялық құрамы химиялық (еріту, сорбция, иондық алмасу, шөгіндінің щөгуі) және физикалық-химиялық (сүзуші породалардан заттарды өзімен бірге әкету, газдарды араластыру, жұту және бөлу) процесстердің әсерінен түзіледі. Жер асты суларында шамамен 70 химиялық элементтер анықталған. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыруда фтордың, темірдің, кермекті тұздардың (сульфаттар, кальций және магний карбонаттары мен бикарбонаттары) үлкен маңызы бар. Бром, бор, бериллий, селен, стронций сияқты элементтер сирегірек кездеседі. Пластаралық сулар жер астында ұзақ жол жүруіне байланысты және олардың үстінгі жағы жер бетіндегі ластардан қорғаушы бірнеше су өткізбейтін қабаттармен қорғалғандықтан, олар бактериялардан таза болып, оны қайнамаған күйінде ішуге болады.

ХАЛЫҚТЫ ШАРУАШЫЛЫҚ-АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Қазіргі уақытта елді мекендердің мөлшерлеріне, халықтың санына, әлеуметтік-экономикалық жағдайларына және санитарлық-техникалық жабдықтануына байланысты тұрғындарды сумен қамтамасыз етудің келесі түрлерін ажыратады;

  1. Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйелері:

    1. Ғимараттардан тыс орналасқан су алу колонкаларынан суды алатын су құбырлары;

    2. Пәтер ішінде суды тарату желісі бар су құбырлары;

    3. Орталықтанған ыстық сумен қамтамасыз ететін су құбырлары;

2. Тұрғындарды орталықтанбаған сумен қамтамасыз ету жүйелері:

2.1 Қоғамдық немесе жеке пайдаланатын қондырғылармен жабдықталған шахтылы немесе құбырлы құдықтар;

2.2 Қоғамдық немесе жеке пайдаланатын қондырғылармен жабдықталған бұлақ каптаждары;

2.3 Шалғай орналасқан жеке елді мекендерге немесе бір топ ғимараттарға, гигиеналық талаптарға сәйкес келетін арнайы көліктерде ауыз суды тасып беру.

Түрғындарды орталықтанған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандыру жүйелері белгілі элементтер жиынтығынан тұратын қазіргі заманға сай күрделі кәсіпорын болып табылады. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздандырушы су құбырынң негізгі элементеріне кіретіндері: су көзінен суды алу қондырғылары; суды бірінші реттік көтеруші сорап станциясы; елді мекенге дейін суды жеткізуші сутарту торабы; қала ішкі және пәтер ішкі су тарату желілері; суды жинаушы қондырғылары (резервуарлар) және суды алу қондырғылары (2,3 сурет)